Ортақ тақырыптар
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
|
Бағдарлама бөлімшелері
|
Оқу мақсаттары
|
І тоқсан
|
|
«Өзім туралы»,
«Менің мектебім»
тақырыптары аясында*
|
1А бөлім - Сандар мен цифрлар
|
1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
|
1.1.1.1** санау барысында натурал сандардың реттік номері анықталатындығын түсіну;
10 көлемінде тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау;
1.1.1.2** бір таңбалы сандарды сандарды оқу, жазу және салыстыру
1.1.1.3** бір таңбалы сандардың құрамын анықтау
|
1.2 Сандармен амалдарды орындау
|
1.1.2.1 қосу амалын ортақ элементтері жоқ жиындардың бірігуі, азайтуды жиынның бөлігін ажыратып алу ретінде түсіну
1.1.2.5** ондықтан аттамай бір таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдерін қолдану
|
3.3 Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты
|
1.3.3.1 сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасу қалпын анықтау
|
4.3 Тізбектер
|
1.4.3.1** 10-ға дейінгі сандар тізбегін құрастыру
|
5.2 Математикалық тіл
|
1.5.2.1 цифр мен санды бір-бірінен ажырату, бір таңбалы сандарды әртүрлі тәсілдермен (нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және т.б) және сан сәулесінде көрнекі кескіндеу
1.5.1.2** сандарды салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдалану
1.5.2.3 сандардың қосындысы мен айырмасын, сандарды салыстыру (артық/кем), көршілес сандарды, сандық аралықтарды, сандар қатарын көрсету үшін сан сәулесін пайдалану
1.5.2.2** «+», «-», «=»,«>», «<»таңбаларын, цифрларды қолдану
1.5.2.4 қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда пайдалану
|
1В бөлім - Геометриялық фигуралар
|
4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар
|
1.4.1.2 жиындарды элементерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құру және жіктеу
|
3.1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі
|
1.3.1.1 геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір бірінен ажырату және атау
1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру
|
|
3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу
|
1.3.2.3 жазық фигуралардың моделдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру
|
1С бөлім - Шамалар мен өлшемдер
|
5.1 Есептер және математикалық модель
|
1.5.1.2** заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдалану
|
1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері
|
1.1.3.1** ұзындық/ масса/ көлем (сыйымдылық) шамаларын ажырату; оларды өлшеу үшін құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу;
1.1.3.2** өлшем бірліктерді (см/ кг/л ) қолданып өлшеу 1.1.3.3** шамалар мәндерін: ұзындық (см / масса (кг)/ көлем (сыйымдылық) (л) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау
|
ІІ тоқсан
|
«Менің отбасым және достарым»,
«Бізді қоршаған әлем» тақырыптары аясында*
|
2А бөлім – 20 көлеміндегі сандарды қосу және азайту
|
1.2 Сандармен амалдарды орындау
|
1.1.2.4 бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу және қолдану
1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 және 1-дің қасиетін қолдану
|
1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
|
1.1.1.1 натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсіну; 10/11-20 көлемінде тура және кері санау; натурал сандар қатарындағы орнын анықтау
1.1.1.2** 11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқу, жазу және салыстыру
1.1.1.3** 20 көлемінде сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу
1.1.1.4 cанның жаңа бірлігі - ондық туралы түсінігі болу, 100-ге дейін ондықтармен санау, жазу, салыстыру
|
4.3 Тізбектер
|
1.4.3.1** 20- ға дейінгі сандар тізбегін/ ондықтармен 100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастыру; 100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтау
|
1.2 Сандармен амалдарды орындау
|
1.1.2.5** ондықтан аттамай 20 көлеміндегі сандарды/ ондықтарды ауызша қосу және азайтуды орындау
1.1.2.1 қосу амалын ортақ элементтері жоқ жиындардың бірігуі, азайтуды жиынның бөлігін ажыратып алу ретінде түсіну;
|
2.1 Санды және әріпті өрнектер
|
1.2.1.1** санды өрнектерді (қосынды, айырма ) құрастыру, жазу, оқу және ажырату
|
5.2 Математикалық тіл
|
1.5.2.2** «+», «-», «=» таңбасын қолдану
1.5.2.4 қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану
|
2В бөлім - Сандар және заңдылықтар
|
1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
|
1.1.1.5 20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санау; тәжірибе арқылы 2, 4, 6, 8, 10 заттың жартысын табу
|
4.3 Тізбектер
|
1.4.3.1** 20- ға дейінгі сандар тізбегін/ ондықтармен 100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастыру; 100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтау
1.4.3.2 іс-әрекет және табиғат күйінің тізбектілігін анықтау, сандар, фигуралар, ойыншықтар, түрлі-түсті моншақтар т.б. тізбектерін құру және тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу
|
4.2 Пікірлер
|
1.4.2.2** бірдей цифрлар мен фигуралардан тұратын басқатырғыш есептер, ребустар шешу
|
2С бөлім – Шамалар өлшемдері
|
3.1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі
|
1.3.1.3 геометриялық фигуралардың (үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) қабырғаларын өлшеу және салыстыру
|
1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері
|
1.1.3.1 ұзындық/ масса/ көлем (сыйымдылық) /уақыт шамаларын ажырату; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу
1.1.3.2** өлшем бірліктерді (см, дм/ кг/л) қолданып өлшеу
1.1.3.3** шамалар мәндерін: ұзындық (см, дм)/ масса (кг)/ көлем (сыйымдылық) (л) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау
1.1.3.4 ұзындық өлшем бірліктерін (см, дм) олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру
|
ІІІ тоқсан
|
|
|
«Саяхат», «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
тақырыптары аясында*
|
3А бөлім – Сандармен амалдар орындау
|
1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
|
1.1.1.2** бір таңбалы сандарды/ 11-ден 20-ға дейінгі сандарды салыстыру
|
5.2 Математикалық тіл
|
1.5.2.2 ** «+», «-», «=», «≠», «>», «<» таңбаларын қолдану
|
1.2 Сандармен амалдарды орындау
|
1.2.1.6 екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектере арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу
1.1.2.2 қосу және азайту - өзара кері амалдар екенін түсіну, қосу және азайту амалдары компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты анықтау
1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 және 1-дің қасиетін қолдану
|
3В бөлім – Шамалар.Уақытты бағдарлау
|
1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері
|
1.1.3.5 циферблат бойынша уақытты анықтау: сағат /уақытты бағдарлау: минут, сағат, күн, апта, ай
1.1.3.1* уақыт шамаларын ажырату; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу
1.1.3.2* өлшем бірліктерді (сағ) қолданып өлшеу
|
3С бөлім –
Теңдік және теңсіздік. Теңдеу
Қосу кестесін қолдану. Есептер
|
2.2 Теңдік және теңсіздік. Теңдеу
|
1.2.2.1 теңдік және теңсіздікті, теңдеуді, тура және тура емес теңдік пен теңсіздікті айыра білу
1.2.2.2 таңдау әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешу
|
2.1 Санды және әріпті өрнектер
|
1.2.1.1 санды және әріпті өрнектерді (қосынды, айырма)/ теңдік, теңсіздіктерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу 1.2.1.2 әріптің берілген мәніндегі бір амалды әріпті өрнектің мәнін табу
1.2.1.3 қосу мен азайту арасындағы байланыстар негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектер түрінде көрсету және қолдану:
а +b = c, c -a= b, c -b =a
1.2.1.4 санға 0-ді қосу және азайту жағдайларын әріпті өрнек түрінде көрсету: a+0=a; a-0=a
1.2.1.5 жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру
|
5.2 Математикалық тіл
|
1.5.2.2 «+», «-», «=», «≠», «>», «<» таңбаларын/ цифрларды, () белгісіз сан символын пайдалану
|
5.1 Есептер және математикалық модель
|
1.5.1.1 есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу; есепті шешу үшін тірек сұлбаны таңдау
1.5.1.3** қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есеп құрастыру және шығару
1.5.1.4 санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептер құрастыру және шығару
1.5.1.5 қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептер құрастыру және шығару
|
ІҮ тоқсан
|
|
|
«Тағам және сусын»,
«Дені саудың – жаны сау» тақырыптары аясында*
|
4А бөлім - Күнделікті өмірдегі есептеулер
|
1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері
|
1.1.3.6 1 тг, 2 тг, 5 тг,10 тг, 20 теңгелік монеталармен түрліше төлем жасау
|
5.1 Есептер және математикалық модель
|
1.5.1.2 сандарды, заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды/ заттардың орналасуын, бағыттарын және ара қашықтықтарын анықтайтын терминдерді пайдалану
1.5.1.4 санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептер құрастыру және шығару
1.5.1.3 қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есеп құрастыру және шығару 1.5.1.6 қосу мен азайтуға берілген есептерге қатысты таңдаған амалдарын негіздеу, шығару әдісін түсіндіру
|
4В бөлім – Жиындар. Логика элементтері
|
5.2 Математикалық тіл
|
1.5.2.5 деректерді жинақтау, жүйелеу және толықтыру/ қолда бар құралдарды пайдаланып, кесте, диаграмма (пиктограмма, гистограмма) құрастыру
|
4.2 Пікірлер
|
1.4.2.1 тұжырымдардың ақиқаттығын немесе ақиқат еместігін анықтау
1.4.2.2** сәйкестік пен ақиқаттықты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шығару
|
4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар
|
1.4.1.2 жиындарды элементерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құру және жіктеу
1.4.1.3 жұп құру арқылы нысандар жиындарын салыстыру; тең жиындарды, бос жиындарды анықтауу
1.4.1.1 екі жиынның бірігуін және жиыннан оның бөлігін айырып алуды көрнекі түрде кескіндеу
|
4.4 Заттардың комбинациялары
|
1.4.4.1 қоршаған ортадағы заттардан «екі - екіден» комбинациялар жиынын құрастыру
|
1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері
|
1.1.3.1 ұзындық/ масса/ көлем (сыйымдылық)/уақыт шамаларын ажырату; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу
1.1.3.3 шамалар мәндерін: ұзындық (см, дм)/ масса (кг)/ көлем (сыйымдылық) (л)/ уақыт (сағ) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау
|
4С бөлім - Нысандардың орналасуы және бағыты
|
3.1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі
|
1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру
|
3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу
|
1.3.2.1 түзу, тұйықталған және тұйықталмаған және қисық, сынық сызықты жазықтықта/ қарапайым жазық геометриялық фигураларды (үшбұрыш, төртбұрыш) нүктелі қағазда кескіндеу
1.3.2.2 берілген ұзындығы бойынша кесінді сызу
1.3.2.3 жазық фигуралардың моделдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру
1.3.2.4 геометриялық фигуралар арасындағы негізгі қатынастарды анықтау (үлкен-кіші, жоғары-төмен, кең-тар, жуан-жіңішке, қалың-жұқа)
|
5.1 Есептер және математикалық модель
|
1.5.1.2** заттардың орналасуын, арақашықтығын, бағытын анықтайтын терминдерді қолдану
|