Бағдарламасы Орындаған: Жұмаева Гүлназ Топ: ХимБио-20-1 Тексерген: Арашова Набат



бет5/12
Дата24.11.2022
өлшемі1,58 Mb.
#159681
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Жұмаева Гүлназ БӨЖ №3 «Сакральды Қазақстан» бағдарламасы (wecompress.com)

Орналасқан жері:
Ескерткішті «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ 2004 ж. зерттеген. Маңғыстау облысы бойынша тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген. Күйеу там ескерткіші төртбұрышты сағанатам түрінде қаланған. Мұнда қабырға беттерінде түрлі жан-жануардың бейнесі, адам қолының таңба-ізі, алақан, қылыш пен қанжар суреттері салынған. Қорымның солтүстік батыс бөлігінде ескерткіштердің көп бөлігін топырақ басқан. Олар бестас, орташа биіктіктегі ферттар. Тас үйінділеріне қойылған белгі тас пен белтастарға таңбалар соғылған. Жазба мұраларын зерттеуші Мұрат Ақмырзаев сағанатамның сыртқы қабырғасындағы жазуды былай оқыды: «Бұл жазбаны салған молда Меңдібай Естекұлы», ішінде орнатылған қойтас бетіндегі араб жазуын тарихшы-өлкетанушы Нұрлан
Құлбаев: «Бисми Әли» деп оқыды. 
Маңғыстаудағы қасиетті орын. Мұнда Адай тайпасының белгілі тұлғалары тіней Есекмерген, құнанорыс Лабақ, кенже Қонай, есен Сейіт, бәйімбет Әнет, Төлеп, жары Сүйінқара, жаңай Қожаназар (Ә.Кекілбаевтың атасы) жерленген. Қорымның тарихы тым ертеден басталады. Адайларды осы өңірге алғаш орналастырушы жолбасшы-лардың батырлардың, билердің бейіттері осы қорымда.
Сисем Ата қорымы
Шетпе маңында орналасқан. Бұл ескерткіш Арал мен Атырау өңірінде кездесетін барлық сәулет мұраларының озық үлгісіне жатады. Мазардың ішінде Тәжі сұлу жерленген. Ескерткішті тоқтамыс Өмірбай Қаражүсіпұлы мен қырымқұл Өмір Қараұлы салған. 19 ғасырдың туындысы.
Ақүйік қорымы
Жыңғылды аулынан күнбатысқа қарата жүргенде 15 шақырымдай жердегі таудағы асу. 18 ғ 80 жылдары Хиуа басқыншыларына Қожагелді батыр бастаған Адайлардың тойтарыс берген жері.
Жау жол
1834 ж Маңғыстау жеріндегі алғашқы әскери бекініс. Белгілі ғалым, саяхатшы Г.С. Карелин басшылығымен осы жерде Ново-Александровскі форты салынды. Артынан Каспий теңізінің кейін қайтуына байланысты бекініс Түпқараған түбегіне көшірілді. Қәзіргі уақытта ол жерде бекіністің құланды орындары сақталған.
Қызылтас


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет