БАҒдарламасы өскемен қ., 2014 жыл 1 Паспорт


Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау



бет6/7
Дата28.01.2018
өлшемі4,99 Mb.
#35499
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

2.3 Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау



Мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясаты ұлттық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған: халықты толық жұмыспен қамту, өмір сүру сапасын жақсарту, кірістерді адал бөлу, тұрақты экономикалық өсім.

Шығыс Қазақстан облысында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу үшін мемлекеттік және салалық бағдарламалар іске асырылуда: Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекетттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекетттік бағдарламасы, 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы, Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекетттік бағдарламасы, «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы, «Өнімділік 2020», «Бизнестің жол картасы 2020», «Агробизнес 2020», «Қазақстан Республикасында туристік индустрияның перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі бағдарлама», «Жұмыспен қамту 2020», салалық бағдарламалары, 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы, 2011-2020 жылдарға арналған ҚР Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы, «Қолжетімді тұрғын үй 2020», «Қазақстан Республикасында көліктік инфрақұрылымды дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы», «Моноқалаларды дамытудің 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы».

Өңір деңгейінде мыналар іске асырылады: ШҚО энергия сақтау және энергетикалық тиімділігін 2015 жылға дейін жоғарылату жөніндегі кешенді жоспар, және Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары.

Қолданыстағы бағдарламаларды іске асыру мерзімдері негізінен 2010-2020 жылдарды қамтиды. Бағдарламаларды іске асыру шеңберінде республикалық бюджет есебінен индустриялық инновациялық дамыту, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік саланы жаңғырту және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жақсарту салаларын мемлекеттік қолдау шаралары мен тетіктерін іске асыру қарастырылған.

Өңірлік деңгейде Өңірлерді дамыту бағдарламасының шеңберінде әзірленді және бекітілді: Моноқалаларды дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарлары, аудан орталықтарын және тірек ауылдық елді мекендерді дамытудың 2014-2018 жылдарға арналған кешенді жоспарлары, ауылдық округтер орталықтары мен кенттерді дамытудың 2014-2018 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары, шекаралас аудандарды дамытудың 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары.

Бағдарламалар облыс өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын реттейді, бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, экономиканың шикізат емес секторларындағы кәсіпкерлік, жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру арқылы экономиканың тұрақты және теңгерімді өсімін қамтамасыз етеді.

Алайда, өңірлік даму жөніндегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, облыстың кейбір өңірлерінде қайталанатын бағдарламалар іске асырылады, мысалы, Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде өңірлік деңгейде Риддер және Курчатов моноқалаларын дамытудың кешенді бағдарламалары әзірленген және Риддер және Курчатов қалаларының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламалары іске асырылады.

Іс-шаралар жоспарларында іске асырылатын жобалар сондай-ақ қайталанады.



2.4 Проблемаларға, тәуекелдерге, бәсекелестік артықшылықтар мен мүмкіндіктерге кешенді сипаттама

Өңірдің даму жағдайына басым SWOT-талдау жалпы келесі кестеде көрсетілген:

26 кесте

Өңірдің даму жағдайына SWOT-талдау




Күшті жақтары (S)

Әлсіз жақтары (W)

1) меншікті материалдық шикізат базасының болуы;

2) шикізатты терең және кешенді өндеу өндірістерін ұйымдастыру үшін отандық ғылыми-техникалық әзірлемелердің болуы;

3) әлемдік нарықта сұранысқа ие металдарды өндіретін және шығаратын жетекші компаниялардың болуы;

4) шығарылатын түсті және сирек металдар өндірісі негізінде жоғары қосымша құн жаңа өндірістерін құру мүмкіндіктері;

5) бірінші кезекте аралас салалар тарапынан өсіп келе жатқан ішкі сұраныс;

6) ірі импорттаушы нарықтарға жақындық (Ресей, Қытай);

7) өндіріс әлеуетінің болуы;

8) түсті металлургияның экспортқа бағытталуының жоғары деңгейі.

9) су электр станцияларымен өндірілетін электр энергияның жоғары үлесі;

10) кернеулігі 110 кВ және төмен электр берудің жүйе қалыптастырушы желілерінің дамыған сұлбасы;

11) жаңартылатын энергияның елеулі әлеуетінің бар болуы: су ресурстары – 20 млрд. кВт.сағ, жел энергиясының әлеуеті – 10 млрд. кВт.сағаттан астам;

12) электр энергия экспортының мүмкіндігі және транзиттік әлеуеттің бар болуы;

13) отын-энергетикалық ресурстардың елеулі қорының бар болуы.

14) өндірістік әлеуеттің болуы;

15) ауылшаруашылық өндірісінің тұрақты дамуы;

16) облыс халқының ет, сүт, картоп, көкөніс және ұн сияқты негізгі азық-түлікпен толық қамтылуы.

17) облыстың тиімді экономикалық-географиялық жағдайы;

18) жер бедерлерінің алуан түрлілігі, бірегей табиғи, мәдени және тарихи ескерткіштердің болуы;

19) отандық және шет елдер инвесторларының қызығушылығы;

20) туризмнің басым бағыттарын дамыту: экологиялық, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық, жағажай, тау шаңғысы туризмі.

21) шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін заңнамалық негіз болуы;

22) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері халықтың қамтылуының қомақты пайызын құрайды;

23) сауда көлемінің дамуының оң динамикасы және халықты жұмыспен қамтамасыз ету;

24) бөлшек сауда нарығындағы қалыптасқан қатысушылары.

25) нарықтарда сауда орындарымен ауыл шаруашылығы таруарларымен қамтамасыз етуге көмек көрсету.

26) халыққа ауыл шаруашылығы тауарларын, соның ішінде облыстық қалалары және аудандарында «демалыс күні» жәрмеңкелері және нарықтары арқылы тікелей сату тәжірибесін жалғастыру;

27) бөлшек сауда нарығындағы қалыптасқан қатысушылары.

28) саяси тұрақтылық;

29) тиімді географиялық жағдай;

30) инновациялық компаниялар көмегімен тиімді игеріле алатын минералды-шикізат ресурстарының болуы;

31) тұрғындардың жоғары білім деңгейі;

32) ЖОО, ҒЗИ, ғылыми-техникалық кадрлардың болуы.

33) экономикалық және саяси тұрақтылықпен сақталатын өңірдің қолайлы бизнес-климаты;

34) бай табиғи және минералды ресурстарына байланысты өңірдің жоғары инвестициялық тартымдылығы;

35) Шығыс Қазақстанның Ресей мен Қытайдың ірі тұтынушы нарықтарына ұтымды географиялық орналасуы;

36) мемлекеттік инвестициялық саясаттың басымдылығын түсіну.

37) өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсімі жағдайындағы экологиялық ахуалды тұрақтандыру;

38) қоршаған орта сапасын бақылудың автоматтандырылған жүйесін енгізу;

39) ормандардың сақталуын қамтамасыз ету;

40) орман алқаптарымен жабылған алаңдарды біртіндеп ұлғайту;

41) ормандарды өрттерден сақтауды, зиянкестер мен аурулардан қорғауды жақсарту;

42) жастар еңбек отрядтары бағдарламаларын орындау бойынша іс-шараларға тарту.

43) мектепке дейінгі білім беру мекмелерінде кезек санының азаюы, мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен қамтамасыз етілген балалар санының артуы;

44) техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі басқарудың жаңа жүйесін енгізуде республика бойынша тәжерибе алаңы болып табылады;

45) облыстың орта білім беретін 12 мектебі жан басына шаққандағы нормативті қаржыландыруды енгізу бойынша пилоттық жобаға кіргізілген;

46) апатты жағдайдағы мектептерді, 3 ауысымды оқытуды, оқушылар орны тапшылығының азаюын жою;

47) үш деңгейлі жүйе бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру.

48) демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, туудың өсуі, өлім-жітімнің азаюы, табиғи өсімнің артуы; сәби өлімі көрсеткішінің төмендеуі;

49) тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде тұрғындар үшін медициналық көмек жоғары технологиялық түрлеріне қолжетімділіктің жақсаруы;

50) кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметтің дамуы.

51) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш бергендер санының төмендеуі және төлемдердің орта мөлшерінің өсуі;

52) табысы кедейлік белгісінен төмен тұрғындар үлесін төмендету.

53) жұмыссыздар санын азайту

54) жұмыссыздық деңгейін азайту

55) әлеуметтік серіктестік дамуы, ұжымдық келісім-шарттарға кол қойған кәсіпорындар санын ұлғайту;

56) аз қамтылған жұмыссыздарды кедейлік шеңберден шығару бойынша пилоттық жобаларды іске асыру;

57) жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру басталды;

58) моноқалалар мен тірек ауылдарды дамытудың кешенді жоспарларын іске асыру

59) 2013 жылы, орындар өзгеріссіз қалғанда, мәдениет нысандарына келу деңгейін ұлғайту;

60) 2013 жылы мәдени сала қызметінің сапасына тұрғындардың қанағаттану деңгейін ұлғайту;

61) облыс аудандары мен қалаларының мәдениет үйлері және ауылдық клубтарының күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржы көлемін ұлғайту,

62) мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқының тілдерін оқытудың инфрақұрылымы кеңейді;

63) мемлекеттік тілді оқытуды қамтамасыз етудің әдістемелік жүйесі құрылды;

64) мемлекеттік тілді оқыту үдерісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу қамтамасыз етілді;

65) мемлекеттік тілде іс жүргізу үдерісі белсенді жүзеге асуда;

66) көп тілділікті сақтау жағдайында мемлекеттік тілдің қолданылу аясы кеңеюде;

67) Қазақстанда тұратын этностардың тілдерін оқытуды мемлекеттік тілді қолдаудың тиімді жүйесі құрылды.

68) дене шынықтыру мен спортпен шұғылданушылар санының артуы;

70) спорт нысандары санының артуы;

71) шаңғы спортын дамутыға қолайлы климаттық жағдай;

72) қоғамдық саяси ахуалға, саяси партиялар мен басқа да қоғамдық институттардың қызметтеріне мониоринг жүргізіледі;

73) азаматтық қоғам институттарының қатысуымен өткізілетін сұхбат алаңдарының белсенді жұмыстары қамтамсыз етілді;

74) ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге белсендірек тартылуда;

75) Ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау арқылы ақпараттық қауыпсіздікті қамтамасыз ету.

76) Қоғамдық саяси ахуалға, саяси партиялар мен басқа да қоғамдық институттардың қызметтеріне мониторинг жүргізіледі;

77) мемлекеттік тілде 7 аудандық жаңа қоғамдық-саяси БАҚ шығару (бұрын шығарылмаған);

78) азаматтық қоғам институттарының қатысуымен өткізілетін сұхбат алаңдарының белсенді жұмыстары қамтамсыз етілді;

79) қоғамдық саяси ахуалға, саяси партиялар мен басқа да қоғамдық институттардың қызметтеріне түрлі әлеуметтік әдістер қолдану мен сарапшыларды тарту арқылы мониоринг жүргізіледі;

80) жастарға арналған ресурсты орталықтар құру және жұмыс істеуі;

81) ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге белсендірек тартылуда;

82) «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ ашу.

83) азаматтардың заңды мүдделерін, құқықтары мен бостандығын қорғау бойынша жағдайлар жасалған;

84) құқық бұзушылықтар профилактикасы мен олардың өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ететін нақты субъектілер анықталды;

85) қоғамдық тәртіпті қорғауға және құқық бұзушылықтар профилактикасына қатысатын азаматтар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау тәсілдері келісілді.

86) табиғи өрттердің туындау ошақтарын және көктем мерзімінде қар қорының еруін ерте айқындау бойынша ғарыштық мониторингтің барлығы;

87) жыл сайын жоспарлы түрде басқару органдарымен, облыстық қызметтермен, нысандар және АҚ және ТЖ аумақтық құрылымдарымен командалы-штабтық жаттығулар мен оқу-жаттығулар өткізу;

88) төтенше жағдайлар туындауы және қауіпі кезінде әрекет ету және ден қою бойынша жасалынған жоспарлдың барлығы;

89) облыстық және республикалық оқыту курстарында АҚ және ТЖ мәселесі бойынша облыцстың басқару құрамынның уақытылы дайындықтан өтуі;

90) орман-дала өрттерін сөндіру және шалғай жатқан елді мекендерді қорғау үшін 70 өрт сөндіру тірек пунктерінің қызмет етуі.

91) басқарма және облыстың мемлекеттік мұрағаты мемлекеттік органдарының бірыңғай транспорттық желісіне қосылған.

92) телекоммуникация қызметі жүйесін дамыту;

93) АТС жаңа сандық Next Generation Networks технологиялармен ауыстыру;

94) интернет желісін барлық жерде тарату.

97) жеке тұрғын үй құрылысы үшін бос жер телімдерінің болуы;

98) тұрғын үйлер құрылысы аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту.

99) кейбір аудандарға көлік қатынасы автожолдар болып табылады

100) өткізу резервтері

101) аралас көлік түрлері инфрақұрылымының дамуы

102) облыстың жылу көздерімен жылу энергиясын өндірудің өсуі;

103) облыстың ЖЭО-лары мен қазандықтарына арзан отын көздері болып табылатын көмір кен орындарының облыста бар болуы;

104) тұрғындардың су бұру жүйесіне қол жетімділігі – 15,3%;

105) «Ақ бұлақ» бағдарламасының шеңберінде су бұру, тазарту имараттарын салу және қайта жаңғырту қарастырылған.

106) облыстың газбен қамту ұйымдарын аккредитациялау

107) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңартудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының аясында көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жүргізіледі.

108) аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру бойынша жыл сайын іс-шаралар жүргізу

110) ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы топырақ-климаттық жағдай, бұл ауыл тұрғындарының негізгі кіріс көзі болып табылады.

111) көршілес елдермен сауда және іскерлік қатынастар жүргізуге мүмкіндік беретін географиялық орналасу.

112) ЖАО жеткілікті техникалық жабдықталуы;

113) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына мониторинг жүргізу үшін негіз бар;

114) электрондық қызметтер орталығығында Интернет-портал арқылы 123 электрондық қызмет: 11 интерактивті мемлекеттік қызмет, 112 виртуалдық қабылдау, 1 транзакция көрсетілуде;

115) сайттың wap нұсқасы жұмыс істеуде;

116) облыстың ЖАО бірыңғай көлік ортасының болуы;

117) серверлік, соның ішінде резервтік бөлменің болуы;

118) бірыңғай электрондық құжатайналымы жүйесінің болуы;

119) облыстың елді мекендерінде 153 қоғамдық қатынау пункттері жұмыс істеуде;

120) мемлекеттік органдардың жеке 50 сайтының болуы;

121) SMS – мәлімдеу арқылы ұтқыр қызметтердің болуы.

122) атқарушы және өкілетті билік органдары басшыларының арасында әйелдердің үлесінің артуы;

123) экономикалық қызметтің кейбір түрлері бойынша әйелдер қызметі басым;

124) әйелдердің өмір сүру ұзақтығы ерлерге қарағанда жоғары.



1) бөлудің төмен деңгейі және метал бұйымының аз номенклатурасы;

2) пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын іздеу бойынша геологиялық жұмыстарға мемлекет қаражатын жеткіліксіз салу;

3) шетелдік аналог кәсіпорындармен салыстырғанда өнім өндірісінің жоғары ресурстығы- және энергия сыйымдылығы;

4) еңбек өнімділігінің төмен деңгейі;

5) ішкі нарықтың көлемінің үлкен болмауы;

6) білікті мамандардың тапшылығы;

7) технологияның тозуы (70%), негізгі қордың баяу жаңаруы;

8) айналым қаражатының өндірісті жаңарту және техникалық жарақтандыру үшін жеткіліксіздігі.

9) генерациялаушы жабдықтың парктік ресурстарын едәуір өндірілуін, ол қолданыстағы электр станцияларының электр энергия өндіру мүмкіндігін шектейді;

10) электрлік өңірлік желілердің тозуының жоғары деңгейі (50-65%);

11) жаңа энергия көздерін салуды қамтамасыз ететін механизмнің болмауы;

12) энергия тапшылығына байланысты Солтүстік энергетикалық аймақ көздерінен электр энергия жеткізуге тәуелділік.

13) өндірістің ұсақ тауарлығы;

14) ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтардың тозуы;

15) суармалы егіншіліктің тиімділігінің төмендігі;

16) асыл тұқымды мал үлесінің аздығы;

17) мал азығының жеткіліксіздігі;

18) ауылшаруашылық өндірісінде заманауи инфрақұрылымның жетілмеуі;

19) ауылдық тұтыну кооперативтері мен сервистік дайындау орталықтардың жеткілікті дамымауы;

20) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің көпшілігінде негізгі және айналым қаражатының жеткіліксіздігі;

21) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кредиттік ресурстарға қол жетімділігінің төмендігі;

22) АӨК-де білікті кадрлардың жеткіліксіздігі.

23) туризмнің дамыған инфрақұрылымының болмауы, оның ішінде туристік объектілерге апаратын жолдардың жамандығы;

24) білікті басқару және қызмет көрсетететін қызметкерлердің болмауы;

25) өңірдің туристік өнімінің кәсіби маркетингінің болмауы;

26) туризмді қолдаудағы шектеулі қаржылық мүмкіншіліктер, өз қаражатының және инвестициялық ресурстардың тапшылығы;

27) туристік бизнестегі төмен кәсіби деңгей, көрсетілетін туристік қызметтер бағасына қызмет көрсету сапасы және деңгейінің сәйкес келмеуі.

28) меншікті айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі;

29) кәсіпкерлердің әлсіз теориялық және практикалық дайындығы, білікті мамандардың тапшылығы;

30) сауда бойынша заңнаманың «көмескі», және де нормативті-құқықтық актілердегі заманауи терминологиялардың жоқтығы;

31) айналым қаражатының тапшылығы;

32) кәсіби-техникалық білім жүйесінің төмендігі, сонымен қатар сауда мамандықтары бойынша.

33) кепілді электр энергиясын жеткізушінің болмауы;

34) электр энергиясын есепсіз тұтынудың жоғары деңгейі (ұрлау)

35) энергетика саласында алдыңғы қатарлы ғылыми сыйымды энергия үнемдеу технологиясын енгізу жүйесінің болмауы;

36) отын-энергетика саласында дәстүрлі емес энергия көздерінің үлесі теңгерімін ұлғайтуға жағдай жасайтын шаралардың болмауы;

37) энергия ресурстарын өндіру, шығару, беру және тұтыну саласында технологиялық қажеттіліктер мен шығындар энергиясының шығыстарын төмендетуге бағытталған ынталандырушы шаралардыңң болмауы;

38) қосымша құрылымдардың үлкен көлемі бағаның айтарлықтай өсіміне алып келеді.

39) төмен өнімділік;

40) ғылым және өнеркәсіп арасындағы әлсіз байланыс;

41) отандық өнімнің төмен сапасы;

42) бизнестің инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;

43) кәсіпорынның техникалық артта қалуы;

44) инновациялық мәдениеттің болмауы;

45) өнеркәсіп өнімінің төмен бәсекеге қабілеттілігі.

46) мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізуде жүйеліліктің жоқтығы;

47) елде Заңдар мен келісім қатынастардың сақталуын қамтамасыз ететін заң шығарудың тұрақсыздығы және тетіктердің жоқтығы;

48) инвестицияларды тарту бойынша әлсіз бәсеке шарттары (кедендік және валюталық режим);

49) инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін инфрақұрылымның дамымауы (арнайы аймақ, қаржы, банктік, ақпараттық-сараптама, консалтингтік, көліктік және басқа.);

50) визалық режим.

51) автомобиль санының үздіксіз өсуі кезінде ірі қалаларда көлікті дамыту тұжырымдамасының болмауы

52) көлік түйіндерінің қажетті санының болмауы

53) энергияның балама көздерінің әлсіз енгізілуі

54) отырғызылатын материалды сапалы жедел өсіру бойынша инновациялық технологиялардың жеткіліксіздігі

55) балардың мектепке дейінгі мекемелерінде кезектілікті сақтау;

56) білім беру ұйымдарының материалдық – техникалық базасының жеткіліксіз қамтылуы, оның ішінде жаңа модификация кабинеттері, компьютер техникасын жаңарту;

57) техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде алған мамандық (біліктілік) бойынша жұмыспен қамтылу;

58) ТжКБ беру мекемелерінде арнайы пән және өндірістік білім беру шеберлерінің тапшылығы;

59) мұғалімдер кәсібилік деңгейінің жеткіліксіздігі, пәндік методистерінің тапшылығы, әлсіз менеджмент.

60) тұрғындар денсаулығына әсер ететін өңірдегі экологиялық жағдай

61) тұрғындардың әлеуметітк маңызды аурулармен ауруының жоғары деңгейі

62) облыста дәрігерлердің тапшылығы

63) ұсынылатын медициналық қызметтер сапасының жеткіліксіздігі

64) медицина мекемелерінің медицина құралдарымен және типтік ғимараттармен жеткіліксіз жабдықталуы

65) еңбек нарығындағы жұмыс күшінің сұраныс пен ұсыныс дсбалансы

66) кадрларда экономика қажеттілігін анықтау тетігінің болмауы

67) мәдениет саласында ғимараттар мен қоңдырғыларға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізудің қажеттігі.

68) облыс мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға қаржыландару деңгейінің төмендігі;

69) Мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай стандартының болмауы;

70) Тіл туралы заңдылықтардың бұзылғаны үшін әкімшілік ықпал шараның болмауынан білінетін нақты құқықтық механизмнің жоқтығы;

71) спорт нысандарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі;

72) 56 елді мекен қазақстандық телехабарлармен қамтылмаған;

73) «OTAU TV» экрандық таратылу пайызы төмен;

74) ауылдық өңірлердегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс деңгейінің төмендігі;

75) кейбір қалалар мен аудандарда үкіметтік емес және жастар ұйымдарын қолдау мақсаттарына қаражат бөлінбейді;

76) үкіметтік емес ұйымдарға гендерлік-бағытталған көмектің төмен деңгейі.

77) 56 елді мекен қазақстандық телехабарлармен қамтылмаған;

78) ауылдық өңірлердегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс деңгейінің төмендігі;

79) тұрғындардың діни қызмет мәселелері бойынша ақпарат насихат жұмысының жеткіліксіз деңгейі;

80) Үкіметтік емес ұйымдарға гендерлік-бағытталған көмектің төмен деңгейі.

81) ІІБ есебінде тұрған тұлғалардың арасында отбасы-тұрмыс аясындағы құқық бұзушылық профилактикасы бойынша шаралардың жетіспеушілігі;

82) тұрмыстағы маскүнемдік, алкоголизм мен нашақорлықтың профилактикасы мәселелерінің шешілмеуі;

83) қиын өмірлік жағдайда тұрған тұлғаларды оңалту және әлеуметтік бейімдеу деңгейі жеткіліксіз;

84) облыс ішкі істер органдарының жабдықталмағандығы,

85) халықты құлағдар ету жүйесінің табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіпі төнген жағдай кезінде халыққа шұғыл ақпаратты толық көлемде жеткізе алмайтындығы;

86) АҚ және ТЖ аумақтық құрылымының апат аймағында шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті құрылғылармен, аспаптармен және құтқару құралдарымен аз жабдықталынуы;

87) жағалауларды бекіту жұмыстарын жүргізуді және қорғауды талап ететін, елді мекендерге және инженерлік имараттарға қауіп төндіретін су тасқыны және су басуы мүмкін потенциалды қауіпті телімдердің бар болуы. Әр-түрлі бюджет есебінен су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізуге жіне жобалық-сметалық құжаттарды жасауға техникалық-экономикалық негіздемелерді жасау іс-шараларының жеткіліксіз қаражыландырылуы;

88) сейсмкалық күшейту жұмыстарына қаражат бөлінбеуіне байланысты қатты жерсілкінісі кезінде адам шығынын болдырмау мүмкіндіктерінің жоқтығы;

89) капитал сыймдылығына байланысты апаттарға және дүлей зілзалаларға қарсы тұру және оларды жою бойынша кешенді іс-шаралардың толық көлемде жүзеге асырылмауы.

90) мұрағат саласының инфрақұрылымы дамуының төмен дәрежесі;

91) мемлекеттік мұрағаттарда сақталатын құжаттама көлемінің өсуі мен мұрағат қоймалар көлемімен сәйкес келмеуі;

92) Қазақстан халқының құжаттық мұрасын зерттеу, дамыту мен насихаттауының жеткіліксіз деңгейі.

93) тіркелген байланыс абоненттерінің тығыздығының төмен деңгейі;

94) тіркелген байланыс нарығында нақты бәсекелестіктің болмауы;

95) интернет желісіне кең ауқымды қол жетімділіктің төмен дамуы;

96) ұялы байланысқа жоғары тарифтер.

100) жеке тұрғын үй құрылысын тұрақты дамыту үшін коммуникациялардың болмауы;

101) қаржыландырудың жеткіліксіздігінен, жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысының әлсіз дамуы;

102) құрылыс индустриясының тиімді қалыптаспаған нарығы;

103) халықтың экономикалық белсенді тобының негізгі бөлігінің, соның ішінде жас отбасыларының қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етілмегендігі.

104) Негізгі құралдардың бірталай физикалық және моральдық тозу (инфрақұрылымның және жылжымалы составтың);

105) Жаңартпаны енгізу және процесстерді автоматтандыру төмен деңгейі;

106) Заңсыз тасушынының ісіне байланысты, алысатағы елді мекендерді уақтылы хабарламамен қамтамасыз етпеу.

107) Жеке аудандарда жолаушылардың аудан ішіндегі тасымалдау жоқтығы;

108) Тұщы жер астындағы су қордың жеткілікті деңгейі;

109)Ауыз суға жоғары қажеттілік;

110) Сумен жабдықтау қоданыстағы жүйенің қолда бары;

111) 80% дейін халықты сапалы ауыз сумен рұқсат ету көрсеткішіне жету;

112) Қолданыстағы пайдалану қызметінің қолда бары;

113) Тұщы жер астындағы су бар қорды жеткіліксіз пайдалану;

114) Объектілердің үлкен тозуы және сумен жабдықтау жүйесі қолда бары;

115) Негізгі өндірістік қорының ескіру процессі,олардың жаңартуына қарағанда, тым озық қарқынымен жүріп жатыр;

116) Жаңа жүйелерін сумен жабдықтау және қазіргі қайта құру құрылысына мемлекеттік және жеке инвестициялар жетпеушілігі;

117) Жұқпалы аурулар пайда болу қауіптілігі;

118) Көбінесе аудандарда берілетін судың сапасын бақылайтын зертхана жоқтылығы;

119) Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және суды бұрып жіберу жүйесімен қызмет ету бойынша кәсіпорынның материалдық- техникалық жарақтандыру жетпеушілігі;

120) Семей, Курчатов, Зырян, Риддер қалаларындағы, Глубокое кентіндегі жылумен қамтудың сапасыз қызметтері;

121) жылумен қамтамасыз ететін желілердің 17,8 %-ы ауыстыруды талап етеді.

122) 70 % канализациялық желі қанағаттанарлықсыз жай-күйде тұр және ауыстыруды талап етеді.

123) газ таратушы қондырғылардың, квартал іші желілерінің қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы тұрғындардың денсакулығы мен өміріне қауіп туғызады.

124) кондоминимум нысандарының жалпы мүлкін ұстауда тұрғындардың нашар белсенділігі.

125) аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру іс-шараларының жеткіліксіз қаржыландырылуы.

126) аумақтарды бас жоспарсыз бей-берекет салу

127) әлеуметтік инфрақұрылым объектілері желілерін жеткіліксіз деңгейі, шалғай ауылдық елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жетімділіктің жоқтығы немесе қиындығы;

128) жан басына шаққанда кірістердің аумақтық бірдей бөлінбеуі;

129) ауыл тұрғындарының білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызметтеріне бірдеу қол жетімділігінің болмауы ауылдық жерлерде адами әлеуеттің деңгейін азайтады.

130) әлсіз дамыған инфрақұрылымдық және әлеуметтік сала.

131) жауапты мемлекеттік органның электрондық мемлекеттік қызметтерді тұтынушылармен өзара әрекеттестік тәртібін реттейтін нлрмативтік-құқықтық базаның толық жетілмегендігі;

132) жауапты мемлекеттік органның электронды мемлекеттік қызметтер тұтынушылармен өзара іс қимылын реттеу үшін нормативтік-құқықтық базаның жетілмеуі;

133) халықаралық тәжірибенің заманауи үздік тәжірибелерін ескере отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын мониторингілеу және бағалау әдіснамасының және тиімділігінің жетілдірілмегендігі;

134) құқықтық келісілген ҚР МДҚ ықпалдандырудың жоқтығы;

135) бизнестарды басқарудың негізгі бизнес-процестері автоматтандырылмаған;

136) интернет-порталдағы әлеуметтік талап етілген интерактивтік, транзакциялық мемлекеттік қызметтердің саны тұрғындардың қажеттілігін жаппайды;

137) мемлекеттік қызметтерді ұсыну процестерін жеңілдетуге бағытталған АЖ болмауы;

138) мемлекеттік басқару саласын мониторингілеуге бағытталған АЖ болмауы;

139) «Е-үкіметтің» базалық компоненттерімен ықпалдандырудың жоқтығы;

140) БҚАЖ тек облыстық деңгейде қамтылуы.

141) жұмыссыздардың жалпы санында әйелдер саны 24,5 мың адам немесе 55,1%;

142) әйелдер шешім қабылдау деңгейінде билікте жеткіліксіз қамтылған;

143) ерлер мен әйелдер еңбек ақысында айырмашылық сақталуда.




Мүмкіндіктер (O)

Қауіптер (T)

1) метал бұйымдары, ғылыми сыйымды, функционалды материалдар, арнайы ерітінділер өндіру көлемдерін ұлғайту;

2) ТМК дамуы облыс экономикасын индустрияландырудың «локомотиві» бола алады;

3) жоғары қосымша құн метал өнімдерінің ұлғаюы басым бағыт болып қалады;

4) Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасымен Кеден одағына кіруге байланысты нарықтың кеңеюі, бұл шикізат пен құрамдаушы экспорты мен импортын жеңілдетеді;

5) ел ішіндегі және халықаралық кооперацияларды дамыту, соның ішінде әлемдегі ірі шикізат және құрамдаушы база жеткізушілерінің бірі ретінде Ресей мен Қытайға жақындықты пайдалану.

6) облыстың энергетикалық қауіпсіздігіне жаңа энергетикалық қуаттылықтар енгізу есебінен жету;

7) облыстың энергия теңгеріміне жаңартылатын энергия көздерін енгізу;

8) электр энергетика объектілерін дамытуға инвестиция тарту үшін саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру шараларын қабылдау.

9) агроөнеркәсіптік кешен әлеуетін толық пайдалану;

10) бәсекеге қабілетті өнім өндіру;

11) техникалық жабдықтау деңгейін көтеру;

12) ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыру;

13) АӨК дамытуда көделген шараларды іске асыру (СТФ, мал сою алаңдарын және т.б. салу);

14) ауылдық тұтыну кооперативтерін және сервистік дайындау орталықтарын дамыту.

15) туризмнің бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын құру мүмкіндігі;

16) қосымша жұмыс орындарын құру арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз ету;

17) кіру және ішкі туризм бойынша туристер ағымын, туристік қызметтердің көлемін, кірістердің өсуін, бюджетті көбейту.

18) шебер-жоспар түрінде кең көлемді зерттеуді әзірлеу, облыстағы туризм кластерін құру және дамыту.

19) шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық-несиелік қолдаудың дамуы;

20) кәсіпкерлік ортаның бастамаларын іске асыру үшін қолайлы жағдай құру үшін «сервистік орталық» құру;

21) рұқсат алу құжаттарын алу кезінде әкімшілік кедергілерді (процедураларды) жою.

22) бәсекелестіктің өсуі, сауда жүйесінің бәсекелестікке қабілеттіліктің өсуі;

23) ішкі нарықты тұтыныс тауарларымен толықтыру.

24) әкімшілік барьерлерді және бәсекелестік нарықты дамыту бойынша бұдан арғы жұмыс;

25) «Жергілікті бәсекелестік артықшылығы» көрсеткіші бойынша Қазақстан ұстанымының жақсаруына әер ететін іс-шараларды әзірлеу және өткізу.

26) өнеркәсіп және ғылым арасындағы өзара қарым-қатынастың жақсаруы;

27) жоғарытехнологиялық салаларды құру және дамыту;

28) инновациялық инфрақұрылымның элементтерін пайдалану;

29) инвестиция тарту мәселелерінде өзара қарым-қатынасты кеңейту;

30) инвестициялар тарту көлемі бойынша өңірлік көшбасшы позицияна шығу;

31) әлемдік капитал нарықтарында өңірдің оң инвестициялық имиджін құру;

32) инвестициялар тарту бойынша жүйелі және бірізді мелмекеттік саясат құру;

33) инвестициялар тарту бойынша тиімді мемлекеттік және жеке меншік инфрақұрылым құру;

34) Кеден одағы және басқа елдер нарықтарына шығу;

35) өндіруші сектордан қайта өндеуші секторға инвестицияларды қайта бөлу есебінен өңірдің тұрақты және қалыпты экономикалық өсімді қамтамасыз ету.

36) қалдықтарды екінші рет өңдеу және пайдалану;

37) азаматтарға табиғи ресурстарды пайдалануға саналы қатынасты қалыптастыру;

38) орман тұқым және шаруашылық кеңейту.

39) білім беру нысанары құрылысын қаржыландыруды арттыру; күрделі (кешенді) жөндеу жұмыстарын өткізу, материалды техникалық база;

40) білім беру нысандарын салуда мемлекетік-меншік серіктестігін дамыту;

41) электронды оқытуды енгізу;

42) жеке меншік бала-бақшалар ашу;

43) қосымша білім беру ұйымдарының желісін арттыру;

44) отбасы үлгісіндегі балалар үйлерін ашу;

45) жетім және АҚҚ (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған) балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету.

46) заманауи медициналық объектілер құрылысын қаржыландыруды арттыру;

47) жаңа жабдықтар сатып алуға, ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізуге байланысты шығындарды қаржыландыру тетігін әзірлеу;

48) жұмыс орнына, атап айтқанда ауылдық елді мекендерге жұмыс істеп отырған медициналық кадрларды бекіту және жас мамандарды бекіту бөлігінде шаралар жүйесін әзірлеу.

49) тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналстыру, кәсіптік даярлыққа және қайта даярлыққа жіберу, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындарын құру сияқты жұмыспен қамтудың белсенді түрлерін қолдану, сондай-ақ тұрғындардың аталған санатын кедейлік шеңберден шығару бойынша өңірлік бағдарламалар әзірлеу;

50) тұрғындардың іс жүзіндегі кірісінің өсуі;

51) үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік қызметтер секторындағы жұмысты бесендіре түсіру.

52) жұмыс берушілер қоятын талаптарға сәйкес жұмыссыз тұрғындардың кәсіби даярлығы мен қайта даярлығы бағдарламаларын жетілдіру,

53) өңірде дайындығы жүзеге асырылмайтын мамандықтар бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту;

54) тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік белсенді бағдарламалары спектрын кеңейту;

55) жұмыссыз азаматтардың ауылды жерлердің тұрғындары үшін басымдылықпен кәсіпшілік бастамаларын дамытуға жәрдемдесу.

56) әлеуметтік жағынан төмен топтар өкілдері үшін тегін қызмет көрсету

57) Қазақстан халқының рухани және ұлттық бірлігінің басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің ролін арттыру;

58) Көп тілділікті сақтау жағдайында әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке мемлекеттік тілді енгізу;

59) Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту.

60) Облыстық инфрақұрылымда дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға жағдай жасау (шағын футболға, волейболға, баскетболға, үлкен тенниске, шайбалы хоккейге арналған алаңдар құру).

61) қоғамдық-саяси, соның ішінде діни ахуалдың күрделенуіне жол бермеуге қатысты алдын ала шаралар қабылдау;

62) халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;

63) сандық теледидарды енгізудің мемлекеттік бағдарламасын жеделдете іске асыру;

64) ауылдық өңірлерде жұмыс істейтін ҮЕҰ әдістемелік көмектер көрсету;

65) ҮЕҰ әлеуметтік-маңызды жобаларын іске асыруына қаражат бөлуін арртыруы;

66) облыс қалалар мен аудандар әкімдіктерінде, салалық басқармаларда мемлекеттік тапсырысты орналастыруы.

67) халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;

68) сандық теледидарды енгізудің мемлекеттік бағдарламасын жеделдете іске асыру;

69) ауылдық өңірлерде жұмыс істейтін ҮЕҰ әдістемелік көмектер көрсету;

70) ҮЕҰ әлеуметтік-маңызды жобаларын іске асыруына қаражат бөлуін арттыруы;

71) құқық бұзушылық профилактикасы жүйесін жетілдіру;

72) құқық бұзушылықтар мен қылмыстар саны өсуінің алдын алу бойынша уақтылы шаралар қабылдау;

73) профилактика субъектілері жұмысын үйлестіруді жетілдіру.

74) бұқаралық ақпарат көздері арқылы халық арасында АҚ және ТЖ саласында білімді насихаттау бойынша кең масштабты жұмыстар жүргізу;

75) өрт сөндіру тірек пунктерін дамыту және сандарын көбейту;

76) төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халықтардың тіршілігі кепілдігін қамтамасыз ету үшін облыс әкімінің және қалалар мен аудандар әкімдерінің материалдық-техникалық қорын нығайту;


77) облыстың мұрағат мекемелеріне электрондық қызмет көрсетуі, заңды форматтағы ұлттық мұрағат қоры көлемінің өсуі, азаматтардың мұрағат ақпаратына қол жетуінің кеңеюі.

78) тұрғындар мен ұйымдарды қол жетерлік және сапалы байланыс қызметімен қамту;

79) азаматтар мен ұйымдардың күнделікті өмірде ақпараттық-коммуникациялық технологияны кең қолдануына ауысу;

80) АЕМ халқының байланыстың универсальды байланыс қызметімен қамту.

81) облыс аумағындағы басымды салаларда құрылыс материалдарын өндіру бойынша жаңа қуаттылық құру;

82) құрылыс жұмыстарының жыл мезгілділігіне және аумақтық орналастыруға байланысты проблеманы шешу мақсатында, жаңа және жетілдендірілген жобаларды құру есебінен өндіріс ағымдарының, құрылыс материалдарымен қамтудың, тұтынудың теңгерімді сұлбаларын әзірлеу;

83) жыл бойы ритмді құрылысты ұйымдастыру;.

84) жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;

85) тұрғын үй құрылысына жеке инвесторларды тарту және мемлекеттік – жеке меншік әріптестікті ынталандыру.;

86) апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу мәселесін шешу;

87) бірінші кезекте экономды (үнемді) кластағы тұрғын үй құрылысын ауқымды жүргізу мақсатында, аумақтарды кешенді игеру және салынған аумақтарды дамыту;

88) Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және Қазақстандық ипотекалық компаниясы сияқты қаржы институттарын дамыту;

89) мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмін дамыту;

90) автомбиль жолдарының, көпірлердің көлік-пайдалану көрсеткіштерің жақсаруы және олардың тұтыну құманың жоғарылауы;

91) автомобиль жолдары желілерін сақтау және дамыту;

92) автомбиль жолдарын қайта жаңғыртудан және күрделі жөндеуден кейін телімдерде жөндеу аралық аралық мерзімдерді сақтау;

93) автожол саласына сапаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу.

94) рұқсат құжаттарынсыз жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын заңсыз тасымалдаушылар мәселесін шешу

95) жер асты тұщы суларының жаңа кен орындарын игеру;

96) халықтың сапалы ауыз суымен қамтылуы;

97) сумен қамту жүйелерінің техникалық жай-күйінің жақсаруы, су тазарту және су дайындауға шығынның ұлғаюы;

98) пайдалану қызметін материалдық-техникалық базаны жарақтандыру жолымен жетілдіру.

99) жылумен қамтамасыз етудің дәстүрлі емес көздерін дамыту песпективалары.

100) көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және терможаңарту бойынша жобаларды іске асыру кондоминимум нысандарының техникалық жағдайын және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

101) аумақтарды көріктендіру, қасбеттерді, аула аумақтарын, скверлерді, саябақтарды және т.б. жөндеу бойынша мемлекеттік-жеке меншік серіктестігінің болашағы.

102) жұмыс істейтін медицина кадрларын және білім саласы мамандарын жұмыс орнына ұзақ мерзімге бекіту және жас мамандарды тарту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу;

103) тірек және басқа ауылдық елді мекендер әлеуетін дамыту.

104) өңір тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға қызығушылығы;

105) ұялы телефондардың кеңәнен таралуы «е-әкімдікке» қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қолданылуы мүмкін;

106) «Е-үкіметті» құрудағы басқа елдердің халықаралық тәжірибесі;

107) мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде ұсыну процесін жеңілдету және оңтайланлыру үшін ОМО АЖ пайдалану;

108) Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі «электронды үкіметті» дамыту үшін инфрақұрылымды дамытудың жоғары деңгейіне ие.

109) әйелдердің саяси жылжуы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтеді.



1) ТМК өнімі экспортының шикізаттық бағытталуының сақталуы;

2) машина, құралдар, механизмдер, импортының көптігі, машина жасау және аспап жасау саласының дамуын тежейді;

3) тауар рудасын селективті өндіру және металлоломның экспорты салдарынан облыстың шикізат базасы мен металл қорының азаюы;

4) Қытай машина жасау саласы тарапынан бәсекелестіктің болуы;

5) шикізат ресурстарына бағаның құлауы.

6) мүмкіндігі бар және орнатылған қуаттылықтар арасындағы қуаттылық ажырауының ұлғаюы;

7) облыс электр энергиясының Солтүстік энергетикалық саланың энергия көздері жұмысының тұрақтылығына тәуелділігі;

8) едәуір тозудың кесірінен облыс тұтынушыларын энергиямен жабдықтау сапасының төмендеуі.

9) құрғақшылық және табиғи апаттарға байланысты облыстың азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп;

10) кепілдік мүліктің болмауына байланысты инвестиция тартудағы қиындықтар;

11) малдардың аса қауіпті ауруларының шығуы.

12) саланың тоқырауы;

13) қорғау шараларын қолданбаған жағдайда, қолданыстағы объектілер мен ресурстарды жоғалту қаупі;

14) туристік және көліктік инфрақұрылымды дамытудың жетіспеушілігі;

15) кадрлардың дайындығының, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың нашар деңгейі және туризмнің ғылыми базасының болмауы;

16) әлемдік нарыққа облыс имиджінің қозғалысының жетіспеушілігі, Шығыс Қазақстанның туристік әлеуеті туралы жарнамалық ақпарат көлемінің жеткілікті болмауы;

17) туристік индустрияда ұсынылатын қызмет сапасының төмендігі;

18) бұқаралық және балалар-жасөспірімдер туризмінің нашар дамуы.

19) қаржы-несие ресурстарына қол жетімділіктің аздығы, бұл кепілдік мөлшерінің несиенің сұралған сомасын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіздігі;

20) кепілдік болмағанда нақы секторда бизнес ашу мүмкіндігінің болмауы.

21) азық-түлік бойынша болса да, азық-түлік емес тауарлар бойынша болса да импорттық жеткізулерге тәуелділік;

22) өнімнің төмен бәсекелестікке қабілеттілігіне байланысты өндіретін тауарларға сұраныстың төмендеуі.

23) сауда дамуының нақты көрінісінің жоқтығы.

24) ғылым мен өнеркәсіп арасындағы бөліністің күшеюі;

25) дамыған елдерден технологиялық артта қалуды сақтау және ұлғайту;

26) интеллектуалдық ресурстардың кетуі;

27) минералды шикізаттың және металлургиялық кешеннің басымдылығы.

28) шикізат базасының азаюына байланысты өңірдің инвестициялық тартымдылығының жоғалуы;

29) мемлекеттік саясаттың тиімсіздігі нәтижесінде индустриялық аймақтардың инвестициялық тартымдылығының жоғалуы;

30) экономика мен инвестицияның бағытталуының шикізаттық диспропорциясына байланысты жоғары тәуекелді экономиканың сақталуы;

31) негізгі капиталға инвестициялардың төмен көлеміне байланысты өнеркәсіптік-өндірістік әлеуеттің жоғалуы;

32) инвестициялар тартуға бағытталған қаражаттың тиімсіз қолданылуына байланысты жергілікті бюджеттің тікелей шығындары;

33) Шекарааралық Ертіс өзенінің ластануы;

34) иесіз, өнеркәсіптік, уытты және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу үрдісі байқалады, сондай-ақ екінші қайтара өңдеу және пайдаға жарату технологиялары жоқ;

35) табиғи-климаттық жағдайлардың шұғыл өзгеруі;

36) жалпы экономикалық жағдайдың нашарлауы, орман, орман өндеу, орман химиялық өнеркәсіп өнімінің нарық конъюктурасының нашарлауы, орман шаруашылығы өнімі бөлігінде экспорттық-импорттық операция кеден ережелерінің өзгеруі;

37) жанар-жағармайға бағалардың айтарлықтай жоғарылауы, бұл энергия тасушыларға бағалардың тұрақсыздығымен байланысты.

38) 45 жылдан артық қолданыста болған мектептер санының көптігі;

39) еңбекақы мөлшерінің төмен болуына байланысты техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде мұғалімдер және өндірістік білім беру шеберлерінің кетуі;

40) саланың аз қаржыландырылуы білім беру мекемелерінің материалды-техникалық базасының елеулі тозуына әкеліп соқтырады.

41) саланы жеткіліксіз қаржыландыру медициналық құрал жабдық пен медицина мекемелерінің ғимараттарының тозуына әкеледі, бұл ауруларға уақытында диагностика жасау мен халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын төмендетеді;

42) мамандар тапшылығының артуы.

43) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің жеткіліксіз әдісі, есепке табыстары алынып, шығыстары алынбайды.

44) кәсіпорындарда және мемлекеттік секторда бос жұмыс орындар санын қысқарту салдарынан жүмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша мүмкіндіктерді шектеу.

45) жергілікті деңгейдегі тарихи және мәдени ескерткіштердің жергілікті жерлерде баланс ұстаушыларының болмауы ескерткіштерді есепке алу, күзету және қадағалау шараларының жүргізілмеуіне әкеліп соғады;

46) мәдени-демалыс қызметтерінің сапалық деңгейінің және жанрлық, стильдік әртүрлілігінің төмендеуі;

47) мәдениет және өнер қызметкерлері үшін біліктілік арттыру институттарының (орталықтарының) болмауы;

48) мәдениет саласы инфраструктурасын дамыту деңгейінің жеткіліксіздігі, маман кадрлар мен ұйымдардың тапшылығы.


49) мемлекеттік тілді қолдану аясында құқықтық олқылықтардың болу;

50) Қазақстандықтардың тіл мәдениетінің төмендеу мүмкіндігі.

51) Балалар-жасөспірімдер спортының әлсіз дамуы;

52) спорт инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы, материалдық-техникалық базасының төмендігі;

53) облыстағы жоғарғы спорттың дамуына арналған жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен жоғарғы спорттық шеберлік мектебінің болмауы;

54) ауылдағы спорт нысандарының, спорт инвентарьларының жеткіліксіздігі.

55) облыстағы қоғамдық-саяси ахуалдың күрделенуі;

56) Деструктивті діни ағымдардың таралуы;

57) Қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған жергілікті ҮЕҰ халықаралық грантарды іске асыру;

58) Ресейдің ақпараттық ықпалы.

59) облыстағы қоғамдық-саяси ахуалдың күрделенуі;

60) жастардың деструктивті ағымдарға тартылуы;

61) Қытай тарапынан ақпараттық кеңістіктің бұзылуы;

62) Ресейдің ақпараттық ықпалы.

63) облыстың георграфиялық орналасуы есірткі құралдарын Ресей мен еуропа мемлекеттеріне тасымалдау үшін жағдай жасайды;

64) Кедендік одақ және болашақтағы бірыңғай экономикалық кеңістіктің қызмет ету жағдайында трансұлттық байланыстары бар қылмыстық топтардың қимылы белгілі қауіп-қатер болып табылады.

65) облыста түзету мекемелерінің көп шоғырлануы.

66) облыс аумағында күші 7 - 9 балға дейін күшті жерсілкінісі балу қауіпінің болуы;

67) нысандарды тексеру және сейсмикалық күшейту бойынша жобаларды қаржыландырудың жүргізілмеуі;

68) іс-шаралардың жеткіліксіз қаржыландырылуына байланысты гидротехникалық құрылыстардың кепілді нықтылығын қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралардың жоқтығы;

69) аумақтың химиялық зақымдалуы кезінде адамдырдың өмірін және денсаулығын қамтамасыз ету үшін заманауи жеке қорғану құралдарын сатып алуға қаражаттың жоқтығы;

70) заманауи қосалқы қорғалған басқару пунктін салуға қаражаттың жоқтығы.

71) мұрағат саласындағы тиімсіз жұмыс.

72) телекоммуникациялық нарықта нақты бәсекелестіктің дамымауы;

73) азаматтық тағайындаудағы радио жиіліктің шектеулігі.

74) қысқы айларда құрылыс материалдары шығынының артуы;

75) құрылыс саласында білікті мамандарының жеткілікті болмауы.

76) тұрғын үй құрылысының, соның ішінде жеке тұрғын үй құрылысының төмендеуі.

77) ішкі және сыртқы конъюктурасының нашарлау мүмкіндігіне байланысты макроэкономикалық тәуекелділіктер;

78) бюджеттік қаржыландыруды қысқарту;

79) темір жол көлігінде жоғары тозудың және құралдың бұзылуының салдарынан апаттардың және техногендік катастрофалардың тәуекелділігі;

80) қолданыстағы жол-пайдалану техникасының жоғары тозуы байқалады.

81) макроэкономикалық қатерлер сыртқы және ішкі конъюктураның нашарлау мүмкіндігіне, экономиканың өсу қарқыны және инвестициялық белсенділіктің төмендеуіне, банк жүйесінің дағдарысына, өнеркәсіптегі құлдырауға және т.б. байланысты.

82) Жұмыстардың өзіндік құнына әсер ететін энергия тасымалдаушылардың және құрылыс материалдарының бағасы көлік саласы дамуының сындық факторлары болып табылады. Кейбір салалар (жанар-жағармай, құрылыс материалдарының өндірісі) жеткіліксіз дамыған.

83) ұңғымаларды пайдалану режімінің бұзылу нәтижесінде жер асты су көздері сапасының төмендеуі, иесіз гидрогеологиялық ұңғымалардың көп мөлшерде болуы, жер асты суының техногендік ластануы;

84) табиғи тозудың салдарынан жабдықтың жұмыс істемей қалуы, қоршаған ортаға теріс әсер ету тәуекелі;

85) сумен қамту объектілерінің ұзақ мерзім пайдаланудың нәтижесінде қалыптасқан қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі;

86) халықтың денсаулығының нашарлауына әкелетін су дайындаудың ескірген технологиясы қолданылады;

87) апаттың көбеюі, тәуліктік судың болмауы.

88) ЖЭО орнатылған және мүмкіндігі бар қуаттарының көптеп төмендеуінің болуы, қазандықтар қуаттылықтарының істен шығуы, жылу көздері агрегаттарының негізгі қорлардың тозуының жоғары деңгейде болуына байланысты апаттық жөндеуде тұрып қалуы;

89) бәсекелестік ортаның дамымауы.

90) жылу желілерінің жылу көздерінің, магистральдік және ішкі кварталдық энергетикалық және қазандық құралдарының қатты тозуы;

91) жылу энергиясын жоғалтудың жоғары деңгейі.

92) көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және терможаңарту бойынша жобаларды мемлекеттік бюджеттен жеткіліксіз қаржыландыру, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңартудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасына қатысу қажеттілігі туралы нашар түсініктеме жұмыс.

94) облыс елді мекендерінің қанағаттанарлықсыз санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйі, тұрғын қорының, көріктендіру элементтерінің тез тозуы, жабындардың, қасбеттердің қанағаттанарлықсыз жай-күйі, елді мекендердің келісімсіз келбеті.

95) аумақтарды бас жоспарсыз бей-берекет салу

96) ауыл халқының көшуіне байланысты халық санының азаюы.

97) халық санының азаюы, ауылдық елді мекендердің құлдырауы.

98) ЖАО е-үкіметтің базалық компоненттерімен ықпалдандырылуы жоқтығына байланысты интерактивтік мемлекеттік қызметтерді ұсынуға дайын еместігі;

99) облыс халқының әлсіз ақпараттанғанына байланысты электрондық мемлекеттік қызметтердің сұранымсыздығы;

100) халықтың ұсынылатын электрондық мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттанбауы.

101) әйелдердің құқықтарын қадағаламау;

102) әйелдерді жыныстық дискриминациясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет