Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сызбасы
Кесененің сырт қабырғаларының көмкерілуі үш бөлікке жіктеледі. Оның орта бөлігіне үлкен көлемдегі өрнектелген жазулар түсірілген, жоғары жағына — эпиграфтық фриз, төменгі жағына биіктігі — 1,85 м тас кенере жүргізілген. Ӏрге бөлігі қашалған тас тақталармен дәнекерленген. Кесененің үш қабырғасының үстіңгі жағымен өтетін эпиграфтық фризде Құраннан алынған сөздер жазылған. Эпиграфтық фриздің жазулары терракоталық фонда құйма кірпіштермен өрнектелген. Фриз биіктігі — 2,37 м.
Кіші Ақсарай
Құдықхана
Кітапхана
Асхана
Көрхана
Мешіт
Қазандық
Үлкен Ақсарай
Ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады:
Жазулар көгілдір қышпен өрнектеліп, қара көк түсті кірпіштермен көлеңке түсірілген. Ғимараттың солтүстік бетіндегі екі бұрыштың екеуінде циллиндр түріндегі діңгектер бар. Бұл діңгектерге де куфа қарпімен жазылған жазулар мен ою-өрнектер түсірілген. Жазулардың арасынан "Алла", "Мұхаммед", "О, жарылқаушы", "Билік Аллада« деген секілді, т.б. сөздерді оқуға болады.
Арыстан баб кесенесі - XII ғасырда өмір сүрген діни көріпкел мазарының үстіне салынған ғимарат. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Одан Айван кесілген ағаш бағандары (ғимараттарда күмбез бөлме) сақталған. Жер сілкінісінен қираған көне мазарлар орнына XVIII ғасырда салынған. Ол екі кесілген ағаш бағандар арқылы сүйеніп Айван екі күмбезді құрылымынан салынған. XVIII ғ құрылыс ыдыраған және 1909 ж қалпына келтірілген болатын. 1971 ж апаттық жағдайға әкелген судың деңгейі салдарынан мешіт бұзылып, кейін қайта тұрғылызды. Ғимараттың беткі бөлігіне алебастрдан жасалған сұйықтыққа қайнатылған кірпіш салынды. Қазіргі уақытта, кесене Орталық Азиядағы мұсылмандар үшін табыну орны ретінде саналады. Аңыз бойынша, Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың серігі және төрт ғасыр өмір сүрген Қожа Ахмет Яссауидің рухани жол салушысы болып саналады.
Қарахан кесенесі Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы Тараз қаласының дәл орталығында, Төле би және Байзақ батыр көшелерінің қиылысында, Қарахан аттас саябағында орналасқан. Қарахан кесенесі ХІ ғ. салынған сәулет өнерінің қайталанбас ескерткіші. Кесене төрт бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және үш жанама бөліктен тұрады. Кесенені Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмуд тұрғызған. Қарахан кесенесінің қабырғалары патшалық кезеңінің кірпіштерімен өрілген. Күмбезі мен аркалық ойықтары ғана ХІ ғасырдағы кірпіш-плиткалармен салынған. Портал жақтауларын өрнекті кірпішпен безендіріп, киіз үйдің басқұрына ұқсатқан.
Домалақ ана – есімі ел ұранына айналған абыз аналардың бірі, Бәйдібек бидің үшінші әйелі. Албан, Суан, Дулат руларының анасы деседі. Домалақ ана Жетісу, Әулиеата, Шымкент, Ташкентті мекен еткен барлық халықтың анасы саналады. Домалақ ана парсы тілінен аударғанда «Дихнат мама», Әулие ана дегенді білдіреді. «Әулие ана» атанған абзал жаннан тараған ұрпақтар біліммен, ақылымен ерекшелініп, ел билеген.
Домалақ ана кесенесі
Сәулетті ескерткіш. Қаратаудың күнгей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында орналасқан. Кесене бірнеше рет бұзылып қайта өңделген. Кесене ХХ ғасырдың басында бір, ортасында бір және соңына бір рет жөнделген. Ғасыр басында жөнделген кезде ескерткіштің өзі дөңгелек пішінді етіп қойылған. Күмбезі ғимараттың үстіне тұрғызылып, сырты алты нишалы етіп салынған. Дөңгелек ескерткіш 1957 ж да жаңартылған. Бірақ ол көп сақталмаған. Кейін 1996 ж Маңғыстаудан арнайы әкелінген ақ таспан қайтадан өріледі. Жерден биіктігі 12 м биіктікте сегіз жапырақты етіп өріліп, негізгі бөлігіне күмбез орнатылған. Домалақ ана кесенесіне 2000 ж айналасын көгалдандыру жұмыстары жүргізілген. Ғимаратта түрлі көне қолжазбалар сақталған. Бүгінде және бұған дейін аталған кесене көпшіліктің тәу етер қасиетті орынға айналған. Табыну ғимараттарының белгілі бөліктері – портал, күмбез, мұнаралар – өзге иілімділік тілінің көмегімен, сезімдік-көркемдік дәрежеде ортаазиялық классикалық емес, қазақтың далалық көне өнерімен үндес жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: |