Бағдарламасы Орындаған: Жұмаева Гүлназ Топ: ХимБио-20-1 Тексерген: Арашова Набат



бет11/12
Дата24.11.2022
өлшемі1,58 Mb.
#159681
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Жұмаева Гүлназ БӨЖ №3 «Сакральды Қазақстан» бағдарламасы (wecompress.com)

Шілікті қорымы
Шілікті қорымы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының аумағында орналасқан. Ұзындығы – 80 км, ені – 30 км. Осы кең жазықты оңтүстігінде Тарбағатай, шығысында
Сауыр-Сайқан, солтүстігінде Маңырақ таулары қоршап жатыр. Жазы салқын, қысы қарсыз және жылы болып келетін даланы малшы тайпалар қола дәуірінен бері кең қоныстарына айналдырған. Ал, оның "Шілікті" аталуын ғалымдар: "Кезінде мұнда шілік
өскендіктен, осы атауы қалыптасқан болуы керек" деп тұжырымдайды. Шілікті даласын-
да көне мәдениеттің аса бір өркендеген уақыты б.з.д. Ι-мыңжылдыққа сәйкес келеді.
Бұл кезде Шілікті даласын сақ тайпалары мекендеген. Сақ-үйсін дәуірінің 200-ден
астам ескерткіштері бар. Ол жерден өте бағалы заттар табылған. Алтын адамның
киімінің әшекейлерінің ұзын саны 4 жарым мыңнан астам. Ірі алтындар саны
360 дананы құрайды.
Қос ғашықтың қайғылы махаббатына арнап тұрғызылған Қозы Көрпеш - Баян Сұлу мазары Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Таңсық теміржол бекетінен 10 км жердегі Аягөз өзенінің бойында орналасқан. Жалпы биіктігі - 11.65 м. Қабырғасы гранит қалақ тас пен сабан аралас балшықтан қаланған. Кірер есігі шығысқа қаратылған. Бір зерттеушілердің пікірінше, ол V-X ғ көтерілсе, басқалар X-XI ғ орнатылған дейді. Қалай дегенмен де, лиро-эпостық поэманың кейіпкерлерімен байланысқан мазар біздің күнге дейін жеткен ежелгі Қазақстан ескерткіші болып табылады. Кесенені 1856 ж зерттеген Ш.Уәлиханов мазар жанында 4 балбал тас болғанын жазған.
Халық аңызы оларда Қозы Көрпеш, Баян сұлу және олардың апалары Айтаңсық пен Айғыздың суреттері бейнеленген дегенді айтады. Қозы Көрпеш пен Баян сұлу аңызының ел аузында бірнеше нұсқасы жүр. Соның бірі әйгілі аңызды былайша өрбітеді: Кішкентайынан бірге өсіп, дос болған Сарыбай мен Қарабай әлі дүниеге келмеген балаларын атастырып қояды. Ұлы дүниеге келмей жатып Сарыбай аңшылықта қайтыс болады. Атастырылған Қозы мен Баян ер жете бір-біріне ғашық болады. Бірақ Қарабай сөзінде тұрмай, қызын бір кездері малын жұттан сақтап қалған палуан Қодарға беруді жөн көреді. Сөйтіп Қодар екі ғашықтың ортасына түседі. Екеуара шайқаста бірінші болып Қозының басы кетеді. Сүйіктісінен айрылған Баян кек алуды ұйымдастырады. Ол Қодарды алдап, егер ол құдық қазып берсе, оған тұрмысқа шығамын дейді. Қодар Баянның шашынан ұстап алып, құдықты терең етіп қаза бастайды. Құдық тереңдей бергенде, Баян шашын кесіп жіберіп, Қодарды құдыққа батырып, өлтіреді. Ал өзі өз-өзін қылыштап, бақилыққа аттанады.Қозы Көрпеш жігіт пен сұлу Баянның бейнесі қазақ халқымен он бес ғасыр бойы ажырамай келеді. Олардың биік сезімі әлі күнге дейін бөлінбей, адамзаттың мәңгі жырлар тақырыбы махаббаттың символына айналды. Қос ғашықтың жалындаған, қайғылы махаббаты ақындарды, драматургтерді, этнографтарды нәсіліне, тегіне қарамай, сан ғасырлар бойы шабытқа жетелеп келеді.
Нысан сызба-жобасын әлемдік сәулет өнері шеберлері жасап, Ресей академиясының сәулет-шілері, жапон сәулетшісі Кисе Курокава, «Ақорда» қазақстандық жобалау-құрылыс компаниясы орнатты. Есіл өзенінің сол жағалауынан көкке қарай бой созған зәулім «Бәйтерек» биіктігі – 97 м. Ол Астана елорда мәртебесіне ие болған 1997 жылды білдіреді.
Ғимараттың өзі 3 бөліктен тұрады. Нысанның жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюынан өзекті ой өрсе, ал екінші-үшінші бөліктері кейінгі өркендеу кезеңдерінен көріністер береді. Кешеннің ең жоғарғы бөлігіндегі «Аялы алақан» композициясы осы монументті тұрғызу идеясын ұсынған Президент алақанының көшірмесін алға тартты.
Панорамалық залдың ортасында 17 жапырақтан тұратын 17 әртүрлі әлем діндерінің уәкілдері қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан. Ұшар басында алтын шар орналасқан, арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 тоннаға жетсе, алтын шардың үстіңгі ауданы 1 553 метрді алады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіреберісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 тонналық металл құрылғымен жалғасып жатыр.
«Астана-Бәйтерек» монументінің жерасты бөлігі 4,5 метрлік тереңдікке кетеді. Онда дәмхана, аквариумдер және белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың шағын галереясы бар. «Ағаштың діңімен» лифтілер арқылы көтерілген адам көктегі шардан бір-ақ шығады.
2002 жылы Астана орталығында «Астана-Бәйтерек» монументі тұрғызылды. Бәйтерекетің негізгі идеясы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ой-қиялынан туды. Президент осы алып ескерткіштің эскиз-нобайын бір түннің ішінде өзі ойлап шығарды. Оның айтуынша, монументтің негізгі идеясы бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.
2001 жылы 29 тамыз күні Семей ядролық полигонының жабылуына 10 жыл толуына орай ашылды. Бірегей сәулет-мүсін кешенінің авторы Шот-Аман Уәлиханов және «Казгор» жобалық академиясы болды. Монументке қарай апаратын кең әрі айналмалы жолдар Ұлы қазақ даласының бүкіл кеңдігін көрсетіп тұрғандай әсер береді. Мемориал аумағына кіретін орталық қақпа оның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, қақпаны екі жағынан қанатты барыстар «күзетіп» тұр. Бұл азулы аңдар халық аңызына сай зұлым күштерден қорғаныш қызметін атқарады.
Кешеннің басты элементі – «атомдық саңырауқұлақ» кескіні ойылған төбесі күмбезді болып келетін 25 метрлік стела. Стела құралмалы-монолитті темірбетон-нан жасалған, жылтыратылған гранитті блоктармен және жергілікті қара «габбро» гранитінен әзірленген плиталармен көмкерілген. Монумент айналасында шолу алаңы бар дөң үстіне қондырылған. «Саңырауқұлақ» кескінінің ортасында ядролық жарылысты бейнелейтін мүсіндік композиция орналасқан. Ол тот баспайтын болаттан дөңгелек шар және ұзындығы 1,5-2 м дейін жететін қырлы «сәулелер» пішінінде жасалған. Суретші заманымыздың айрықша драматизмін, қазақ даласының қасіретін көрсете, сездіре білген.
Монументтің төменгі тұсында қаршадай сәбиін қауіп-қатерден көлегейлеген ақ мәрмәр тастан жасалған ана бейнесі бар. Рухтың өлімнен де күшті екенін дәлелдеп тұр. Құлпытастың төменгі бөлігінде мынадай мазмұнда үндеу жазылды: «Уа, жаратқан ие, біз көрген зұлматты енді ешкімнің басына бере көрме! Қасиетті Жер-Ананың қасіретті азалы үні әлі естіліп тұр!».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет