Бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) Бастауыш мектеп



бет4/11
Дата25.09.2019
өлшемі0,7 Mb.
#48859
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Oқу бағдарламасы Математика Бастауыш мектеп 310316

4.2. «Математика» пәнінің мазмұны

Пәннің мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады. Бұл бөлімдер сыныптарға арналған оқыту мақсаттары бойынша білім, білікті және дағдыларды қалыптастыруға арналған бөлімшелерден тұрады. Бөлімшелердің ішіндегі оқу мақсаттары мұғалімге өз жұмысын жоспарлауға, оқушылардың жетістіктерін бағалауға, сонымен қатар оқушыларды келесі оқыту мақсаттарымен таныстыруға мүмкіндік береді.






  1. Бөлім

  1. Бөлімше

  1. 1

  1. Сандар және өлшемдер

  1. 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер

  1. 1.2 Сандармен амалдар орындау

  1. 1.3 Шамалар және өлшем бірліктер

  1. 2

  1. Алгебра элементтері

  1. 2.1 Санды және әріпті өрнектер

  1. 2.2 Теңдік және теңсіздік. Теңдеу

  1. 3

  1. Геометрия элементтері

  1. 3.1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі

  1. 3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу

  1. 3.3 Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты

4

Жиын. Логика элементтері

  1. 4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар

  1. 4.2 Пікірлер

  1. 4.3 Тізбектер

  1. 4.4 Заттардың комбинациялары

  1. 5

  1. Математикалық модельдеу

  1. 5.1 Есептер және математикалық модель

  1. 5.2 Математикалық тіл

Бағдарламада оқу мақсаттарын қолдануға, мониторинг өткізуге тиімді болу үшін, төрт саннан тұратын кодтық белгі енгізілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші сан бөлімді үшінші сан бөлімшенің ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмерін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4. кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.


    1. . Оқу мақсаттарының жүйесі



1-бөлім: «Сандар және өлшемдер»


Бөлімше

Оқу мақсаттары

1-сынып

2-сынып


3-сынып

4-сынып




Оқушы келесілерді меңгеруі тиіс:

1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер

1.1.1.1 натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсіну; 10/11-20 көлемінде тура және кері санау; натурал сандар қатарындағы орнын анықтау

2.1.1.1 100-ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну; 100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау

3.1.1.1 1000-ға дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну; 1000 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау

4.1.1.1 көп таңбалы сандардың құрылу жолын түсіну, натурал сандар қатарындағы 1 000 000 көлеміндегі санның орнын анықтау

1.1.1.2 бір таңбалы сандарды/ 11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқу,

жазу және салыстыру



2.1.1.2 екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру

3.1.1.2 үш таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру

4.1.1.2 көп таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру, сандарды берілген разрядқа дейін дөңгелектеу

1.1.1.3 бір таңбалы сандардың құрамын /20 көлемінде сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу

2.1.1.3 екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу; 12-ге дейінгі рим сандарын оқу, жазу және қолдану

3.1.1.3 үш таңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштар сомасына жіктеу

4.1.1.3 көп таңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштар сомасына жіктеу

1.1.1.4 санаудың ірі бірлігі - ондықты құрастыру; 100-ге дейін ондықтармен санау, жазу және салыстыру

2.1.1.4 санаудың ірі бірлігі – жүздікті құрастыру; 1000-ға дейін жүздіктермен санау, жазу, салыстыру

3.1.1.4 санаудың ірі бірлігі – – мыңдықты құрастыру; 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру

4.1.1. 4 санаудың ірі бірлігі – миллионды құрастыру; миллиард көлемінде санау, жазу, салыстыру

1.1.1.5 20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санау; тәжірибе арқылы 2, 4, 6, 8, 10 заттың жартысын табу

2.1.1.5 50-ге дейін 3, 4, 5-тен топтап тура және кері санау; жұп/тақ сандарды ажырату; заттар тобын 6, 7, 8, 9-дан тең бөліктерге бөлуді көрсету

3.1.1.5 үлесті құру жолын көрсетіп беру, оларды оқу, жазу және салыстыру

4.1.1.5 пайыз бүтіннің жүзден бір үлесі екенін түсіну; бүтіннің бөліктерін пайызбен жазу







3.1.1.6 жай бөлшектерді оқу, жазу; бөлімдері бірдей жай бөлшектерді көрнекілік қолдану арқылы салыстыру

4.1.1.6 бөлімдері бірдей және алымдары бірдей жай бөлшектерді; сан сәулесінде салыстыру, дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды ажырату









4.1.1.7 бөлімі 10, 100 болатын жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазу, оқу және салыстыру

1.2 Сандармен амалдар орындау

1.1.2.1 қосу амалын ортақ элементтері жоқ жиындардың бірігуі, азайтуды - жиынның бөлігін ажыратып алу ретінде түсіну

2.1.2.1 көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысын табу, бөлуді - заттарды мазмұнына қарай және тең бөліктерге бөлу ретінде түсіну

3.1.2.1 бөлшекті - бүтіннің бір не бірнеше бөлігі және екі натурал санның бөліндісі ретінде түсіну, санның квадратын - бірдей екі көбейткіштің, ал кубын - бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде түсіну

4.1.2.1 бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайтуды бөлімді сол қалпында қалдырып, сәйкес тиісті алымдарды қосу және азайту деп түсіну

1.1.2.2 қосу және азайту - өзара кері амалдар екенін түсіну, қосу және азайту амалдары компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты анықтау

2.1.2.+2 көбейту және бөлу - өзара кері амалдар екенін түсіну, көбейту және бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау

3.1.2.2 көбейту және бөлуді орындауда 0 мен1 сандарының қасиеттерін қолдану; санды 0 санына бөлуге болмайтынын білу

4.1.2.2 көп таңбалы сандармен арифметикалық амалдарды орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолдану

1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 мен 1 сандарының қасиетін қолдану


2.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін/көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану

3.1.2.3 көбейтудің ауыстырымдылық, үлестірімділік, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану

4.1.2.3 көп таңбалы сандармен есептеулер жүргізгенде қосу және көбейтудің қасиеттерін қолдану


1.1.2.4 бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу және қолдану

2.1.2.4 бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін құру, білу және қолдану/

2; 3; 4; 5 сандарына көбейту кестесін құру, білу және қолдану



3.1.2.4 6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану

4.1.2.4 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерге сүйеніп, натурал сандарды топтастыру



1.1.2.5 ондықтан аттамай бір таңбалы сандарды/ 20 көлеміндегі сандарды/ ондықтарды ауызша қосу және азайтуды орындау

2.1.2.5 бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу және азайту тәсілін қолданып 100 көлеміндегі сандарды/жүздіктерді ауызша қосу және азайтуды орындау

3.1.2.5 үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау


4.1.2.5 көп таңбалы сандарды ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау; микрокалькулятордың көмегімен есептеулер жүргізу




2.1.2.6 екі таңбалы сандарды: 40+17, 57-40; 35±12 түріндегі өрнектерді ондықтан аттамау жағдайында ауызша қосу және азайтуды орындау

3.1.2.6 бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау

4.1.2.6 10, 100, 1000 сандарына қалдықсыз және қалдықпен бөлу




2.1.2.7 мынадай жағдайларда: 45±9,45±19; 26+14, 40-14, 65+35, 100-35 ондықтан аттап, ауызша қосу мен азайтуды орындау

3.1.2.7 кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5 96:6 75:15 84:4 ауызша көбейту мен бөлуді орындау

4.1.2.7 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға ауызша көбейту мен бөлуді орындау




2.1.2.8 мынадай жағдайларда: 34+ 23, 57-23; 27+34, 61-27, 47+33; 80-47 екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолдану

3.1.2.8 үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану

4.1.2.8 көп таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану







3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану

4.1.2.9 санды қосындыға көбейту, санды көбейтіндіге көбейту және бөлу ережелерін қолдану








3.1.2.10 мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану

4.1.2.10 көп таңбалы сандарды бір таңбалы/екі таңбалы /үш таңбалы сандарға қалдықпен бөлуді орындау







3.1.2.11 мынадай жағдайларда: 28∙3, 269∙2, 84:3, 538:2 екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану

4.1.2.11 екі таңбалы/үш таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмдерін қолдану








3.1.2.12 нөлдермен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілін қолдану

4.1.2.12 нөлмен аяқталатын көп таңбалы сандарды бір таңбалы/екі таңбалы/үш таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қолдану







3.1.2.13 бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану


4.1.2.13 бөлінді мәнінде нөлдер болатын жағдайда көп таңбалы санды бір таңбалы/екі таңбалы/үш таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану







3.1.2.14 санның/шаманың үлесін табу және үлесі бойынша санды/шаманы табу: 100 көлеміндегі сандар мен жүздіктердің жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу

4.1.2.14 аралас санды бұрыс бөлшекке және бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру












4.1.2.15 бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін қолдану








4.1.2.16 пайызды бөлшекке, бөлшекті пайызға түрлендіру

1.3 Шамалар және өлшем бірліктер

1.1.3.1 ұзындық/ масса/ көлем (сыйымдылық) /уақыт шамаларын ажырату; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу

2.1.3.1 әртүрлі өлшеу аспаптары шәкілдерін бір бірінен ажырату және шамалардың сәйкес мәндерін анықтау

3.1.3.1 заттың беткі ауданын өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу

4.1.3.1 кеңістіктік геометриялық фигураларды атау, көлемді өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдау, кубиктермен (1 см3) өлшеу

1.1.3.2 өлшем бірліктерді (см, дм/ кг/л/сағ) қолданып өлшеу

2.1.3.2 ұзындық (м)/ масса (ц)/ уақыт (мин) өлшем бірліктерін қолданып өлшеу

3.1.3.2 мм, км/ гр, т/см2, дм2, м2 /сек өлшем бірліктерін қолданып өлшеу

4.1.3.2 см3, дм3, м3, га, ар, мг өлшем бірліктерін қолданып өлшеу

1.1.3.3 шамалар мәндерін: ұзындық (см, дм)/ масса (кг)/ көлем (сыйымдылық) (л)/ уақыт (сағ) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау


2.1.3.3 шамалар мәндерін: ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц)/ көлем (сыйымдылық) (л)/ уақыт (сағ, мин, ай, жыл) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау



3.1.3.3 шамалар мәндерін: ұзындық (мм,см, дм, м)/ масса (г, кг, ц, т)/ көлем (сыйымдылық) (л)/ аудан ( см2, дм2, м2, га)/ уақыт (сек, мин, сағ, тәул, жыл, ғасыр) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау

4.1.3.3 шамалар мәндерін: ұзындық (мм, см, дм, м, км)/ масса (мг, г, кг, ц, т)/ аудан (см2, дм2, м2 , га, ар) / көлем (мл, л, см3, дм3, м3) өлшем бірліктерін салыстыру

1.1.3.4 ұзындық өлшем бірліктерін (см, дм) олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру

2.1.3.4 ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц)/ уақыт (сағ, мин, ай, жыл) өлшем бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру

3.1.3.4 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (г, кг, ц, т)/ аудан (см2, дм2, м2, ) / уақыт (сек,мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру

4.1.3.4 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (мг, г, кг, ц, т)/ аудан (мм2, см2, дм2, м2, г, а)/ көлем (мм3 , см3, дм3, м3 )/ уақыт (с, мин, сағ, тәул.) өлшем бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру

1.1.3.5 циферблат бойынша уақытты анықтау: сағат /уақытты бағдарлау: минут, сағат, күн, апта, ай

2.1.3.5 циферблат бойынша уақытты анықтау: сағат және минут

3.1.3.5 әртүрлі сағат бойынша уақытты анықтау: сағат, минут, секундты

4.1.3.5 уақыт өлшем бірлігінің үлесін табу (мысалы, 1/60 сағ ═ 1 мин; ½ сағ ═ 30 мин;

1/7 апта= 1 күн және т.б.)



1.1.3.6 1 тг, 2 тг, 5 тг,10 тг, 20 теңгелік монеталармен түрліше төлем жасау

2.1.3.6 50 тг, 100 теңгелік монеталарды, 200 тг, 500 тг купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау

3.1.3.6 1000 тг, 2000 тг, 5000 тг купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау

4.1.3.6 10 000 тг купюраны және түрлі мемлекеттің валюталарын (рубль, евро, доллар) ажырату және түрліше төлем жасау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет