Дәріс 14. Сфера мен шар. Шар сегменті мен секторы Жоспар



Дата19.05.2022
өлшемі41,77 Kb.
#144082
Байланысты:
лекц 14 геом


Дәріс 14. Сфера мен шар. Шар сегменті мен секторы



Жоспар

  1. Сфера мен шар

  2. Шар сегменті мен секторы

Дерек көздері


https://www.youtube.com/watch?v=ucLwybt1_-Y
(Шар мен сфера 12.17)


https://www.youtube.com/watch?v=AYjV4tiZ2rQ
(сфера мен шар 2.51) 19 сабақ


https://www.youtube.com/watch?v=RZBxK1uHITw
( сфера және шар 3.10) 43 сабақ


https://www.youtube.com/watch?v=VtbVrFiwTRk
(сфераның теңдеуі 6.37) 20 сабақ


https://www.youtube.com/watch?v=cGMj4c2PrVg
(Шардың көлемі 14.55)


https://www.youtube.com/watch?v=DbvT3d-PMKw
(Шар бөліктерінің көлемі 13.03)






Сфера деп центр деп аталатын берілген нүктеден бірдей қашықтықта (радиус) орналасқан кеңістіктің нүктелерінің геометриялық орнын (фигураны) айтамыз.


Сфера (гр. sphaіra – шар)[1] - тұйық бет. Сфера центрін оның кез келген бір нүктесімен қосатын кесінді (сондай-ақ оның ұзындығы) сфераның радиусы деп аталады.
Сфера бетінің ауданы:
S = 4πR2, мұндағы R – сфера радиусы.

Шардың көлемі:


V = 4/3πR3

Аналитикалық геометрия тұрғысынан сфера 2-ретті центрлік бетке жатады. Оның тік бұрышты координаттар жүйесіндегі теңдеуі


(x–a)2+(y–b)2+(z–c)2 = R2 түрінде жазылады, мұндағы a, b, c – сфера центрінің координаттары (қараңыз Сфералық геометрия, Сфералық тригонометрия).[2]

http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%84%D0%B5%D1%80%D0%B


Сферамен шектелген әрі центрі бар кеңістіктің бөлігі шар деп аталады. Шар дегеніміз геометриялық пішін, дене болады.


Шар пішіндес заттар табиғатта өте көп кездеседі: жер шары, жұлдыздар, атом және оның құраушылары, су тамшысы, ыдыстардың дөңгелектеніп келуі негізінен бүкіл әлемдік тартылыс заңына магнит өрісіне тәуелділігі яғни бір нүктеге басқа нүктелердің тартылуы шардың пайда болуына әсер етеді.

Шардың бетінің ауданының формуласы - S=4πR².

http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D0%B0%D1%80_%28%D0%B3%D0%B5%D0%BE%D0%BC%D0%B5%D1%82%D1%80%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B5%29


Шардың көлемі, шардың көлемінің формуласы, литр дегеніміз не


Шардың көлемі мына формула арқылы есептелінеді:


V= πR³,
мұндағы π жуықтап алғанда 3,14 тең.
Мысалы, радиусы 10,9 см болатын футбол добының көлемін есептейік:
V = 3,14 10,93 = 5421,85 см3.
Радиусы 11,9 см болатын баскетбол добының көлемі қандай?
Ал радиусы 6371 км болатын Жердің көлемі қандай?

Куб см литрға аудару, литр дегеніміз не?


Күнделікті тұрмыста барлығымыз литрды пайдаланамыз. Бір литр сүт, екі литр сусын, он литрлы шелек және тағы сол сияқты. Литр дегеніміз не? Литр бұл 1000 см3. Халықаралық бірліктер жүйесінде литр деп қыры 10 см болатын кубтың көлемін атайды. Бұл 1000 см3.
Сондықтан куб см есептелінген көлемді 1000 бөлеміз де литрмен есептелінген көлемді аламыз, мысалы жоғарыдағы футбол добының көлемі литрдегі мәні:
V = 5421,85/1000 = 5,42185 литр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет