Бағдарламасы Орындаған: Жұмаева Гүлназ Топ: ХимБио-20-1 Тексерген: Арашова Набат


Шопан Ата әулиесінен күн шығысқа қарай жүргенде 20 км жердегі биік шоқы. Таудың тегіс жарлы қабатына көптеген таңбалар ойылып жазылған. Әлі толық зерттелмеген



бет6/12
Дата24.11.2022
өлшемі1,58 Mb.
#159681
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Жұмаева Гүлназ БӨЖ №3 «Сакральды Қазақстан» бағдарламасы (wecompress.com)

Шопан Ата әулиесінен күн шығысқа қарай жүргенде 20 км жердегі биік шоқы. Таудың тегіс жарлы қабатына көптеген таңбалар ойылып жазылған. Әлі толық зерттелмеген.
Тынымбай шоқы
1853 ж Хиуалық басқыншылар Маңғыстау жеріне күтпеген жерден шабуыл жасап, мал мен адамдарды тұтқын қылып айдап кетеді. Осы жерде Балуанияз батыр бастаған Адайлар тойтарыс беріп, тұтқындарды құтқарып алады. Сонымен қатар осы жерде Мырзағали Тынымбаев бастаған көтерілісшілер 1931 ж қызылдардың жазалаушы 68-ші дивизионымен соғысады. Көтеріліс басшысы М.Тынымбаев осы жерде қаза табады.
Қараған-Босаға
Ақмешіт әулие ескі қамалдың орны, қасиетті жер. Қарағанды облысы Ұлытау тауының биік шоқысында орналасқан. 1946 ж академик Ә.Х.Марғұлан зерттеген. Тік төртбұрышты жобамен салынған, көлемі 42х42 м. Іргесінің қалыңдығы 30-40 см, граниттен қаланған. Жанында тас обалар бар. Алғашқы кезде табынатын орын болған. Кейінірек төңірегіне атақты адамдарды жерлей бастаған. Зерттеулер Ақмешіт әулие көшпелі халық мекенінің орны екенін дәлелдеді.
Хантәңірі шыңы - Алматы облысы Нарынқол ауданының аумағына аяқ басқан адамның назарын алыстан мұнартқан ақбас шыңды тау сілемі еріксіз өзіне тартар еді. Қазақ танымында Тәңіртау атауына ие болған әлемдегі ең биік шыңның бірі – Хантәңірі осы. Ол шың қазақ, қырғыз және қытай елінің шекарасы түйіскен жерде орналасқан. Ең биік нүктесі 7000 м асатын бұл шың – әлемдегі ең әдемі шыңдар қатарына жатқызылады. Оның төртқырлы пирамида тәріздес шыңын жыл он екі ай қар басып, үнемі тұман бүркеп тұратындықтан ол туралы аңыз-әфсана жетерлік. Мәселен, шың басы күн ұясына батарда өзгеше алаулап, қызыл түске боялады. Осыған байланысты Хан Тәңірі шыңын қазақтар «қанды тау» десе, ал қырғыздар «кантоо» деп атайды.Шыңның алғаш рет ғылыми түрде ашылған кезі 1856-1857 жылдар болып саналады. Ол уақытта орыстың П.П. Семенов есімді географы Тянь-Шаньға жасаған сапары барысында жол бойы көрген-білгенін хатқа түсіріп отырған. Хан Тәңірі деген ұғымы мағынасы «Рухтар әміршісі, құдайлар патшасы, аспан әміршісі» деген мағынаны білдіреді екен.
Қоңыр әулие үңігірі – Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы аумағындағы Шаған өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. Тау ішінде үңгір, үңгір ішінде көл бар. Және ол көлдің түбі жоқ десе сенер ме едіңіз? Сырт көзден әдейі жасырылғандай әсер қалдыратын сол көлдің емдік қасиеті өз алдына бөлек әңгіме. Жыл он екі ай іші адамнан босамайтын Қоңыр әулие үңгірі туралы ел ішінде аңыз-әңгіме көп-ақ. Оның ішінде ауыз әдебиетінде сақталған деректердің дені жоңғар шапқыншылығымен байланысты болып келеді. Бұл үңгір атауы «Қабанбай батыр» мен Шәкер Әбеновтің «Тоқтамыс батыр» дастанында жиі кездеседі.
Үңгір ішіндегі көлдің ұзындығы 25 метр, ені 10, тереңдігі 1,8 метрді құрағанымен оның көлемі әр жылы бір түсіп, бір көтеріліп тұратыны анықталған. Ал 2000 жылдардың ортасында қазақстандық С. Кистанов, К.Миляев пен В.Волошин есімді туризм саласының маманы әлгі көлдің түбіне сүңгіп, көл астында көлемі 10х10 метр болатын қара қуыс бар екенін және оның арғы жағы шегі жоқ теңізге жалғасып кететін айтқан еді. Осыған қарағанда, бұл көлдің жер асты суларымен тікелей байланысы бар болу ықтималдығы жоғары күйінде қалуда.
Тау маңайында қасиетті саналатын орындар аса мол. Кемеқалған шыңы. Жер бетін топан су қаптағанда Нұх пайғамбар кемесін әр елдер өздерінің қасиетті тауларына, ал қазақтар Қазығұрт тауында қайырлатады. Қазығұрт асуынан динозавр сүйегінің табылуы – өзге де жаратылыстарды зерттеген ғалымдардың пікіріне сүйенсек, Қазығұрт, Қаратау, Қаржан, Өгем таулары аралығы тіршілік ерте пайда болып, адамзат баласы осы маңда тіршілік еткенін мақтанышпен айтуға болады. Асан-Қайғы бабамыз жырлағандай «Қазығұрт – Алланың мейірімі түсіп, шапағатын шашқан тау екен, Нұх пайғамбардың кемесі қалып, бар қасиет бойыңнан табылғандай тау екенсің», -деп сүйсінген тау. Алыстан қарағанда шөгіп жатқан қос өркешті түйені елестетін Қазығұрттың төбесі ойпаң, жазық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет