МАТЕМАТИКА
Оқу бағдарламасы
(орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында)
Бастауыш мектеп (1-4 сыныптар)
Наурыз 2016 ж.
_________Е.Н. Иманғалиев
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым вице-министрі
|
___________К.Н. Шәмшидинова
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы
|
______________Ж.А. Жонтаева
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар Департаментінің директоры
|
__________Ж.О. Жылбаев
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті
|
|
__________ Ж.Н. Абдильдина
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығының директоры
|
Математика. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке
(1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. – Астана, 2016. – 80 б.
Ұзақ мерзімді жоспар
Орта мерзімді жоспар
Қысқа мерзімді жоспар
Оқытудың күтілетін нәтижелері оқытудың ұзақ мерзімді және орта мерзімді мақсаттар жүйесін құра отырып, нақты оқу пәнінің оқыту мақсаттарында әрбір бөлім бойынша нақтыланады.
Пәндер бойынша оқу бағдарламаларына қосымша берілген оқу жоспарлары ұсыныс сипатында болады. Оқытудың мақсаттар жүйесі мен тәсілдеріне негізделген ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтар өткізу, сабақтарда оқушыларды ұйымдастыру ұсыныстары берілген, сондай-ақ оқыту ресурстары қосылған (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдары және т.б.).
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының элементі ретінде оқу жылына арналған тақырыптар мен бөлімдерді анықтайды.
Ұзақ мерзімді жоспар белгілі бір бөлімнің/бөлімшенің/тақырыптың аясына қажетті оқу мақсатын қамтиды.
Әдетте, орта мерзімді жоспарлардың оқу бағдарламасын сабақтардың жүйелі сериясына құрылымдайтын мұғалімдер тобы немесе жеке мұғалім жүзеге асырады. Орта мерзімді жоспар ұзақ мерзімді жоспармен анықталған бағдарларды нақтылайды және ең қысқа мерзім аралығында жүзеге асырылады. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген кезеңге арналған негізгі міндеттерді тұжырымдайды. Онда әрбір тоқсанға немесе бөлімге арналған оқыту тақырыптары көрсетіледі. Бөлімдер ішінде сағаттарды бөлуді, сондай-ақ мұғалімнің қалауына қарай өзгертуге болады.
Орта мерзімді жоспарлар оқытудың мақсаттары мен тәсілдеріне негізделе отырып, мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтар өткізу, сабақтарда оқушыларды ұйымдастыру ұсыныстары, сондай-ақ ресурстар берілген (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдары және т.б.). Мұғалім сыныптағы оқушылардың жеке ерекшеліктері мен үлгерім деңгейін ескере отырып, тапсырмалардың кейбір түрлерін өзгерту және түзетуі мүмкін. Мұғалім қысқа мерзімді жоспарды немесе сабақ жоспарын орта мерзімді жоспардың соңында ұсынылған үлгіге сай өзі әзірлейді.
Қысқа мерзімді жоспар дайындағанда мұғалімге саралай оқыту тәсілі мен оқушылардың жеке ерекшеліктеріне ерекше назар аудару ұсынылады. Сабақты қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімге сабақ мақсаттарына анағұрлым тиімді қол жеткізуге көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекет түрлерін мұқият іріктеп алуы керек. Мұғалім әр сабақтан кейін білім алушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабаққа талдау (рефлексия) жасап отыруы керек.
Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде мұғалімге төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады:
- сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасында және оқу жоспарында көрсетілген мақсаттарды басшылыққа алу қажет;
- сабақ мақсаттарын анық тұжырымдау (S.M.A.R.T. қағидасы бойынша), яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттар қою;
- орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу;
- мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады. Мұғалім білімнің тек дара көзі ретінде емес, оқушылардың өздерінің оқутанымдық қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.
5 кредит сағат
№2дәріс
Дәріс тақырыбы: Қысқа мерзімді жоспар
Дәріс мазмұны:
Қысқа мерзімді жоспар
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
Сабақ мақсаттары
Бағалау критерийлері
Тілдік мақсаттар
Сабақ барысы
Сабақты ресурспен қамтамасыз ету.
Рефлексия
Қысқа мерзімді жоспар - мұғалімнің күнделікті оқытатын сабақтарының сызбасы (сабақ жоспары). Сабақ жоспарында ненің зерделенетіні, оған қалай көмектесуге болатыны, сондай-ақ оқуды қалай саралауға болатыны туралы барынша егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылады. Сабақ жоспарын дайындау барысында мұғалім оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқыту тәсіліне ерекше назар аударғаны жөн. Қысқа мерзімді жоспар мұғалімге сабақты тиімді құруға көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктеп алуы керек. Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасап отыруы керек. Қысқа мерзімді жоспарды құрған кезде мұғалім төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады: - сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттарын басшылыққа алу қажет; - сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттар қою; - орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу; - мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады.
Сонымен, сабақ мақсаттарын саралап көрсету міндетті болып саналмағанмен, алайда оларды көрсету оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескеретіндігін ұмытпауымыз керек. Мұндай саралауда не жазу керек?
Барлық оқушылар: Мұнда оқу мақсаттары қайталанады. Оқушылардың 100% қол жеткізуі керек болғандықтан мұғалім мұнда барлық оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеруі керек.
Оқушылардың басым бөлігі: Оқу мақсатттарына (көрсетпесе де болады) қоса оқушылардың оқу қабілеттеріне қарай нәтижені күрделендіру. Мысалы, оқу мақсаттары «Білу» және «Түсіну» деңгейлерінде болса, онда оқушылардың басым бөлігі бұған қоса «Қолдану» немесе «Талдау» деңгейлеріндегі мақсаттарға қол жеткізуі керек.
Кейбір оқушылар: Оқу мақсаттары мен оқушылардың басым бөлігі үшін (көрсетпесе де болады) белгіленген мақсаттармен бірге шығармашылық және зерттеушілік дағдыларды дамытатын мақсаттарды нақтылау: мәселен, «Талдау», «Жинақтау» немесе «Бағалау» деңгейлерінде.
Бағалау критерийлерінің синонимдері «жетістік критерийлері», «табыс критерийлері», «күтілетін нәтиже»: кей сабақ жоспарларында оларды осылайша атайды.
Бағалау критерийлерін «Оқушылардың оқу мақсатына жеткендігінің, үйренгендігінің дәлелі не болмақ? Оқушылардың үйренгенін қандай нәтижеден көреміз?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы айқындау қажет. «Бағалау критерийлері – мұғалім мен оқушыға қалыптастырушы бағалау кезінде оқытудың мақсатына қол жеткізгенін тануға мүмкіндік беретін тұжырым
Ресурстар. Бұл жерде сабақта қолданатын кеңсе тауарларын (қағаз, флипчарт, маркерлер, желім, скотч, қайшы, т.б.) көрсетпей, мазмұндық материалдарды (контент) келтірген дұрыс. Олардың қатарына сабақ мақсатына жетуге көмектесетін сабақта қарастырылатын кітап не басқа да дерек көздері, мәтіндерді (мәселен, оқулықтағы параграф), интернетте ұсынылған материалдарды, видеокөрсетілімдер, слайдтар және басқа да ақпарат көздерін жатқызуға болады.
Мұғалімнің ең басты міндеті - өзінің кәсіби біліктілігін тұрақты, жүйелі, шынайы түрде дамыту. «Кәсіби даму дегеніміз тәжірибе және рефлексия» деген ұстанымға сәйкес әр сабақтан кейін (тәжірибе) мұғалім сабақты талдау мен бағалау арқылы оның ұтымды жақтары мен жақсартуға қажетті тұстарын айқындап, өз тәжірибесін қалай дамытуға болатындығын айқындау дағдыларын қалыптастыруы керек.
Осы мақсатта сабақтан кейін өз сабағын талдау барысында мұғалім бұл бөлімге сабақ туралы өз пікірлерін жазады. Бұл үшін мынандай сұрақтарғаа жауап беру ұсынылады:
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
ОЖСӨЖ мазмұны: Саралап оқыту-әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес тапсырмалар мен нұсқауларды, материал мен әдіс-тәсілдерді қолдану үдерісі
СӨЖ мазмұны: Дайын қысқа мерзімді жоспарларды талдау
Достарыңызбен бөлісу: |