Бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) Бастауыш мектеп


Оқу үдерісін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер



бет3/11
Дата25.09.2019
өлшемі0,7 Mb.
#48859
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Oқу бағдарламасы Математика Бастауыш мектеп 310316
Силлабус дисциплины «Основы высшей математики» на 2015 2016 учеб, Силлабус дисциплины «Основы высшей математики» на 2015 2016 учеб, Oқу бағдарламасы Математика Бастауыш мектеп 310316 , ашық сабақ аудан, ашық сабақ аудан, 14 практикалық сабақ

2. Оқу үдерісін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер

Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары «білім алуды үйрету» ұстанымын негізге алады, ол ұстаным бойынша өз бетімен білім алуға ұмтылатын, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол және зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыру көзделеді

Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі технологиялар мен әдіс-тәсілдер қолданады деп күтіледі, олар:

- оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, бұған дейін алған білімдері мен қалыптасқан түсініктерін одан әрі дамыту үшін оларды қолданудың маңыздылығын құптау;

- жеке және саралай оқыту тәсілін қолдану;

- проблемаларды және оларды шешу стратегияларын құрастыру;

- оқушылардың жетістіктерін бағалау арқылы олардың оқуына қолдау жасау;

- оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерінің негізінде белсенді оқуға ынталандыру;

- оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту.

Математиканы оқыту стратегияларының үлгілері:

- оқушылардың ойын әрекетін, шығармашылық және жобалық жұмыстарын ұйымдастыру;

- түсіндіру, идеяларды таныстыру, диалогтарға қатысу, мәтінмен жұмыс, алгоритмдер, нұсқаулықтар құру, математикалық тапсырмаларды орындау әдістерін сипаттау және түсіндіру барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;

- мұқият таңдап алынған тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;

- оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру: жеке және топтық жұмыс;

- бірін-бірі оқыту;

- түрлі дерек көздерінен ақпарат іздеуді талап ететін есептерді шығаруға көмектесу, АКТ-ның мүмкіндіктерін пайдалану;

- математиканың практикада қолданылуын пайдалана отырып оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру;

- оқушыларды өз жұмысын талдауға және түзетуге ынталандыру (рефлексия).



Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

Математикада сандық технологияларды қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақытында технологияларды сенімділікпен және шығармашылықпен пайдалануын қамтиды. Бұл АКТ-ны пайдаланудың бастапқы дағдылары арқылы қалыптасады.

«Математика» пәнін оқу бағдарламасы төмендегідей мәселелерді қамтиды:

  • оқушыларға негізгі ақпараттық технологияларды пайдалануды үйрету;

  • ақпаратты іздестіру және оны таңдауға байланысты өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамыту;

  • математиканың түрлі бөлімдерін оқу кезінде презентациялар құру үшін керекті компьютерлік бағдарламаны қолдану, математикалық тапсырмаларды орындау барысында фото/видео әзірлеу (геометриялық фигураларды, оригами жасау);

  • өз бетінше жоспар мен графиктер құру.


Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту

Білім беру бағдарламасының мақсаттарының бірі ─ түрлі әлеуметтік қауымдастыққа сәйкес тіл табысуға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. Осы мақсатқа жетуге қажетті коммуникациялық дағдыларды дамыту үшін ынталандырушы және қолдаушы қарым-қатынас ортасын құру керек.

Оқыту барысында оқушылардың ауызша және жазбаша қарым-қатынаста математикалық тілді сауатты қолдану дағдыларын дамыту қажет.

Математиканы оқытуда оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыс үлгілері:

• топтық және сыныптық жұмыстар (түсіндіру, ойларын айту);

• жобалардың презентациясын жасау;

• талқылауларға қатысу;

• сұрақтар құрастыру және сұрақтарға жауап іздеу;

• мұғалімдермен және оқушылармен диалогке қатысу.

Математиканы оқытуда оқушылардың оқылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыс үлгілері:

• мәтінде тірек сөздерді белгілеу;

• ғылыми мәтіндермен жұмыс, семантикалық құрамын анықтау.

Математиканы оқыту үрдісінде оқушыларда жазылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыс үлгілері:

• тапсырмаларды орындау үшін нұсқаулықтарды, алгоритмдерді құру;

• математикалық есептерді ауызша және жазбаша шешу тәсілдерін сипаттау және түсіндіру;

• тапсырманы орындау барысына талдау жасау (ауызша және жазбаша).


3. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері
«Математика» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру процессін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.

Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.

Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу процессін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін колданылады.
4. «Математика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
4.1 Оқу жүктемесінің бөлінуі

Оқу бағдарламаға сәйкес әр сыныпқа арналған сағат саны:


Сынып

Апталық жүктеме

Жылдық жүктеме

1

4 сағат

132 сағат

2

4 сағат

136 сағат

3

5сағат

  170 сағат

4

5сағат

  170 сағат

«Математика» пәніне арналған кабинет Сыныптағы жиһаздардың орналасуы үлгілеу және практикалық жұмыстарды жүргізу бөліктерін, оқушылардың жұмыстарын таныстыра алатын орынды, бумаларды, кітап сөрелерін орналастыратын орындарды қарастыруы қажет. Сыныптағы жиһаз жеке, жұп немесе топ ішіндегі жұмыстарды, семинарларды ұйымдастыруға мүмкіндік беру үшін қозғалмалы болғаны дұрыс.

4-сыныпта күрделі есептеу операцияларын орындау үшін қажетті жағдайда калькуляторлар берілуі керек.

Математика кабинетіне қажетті құрал-жабдықтар:



  • оқулықтар, дидактикалық материалдар, анықтамалықтар, энциклопедиялармен жабдықталған кітапхана;

  • мұғалімдер үшін анықтамалықтар және әдістемелік әдебиеттер картотекасы;

  • жеке және топтық тапсырмалары бар оқушыларға арналған тақырыптық каталог;

  • түрлі бағдарламалық ортада жұмыс істеуге арналған, жаңартылып тұратын компьютерлік бағдарламалармен жасақталған ноутбуктер;

  • ойындарды әзірлеуге және үлгілеуге, үстел үсті жүйелеріне арналған бағдарламалық құралдардың толық жиынтығы;

  • коммуникациялар желісі;

  • проектор және экран;

  • магниттік және қабырғаға ілінетін маркерлік тақталар;

  • кеңселік жабдықтар (принтер, сканер және тағы басқалар);

  • кеңістіктік фигураларды жобалау үшін қажетті материалдар жиынтығы (жиналмалы материал, жіптер және тағы басқалар);

  • түрлі үлгілерді құрастыру және тәжірибелер жасау үшін қажетті материалдар (түрлі-түсті қағаздар, картон, ермексаз, қайшы, ұзындықтары әр түрлі жіптер, түрлі-түсті шарлар, домино, таяқшалар, өлшеуге арналған материалдар және т.б.);

  • сөрелері бар кітап шкафы;

  • оқушылардың жұмыстарына арналған көрме сөрелері;

  • санауға арналған материалдар (бұршақтар, тиындар, фишкалар, геометриялық фигуралар);

  • магниттік фигуралар және белгілер;

  • жеке маркерлік тақталар, геометриялық фигураларды құруға арналған изометриялық тақталар;

  • баспа материалы (көбейту кестесі, есеп шот, өлшем бірліктер кестесі және т.б.);

  • демонстрация жасауға арналған жабдық (сағат циферблаты, таразы, түрлі сұйықтықты өлшеуге арналған ыдыстар, геометриялық денелер жиынтығы, дөңгелек бөліктерінің жиынтығы және тағы басқалар);

  • өлшеуге арналған жабдықтардың толық жиынтығы;

  • мультимедиялық құралдар (компакт дискілер, бейнефильмдер);

  • калькуляторлар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет