2.2.1.7. Бәсекелестікті дамыту
Шығыс Қазақстан облысы экономикасының басым салаларында бәсекелестікті дамыту тұрақты түрде, соның ішінде тауар нарықтарында жаңа қатысушылардың пайда болуы үшін қажетті жағдайларды жасау жолымен жүзеге асырылатын болады.
Көмір сату нарығы
Өңірде 3 айтарлықтай көмір разрезлері бар – Қаражыра, Майқұба және Кендерлі. Алынып жатқан қатты отып тек қана өңірдің ішкі қажеттілігін толытырып қоймай республиканың басқа облыстарына отын тасымалын жүзеге асырады және оның аумағынана тыс жерлерге экспортталады.
Көмір нарығында негізгі проблема болып көмірдің жекелей нарығында соңғы тұтынушылар үшін жылыту кезеңінде бағаның маусымдық жоғарлауы болып табылады. Көмір бағасының өсуіне әсер ететін факторлардың бірі болып қосымша құрылымдардың үлкен көлемі болып табылады. Сонымен бірге өнімділігі жоғары емес қосымша құрылымдардың қызметі заңмен шектелмеген.
Мысалы, «Қаражыра ЛТД» ЖШС жыл сайын қосымша құрылымдар арқылы көмір сатуды жүзеге асырады, соның ішінде ашық конкурстар өткізу жолымен, ол соңғы тұтынушыларға, соның ішінде табиғи монополиялар субъектілеріне көмірге бағаның негізсіз өсуіне әкеліп соқтырады.
Электр энергиясының көптеп сату және бөлшек сату нарығы (энергиямен қамту)
Жеке тауар нарығында 20 нарық субъектісі бар, сонымен бірге AES Компаниялар тобына кіретін «Шығысэнерготрейд» ЖШС басым бағыты бар, ол 2007 жылғы 1 сәуірден бастап өзінің бастамасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының тұтынушылары үшін электр энергиясын тасымалдаушы міндетін өзінен алып тастады.
Қазіргі уақытта облыста кепілдендірілген электр энергиясын тасымалдаушы жоқ, және электрмен қамтуға келісім-шарт жасаудан ауытқулар, электр энергиясын тасымалдаудан бас тарту және электр энергиясын тасуда шектеуліктер бар.
Осыған байланысты:
1) тұтынушыларды электрмен қамтамасыз ету бойынша, жиынтық қаражат сомасын төмендету бөлігінде нарық субъектілері үшін қойылатын біліктілік талаптарына өзгерістер енгізу;
2) электр шығаратын ұйымдармен тұтынушыларды электрмен қамтамасыз ету мақсатында электр энергиясын сатып алуға лицензия беруге тиым салу;
3) кепілдендірілген тасымалдаушы статусы үшін бірінші кезеңде бәсекелестікті дамытуға жағдай жасау мақсатында кепілдендірілген тасымалдаушы статусын беру бойынша электрмен қамтамасыз ететін ұйымдарға конкурс өткізу ережесін әзірлеу;
4) «Шығысэнерготрейд» ЖШС жағынан болжанбаған өзгерісті ескере отырып кепілдендірілген тасымалдаушы – ЭСО құру мүмкіндігін қарастыру;
Азық-түлік тауарларын бөлшек сату нарығы
Аталған нарық сатушының пайда және айналымын көбейту мақсатында сауда объектілерін сатып алушыға жакынырақ орналастыруымен сипатталады. Жаңа сауда кешендерін (зоналарын) құруға қаражат инвестициялайтын немесе аудан аумағында орналасқан сауда нысандарын меншікке сатып алатын субъектілер қаланың белгілі бір аумағында «бекітіледі».
Нарыққа кіру үшін негізгі тосқауыл күрделі шығындар және бастапқы инвестицияның көлемдері болады, азық-түлік тауарлардың әлеуетті жеткізушілерін талданатын нарыққа кіргізуге қажет болған сауда объектілер құрылысымен байланысты.
Азық-түлік тауарларын іске асыру нарығында бәсеке жеткілікті дамыған. Осыған байланысты, тауар нарығы жоғары шоғырландырылған болады. Осы тауар нарығында бағалардың мемлекеттік реттеуі жоқ, нарықтың субъектілері үшін нарықты тартымды етеді.
Облыстың ішкі нарығын жеміс - көкөніс өнімімен толықтыру және көтерме делдалдардың сауда орындарын жаппай сатып алуына жол бермеу мақсатында жергілікті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге сауда-саттық аумағында тегін және жеңілдетілген сауда орындары беріледі, жылжымалы сауда және жол бойындағы сауда ұйымдастырылады, ауыл шаруашылық өнімінің тұрақты жәрмеңкелері болады. Облыстық орталықта, облыстың қалаларында және аудандарында осы жылдың басынан бастап 756 жәрмеңке өткізілді, онда жергілікті ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің өнімдері нарықтық бағадан төмен бағаға іске асырылды. 2528 млн. теңгеге өнім іске асырылды.
Әлеуметтік - маңызды азық-түлік тауарларын іске асыру бойынша 10% аспайтын сауда үстемеақысымен 54 әлеуметтік дүкен және 912 әлеуметтік бөлімдер (бұрыштар) ашылды.
Жалпы, шағын кәсіпкерліктің субъектілерін бәсекеге жарамдылығын көтеру үшін келесі сұрақтар проблемалы болып қалады:
Бүгінгі күні шағын кәсіпкерлік саласында келесі мәселелер проблемалық болып табылады:
1) оның даму деңгейіне, қызмет түрі және қалпына келу уақытына байланысты салық салу кезінде дифференциалдық көзқарастың жоқтығы;
2) кепілдік қамтамасыз етудің жоқтығы кезінде нақты секторда бизнесті ашу мүмкіндігінің жоқтығы, яғни жаңа іс ашқысы келетін азаматтарда бизнесті ұйымдастыру мүмкіндігінің жоқтығы;
3) формальдік шығындарды талап ететін формальдік, бизнестің жоғары операциялық шығындары;
4) бизнес қызметінің жоспарлық және жоспардан тыс тексерулерінің үлкен көлемі;
5) несиелер бойынша екінші деңгейлі банктердегі жоғары сыйақы мөлшерлемесі және оларды қайтару механизмінің жетімсіздігі;
6) сауда қызметін реттеу саласында әлсіз заңнамалық қамтамасыз ету;
7) қосымша құрылымдардың үлкен көлемі.
2013 жылдың қаңтар – ақпан айларында облыста рұқсат беру құжаттарын оңтайландыру және автоматтандыру бойынша пилотты жоба іске асырылған.
Барлығы түгендеу шеңберінде 246, соның ішінде кәсіпкерлерге қатысты 194 рұқсат беру процедуралары қарастырылған.
Рұқсат ету жүйесін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша облыстық жұмыс тобымен әзірленген ұсыныстар Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына жіберілген.
Ұсыныстардың көпшілігі (152) «Рұқсат етулер және хабарламалар туралы» ҚР Заңының жобасын әзірлегенде есепке алынды .
Өңірде бәсекелестікті дамытудың негізгі шаралар ретінде мыналар анықталды:
Жаңа кәсіпкерлерді тарту мақсатында өңірлік нарықтар, тауарлар және қызметтерге қажеттілік туралы ақпарат жинауды, талдауды және жариялауды ұйымдастыру;
Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының ақпараттық айқындығы қызметін көтеру бөлігінде жұмысты жалғастыру;
әкімшілік тосқауылдарды жою және бәсекелестік нарықты дамыту бойынша бұдан арғы жұмыс;
әлеуметті - маңызды тауарларға бағалардың тұрақты мониторингін және сауда үстемеақысын қамтамасыз ету;
тартылған несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді қаражаттандыру;
бағаларды тұрақтандыру бойынша облыстық және аудандық штабтар жұмысының жалғасуы.
Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдардың қызметі Бүкіләлемдік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілігінің бас индексі «жергілікті бәсекелестіктің жиілігі» көрсеткіші бойынша Қазақстанның ұстанымын жақсартуға жағдай жасайтын іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге бағытталады.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтары:
1) ауылшаруашылығы тауар өндірушілерін қалалар мен аудандардың сауда орталықтарында сауда орындарымен қамтамасыз ету;
2) ауылшаруашылығы тауарларын тұрғындарға, соның ішінде облыстың қалалары мен аудандарында базарлар және «демалыс күні» жәрмеңкесі арқылы тікелей сату тәжірибесі;
3) меморандумдар жасау, соның ішінде бөлшек сауда нысандарымен тауарларды сату кезінде ең төменгі сауда үстеме бағаларын қолдану туралы меморандумдар жасау (10% аспайтын).
Әлсіз жақтары:
электр энергиясын кепілдендіруші жеткізушінің жоқтығы;
электр энергиясын есепсіз тұтынудың (ұрлау) жоғары деңгейі;
энергетика саласындағы алдыңғы қатарлы ғылымды қажет ететін энергия жинақтаушы технологияларды енгізу жүйесінің жоқтығы;
отын-энергетикалық теңгерімде дәстүрлі емес энергия көзінің үлесін арттыруға мүмкіндік беретін ынталандырушы шаралардың жоқтығы;
технологиялық қажеттіліктерге арналған энергия шығындарын төмендетуге және энергоресурстарды дайындау, өндіру, беру және тұтыну саласындағы шығыстарды төмендетуге бағытталған ынталандырушы шаралардың жоқтығы;
6) бағалардың айтарлықтай жоғарылауына әкелетін делдал құрылымдардың көптігі;
Мүмкіндіктер:
1) әкімшілік кедергілерді жою және бәсекелестік нарық құру бойынша одан арғы жұмыс;
2) «жергілікті бәсекелестіктің жиілігі» көрсеткіші бойынша Қазақстанның ұстанымын жақсартуға жағдай жасайтын іс-шараларды әзірлеу және өткізу.
Қауіптер:
Нарықта бағасы төменірек импорттық тауарлардың болуы.
2.2.1.8 Өңірді инновациялық дамыту
Инновациялық сала көрсеткіштерінің динамикасы
7 кесте
Көрсеткіштер
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
Кәсіпорынның инновациялық белсенділігінің деңгейі
|
8,1
|
6,2
|
5,6
|
Инновациялық өнім көлемі, млн. теңге
|
33592,5
|
33393,2
|
109378,9
|
Өнеркәсіпте технологиялық инновацияларға шығындар, млн. теңге
|
627,1
|
1400,2
|
28225,3
|
Облыс кәсіпорындарының инновациялық белсенділігі 2013 жылы 5,6 % құрады, бұл 2012 жылдың деңгейінен 0,6 пайыздық тармаққа жоғары, алайда орта республикалық маңыздан жоғары (8,0 %). Кәсіпорындар инновациялық қызметінің негізгі бөлігі жаңа технологиялар, жабдықтар мен материалдар енгізуге бағытталды.
Инновациялық өнім көлемдерінің өсуі байқалады. 2013 жылдың қорытындысы бойынша инновациялық өнім өндірісі 2011 жылмен салыстырғанда 3,2 есе ұлғайды. Инновациялық өнімнің респубилкалық көлемдегі үлес салмағы 2013 жылы 18,9 % құрады.
Облыста сәйкес инновациялық инфрақұрылым бар. Өңірлік және салалық технопарктер жұмыс істейді, университет жандарында ғылыми-зерттеу зертханаларының және орталықтарының желілері құрылды, ол жерде әркім жұмыс істеп және әзірлемелерін және жаңа құбылыстарын аяқтай алады. Конструкторлық бюро құрылған және сервистік орталық жұмыс істейді.
Индустриялды-инновациялық қызметтің белсенді жұмыс істейтін элементтерінің бірі тау-металлургиялық құралының Конструкторлық бюросы болып табылады. Конструкторлық бюро Қазақстанда бұрын соңғы шығарылмаған немесе ішкі нарықта ғана емес шетелдердеде үлкен сұранысқа ие құралдары үшін құжаттаманы әзірлеумен айналысады. Конструкторлық бюро 45 конструкторлық-технологиялық құжаттама түрін әзірледі, бұйымдардың 36 тәжірибелік түрі дайындалды.
Негізгі проблемаларды талдау.
Жалпы алғанда, облыстың инвестициялық портфеліне кірген жобалар бойынша дайындық дәрежесі өте жоғары.
Даму институттарының ұсынылған жобаларға қызығушылығының болмауы, қатаң талаптар қойылуы байқалады, нәтижесінде олардың көбі қарауға қабылданбайды, себебі жобалардың төмен құны мен кепілзаттың болмауы, төмен инновациялығы. Жобалар ұзақ уақыт институттарда қаралуда болады, бұдан кейін ұзақ уақыт кәсіпорындарда пысықталуда жатады.
Бұдан басқа, енгізілетін нысандарды инженерлік коммуникациямен қамтамасыз ету: электрмен қамту, су құбырын салу, теміржол жолдарын күрделі жөндеу мәселелері бар. Дайын ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу тәртібі жоқ.
Отандық зерттеулер мен әзірлемелердің көбі нақты нарықтық талаптарға және шарттарға әлсіз бағдарланған және импорттық ғылыми өнімдер мен қызметтермен бәсекелесе алмайды. Өндірісте дайын ғылыми әзірлемелер енгізу тәртібі жоқ.
Қазіргі уақытта ғылыми әзірлемелердің аздаған үлесі коммерциялық қолданысқа енгізілген. Қазақстандық жоба әзірлеушілер мен компаниялардың көбі тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен өндірістер игеруде арнайы қызметтердің болмау проблемасына кезігеді, бұл технологиялар енгізу үрдісін тежейді.
Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.
Сыртқы факторлар:
қаржыландырудың жеткіліксізді;
энергияресурстарының жеткіліксіздігі;
коммуналды қызметтерге жоғары тарифтер;
отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;
төмен пайыздық мөлшерлемесі бар ұзақ мерзімді кредиттердің қол жетімсіздігі.
Ішкі факторлар:
жоба бастамашыларының тікелей функцияларды мемлекеттік органдарға табыстау тенденциясы;
инновациялық жоба өніміне сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі, әлсіз топ-менеджмент.
Қазақстандық қамту мәселелерінде негізгі міндеттерді орындау үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде 2009 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуларда және жүйеқұраушы кәсіпорындарда қазақстандық үлесті арттыру бойынша салдарлы жұмыстар, ұлттық өндірушілермен байланысты нығайту және отандық өндірушілерді қолдау басталды.
2013 жылы жүйе құраушы кәспорындардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу көлемі 220,4 млрд. теңгені құрады, соның ішінде жергілікті қамту 52,8% немесе 116,4 млрд. теңге, 2012 жылғы деңгейге қарағанда 1,6 есе өсім (2012 жылы жергілікті қамту үлесі 36,2%). Осы орайда отандық қамту үлесі 58,6 млрд. теңгені немесе 36,6%, жұмыстар – 17,2 млрд. теңгені немесе 99,9%, қызметтер – 40,7 млрд. теңгені немесе 94,4% құрады.
Облыстың мемлекеттік мекемелері 2011 жылы 10,7 млрд. теңгеге тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алды, соның ішінде жергілікті қамту 9,2 млрд. теңгені немесе 85,93% құрады, 2012 жылы 8,6 млрд. теңгеге соның ішінде жергілікті қамту – 7,3 млрд. тенге немесе 84,6 %, 2013 жылы 13,35 млрд.теңге сомасына, оның ішінде жергілікті қамту – 11,3 млрд.теңге немесе 84,63%.
Кешенді жұмыс нәтижесінде таулы-металлургия кәсіпорындарының сатып алынатын шикізат көлемі азайды. 2013 жылдың қорытындысы бойынша сатып алынған полиметалл рудалары мен ильмент құм көлемі 60-тан 55% азайды, оның ішінде импорт 70-тен 56% азайды.
Өңір экономикасын дамыту үшін басты мәселелердің бірі ұлттық компаниялардың сатып алуларында жергілікті қамтуды дамыту арқылы отандық тауарөндірушілерді қолдау болып табылады.
Осы мақсатта 2009 жылдан бері «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұлттық компаниясының облыстың жергілікті тауарөндірушілермен бірлескен кездесулері өткізілуде.
2013 жылы отандық тауарөндірушілерді сатып алу үрдісіне тарту үшін «Қазақстан темір жолы» АҚ өкілдері және «Казмунайгаз» АҚ жұмыс тобы келіп кетті. Өңірдің 18 кәсіпорны бойынша 160 өнеркәсіп өнімі пысықталды.
2013 жылы жергілікті кәсіпорындар «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұлттық компаниясымен 90 млрд.теңгеден аса сомаға шарт жасады, бұл өткен жылдың деңгейінен 2 есе жоғары, жергілікті қамту үлесі 67% құрады.
Соңғы үш жылда ұлттық компанияға жеткізу көлемі 3,2 есе ұлғайды, соның ішінде «Казмұнайгаз» АҚ – 5 есе, «Кегок» АҚ - 3,6 есе, «КАЗАТОМПРОМ» АҚ - 3 есе, «Казахтелеком» АҚ - 2,6 есе, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ - 2,3 есе, «Самұрық - Энерго» АҚ - 45 есе.
Жалпы ұлттық компаниялар мен отандық кәсіпорындар арасында 31,9 млрд. теңгеге шарт жасалды, бұл ретте жергілікті қамту үлесі 93% құрады.
Отандық кәсіпорындарды қолдау мақсатында жергілікті тауарөндірушілердің 25 республикалық және өңірлік деңгейдегі көрмеге және 48 кәсіпорынды аралауына, соның ішінде кәсіпорындардың Германия, Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, Египет, Чехия, Франция, Венгрия, АҚШ бизнес орталарымен кездесулері ұйымдастырылды.
Өңірдің инновациялық даму жағдайын бағалау үшін SWOT-талдау өткізілді:
Күшті жақтары:
1) саяси тұрақтылық;
2) тиімді географиялық жағдай;
3) инновациялық компаниялар көмегімен тиімді игеріле алатын минералды-шикізат ресурстарының болуы;
4) тұрғындардың жоғары білім деңгейі;
5) ЖОО, ҒЗИ, ғылыми-техникалық кадрлардың болуы.
Әлсіз жақтары:
1) төмен өнімділік;
2) ғылым және өнеркәсіп арасындағы әлсіз байланыс;
3) отандық өнімнің төмен сапасы;
4) бизнестің инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;
5) кәсіпорынның техникалық артта қалуы;
6) инновациялық мәдениеттің болмауы;
7) өнеркәсіп өнімінің төмен бәсекеге қабілеттілігі.
Мүмкіндіктері:
1) өнеркәсіп және ғылым арасындағы өзара қарым-қатынастың жақсаруы;
2) жоғарытехнологиялық салаларды құру және дамыту;
3) инновациялық инфрақұрылымның элементтерін пайдалану;
4) инвестиция тарту мәселелерінде өзара қарым-қатынасты кеңейту.
Қауіптер:
1) ғылым мен өнеркәсіп арасындағы бөліністің күшеюі;
2) дамыған елдерден технологиялық артта қалуды сақтау және ұлғайту;
3) интеллектуалдық ресурстардың кетуі;
4) минералды шикізаттың және металлургиялық кешеннің басымдылығы.
2.2.1.9 Негізгі капиталға инвестициялар
Негізгі капиталға инвестиция серпінді сипатта, облыс бойынша 2013 жылы 2,1 есе өсті немесе 2010 жылғы деңгейден 156,4млрд.теңге артық және 301,1 млрд.теңге құрады.
ШҚО бойынша 2008-2013 жылдардағы негізгі капиталға
инвестициялар көлемі, млрд. теңге
16 сурет.
Қаржыландыру көздері бойынша инвестиция көлемінің 2013 жылғы үлес салмағы: кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражат есебінен – 193,9 млрд. теңге (64,4%), республикалық бюджет қаражат есебінен – 53,2 млрд. теңге (17,7%), қарызға алынатын қаражат есебінен – 29,0 млрд. тенге (9,6%), жергілікті бюджет қаражат есебінен – 16,0 млрд. тенге (5,3%), шетел инвестициялар қаражат есебінен – 9,0 млрд. тенге (3,0%) құрады.
Өнеркәсіп инвестициялық салымдар үшін ең тартымды сала болып қала береді, оның үлесі инвестиция жалпы көлемінің 54,2%-ын құрады.
Өңдеу өнеркәсібіне 50317,4 млн. теңге (16,7%), кен өндіру өнеркәсібіне – 67181,7 млн. теңге (22,3%), көлік және қоймалау – 34988 млн. теңге (11,6%), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 13 505,7 млн. теңге (4,5%), ауыл, орман және балық шаруашылығы - 14 285,0 млн. теңге (4,7%), электрмен қамту, газ, бу және ауа баптау - 31 994,8 млн. теңге (10,6%), сумен қамту; канализациялық жүйе, қалдықтарды жинау мен таратуға бақылау 13 754,3 млн. теңге (4,6%), көптеп және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдер жөндеу 11 809,5 млн. теңге (3,9%), жылжымайтын мүлікпен операциялар 23 856,2 млн. теңге (7,9%) инвестицияланды.
8 кесте
Қолдану бағыттары бойынша негізгі капиталға инвестициялар
көлемінің динамикасы
Жылдар
|
2012
|
2013
|
2012 жылға қарағанда 2013 ж., %
|
Облыс бойынша барлығы, млн.теңге
|
263 361,7
|
301 104,3
|
114,3
|
соның ішінде:
|
|
|
|
Ауыл, орман және балық шаруашылығы
|
9167,1
|
14 285,0
|
155,8
|
Өнеркәсіп
|
148029,7
|
163 248,3
|
110,3
|
Тау кен өндіру өнеркәсібі
|
59744,0
|
67 181,7
|
112,4
|
Өңдеу өнеркәсібі
|
60872,2
|
50 317,4
|
82,7
|
Электрмен қамту, газ, бу және ауа баптау
|
20 368,7
|
31 994,8
|
157,1
|
Сумен қамту; канализациялық жүйе, қалдықтарды жинау мен таратуға бақылау
|
7 044,8
|
13 754,3
|
195,2
|
Көптеп және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдер жөндеу
|
7 397,4
|
11 809,5
|
159,6
|
Көлік және қоймалау
|
23251,4
|
34 988,4
|
150,5
|
Жылжымайтын мүлікпен операциялар
|
21 607,3
|
23 856,2
|
110,4
|
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер көрсету
|
13 718,8
|
13 505,7
|
98,4
|
«Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС медициналық препараттар зауытын қайта жаңарту» жобасын іске асыру мерзімін ауыстыру және өндірілетін металдарға бағаның төмендеуіне байланысты ірі металлургиялық компаниялар жобаларына инвестициялар көлемдерінің төмендеуі 2013 жылы «Өндеуші өнеркәсіпке негізгі капиталға инвестициялар ТКИ» көрсеткішінің орындалмауына себеп болды.
Өндеуші өнеркәсіпке инвестициялар көлемінің ұлғаюы 2014 жылдың соңына дейін «Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС медициналық препараттар зауытын қайта жаңарту» жобасын пайдалануға енгізу есебінен жоспарланған.
Индустриялық аймақтар.
Облыстың экономикалық дамуын жеделдету және бизнесті жүргізу үшін жағдайды қамтамасыз етуге қолдау көрсету мақсатында индустриялық аймақтар құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2011 жылдың желтоқсанында Арматура зауыты ауданында Өскемен қ. Машиностроитель к. Бойында бизнесті дамытудың индустриялды аймағының құрылысы аяқталды. Аталған индустриялды аймақта келесі ғимараттарды және имараттарды орналастыру қарастырылған: көтерме су құбыры сорғыш станциясы; нөсер ағындарының тазалау имараттары; тазартылған ағын сулардың резервуарлары; жылу сорғыш станция; түсіру лаңдарымен теміржол тұйықтары; электрмен қамту, бөлу кіші станциялары; жеңіл автомобильдер парковкасы; алаң ішілік жолдардың және жүргінші жолдардың құрылымы.
Аталған индустриялды аймақта орналастыру үшін жобалардың жоспарланған тізімдемесі:
1) «Техстройновация» ЖШС - «Базальт жылытқыш шығаратын зауыт құрылысы»;
2) «Balum Kaz Service» ЖШС - «Таулы шахта машиналары мен жабдықтарын шығаратын зауыт (самосвалдар, бұрғылау қондырғылары, жүктеу)»;
3) «Өскемен қағаз фабрикасы» ЖШС - «Қағаз бұйымдары, шаруашылық-тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдар шығаратын зауыт»;
4) «Каир-Строй» ЖШС - «Құрылыс материалдарын шығаратын зауыт (гипсокортон)».
5) «НұрТөбе» ЖШС - «Үй құрылысы комбинаты»
Қаланы экономикалық дамыту және шағын кәсіпкерлік инфрақұрлымын кеңейту мақсатында «Өндіріс» бизнесін дамытудың индустриялды аймағы құрылды, ол Семей қ. Би Боранбай көшесінде орналасқан. Жер телімінің алаңы – 92 га.
Бүгінгі күні «Өндіріс» бизнесін дамытудың индустриялды аймағында келесі жұмыстар жүргізілуде:
1) «Игеру» ШҚ» ЖШС нысандары орналастырылды – қозғалмалы теміржол құрамы үшін тежегіш құдық өндірісі және тозған көлік шиналарын тапсыру технолгияларын пайдаланумен әр түрлі резина үгінділерінің фракциясына өңдеу және қайта өңдеу;
2) жеке кәсіпкер Куанов Р.А. жер телімдері бөлінді – зарарсыздандыру құралдарын шағыру бойынша зауыт құрылысы үшін 5 га көлемінде, жылыжай құрылысы үшін жеке кәсіпкер Демеубаева А.А. 7 көлемінде, «Теріні кешенді өңдеу өндірісін ұйымдастыру және жоғары өндіруші құрал сатып алу» жобасын іске асыру үшін «Семей Руно» ЖШС 10,7 га. көлемінде»;
3) батыс технологияларын пайдаланумен темір бетонды бұйымдар шығару бойынша зауыт құрылысы үшін «Фирма Азия» ЖШС 2 га көлемінде жер телімін бөлуге өтінім берілді.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтары:
экономикалық және саяси тұрақтылықпен сақталатын өңірдің қолайлы бизнес-климаты;
бай табиғи және минералды ресурстарына байланысты өңірдің жоғары инвестициялық тартымдылығы;
Шығыс Қазақстанның Ресей мен Қытайдың ірі тұтынушы нарықтарына ұтымды географиялық орналасуы;
мемлекеттік инвестициялық саясаттың басымдылығын түсіну.
Әлсіз жақтары:
мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізуде жүйеліліктің жоқтығы;
елде Заңдар мен келісім қатынастардың сақталуын қамтамасыз ететін заң шығарудың тұрақсыздығы және тетіктердің жоқтығы;
инвестицияларды тарту бойынша әлсіз бәсеке шарттары (кедендік және валюталық режим);
инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін инфрақұрылымның дамымауы (арнайы аймақ, қаржы, банктік, ақпараттық-сараптама, консалтингтік, көліктік және басқа.);
визалық режим.
Мүмкіндіктер:
инвестициялар тарту көлемі бойынша өңірлік көшбасшы позицияна шығу;
әлемдік капитал нарықтарында өңірдің оң инвестициялық имиджін құру;
инвестициялар тарту бойынша жүйелі және бірізді мелмекеттік саясат құру;
инвестициялар тарту бойынша тиімді мемлекеттік және жеке меншік инфрақұрылым құру;
Кеден одағы және басқа елдер нарықтарына шығу;
өндіруші сектордан қайта өндеуші секторға инвестицияларды қайта бөлу есебінен өңірдің тұрақты және қалыпты экономикалық өсімді қамтамасыз ету.
Қауіптер:
шикізат базасының азаюына байланысты өңірдің инвестициялық тартымдылығының жоғалуы ;
мемлекеттік саясаттың тиімсіздігі нәтижесінде индустриялық аймақтардың инвестициялық тартымдылығының жоғалуы;
экономика мен инвестицияның бағытталуының шикізаттық диспропорциясына байланысты жоғары тәуекелді экономиканың сақталуы;
негізгі капиталға инвестициялардың төмен көлеміне байланысты өнеркәсіптік-өндірістік әлеуеттің жоғалуы;
инвестициялар тартуға бағытталған қаражаттың тиімсіз қолданылуына байланысты жергілікті бюджеттің тікелей шығындары;
2.2.1.10 Қоршаған орта жағдайы
Өңір табиғи ресурстардың жоғары әлеуетіне ие, бұл экономиканың өнеркәсіптік секторының кең дамуы жәрдемдеседі. Бұл салдар ретінде экологиялық проблемалардың спекторын алып жүреді.
Өскемен, Семей, Зырян, Риддер қалаларының атмосфералық ауа сапасына әсер ететін негізгі факторлар өндірістік кәсіпорындардың шығарындылары және қозғалыстағы көздердің шығарындылар санының өсуі болып табылады. Сонымен қатар облыс аумағы Семей ядролық сынақ полигоны зардаптарының әсеріне шалдыққан.
Соңғы жылдарда шығарындының стационарлы және қозғалмалы көздері санының өсуі байқалуда, бұл облыстың экономикалық дамуының тікелей салдары болып табылады. Жыл сайын ластау көздерінің саны орташа алғанда 14 % артуда. Пайда болатын ластаушы заттардың көлемі шығыны 1,7 млн тоннаға өскен. Ластаушы заттардың нақты саны ауаға, су және жер ресурстарына теріс әсерін тигізуді жалғастыруда, дегенмен оларды ұстау және залалсыздандыру 92,8 % жеткен. Ақаба суларының жалпы көлемінде ластанған су көлемі 18 % құрайды.
Облыс бойынша атмосфераға барлық шығарындылардың 80 % астамы Өскемен, Семей, Зырян, Риддер қалаларына келеді. Өскемен қаласында шектеулі жол берілетін концентрациясының жоғарлауы азот диоксиді, фенол, формальдегид, күкірт диоксиді, шаңдар бойынша бақыланады. Сонымен бірге ластаушы заттардың валды шығарындыларының жалпы көлемінде төмендеу тенденциясы байқалған.
2011-2013 жылдарға арналған атмосфераны ластайтын
заттар қалдықтары көлемінің өзгеруі динамикасы
17 сурет
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның ең сумен қамтамасыз етілген аймақтарының біріне жатады. Облыстың су нысандарында су шаруашылығы жағдайының талдауы су сапасы класының және ластау индексінің көрсеткіштері бойынша беттік су сапасы тұрақтылығының жалғастыру тенденциясын көрсетеді.
Ертіс өзені бассейнінің су ресурстарын пайдалану соңғы жылдары экономика салаларында су пайдаланушылар санының өскенін көрсетеді, бірақ су тоғанының төмендеу тенденциясы байқалады.
Сонымен қатар тау-кен кешені әсерінен су объектілерінің (Брекса, Глубочанка, Красноярка өзендері) ауыр металдармен жоғарғы ластануы бақыланады. Үстіңгі және жер асты суларының жағдайына әсер ететін негізгі фактор тарихи ластанулар болып табылады (таулы жыныс үйіндісі, артқы сақтау орны, өндірістік қалдықтар, өндірістік қалдықтарды жинау орны).
2011-2013 жылдары үшін тоған көлемінің өзгеруі және су ресурстарын пайдаланудың динамикасы
млн. куб.м.
18 сурет
Кәсіпорындарда әр жыл сайын өндірістік қалдықтардың 40млн. тонна қатары пайда болады. Облыс аумағында тарихи ластануды есепке алғанда бұндай қалдықтардың 6,8 млрд. тоннасы жиналып қалған. Олардың ең көп бөлігі Шемонаиха, Зырян, Глубокое аудандарында, Риддер, Семей, Өскемен қалаларында орналасқан.
Басымдылық бағыттардың бірі болып өндірістік тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу технологиясын енгізу болып табылады.
Осыған байланысты:
1) автомобильді көліктердің атмосфералық ауаның ластануының өсуі;
2) Ертіс өзенінің трансшекаралық ластануы;
3) Семей полигонында ядролық сынақ зардаптарының экологиялық мәселелері;
4) облыстың елді мекендеріндегі тазалау имараттары және кәріз желілерінің жоғарғы тозуына қатысты;
5) облыстың көп елді мекендерінде тұрмыстық қатты қалдықтарды көму үшін полигондардың жоқ болуы ең проблемалық сұрақтар болып қалады.
Шығыс Қазақстан облысында республиканың негізгі массасы шоғырланған (Қазақстан ағаш қорының 70%). Облыстың орманды жерлері 6,2% құрайды. Орман, ағаш өндеу және ағаш химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру үшін үлкен әлеует бар.
Мемлекеттік орман қорының ауданы облыста 3,6 млн.га құрайды, соның ішінде орман жапқан алқап 2 млн.га, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 1,5 млн.га, соның ішінде орман жапқан алқап 0,7 млн.га, орман шаруашылығының коммуналдық мемлекеттік мекемелер ауданы 2,1 млн.га, орман жапқан алқап 1,3 млн.га.
Өңірдің ормандары орман тұқымдарының құрамы бойынша және өңірдің табиғи–климаттық ерекшеліктері негізінде жоғары өрт қауіптілігімен сипатталады, бұл өртке қарсы алдын алу іс-шараларын және өрт ошақтарын жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуді қажет етеді.
2011-2013 жылдары орман өрттерінің пайда болу динамикасы (гектар)
19 сурет
2013 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде барлығы 5 өрт жағдайы болды, өртенудің жалпы ауданы 23,8 га, бір өрттің орташа ауданы 4,76 га, бұл 2012 жылғыдан 2,96 га жоғары.
Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерімен ормандардағы өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерінің сақталуын бақылау жөніндегі барлық шаралар қабылданған. Бірақ өртке қарсы құрал-жабдықтың қажетті санының жоқтығына байланысты 2010-2011 жылдары орман өрттерін сөндіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру кезінде шиеленісті жағдай байқалды.
Осы жағдайларда орман дақылдарын егу арқылы орманды қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ орманның табиғи жаңаруына әсер ететін іс-шаралар ерекше маңызға ие болады.
2011-2013 жылдарға арналған орман дақылдарын егу динамикасы (гектар)
20 сурет
2013 жылы жалпы ауданы 580 га ауданда орман ағаштары отырғызылды, соның ішінде ұзақ мерзімді орман пайдалану құқығын алған орман пайдаланушылар 59 га, бұл 2012 жылғы көрсеткіштен 21 га артық.
616 га ауданда орманның табиғиқалпына келуіне қолдау көрсету іс-шаралары жүргізілді. 3 га ауданда ағаштар отырғызылды. Күзгі түгендеу қорытындысы бойынша орман дақылдарының жерсінуі 76% құрайды. 831 кг шаруашылық құнды тұқымды ағаш тұқымдары дайындалды.
Табиғат қорғау іс-шараларын орындау өндірістік өнеркәсіп көлемінің өсімінің жағдайларында экологиялық жағдайды тұрақтындыруға мүмкіндік берді. Қазіргі заманғы техногенді ластанулармен байланысты кері экологиялық факторлардың әсері төмендейді. Өнім сапасы ИСО 9000 басқарудың және қоршаған орта сапасы ИСО 14001 халықаралық стандарттарын енгізу енгізу жалғасуда. Экологилық білім және халықты ағарту жүйесі дамуда, қоршаған орта жағдайы туралы азаматтарды ақпараттандыру жүйесі жетілуде.
Қоршаған ортаны қорғау саласында шешімді қажет ететін келесі мәселелерді атап өтуге болады:
ғаламдық сипатта:
1) таспалы бор аумағының азаю беталысы;
ұлттық сипатта:
бұрынғы Семей сынақ ядролық полигонының болуы;
тау-кен өндірісінің қызметінен тарихи ластанған нысандардың саны;
апаттық жағдайдағы кәріз дюкерлерін пайдалану кезінде шекаралас Ертіс өзенінің ластану қауіпі (Семей қ.);
Өскемен және Семей қалаларындағы толық биологиялық тазалаудағы тазарту имараттарындағы толығымен тазартылмаған ақаба сулардың трансшекаралас Ертіс өзеніне тасталынуы.
локальды сипатта:
Өскемен және Семей қалаларындағы атмосфералық ауаның автокөліктен шыққан пайдаланылған газдың атмосфералық ауаны ластануының өсуі;
2) Өскемен қаласында радиоактивті ластанудың локальді ошағының бар болуы.
Сала даму жағдайына SWOT талдау:
Күшті жақтары:
1) өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсімі жағдайындағы экологиялық ахуалды тұрақтандыру;
2) қоршаған орта сапсын бақылудың автоматтандырылған жүйесін енгізу оңтайлы басқару шешімін қабылдау үшін оның жағдайының объективті бейнесін алуға мүмкіндік береді, бұл соңында тұрғындр өмірінің жағдайын жақсартуда көрінеді;
3) ормандардың сақталуын қамтамасыз ету;
4) орман алқаптарымен жабылған алаңдарды біртіндеп ұлғайту;
5) ормандарды өрттерден сақтауды, зиянкестер мен аурулардан қорғауды жақсарту;
6) жастар еңбек отрядтары бағдарламаларын орындау бойынша іс-шараларға тарту.
Әлсіз жақтары:
1) санының үздіксіз өсуі кезінде ірі қалаларда көліктерді дамыту тұжырымдамасының болмауы;
2) ірі қалалардың көше-жол желілерін жетілдіру мәселелерімен жұмыс істелмеген, қажетті мөлшерде көлік айрықтары жоқ;
балама энергия көздерін нашар енгізу;
4) Сапалы көшет материалдарын қарқынды өндіру бйынша инновциялық технологиялардың жетіспеушілігі.
Мүмкіндіктері:
1) қалдықтарды екінші рет өңдеу және пайдалануды енгізу энергия үнемдеу ресурстарының саясатын іске асыруғ мүмкіндік береді, бұл табиғи ресурстарды үнемдеуге, қалдықтар көлемінің азаюына әкеп соғады;
2) азаматтарға табиғи ресурстарды пайдалануға саналы қатынасты қалыптастыру;
3) орман тұқым және шаруашылық кеңейту.
Қауіптер:
Шекарааралық Ертіс өзенінің ластануы;
2) иесіз, өнеркәсіптік, уытты және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу үрдісі байқалады, сондай-ақ екінші қайтара өңдеу және пайдаға жарату технологиялары жоқ;
3) табиғи-климаттық жағдайлардың шұғыл өзгеруі;
4) жалпы экономикалық жағдайдың нашарлауы, орман, орман өндеу, орман химиялық өнеркәсіп өнімінің нарық конъюктурасының нашарлауы, орман шаруашылығы өнімі бөлігінде экспорттық-импорттық операция кеден ережелерінің өзгеруі;
5) жанар-жағармайға бағалардың айтарлықтай жоғарылауы, бұл энергия тасушыларға бағалардың тұрақсыздығымен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |