сабақ.
Тақырыбы: Қозғалыс белсенділігін дамыту.
Мақсаты: қозғалыс белсенділігін дамыту, өз әрекетін бақылауға үйрету.
Әдістеме: «Үлпілдектер», «Аспанға қалай жетуге жетуге болады?»
Психогимнастика.
«Үлпілдектер» жаттығуы.
Балаға кішкентай мақта беріледі. Мақтаны көпсітіп, жеңіл эрі үлпілдек етіп жасайды. Сол үлпілдекті ауада құлап кетпейтіндей үзақ үрлеп түру керек.
«Аспанға қалай жетуғе жетуге болады?» жаттығуы.
Достар, не істеуге болады, (иыгымызды түзетіп, қолымызды жазамыз)
Аспанға жету үшін? (қолымызды көлегейлеп. жоғарыға қараймыз)
Алдымен тамаққа отырып (үстелге отырамыз)
Дэмді ботқаны жейміз (тамақ ішуді бейнелейміз)
Жасыл орманга барып (түрып, адымдаймыз)
Биік ағаш табамыз (қолымызды жоғары көтереміз)
Бұтактары арқылы ақ бұлттарға барамыз (қолымызбен жоғары шығып бара жатқандай бейнелейміз)
Бізге ешкім жете алмас! (қолымызды екі жаққа созамыз)
Күнді ұстап аламыз. (қолымызбен күннің формасын ұстап аламыз)
Енді міне-кері жол... (сағатқа қараймыз) Қолымызды күнге қарап бұлғаймыз (алақанымызбен бұлғаймыз)
Үйге қарай ұшамыз. (ұшып бара жатқанды бейнелеп, орнымызға отырамыз).
сабақ.
Тақырыбы: Қозғалыс белсенділігін дамыту.
Әдістеме: «Үрлегіш жэне доп», «Жел согады оған»
1. «Үрлегіш жэне доп» жаттығуы.
Мақсаты: Бұлшық еттерді шынықтыру.
Ойынның жүргізілуі: Бүл жаттығуға екі адам қатысады.Біреуі-үлкен үрленетін доп та, ал екіншісі осы допты үрлегішпен үрлейді. «Доп» аягын сәл бүгіп, қолы мен мойнын бос ұстайды.Денесі сәл алға шығыңқы, басы төмен салбырап түрады. Доп толық үрленбеген.
Ал «үрлегіш» ысылдап қолдың қимылымен допты толтыра бастайды. Әрбір дыбыс шыққан сайын, доп үрлене бастайды.Бірінші дыбыстан кейін «доп» ішіне толтырып ауа жүтады, екіншіден кейін түзеле бастайды, үшіншіден кейін басын көтереді, мүнан кейін беті үрленіп,қолын кең қүлаштайды. «Доп» үрленіп болды. Енді доптан аса үлкен күшпен «Ш» дыбысы шығады. Дене салбырап бүрынғы қалпына түседі. Ойнаушылар орын ауыстырады.
«Төрт апат» ойыны.
Мақсаты: Зейінді, қозғалыс белсенділігін
дамыту.
Жаттығудың жүргізілуі:
Ауа дегенде қолын желпиді,
Су дегенде толқындатады.
Жер дегенде қолын көтереді Күн дегенде қолын көлеңкелейді.
сабақ.
Тақырыбы: Ойлауды дамыту жаттығулары Әдістеме: «Жұмбақгар шешу», «Жұпты таңда» жаттығуы.
Достарыңызбен бөлісу: |