Түпқараған ауданы, Таушық ауылынан 30 км солтүстік-батыс бағытта орналасқан. Орналасқан жері: Шақпақ ата мешiтi - Арал-Каспий өңіріндегі қабырғалары жазулармен және суреттермен шимайланған жалғыз ескерткiш. Жартастағы мешіт геолог А.Медоевтің айтуы бойынша «Өте күрделі архитектуралық ескерткіш, Қазақстанның сирек кездесетiн жартасты сәулетшілік өнерінің тамаша көрінісі». Ол әктасты тау қабатынан ойыла қашалып жасалған. Жоспарда мешіт бөлмелері жарықтың жан-жақты сәулелеріне бағытталған латындық крест пішінінде болып келеді. Жартастағы жасанды үңгір түрінде жасалған мешіттің ішкі бөлмелері орталық зал арқылы шарбақ тәрізді орналасып, солтүстік, оңтүстік, батыс, шығысқа қарай бағышталған. Мешіттің іші мен есіктерінің мәнер өрнектері ерекше, оларды өшпейтін бояулармен безендірген», – деп сипаттаған. Орталық зал жартас қабаттарынан ерекшеленген аркаларға ұқсатылып, үстіңгі қабаттары бар бағаналарға жалғаса сфералық күмбезбен көркемделген. Аркаларда сәндiк қолтаңбалар iздерi, күмбездің тас төбесінен құдық тәріздес етіп жарық ойығы қашалып қалдырылған. Сыртқы бетінен жарық ойығының үстіңгі бөлігінен аркалық үлгідегі төрт ойықтары бар архитектуралық құрылыс тұрғызылған. Мешiттің кірісі үшбұрышты арка пішінінде келеді. Кірістің оң және сол жақтары төменінде жерлеу қалдықтары сақталған қуыс-ойықтар жасалған. Зерттеуші М.Меңдіқұлов бұл діни ғимарат алтын ордалық Өзбек ханның тұсында (1312-1342 жж.) салынған деген пікір айтады. Мешіттің солтүстiк-батыс бағытынан Шақпақ ата қорымы орналасқан. Қорым кешенді екі бөліктен: түркімен руларына қатысты ежелгі және қазақ тұрғындарымен байланысты жаңа кезеңді қабірлеу құрылыстарынан тұрады. Шақпақ ата мешiтi және қорымы Күйеу там кесенесі Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Сенек селосынан 40 км солтүстік-батыс бағытта, Шопан-ата қорымынан батыс жағындағы төбе жал үсті.