Бағдарламасы «Омыртқасыздардың салыстырмалы морфологиясы»



Дата22.03.2017
өлшемі214,63 Kb.
#12208
түріБағдарламасы

УМКД 042-18-35.1.28/01-2013

Редакция № 1

от 05.09.2013 г.



стр. из 12




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-35.1. 28

/01-2014



ПОӘК

Мұғалімдерге арналған пәннің бағдарламасы



«Омыртқасыздардың салыстырмалы морфологиясы»

№ 1 басылым

_______2014 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Омыртқасыздардың салыстырмалы морфологиясы»

«6М 011300» – «Биология» мамандығы үшін
ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2014

1.ӘЗІРЛЕГЕН


Құрастырушы__________«____»_____ 20___ж., б.ғ.к. Қуанышбаева М.Ғ.
« Биология» кафедрасының доценті


2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. Биология кафедрасында отырысында

«____»___________ 20___ж.№____хаттама
Кафедра менгерушісі_______Калиева С.К.

2.2. Жаратылыстану ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында

«____»___________ 20___ж. №____ хаттама
Төрайымы____________ Абдишева З.В.

3. БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған

«____»___________ 20___ж. №____ хаттама


ОӘК төрайымы____________ Искакова Г.К.
4.БІРІНШІ РЕТ КІРГІЗЕЛГЕН

Мазмұны

1.


Жалпы ережелер

2.


Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

3.


Пәнді оқып білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

4.


Курс форматы

5.


Курс саясаты

6.


Баға қоюдың саясаты

7.


Әдебиет тізімі

1.ҚОЛДАНУ САЛАСЫ

«Омыртқасыздардың салыстырмалы морфологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені «6 М 011300» - «Биология» мамандығының магистранттарына арналған. ПОӘК магистранттарды курс мазмұнымен, өзектілігімен, қажеттілігімен, саясатымен және студенттің оқу үрдісінде қандай дағдылар мен іскерлікті қалыптастыратындығымен таныстырады.
2. НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
Осы «Омыртқасыздар зоологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) берілген пән бойынша ұйымдастыру ретін анықтайды және келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес әзірленген:

- ҚР «Мемлекеттік жалпы міндетті жоғары білім беру стандарты»

23 тамыз 2012 ж. № 1080 қаулысымен іске қосылған және бекітілген;

««6 М 011300» – «Биология» мамандығының Типтік оқу жоспары,

___2013 ж. № ___ бұйрығымен іске қосылған және бекітілген;

- СТУ 042-СГУ-5-2012 «Пәндердің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар» университет стандарты;

- ДП 042-1.07-2012 «Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы және мазмұны» құжаттандырылған процедурасы.
3. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:

«Омыртқасыздардың салыстырмалы морфологиясы» пәні бакалавр дайындау барысында маңызды орын алады және «Биология» мамандығында оқитын магистранттар үшін негізгі пәндер блогының міндетті бөлігі болып табылады, өйткені, магистранттарға профессионалды жұмыс барысында көп нәрсені біліп, істей алу тиіс.

Зоологияның міндеттері – жануарлардың негізгі типтерінің және кластарының өкілдерімен таныстыру, олардың морфологиясын, физиологиясын, экологиясын, этологиясын, көбеюін, дамуын, маңызын, филогениясын оқып білу. Халықаралық ғылыми терминдерді меңгерту. Зертханалық құралдармен жұмыс істеуді үйретіп, тірі организмдерді бақылап, объектілермен өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Жануарлар әлемінің алуан түрлілігіне және оларды зерттеу әдістерінің ерекшеліктеріне байланысты зоология екі үлкен бөлімге бөлінеді: омыртқалылар зоологиясы – хордалылар типіне жататын жануарларға қатысты деректерді біріктіреді және омыртқасыздар зоологиясы – жануарлар дүниесінің қалған 22 типтерін зерттеумен айналысады. Осы ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешені омыртқасыздар зоологиясын оқуға арналған.

3.2 Пәннің оқыту мақсаты: «Биология» мамандығында оқитын магистранттар профессионалды жұмыс барысында көп нәрсені біліп, істей алу тиіс.

3.3 Пәнді оқытудың басты міндеттері:

- магистранттарды нақты теориялармен таныстыру, олардың көптүрлілігін және шектеулілігін түсіну және оларды активті түрде теориялық және қолданбалы биологияның актуалды мәселелерін шешуде қолдану.

3.4 Оқып-білудің нәтижелелері:

Пәнді оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды:



  • өздік жұмыстарды белсендіру;

  • білім сапасын көтеру;

  • омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың эволюциясындағы тіршілік құрылымының барлық деңгейлерін және негізгі этаптарын білу;

  • омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың барлық таксономиялық рангілерін білу;

  • жануарларды анықтау бойынша практикалық дағдыларды меңгеру;

  • объектілерді морфологиялық зерттеудің қарапайым әдістемелерін білуі тиіс.

3.5 Курстың пререквизиттері:

жоқ


3.6 Курстың постреквизиттері:

3.6.1 Омыртқасыздар зоологиясы

3.6.4 Педагогикалық практика.

3.7 Жұмыс оқу жоспарынан көшірме


1 кесте

Курс

Семестр

Кредиттер

Аудиториялық жұмыс

СӨЖ және СОӨЖ

(сағ)


Барлығы

(сағ)


Қорытынды бақылау түрі

АС (сағ)

ҚК (сағ)

1

2

3

30

15

60

90

емтихан


4. ПӘН МАЗМҰНЫ, ПӘННІҢ МОДУЛЬДІК БӨЛІНУІ

2 кесте


Тақырып атауы және мазмұны

Сағат саны

1

2

1 МИКРОМОДУЛЬ «Қарапайым бірклеткалы жануарлар»

Лекция сабақтары

Кіріспе. Жануарлар патшалығы. Патшалық тармағы – бірклеткалы жануарлар Protozoa. Саркомастигофоралар, Апикомлекстер, Инфузориялар типтері. Қарапайымдылар бір бүтін организм ретінде. Қарапайымдылар клеткалары мен көпклеткалы жануарлардың құрылысындағы ұқсастық. Патшалық тармақтың жалпы сипаттамасы. Саркомастигофора типі. Саркомастигофорлардың қозғалу органоидтары. Жыныстық процесс. Саркомастигофорлардың қазіргі классификациясы. Паразиттік тіршілік етуге байланысты құрылысы ерекшеліктері. Клетканың апикалық комплексінің құрылысы. Жыныссыз және жыныстық көбеюдің алмасуы. Споровиктер класының жалпы сипаттамасы. Инфузориялардың неғұрлым дамыған және жоғары құрылысты қарапайымдылар ретіндегі жалпы сипаттамасы. Инфузориялардың көбеюі (коньюгация). Инфузориялардың негізгі кластары.

1

Көпклеткалы организмдер патшалық тармағы Metazoa. Губкалар типі. Көпклеткалы организмдердің шығу тегі туралы теориялар. Ізбесті губкалар класы. Шынылы губкалар класы. Кәдімгі губкалар класы. Губкалар типінің кластарының негізгі өкілдері.

Нағыз көпклеткалылар бөлім үсті. Сәулелілер бөлімі. Ішекқуыстылар типі. Ішекқуыстыларды губкалармен салыстырғанда жалпы құрылыс деңгейінің көтерілуі. Ішекқуыстылар типінің жалпы сипаттамасы. Гидроидтылар класы. Сцифомедузалар класы. Маржан полиптері класы.

1

Екіжақты-симметриялы жануарлар бөлімі. Алғашқыауыздылар қатары. Жалпақ құрттар типі. Трематодтар класы. Таспа құрттар класы. Екіжақты симметрияның пайда болуы. Турбелляриялардың құрылыс ерекшеліктері. Эндопаразиттік тіршілік етуге бейімделуіне байланысты трематодтардың турбелляриялардан құрылысының айырмашылықтары. Трематодтар арасындағы адамның және жануарлардың маңызды паразиттері, даму циклдері.аспа құрттар класы, құрылысының ерекшеліктері және маңызды өкілдері.

Алғашқықуысты құрттар типі. Нематодтар класы. Алғашқы қуысты құрттардың жалпақ құрттармен салыстырғанда құрылысының прогрессивті белгілері. Нематодтардың құрылысының ерекшеліктері. Гельминттер және биогельминттер туралы түсінік.

Буылтық құрттар типі. Көпқылтанды құрттар класы. Буылтық құрттардың жалпақ және жұмыр құрттармен салыстырғанда құрылысының неғұрлым жоғары деңгейге көтерілуі. Көпқылтанды буылтық құрттар класының жалпы сипаттамасы. Сырғанайтын, жүзетін, қазатын және түтіктерде өмір сүретін полихеттердің құрылыс ерекшеліктері. Көбеюге байланысты биологиялық құбылыстар.

Буылтық құрттар типі. Азқылтанды құрттар класы. Сүліктер класы. Азқылтанды құрттар класының жалпы сипаттамасы.Сүліктер класының жалпы сипаттамасы. Жартылай паразиттікке көшуге байланысты азқылтанды құрттардың және сүліктердің құрылыс ерекшеліктері. Практикалық маңызы.

1

Былқылдақденелілер типі. Бауыраяқтылар класы. Тақтажелбезектілер класы. Былқылдақденелілердің құрылыс ерекшеліктері. Бауыраяқтылар класының жалпы сипаттамасы. Тақтажелбезектілер класының жалпы сипаттамасы.

1

Буынаяқтылар типі. Желбезектыныстылар тип тармағы. Шаянтәрізділер класы. Буынаяқтылдар типіне біріктірілетін жануарлардың негізгі кластары. Алғашқы су буынаяқтылары ретінде шаянтәрізділердің құрылыс ерекшеліктері. Даму типтері, дернәсілдік кезеңдері. Маңызды өкілдері, олардың таралуы. Жоғары сатыдағы шаяндардың құрылысының және дамуының ерекшеліктері. Теңіз, тұщы су және жерүсті теңаяқтылары. Кәсіптік шаянтәрізділер.

Хелицералылар тип тармағы. Өрмекшітәрізділер класы. Семсерқұйрықтылар ерте заман су хелицералылары ретінде; олардың құрылысының және дамуының ерекшеліктері. Өрмекшітәрізділердің шығу тегін түсінуде семсерқұйрықтылардың маңызы. Өрмекшітәрізділердің құрылыс ерекшеліктері. Өрмекшітәрізділердің денесінің бөлімдерге бөлінуі. Таралуы және тіршілік әрекеттері. Улы және адаммен жануарларға қауіпті өрмекшілер.

Кеңірдектыныстылар тип тармағы. Насекомдар класы. Насекомдардың құрлыққа, ауалы ортаға бейімделген буынаяқтылар ретінде құрылысының ерекшеліктері. Насекомдардың жалпы морфо-физиологиялық сипаттамасы.

Жасырынжақтылар класс тармағы. Толық түрленбей дамитын насекомдар. Жасырынжақтылардың қарапайымдылығын және көпаяқтылармен жақындығын көрсететін құрылысы мен дамуының ерекшеліктері. Тарақандар отряды, құрылысының, дамуының, тіршілік әрекетінің ерекшеліктері. Түзуқанаттылар отряды. Инеліктер отрядының ауыз аппаратының құрылысынң ерекшеліктері, көбеюі және дамуы. Теңқанаттылар – ауыл шаруашылығының зиянкестері. Қандалалар мен биттердің жыртқыш және паразиттік түрлері. Күресу жолдары.

Толық түрленіп дамитын насекомдар. Қаттықанаттылар отрядының ауыз аппаратының, аяқтарының және қанаттарының құрылысының ерекшеліктері. Қоңыздардың дернәсілдерінің негізгі формалары. Зиянкес және пайдалы қоңыздар. Көбелектер отрядының құрылыс ерешклеіктері. Көбеюі және дамуы. Көбелектер – орман, бау, бақшалардың зиянкестері. Негізгі тұқымдастары. Жарғаққанаттылар, қосқанаттылар отрядтарының құрылысының ерекшеліктері. Қоғамдық насекомдардың ерекшеліктері. Құмытылардың, қансорғыш масалардың, соналардың және т.б. таралуы, тіршілік орны, тіршілік әркеттері. Күрес жолдары.

1

Екіншіауыздылар. Тікентерілілер типі. Тікентерілілер типіне біріктірілетін жануарлар кластары: теңіз лалагүлдері, теңіз жұлдыздары, офиурлар немесе жыланқұйрықтылар, теңіз кірпілері және голотуриялар немесе теңіз қиярлары. Барлық осы кластар өкілдеріне тән және тікентерілілер типін сипаттайтын құрылыс ерекшеліктері. Тікентерілілердің көбеюі және дамуы: бөліну, гаструляция, дернәсілдерің негізгі типтері және олардың метаморфозы; мезодерманың түзілу процесінің ерекшеліктері, екінші ауыздың қалыптасуы. Тікентерілілердің таралуы және тіршілк әрекеттері.

1

Зертханалық сабақтар

Биология зертханасындағы жұмыстың орындалуы. Қауіпсіздік ережелері.

1

Тақырып: Бірклеткалылар патшалық тармағы.

Сабақтың мақсаты: Саркодиналар, талшықтылар кластарының өкілдерінің құрылысымен танысу. Қауымды талшықтылардың құрылысымен танысу. Грегариналардың құрылысымен және даму циклімен танысу. Кокцидия мен безгек плазмодиясының даму циклімен танысу. Инфузория туфельканың, стилонихия, сувойка, стентордың құрылыстарымен танысу және суреттерін салу.

Тапсырмалар: Әртүрлі объектілерді пайдаланып уақытша препараттар жасау.

Методикалық жоба: Микроскоп құрылысымен және онымен жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.

Амебаның құрылысымен танысып, суретін салу. Цитоплазманың дифференциациясына көңіл аудару. Органоидтарды анықтау. Эвгленаның және трипанасоманың құрылысымен танысу. Қоректену, дененің осмос жүйесін, қимыл-қозғалысын реттеу органоидтарын және жарық сезгіш көзін қарау. Цитоплазманың экто- және эндоплазмалық қабаттарына көңіл бөлу. Шар тәрізді вольвокстің колониясымен танысып, клекталарының ұсақ соматикалық және ірі генеративті болып дифференциациялануына көңіл аудару. Омыртқалы жануарлардың ішкі клеткалық паразиттерімен танысып, даму циклдеріне талдау жасау. Ұрпақ алмасуына көңіл бөлу. Уақытша препараттан инфузорияларды тауып сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Инфузориялардың қозғалу, қоректену, осмос жүйесін реттейтін процестерін көру. Макронуклеус пен микронуклеусті мұқият қарау.



Сабақта пайдаланылатын суреттер: Зеликман А. Сурет № 1, 3, 4, 6, 8, 10.

Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.

Қоданылатын әдебиеттер:

Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

Зеликман А.А. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М.: Наука, 1981.



1

Тақырыбы: Губкалар типі. Ішекқуыстылар типі.

Мақсаты: Губкалардың құрылысымен танысу. Тұщы су гидрасының құрылысымен танысу. Сцифомедузалардың құрлысымен, даму циклімен Аурелия аурита мысалында танысу.

Тапсырмалар: Тұщы сулардағы және теңіздердегі губкалардың, ішекқуыстылардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу.

Методикалық жоба: Тұрақты препараттардан әр түрлі губкалардың скелеттеріне, бадяганың геммуласына қарап суреттерін салу.

Модульды Уақытша препараттан тірі гидраның қоректенуін, жылжуын және тітіркендіргіштерге жауап беруін бақылау. Гидраның сыртқы құрылысын, аузы мен табан жағын, симметриясын қарау қажет және оған мән беріп, суретін салу. Тұрақты препараттан гидраның ұлпалық құрылысын қарап, эктодерма жыне энтодерманың клеткаларының суретін салу. Гидраның көлденең және ұзынынан кесінділерін көріп, суретін салу. Сцифомедузалардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысып, суретін салу. Даму циклінің схемасын салу.



Сабақта пайдаланылатын суреттер: Зеликман А. Сурет № 13, 15, 18, 20, 21.

Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.

Қоданылатын әдебиеттер:

Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

Зеликман А.А. Практикумпо зоологии беспозвоночных. – М.: Наука, 1981.



1

Тақырып: Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттар типтері.

Мақсаты: Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттардың өкілдерінің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу және тіршілік циклімен танысу.

Тапсырмалар: Құрттардың әртүрлі топтарының құрылысымен, экологиясымен танысу.

Методикалық жоба: Фиксацияланған планарияны қарап, сыртқы және ішкі құрылысымен танысып, оның суретін салу. Кесіндісі бар препараттан планарияның гистологиялық құрылысымен танысу. Оның үш қабаттан тұратындығын бақылау. Тері-бұлшық ет қапшығының құрылысын көріп, суретін салу. Сорғыштардың сыртқы құрылысымен танысып, суретін салу. Препараттың көмегімен бауыр сорғыштың ішкі құрылысымен танысып, суретін салу. Таспа құрттың сыртқы құрылысын қарап, сколекстерінің қаруына көңіл аудару. Жетілген және жетілмеген буындарының құрылысын салыстырып, оларға мән бере отырып, суретін салу. Финналардың құрылысына қарап, суретін салу. Шошқа солитерінің даму циклінің суретін салу. Аскариданы сойып, оның анатомиялық құрылысын: ас қорыту, жыныс жүйесін анықтау. Аскариданың көлденең кесіндісі мен жұмыртқаларын микропрепараттар арқылы қарап, оларды сипаттап, құрылысының суретін салу. Буылтық құрттардың сыртқы құрылысын байқау. Денесінің дифференциациясына және үш бөлімге бөлінуіне, сегменттеріне көңіл бөлу керек. Тотальдық препараттан – бас бөлімнің (простомиум), дене бөлімінің, аналь бөлімінің (пигидий) құрылысын қарап, суретін салу. Параподийлернің құрылысымен танысып, суретін салу керек.Жауын құртының сыртқы пішінін көріп, суретін салу керек. Жауын құртын сойып, оның ішкі мүшелерінің орналасуын, құрылысын анықтап көріп, белгілеп, суретін салу. Жауын құртының көлденең кесіндісін микроскоппен қарап, оның дене қабаттарын ажырату және барлық белгілерін көрсетіп суретін салу. Сүліктің дене құрылысымен танысып, суретін салу. Сүлікті сойып, анатомиялық құрылысына қарап, ас қорыту, жүйке, жыныс, зәр шығару жүйелерін анықтап, суретін салу. Гистологиялық препараттардан сүліктің көлденең кесіндісін қарап, суретін салу.

Сабақта пайдаланылатын суреттер: Зеликман А. Сурет № 25, 28, 30, 32, 35.

Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.

Қоданылатын әдебиеттер:

Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

Зеликман А.А. Практикумпо зоологии беспозвоночных. – М.: Наука, 1981.



1

Тақырып: Былқылдақденелілер типі.

Мақсаты: Былқылдақденелілердің алуан түрлілігін білу.

Тапсырма: Бауыраяқтылардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Тақтажелбезектілердің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу.

Методикалық жоба: Ұлудың бақалшағының құрылысын қарап, оның бақалшақтың ішінде қалай орналасқанын көріп, оны сойып, ішкі мүшелерімен танысып, суретін салу керек. Тіссіз моллюсканың бақалшағының сыртқы және ішкі құрылысына қарап «құлпына» көңіл аудару. Тіссіз моллюсканың денесін сойып, анатомиялық құрылысын және мантиялық комплекс мүшелерін көріп суретін салу.

Сабақта пайдаланылатын суреттер: Зеликман А. Сурет № 41, 45, 46, 48, 52.

Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.

Қоданылатын әдебиеттер:

Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

Зеликман А.А. Практикумпо зоологии беспозвоночных. – М.: Наука, 1981.



1

Тақырып: Гүлдің, тұқымның, жемістің құрылысы.

Тақырып: Шаянтәрізділер класы. Өрмекшітәрізділер класы. Насекомдар класы.

Мақсаты: Өзен шаянының сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Желбезекті шаян тәрізділердің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Циклоптың құрылысымен танысу. Өрмекші тәрізділердің сыртқы құрылысының, денесінің, сегменттелуінің, ауыз аппараттарының, аяқтарының құрылысының алуан түрлілігін көріп, танысу. Бунақденелілердің сыртқы құрылысының ерекшеліктерін қарастыру. Бунақденелілердің негізгі ауыз аппараттарын зерттеп білу. Бунақденелілердің аяқтарының және қанаттарының құрылысын сипаттап, морфофункционалдық әртүрлілігін көрсету. Бунақденелілердің ішкі анатомиялық құрылысымен танысу. Бунақденелілердің постэмбрионды дамуының өзгешелігімен танысу.

Тапсырмалар: Буынаяқтылар типінің әртүрлі кластарының ішкі және сыртқы құрылыс ерекшеліктерімен, таралауымен танысу.

Методикаклық жоба: Өзен шаянының дене бөлімдерін анықтап, сол бөлімдеріндегі орналасқан аяқтарының құрылысын көру керек. Өзен шаяндарының аяқтарын ұқыпты түрде жіктеп алып, оларды ретімен орналастырып, суретін салу. Өзен шаянын сою. Ішкі мүшелерін қарау. Өзен шаянының бұлшық ет, ас қорыту, тыныс алу, қан айналу, жыныс, зәр шығару, жүйке жүйелерін көріп, сойылған өзен шаянының суретін салу. Дафнияның ішкі және сыртқы құрылысымен танысып, суретін салып, белгілеу. Циклоптың сыртқы құрылысымен танысып, денесінің сегменттелуіне, аяғының құрылысына, науплиальды көзіне көңіл аудару қажет. Ішкі құрылысын қарап, суретін салу. Құршаяндардың сыртқы құрылысына қарап, денесінің сегменттелуін, хелицера аппаратын анықтап қарап, суретін салу. Сольпугалардың, жалған құршаяндардың, нағыз өрмекшілердің, кенелердің денесінің сыртқы құрылысын қарастырып, суретін салу. Насекомдардың сыртқы құрылысының ерекшеліктерін – бас, көкірек, құрсақ бөлімдерінің сегменттелуін талдау. Қарапайым және специализацияланған ауыз аппараттарының құрылысын көріп, суретін салу. Насекомдардың әртүрлі типтегі аяқтарының құрылысын қарап, бунақтарын бөлімдерге бөлшектеу және суретін салу. Әртүрлі қанаттардың типтерін қарап, жүйкеленуінің схемасына және ерекшеліктеріне көңіл бөліп, оларды белгілей отырып, суретін салу. Насекомдарды сойып, ішкі мүшелер жүйелерін көріп суретін салу. Насекомдардың екі түрлі даму типтерінің айырмашылықтарын, нимфаның, дернәсілдердің, қуыршақтардың құрылысындағы ерекшеліктерін және ересек түрінен айырмашылықтарын анықтау. Анықтағышпен жұмыс істеуді үйрену. Толық түрленбей дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу және коллекциядағы насекомдарды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтай білу. Толық түрленіп дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу және коллекциядағы насекомдарды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтай білу.

Сабақта пайдаланылатын суреттер: Зеликман А. Сурет № 58, 62, 63, 67, 68.

Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.

Қоданылатын әдебиеттер:

  1. Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

  2. Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

  3. Зеликман А.А. Практикумпо зоологии беспозвоночных. – М.: Наука, 1981.




1


5. МАГИСТРАНТТАРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ:


  1. Жануарлар симметриясы туралы ілім.

  2. Омыртқасыздардың ұрық жапырақшалары. Экто-, энто- және мезодерма туындылары.

  3. Полимеризация және олигомеризация жолдары (Догель заңы).

  4. Метамерия. Омыртқасыздардың гомо-, гетерономды сегменттелуі.

  5. Жануарлардағы көбею процестерінің эволюциясы.

  6. Омыртқасыздардың дене қуыстарының әртүрлі типтерінің салыстырмалы сипаттамасы.

  7. Жануарлар әлеміндегі эктопаразитизм.

  8. Алғашқы ауыздыларға сипаттама (Онихофоралылар типі).

  9. Екінші ауыздыларға сипаттама (Гемихордалылр типі).


6. ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

3 кесте



Тақырып атауы

Қолданыла-тын құрал жабдықтар

Өзін – өзі тексеру сұрақтары

Бақылау түрі

Дәріс сабақтар

Зертханалық сабақтар



Кіріспе

Зертханада орында-латын жұмыс тәртібі. Қауіпсіздік ережелері.

Плакаттар, микропрепа-раттар.







Бірклеткалы-лар.


Микроскоп құрылысы, жұмыс істеу ережелері. Саркомастигофоралар, споралылар, инфузориялар типтері.

Уақытша және тұрақты микропрепа-раттар.

Микроскоп құрылысымен және онымен жұмыс істеу ережелері. Бірклеткалы жануарлар өкілдері, таралуы.

ауызша

Губкалар мен ішекқуысты-лар.


Губкалар мен ішекқуыстылардың

құрылысы.




Тұрақты микропрепа-раттар. Фиксирленген материалдар.

Губкалар мен ішекқуыстылардың

құрылысы, экологиясы, таралуы, көптүрлілігі.



ауызша

Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттар типтері.

Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттар құрылысы.


Тұрақты микропрепа-раттар. Фиксирленген материалдар.

Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттар құрылысы, экологиясы, таралуы, көптүрлілігі.

ауызша

Былқылдақ-денелілер.

Былқылдақ-денелілердің құрылысы.

Тұрақты микропрепа-раттар. Фиксирленген материалдар.

Былқылдақ-денелілердің құрылысы, экологиясы, таралуы, көптүрлілігі.

ауызша

Буынаяқтылар типі.

Шаянтәрізділердің, өрмекшітәрізділердің және бунақденелілердің құрылысы.

Тұрақты микропрепа-раттар. Коллекция-лар.

Шаянтәрізділердің, өрмекшітәрізділердің және бунақденелілердің құрылысы, экологиясы, таралуы, көптүрлілігі.

ауызша


7. ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІНІҢ ҚАМТУ КЕСТЕСІ

4 кесте




Оқулық және оқу-әдістемелік Құралдың атауы

Саны

Студент саны

Қамтылу пайызы,%

1

Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

24

25

96

2

Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

12

25

48

3

Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

50

25

100

4

Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

4

25

16

5

Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.

30

25

100

6

Омыртқасыздар зоологиясы пәнінен магистранттардің өз бетінше дайындалуына арналған оқу құралы /Салина Р.М., Дәуітбаева К.Ә., Сатыбалдиева Г.Қ., Исадықов Н.С. –Алматы, 1999.

20

25

80

7

Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.

экологии. -–М., 1981.



68

25

100

8

Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.

4

25

16

9

Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. 1987.

3

25

12


8. ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҚОРЛАР


  1. Беклемишев В.Н. Основы сравнительной анатомии беспозвоночных. –М.: Наука, 1964.

  2. Гиляров М.С. Закономерности приспособлений членистоногих к жизни на суше. – М.: Наука, 1970.

  3. Догель В.А. Олигомеризация гомологичных органов. –Л.: ЛГУ, 1954.

  4. Заренков Н.А. Сравнительная анатомия беспозвоночных. Введение. Простейшие. Двуслойные. Часть 1. –М.: МГУ, 1988.

  5. Захваткин Ю.А. Эмбриология насекомых. – М.: Высшая школа, 1975.

  6. Иванова-Казас О.М. Сравнительная эмбриология беспозвоночных животных. Членистоногие. – М.: Наука, 1979.

  7. Иофф Н.А. Курс эмбриологии беспозвоночных животных. –М., 1962.

  8. Иванов А.В. Происхождение многоклеточных животных: филогенетические очерки. –Л., 1968.

Қосымша әдебиет


  1. Кузнецов Н.Я. Класс Насекомые. –Т. 3. М., 2002.

  2. Курс зоологии. Под ред. В.С.Матвеева. –М., 1966.

  3. Ливанов Н.А. Пути эволюции животного мира. –М.: Высшая школа, 1955.

  4. Малахов В.В. Проблемы построения общей системы многоклеточных. Современная эволюционная морфология. С. Научных трудов. –Киев, 1991.

  5. Павловский Е.Н. Работы по функциональной и сравнительной морфологии. –Л.: Наука, 1967.

  6. Проблемы эволюционной морфологии / Сб. трудов/. –Л., 1978.

  7. Скрябин К.И. Трематоды животных и человека. –М., Л., 1947.

  8. Северцов А.С. Основы теории эволюции. –М.: МГУ, 1987.

  9. Шмальгаузен И.И. Организм как целое в индивидуальном и историческом развитии. –М.: Наука, 1949.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет