Бағдарламасы Орта арнаулы оқу орындарындағы сауықтыру-дене тәрбиесі және көпшілік спорт жұмысы



бет4/8
Дата16.04.2023
өлшемі36,11 Kb.
#174627
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Мага ашық сабақ

Әдіскер (методист) мен команда жетекшілері (капитандары). Әдіскер ұйымдастырушылық және тәрбиелік қызмет атқарады. Оған бірінші кезекте оқытушылар (жаттықтырушылар), қоғамдық инструкторлар сүйенеді. Сондықтан жетекшілікке беделді, барынша дайындалған ұстамды, үлгілі, яғни басқалар үлгі алатындай қадірлі спортшы сайланады.
Спортшылар командасы (гимнастар, жеңіл атлеттер, шаңғышылар, т.б.) жарыстарға қатысқанда команда мүшелерінің арасынан капитан сайланады, ол барлық команданың үлгерімі мен ұйымдастырылуына жауапты болады. Команда капитаны спорт ойындарында үлкен мәнге ие болады. Ол командадан сайланып, оны басқарады. Жарыс кезінде капитанның айтқандары бұлжымай орындалуы тиіс. Ол бір өзі ғана төрешімен сөйлесуге және өз командасының ойыншысын ауыстыруға құқылы. Команда капитаны кеудесінің сол жағына немесе сол қолына белгі байлап алуы керек. Алаңнан кетерде төрешіге ескертіп, өз орнына орынбасарын қалдырып кетуі тиіс.
Жетекшілер мен команда капитандарының міндеттері мыналар: жұмыс есебі күнделігін жүргізу, сабақ басталарда топты (команданы) сапқа тұрғызу, сабаққа қатыспаушылардың себебін білу, кезекшілерді тағайындау.
Кезекшілер сабаққа қажетті спорттық құрал-жабдықтарды дайындайды.
Жетекшілер мен команда капитандары оқушы-спортшылар сабаққа таза спорт киімімен, соған сәйкес аяқ киімімен келуін қадағалайды, оны орындамағандарға шара қолданады.
Команда өкілі. Жарысқа қатысатын әр командадан өкіл тағайындалады. Ол төрешілер алқасына спорт түрінің ережесінде, жарыс туралы ережеге сай каралған қажетті құжаттар мен аталған өтінішті береді. Өкіл қатысушылардың жарыс арасындағы және орын ауыстыруындағы үлгеріміне жауапты болады және әр ойыншының бүкіл команданың жемісті өнер көрсетуіне жағдай жасайды.
Егер команда өкілі болмаса, оның міндетін капитан орындайды.
Дәрігерлік бақылау. Дене тәрбиесі ұжымының спорт секциясының қатысушылары сол оқу орны дәрігерлерінің тексеруінен өтеді. Жарыс ойыншылары өтініште тіркелген жазбаша дәрігердің рұхсатын алуы тиіс.
Оқу-спорт жұмысы бойынша есеп беру. Қазақстанда халыққа білім беру мемлекеттік министрлігі тәртібі бойынша жүргізіледі. Оқу-спорт жұмысының есеп беру түрлері мыналар: оқу топтарының журналы (спорт секциялары, командалардың), спортшылардың жеке карточкалары, спорт жетістіктері мен рекордтарының есеп беру кітабы және басқалары. Сондай-ақ есеп беруге өтілген сабақтар жоспары , спорт жарыстарының хаттамалары, дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің қаулысы, спорт секциясының бюросы, жаттықтыру кеңесі және басқалар.
Орта арнаулы оқу орындарындағы барлық дене тәрбиесі, көпшілік-спорт жұмыстары, студенттердің дене тәрбиесі жүйесі студенттердің денсаулығын нығайтып, сақтауға және таңдаған мамандығы бойынша жоғары өндірістік еңбекке, Қазақстан Қарулы күштеріне жемісті қызмет етуге дайындауға бағытталуы керек.
Емтихан алдында және емтихан кезінде спортпен шұғылданатын әрбір студенттің үлгерімін ескеріп, оқытушы, жаттықтырушы, қоғамдық-инструктор сабақ саны мен оның ұзақтығын азайтуына болады.
Спорт секциясының міндеттері мыналар:
- студент жастарды спортпен нақтылы шұғылдануға тарту;
- студенттердің ағзасын шыңдап, денсаулығын нығайту, олардың жан-жақты, қарқынды дене, тәсілдік, тактикалық, психологиялық, қолданбалы және теориялық дайындықтарын қамтамасыз ету;
- студенттерді көпшілік спорт жарыстарына қатыстыру;
- студенттерге Президенттік кешен нормалары мен талаптарын орындату;
- жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау, құрама командаларды дайындау;
- спорт секцияларындағы қоғамдық жұмыстарға студенттерді тарту;
- қоғамдық-инструкторларды, жаттықтырушыларды және төрешілерді дайындау.
Дене тәрбиесі ұжымында оқу-спорт жұмысын ұйымдастыру үшін оқу-спорт комиссиясы, жаттықтырушылар кеңесі, спорт төрешілері тобы, спорт секциясының бюросы құрылады, қоғамдық инструкторлар мен жаттықтырушылар дайындалады, оқу топтарының жетекшілері мен команда капитандары сайланады.
Оқу-спорт комиссиясы. Комиссия құрамы дене тәрбиесі оқытушыларынан (жаттықтырушы), спорт төрешілерінен және үздік спортшылардан құралады. Осы құрамнан төраға, төраға орынбасары және хатшы сайланады. Комиссия оқу-жаттықтыру сабақтарын, спорт жарыстарының бағдарламасын жасайды, тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады, Президент кешені төсбелгішілерін, санатты спортшыларды, қоғамдық инструкторларды, жаттықтырушылар мен төрешілерді дайындайды, оқу-спорт жұмысының есебін тыңдап-бақылаумен айналысады.
Жаттықтырушылар кеңесі. Оқу орнының дене тәрбиесі ұжымында жаттықтырушылар кеңесі құрылуы мүмкін. Оның құрамына ДТ штаттағы оқытушылары, спорт түрлерінен жаттықтырушылар мен қоғамдық инструкторлар кіреді. Кеңес олардың қызметін оқу-спорт және тәрбие жұмыстарының жоспары, өткізілуі және бақылау бойынша бағыттап отырады. Кеңес жүргізілетін жұмысты орындайтын төраға мен хатшы сайлайды.
Жаттықтырушылар кеңес дене тәрбиесі басшыларының бірігіп, өз мәжілістерінде спорт жарыстарының күнтізбесін, оның бағдарламасын дайындап, жаттықтырушылардың өз жұмыстары туралы есебін тыңдайды; оқу-спорт жұмысының қорытындысын шығарады және т.б.
Төрешілер тобы дене тәрбиесі ұжымының барлық спорт төрешілерін біріктіреді және олардың жұмысына бағдар береді. Оны төраға, орынбасар және хатшы жүргізеді. Toп дене тәрбиесі ұжымындағы (спорт клубындағы) спорт жарыстарының төрешілігін қамтитын жоспар жасайды.
Toп спорт төрешілері дәрежелерін көтеруді, жаңа мамандар даярлауды ұйымдастырады, спорт төрешілігіне дене тәрбиесі белсенділерін тартады, жарысқа төрешілік етуді ұйымдастырады, спорт түрлері бойынша ережелерге сай жүргізеді және т.б. Өз жұмысында спорт төрешілері тобы дене тәрбиесі оқытушыларының тәжірибесі мен білімін пайдаланады, солардың көмегіне сүйенеді. Ең сауатты төрешілер аудан, қала, облыс біріншіліктері жарыстарына төрешілік етуге ұсынылады.
Спорт секциясының бюросы. Секцияның ұйымдастыру, оқу-спорт, тәрбие жұмыстары 3-5 адамнан құралған спорт секциясы бюросында орындалады. Бюро жылына бір рет секция мүшелерінің жалпы жиналысында сайланады. Бюро өз құрамынан төраға мен хатшыны сайлайды. Бюро дене тәрбиесі ұжымының және дене тәрбиесі жетекшісінің басшылығымен жұмыс істейді және секцияға жаңа мүше тартумен айналысады, оқу топтарын (командаларын) ұйымдастырады, топ жетекшілерін (команда капитанын) сайлауды өткізеді, сабаққа қатысуды, Президент кешенінің нормативтерін орындауды қадағалайды.
Белгілі бір кезеңде бюро секция мүшелерінің жалпы жиналысында есеп береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет