БАҒдарламасы өскемен қ., 2015 жыл Паспорт



бет4/8
Дата08.06.2018
өлшемі2,82 Mb.
#41491
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

2.2.2. Әлеуметтік сала

2.2.2.1. Білім беру

2012 және 2014 жылдар аралығында білім беру саласында білім алуға қолжетімділік пен сапасын қамтамасыз ету, ауылдағы білім беруді дамыту бойынша іс-шаралар жүзеге асыруға бағытталған 2010-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жұмыстары жүргізілді.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісін сақтау және кеңейту, 5-6 жастағы балалардың мектеп алды даярлығына қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. 2014 жылы облыс бойынша 235 бала-бақша және 590шағын орталық жұмыс істеді. Мектепке дейінгі балалардың жалпы санынан мектепке дейінгі біліммен қамтылу 98,2 % (69360 бала) құрады. Бала-бақшалар желісі 2013 жылмен салыстырғанда 26 мекемеге артты.

5-6 жастағы балаларды мектеп алды даярлығымен қамту 100% құрады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда кезекте тұран балалар саны – 24903 бала, соның ішінде 1 ден 6 жасқа дейінгілеу– 19626 бала, 3 тен 6 жасқа дейінгілер – 5277 бала.

9 кесте


2013-2014 жж. мектепке дейінгі ұйымдар желісінің даму динамикасы


Мектепке дейінгі мекемелер саны

Шағын орталықтар саны

Балалардың мектепке дейінгі қамтылуы

Шағын орталықтармен қамтылуы

Балалардың жалпы қамтылуы%

1.01.15ж. Кезектегі адамдар саны

2013ж

2014ж

2013ж

2014ж

2013ж

2014ж

2013ж

2014ж

2013ж

2014ж




209

235

1183

590

37761

37108

29701

32252

97,4

98,2

24903

Орта білім беруде 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшуге дайындалу, мектеп жасындағы балалардың оқумен толық қамтылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді.

Облыста жалпы білім беру мектептері санының төмендеу тенденциясы мен демографиялық және көшу үдерістері салдарынан оқушылар контингентінің азаюы сақталып отыр. Контингенттердің жоқтығынан жалпы білім мектептерінің санының азаюы байқалады.

10 кесте

2012-2014 жылдардағы мемлекеттік күндізгі жалпы білім

беретін мектептер желісінің өзгеру динамикасы


2012ж.

2013ж.

2014ж.

бірл. саны

контингент, адам

бірл. саны.

контингент, адам

бірл. саны

контингент, адам

698

167586

687

167746

676

169629

Облыстың барлық мектептері компьютерленген. 2014 жылы жалпы білім беру мектептерінде компьютермен қамтылу 7 оқушыға бір компьютерді құрайды. Кең жолақты интернетке мектептердің 52,1% қосылды.

Мектептердің материалдық-техникалық базасын жабдықтауда пәндік кабинеттер және қондырғылармен жабдықтау жеткіліксіз болып қалып отыр. 2014 жылы мультимедиялық кабинеттермен жабдықтау – 67,2 % физика- 64,8%, химия-56,8 %, биология-46% құрайды.

11 кесте

2014 жылы мектептерді пән кабинеттері мен құрал-жабдықтармен

қамту динамикасы


мультимедиялық кабинеттер

физика кабинеттері

химия кабинеттері

биология

кабинеттері



саны

%

саны

%

саны

%

саны

%

454

67,2

402

64,8

352

56,8

285

46,0


676 жалпы білім мектептерінің 194 бейімделген бөлмежайларда орналасқан, 01.01.2014 жылғы жағдай бойынша 36 мектеп апаттық деп танылған, 2014 жылдың қорытындысы бойынша апаттық мектептердің орнына 18 мектеп қолдануға берілді. Қосымша білім беретін ұйымдардың материалды-техникалық базасы әлсіз – 72 ұйым бейімделген бөлмежайларда орналасқан.

2014 жылы мектептерді оңтайландыру жүргізілді. 01.01.2015 жылға жалпы білім беретін мектептер желісі 676 құрады.

Облыс мектептерінде 20,7 мың педогогикалық қызметкерлер жұмыс істейді, оның ішінде 16,8 мың адам және 80,1% әйел, соның ішін ауылды мекенде –65,0 %. Аз тартудың және еңбекақының аз болуы себебінен мектептерге жас педагогтар ағымы жеткіліксіз.

Қазақстан Республикасында сапалы білім жүйесін енгізуге сәйкес облыс мектептерінің оқушыларыбіріңғай ұлттық тестілеу (бұдан әрі ҰБТ) формасында аттестациядан сәтті өтеді. ҰБТ нәтижелері бойынша орташа балл 78,04 баллды құрады.

Облыста 3519 мыңнан артық жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады, 2014 жылы 358 бала қамқорлыққа (қорғаншылыққа) және патронаттық тәрбиеге берілді (2013 жылы-225). 10 интернаттық үлгідегі жетім балаларға арналған мекемелерде 967 жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар оқытылып тәрбиеленеді. 10 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы (түзету) (соның ішінде 4 жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған) интернаттық мекемелерде 1340 бала тұрып білім алады. 50 баланың қамтылуымен девиантты мінез-құлықты балаларға арналған 2 интернат жұмыс істейді.

Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін қамқоршы отбасына және асырап алушылар отбасыларына беру есебінен интернатта тұратын балалардың әлеуметтенуі өзекті міндеттердің бірі болып табылады.

Жаз кезінде облыс бойынша 35 қала шетіндегі балалар сауықтыру лагерлері жұмыс істейді, соның ішінде: 3 жыл бойында жұмыс істейтін лагерь (2 мемлекеттік, 1 жекеменшік), 32 қала шетіндегі лагерь (21 мемлекеттік, 11 жекеменшік). Абай, Аягөз, Бесқарағай аудандарында қала шетінде лагерлер жоқ. 2014-2015 оқу жылында облыста 86580 оқушыны қамтумен қосымша 121 ұйым жұмыс істейді, ол 51% құрады.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісі 2014 жылмен салыстырғанда 8 мекемеге азайды. Облыста 81 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі-ТжКБ) жұмыс істейді.

2014 жылы ТжКБ беру мекемелерін ынтайландыруға байланысты олардың саны 81 құрады. Сонымен қатар Курчатов қаласында Семей қаласы «Электротехникалық колледжі» бөлімшесі ашылып, облыстың барлық аймақтарын техникалық және кәсіптік білім берумен қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырды.

ТжКБ оқу мекемелерінде 38,8 адам оқиды (сырттай оқу түрін қосқанда), соның ішінде мемлекеттік білім тапсырмасы бойынша 18,3 мың адам (немесе 47%). Кадрларды даярлау 122 мамандық бойынша (230 біліктілік) жүзеге асырылады, бұл экономика саласын техникалық және кәсіптік біліммен қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Техникалық және ауыл шаруашылық мамандықтар бойынша 16,2 мың адам білім алады (жалпы контингенттен 42 %).

2014 жылы мамандарды және жұмыс кадрларын енгізу 8,9 мың адамды құрайды, оның ішінде 62,8 % жұмысқа орналасты, 10 % білімін жалғастырды.

ТжКБ беру мекемелерін оңтайландыруға байланысты 2014 жылдың қорытындысы бойынша «Үлгілік жастағы жастарды (14-24 жас) техникалық және кәсіби біліммен қамту деңгейінің үлесі» көрсеткіші орындалған жоқ (жоспар– 16,8%, нақты – 15,4%).

Жеткіліксіз кәсіптік бағдарланған жұмыстың күшіне, соның ішінде жұмыс берушілер тарапынан экономика саласының кадрларға және нақты дайындыққа мұқтаждығы проблемасы келіспеушілік болып қалады.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім алу мәртебесін және контингеннті арттыру мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында кәсіби бағдарлау (семинарлар, БАҚ –та насихаттау және т.б.) жұмыстары жүргізіледі



Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру мақсатында консультативті-кеңестік органдардың қалыптасуы аяқталды:

облыс әкімдігі жанында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасарының төрағалығымен техникалық және кәсіптік білім және кадрларды дайындауды дамыту мәселелері бойынша кеңес қызмет етеді;

қалалар және аудандары әкімдіктерінің жанында кадрларды дайындау бойынша кеңестер құрылған;

облысты шағын мамандандыру есебімен салалық кеңестер құрылған (аграрлы сала, туризм, металлургиялық және құрылыс салалары).

ТжКБ мекемелерінде МТБ нығайтуға бюджет қаражатынан 2013 жылы 441,6 млн. теңге бөлінді (2013 жылы – 314,3 млн.теңге).

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары:



  1. мектепке дейінгі білім беру мекмелерінде кезек санының азаюы, мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен қамтамасыз етілген балалар санының артуы;

  2. Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі басқарудың жаңа жүйесін енгізуде республика бойынша тәжерибе алаңы болып табылады;

  3. облыстың орта білім беретін 12 мектебі жан басына шаққандағы нормативті қаржыландыруды енгізу бойынша пилоттық жобаға кіргізілген;

  4. апатты жағдайдағы мектептерді, 3 ауысымды оқытуды, оқушылар орны тапшылығының азаюын жою;

  5. үш деңгейлі жүйе бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру.

Әлсіз жақтары:

  1. балалардың мектепке дейінгі мекемелерінде кезектілікті сақтау;

  2. білім беру ұйымдарының материалдық – техникалық базасының жеткіліксіз қамтылуы, оның ішінде жаңа модификация кабинеттері, компьютер техникасын жаңарту;

  3. техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде алған мамандық (біліктілік) бойынша жұмыспен қамтылу;

  4. ТжКБ беру мекемелерінде арнайы пән және өндірістік білім беру шеберлерінің тапшылығы;

  5. мұғалімдер кәсібилік деңгейінің жеткіліксіздігі, пәндік методистерінің тапшылығы, әлсіз менеджмент.

Мүмкіндіктер:

  1. білім беру нысанары құрылысын қаржыландыруды арттыру; күрделі (кешенді) жөндеу жұмыстарын өткізу, материалды техникалық база;

  2. білім беру нысандарын салуда мемлекеттік - меншік серіктестігін дамыту;

  3. электронды оқытуды енгізу;

  4. жекеменшік бала-бақшалар ашу;

  5. қосымша білім беру ұйымдарының желісін арттыру;

  6. отбасы үлгісіндегі балалар үйлерін ашу;

  7. жетім және АҚҚ (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған) балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету.

Қауіптер:

  1. 45 жылдан артық қолданыста болған мектептер санының көптігі;

  2. еңбекақы мөлшерінің төмен болуына байланысты техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде мұғалімдер және өндірістік білім беру шеберлерінің кетуі;

  3. саланың аз қаржыландырылуы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасының елеулі тозуына әкеліп соқтырады.



2.2.2.2. Денсаулық сақтау

2012 - 2014 жылдары облыста демографиялық жағдай келесідей болады:



  1. тұрғындардың туу деңгейі 1000 тұрғынға шаққанда 16,67-тен бастап (2012 жылы) 17,14-ға (2014 жылы) дейін артуы;

  2. өлім көрсеткішінің 1000 тұрғынға шаққанда 2014 жылғы 10,42-ге (2012 жылы – 11,62) дейін төмендеуі;

  3. тұрғындардың табиғи өсім коэффициенті 1000 тұрғынға шаққанда 2014 жылы «+6,72» қарсы «+5,05» (2012 жыл) дейін артқаны байқалады.

2012-2014жж. ШҚО және ҚР бойынша өлім-жітім динамикасы



21 сурет


2014 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш (17,14) орташа республикалық көрсеткіштен 1,35 есеге төмен (ҚР – 23,20); өлім деңгейі-10,42 орташа республикалық көрсеткіштен 1,4 есеге артады (ҚР – 7,65).

Облыста туудың барынша төмен көрсетіштері облыстың жекелеген өңірлерінде тұратын тұрғындардың жыныстық-жастық құрамының, яғни ұрпақты болу жасындағы (15-49 жас) тұрғындар жасына қатысты бала көтергіштіктің әсер етумен түсіндіріледі. Облыс тұрғындары демографиялық қатынаста жастардың төменгі үлес салмағы есебінен қартаю беталысы бар.

Аталған жағдай облыстағы еркектер мен әйелдер күтілетін өмір сүру ұзақтығы деңгейінде де байқалады: 2014 жылы көрсеткіш 2013 жылғы 69,49 -ға қарсы 70,77 құрады, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 0,85% төмен (ҚР – 2014ж. 71,62);

Ластанудың жоғары деңгейі бар өндірістік қалалардың болуы, ластану аймағында радиобелсенді шөгінділерде тұрғындардың көп жыл тұру факторы өңір экологиясына әсер етіп, тұрғындар денсаулығына теріс әсерін тигізді, сонымен қатар, облыстың шекараға жақын сипаты және белсенді көші-қон үрдісі де облыс тұрғындарының денсаулығына әсер етеді.

Облыста әйелдер мен балалар денсаулығының төмен деңгейі және ұрпақты болу денсаулығының мәселесі өзінің өзектілігін сақтап отыр. Ана өлімінің көрсеткіші 2014 жылы 4,3 2012 жылмен салыстырғанда 3 есеге дейін төмендегені байқалады (13,2), ҚР бойынша көрсеткіште 100 000 тірі туғанға шаққанда 11,5 (ҚР – 2012 жылы 13,5 ).

Ана өлімінің басты себептері-акушерлік қан кету, гестоздар, экстрагениталды патология, түсік пен аурушаңдықтың жоғары деңгейінің салдары (жыныс жолдары арқылы берілетін жұқпалар, анемия) болып табылады. Бұл жағдай медициналық қызмет сапасының жеткіліксіздігі және білікті кадрлардың, әсіресе ауылдарда тапшылығымен түсіндіріледі. 2014 жылы ана өлімі облыстың 1 ауданында тіркелген.



Облыс бойынша нәресте өлімі көрсеткішінің төмендеу үрдісі байқалады: 1000 тірі туғанға шаққанда көрсеткіш 16,2 бастап (2012 жыл) 2014 жылы 10,8-ге дейін төмендеген.
2012-2014 жж. ШҚО бойынша ана мен сәби өлімінің динамикасы

22 сурет
Нәресте өлімінің негізгі себептері перинаталдық кезеңде туындайтын жағдайлар болып табылады. Нәресте өлімінің құрылымында екінші орынды туа біткен даму кемістігі алады, бұл жүргізілетін ерте диагностикалаудың жеткіліксіз деңгейімен (жүкті әйелдердегі туа біткен даму кемістігін анықтауға арналған скринингтер), жалпы облыстағы және жекелеген аудандардағы жайсыз экологиялық жағдайлармен түсіндіріледі.

Облыста ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015жж. арналған «Саламатты Қазақстан» атты Мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда, оның басты бағыттарының бірі- ҚР аналар мен балалар өлімін төмендету болып табылады. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 29.11.2010 жылғы № 1113 Жарлығымен бекітілген. Бұл мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру 2014 жылы босануға көмектесетін құралдармен жабдықтауды 80,1% дейін, балалар ұйымдарын жабдықтауды 74,7% дейін жақсартуға және жүктілікті бақылау мен босану процесіне жаңа технологияларды енгізуге, перинатальды көмекті өңірлендіруге көмегін тигізді.

Өңірде соңғы 3 жылда тұрғындар арасындағы аурушаңдық 8,8% төмендегені байқалады, яғни 2012 жылы 64228,0 болса 2014 жылы (алдын ала) 58643,9 болды.

Республикалық орташа көрсеткіш деңгейінің артуы көптеген ауру түрлері бойынша байқалады: эндокриндік аурулар, соның ішінде қант диабеті, тыныс алу органдарының ауруы, сүйек-бұлшық ет жүйелерінің, несеп жолы жүйелерінің аурулары мен жарақаттар және уланулар бойынша.

Өткен жылдардың көрсеткіші бойынша тұрғындардың әлеуметтік маңызы бар аурулардан болатын өлім көрсеткішінің төмендегені байқалады.

Облыста туберкулезбен ауру көрсеткішінің төмендегені де байқалады, 100 мың тұрғынға шаққанда 101,1-ден (2012) 2014 жылы 71,3-ке дейін, республикалық орташа көрсеткіштен 7,2% артық (ҚР 66,5).
2012-2014 жылдары ШҚО және ҚР бойынша туберкулезден

ауру және өлім (100 мың тұрғынға шаққанда)


23 сурет


Туберкулезден болған өлімнің жыл сайын төмендеуіне қарамастан облыс көрсеткіші ҚР бойынша 1,4 көрсеткішінен асады (2014 жылы ШҚО –6,5, ҚР 100 мың тұрғынға 4,7).

Эпидемиологиялық көрсеткішті тұрақтандыруға бағытталған беталысқа қарамастан туберкулез аурушаңдылығының алдағы уақытта жасаруы (18 жастан 55 жасқа дейінгі тұлғалар ауырғандардың жалпы санының 81,9 % құрайды), жұмыссыздар мен әлеуметтік бейімделмеген топтар санынан ауырғандардың үлес салмағының артуы байқалады, туберкулездің дәріге көнбейтін аурушаңдық өсуі байқалып отыр.

2014 жылы балалардың ауруы 100 мың тұрғынға 13,9 -ден 2012 жылы 16,7 құрайды, бала тұрғындардың аурушаңдығы 16,8% төмендеді. Облыста мектепке дейінгі санаторлық топтар жетіспейді, инфекция ошағындағы балалардың 50% оқшаулау мен сауықтыруды қажет етеді, 90% астамы – «қатерлі» топтан. Облыстағы эпидемиологиялық ахуал түзету мекемелер санының көптігімен, ондағы туберкулезбен ауыратындың айтарлықтай көп болуымен асқынуда. Бұл контингент арасында белсенді туберкулезбен аурушаңдық облыстың азаматтық тұрғындары арасынан 10,6 есе артық.

Туберкулез бойынша бағдарламаны жүзеге асыру шараларының өткізіліп жатқанына қарамастан, науқастарға әлеуметтік көмек көрсету мәселесіне (баспана беру, жол қаражатын төлеу, туберкулезбен ауыратындардың тамақтануына, балаларды қоса) қаражат бөлу өзекті мәселе болып қалуда.

Облыста қатерлі ісік ауруларымен аурушаңдық көрсеткішінің артуы байқалады, 100 мың тұрғынға 2012 жылы 276,2 ден 2014 жылы *299,0 дейін артты, ҚР бойынша – 197,7 Аурушаңдықтың артуын ауруды анықтаудың жақсаруымен, қатерлі ісікті ерте анықтау бойынша скринингілік бағдарламаны енгізумен түсіндіруге болады.
ШҚО және ҚР бойынша қатерлі ісік аурушаңдығымен ауыру

(100 мың тұрғынға шаққанда)



24 сурет


Қатерлі ісікпен барынша көп аурушаңдық облыстың мынадай өндірістік дамыған аудандарында және бұрынғы Семей сынақ полигонына іргелес жатқан аумақтарда тіркелген: Өскемен, Семей, Зырян, Риддер қалалары, Бесқарағай, Бородулиха, Глубокое, Ұлан, Шемонайха аудандары.

Облыста қатерлі ісік аурушаңдығынан болған өлімнің 100 мың тұрғынға шаққанда 2012 жылғы 154,9-дан 2014 жылы 144,5 дейін төмендегені байқалады, бұл ҚР бойынша көрсеткішін 1,6 есе көп (100 мың тұрғынға 91,11) құрайды.


ШҚО және ҚР бойынша қатерлі ісік аурушаңдығынан болған өлім

(100 мың тұрғынға шаққанда)



25 сурет


Тұрғындар аурулары арасында әлеуметтік-маңызды аурулардың қатарында барынша маңызды қан айналымы жүйесінің аурулары тұр. Жалпы өлім құрылымында 23,9% барынша көп үлес салмағы қан айналымы жүйесі ауруларына келеді. 2014 жылы қан айналымы жүйесі ауруларының (ҚАЖ) көрсеткіші 249,3 құрады, Қазақстан Республикасы бойынша көрсеткіште *2014 жылғы 100 мың тұрғынға шаққанда 162,45 (алдын ала мәліметтер).
2012-2014 жылдардағы ШҚО және ҚР ҚАЖА өлім көрсеткіші

26 сурет


Қан айналымы жүйесі ауруларынан болған өлімді төмендету мақсатында облыста кардиохирургиялық көмек қызметінің жұмысы жолға қойылған. Жүрек патологиясы бар, әсіресе жіті коронарлық синдромы бар науқастарға емдеу тактикасын таңдауда жүрек қантамырлары патологиясын ерте диагностикалау әдісі және негізгі дифференциалдық әдіс ретінде коронарография енгізілген. Облыста кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектің дамуы, емдеу мен тексерудің жаңа әдістерінің енгізілуі 2014 жылы жүректің ишемиялық ауруынан болған өлімнің 2012 жылмен салыстырғанда 1,2 есе төмендеуіне әкелді.

Жарақаттардан, бақытсыз жағдайлардан және уланулардан болған (12,5%) өлімі облыс тұрғындары өлімінің себептері арасында үшнші орынды алады – 2014 жылы 129,9, 2012 жылмен салыстырғанда төмендеу 7,9%, 2014 жылға ҚР көрсеткіші бойынша – 88,33 (ҚР ДСМ жинағының мәліметтері бойынша).


Жарақаттардан, бақытсыз жағдайлардан және уланулардан болған өлім

27 сурет
АҚТҚ инфекциясының облыс тұрғындары арасында таралуы бойынша біздің өңір эпидемияның шоғырланған сатысында тұр. АҚТҚ инфекциясы аурушаңдығының динамикасын талдау аурушаңдықтың біраз көбейгенін көрсетеді, 2012 жылдан 2014 жылға дейін 15,3 тен 20,3 ке 32,7 % көтерілгенін көрсетеді.

АҚТҚ инфекциясы эпидемияның шоғырланған сатысында таралуын тұрақтандыру мақсатында алдын алу шараларын жүргізу жалғасуда, сондай-ақ ЖҚТБ науқастарына қажет антиретровирусты терапия толық көлемде қамтамасыз етілген.

АҚТҚ инфекциясын жұқтырғандарды толық көлемде медициналық көмекпен қамтамасыз ету, оларды тексеру және емдеу мақсатында облыстың 5 стационарында төсек саны бөлінген.



Ақысыз медициналық көмектің кепілденген көлемге шығындары 2012 жылы 36891,3 млн теңгеден 2014 жылы 50976,3 млн. теңгеге өсті.
ШҚО бойынша денсаулық сақтау ісіне арналған шығыстар

(ТМКК млн. теңге)

28 сурет


Ауыл тұрғындарына дәрілік көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін дәріханалық ұйымдары жоқ ауылдық елді мекендерде БМСК объектілері арқылы дәрі-дәрмектер сату ұйымдастырылған.

Облыстың денсаулық сақтау саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі маңызды мәселе болып қалуда. 2012 жылы дәрігерлер саны – 5945 (мем.-4384), орта медқызметкерлер – 14371 адам (мем. -10851). 01.01.2014 жылы дәрігерлер саны азайып, 5568 адамды құрады (мем -4396), орта медқызметкерлер -13547 адам (мем.-11305).

Тұрғындарды барлық мамандықтағы дәрігерлермен қамтамасыз ету, барлық медициналық ұйымдарды қоса (мемлекеттік және жеке) 2014 жылы 40 құрады, мемлекеттік медициналық ұйымдарды дәрігерлермен қамтамасыз ету бірнеше жыл қатарынан бір деңгейде -31,5 болып қалуда (2012 жылы -31,5).

Бүгінгі күні дәрігер кадрларының тапшылығы 153 дәрігерді құрап отыр, оның ішінде ауылдық жерлерде – 44. 2014 жыл бойында 206 жас маман келді (2012 жылы – 162), тұрғын үй алғандары – 22, көтерме қаражаттармен – 49, тұрғын үй сатып алу үшін пайызсыз несиемен – 17 маман қамтылды.


2012-2014 жылдары ШҚО бойынша дәрігерлермен және орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу (мем. құрылымдар)

29 сурет


Дәрігер кадрлардың «қартаю» үрдісі байқалады: 50 жастан жоғары жастағы тұлғалар 34,6 пайызды, 30 жасқа дейінгі 21,4 пайызды құрады. 25 жылдан астам өтілі бар мамандардың үлес салмағы артып отыр, бұл жас кадрлар келуінің төмендегені туралы куәландырылады.

Осыған байланысты, 2014 жылғы «Біліктілік санаты бар дәрігерлер (жоспар бойынша - 70%, нақты – 63,6%), орта медициналық қызметкерлердің (жоспар бойынша - 65%, нақты – 65,97%) үлес салмағы» көрсеткіші жоспарлық маңызға жете алмады.

Осы көрсеткішті орындау үшін бірқатар іс-шаралар қарастырылды: жоспарға сәйкес дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыруға жолданды, көшпелі циклдар ұйымдастырылды, шетел мамандарының (Израиль, Корея, Алтай өлкесі) қатысуымен ғылыми-практикалық конференциялар және көшпелі шеберлік кластары жүргізілді.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтар:

1) демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, туудың өсуі, өлім-жітімнің азаюы, табиғи өсімнің артуы;

2) бала өлімі көрсеткішінің төмендеуі;

3) медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде тұрғындар үшін медициналық көмек жоғары технологиялық түрлеріне қолжетімділіктің жақсаруы;

4) кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметтің дамуы.

Әлсіз жақтар:

1) тұрғындардың денсаулық жағдайына әсер ететін өңірдегі экологиялық ахуал;

2) тұрғындардағы әлеуметтік-маңызды аурушаңдықтардың жоғары деңгейі;

3) облыс бойынша дәрігерлер тапшылығы 419 адам;

4) ұсынылатын медициналық қызмет сапасының жеткіліксіз болуы;

5) медициналық мекемелердің медициналық жабдықтармен және тұрпатты ғимаратпен жарақталу деңгейінің төмендігі.

Мүмкіндіктері:

1) заманауи медициналық объектілер құрылысын қаржыландыруды арттыру;

2) жаңа жабдықтар сатып алуға, ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізуге байланысты шығындарды қаржыландыру тетігін әзірлеу;

3) жұмыс орнына, атап айтқанда ауылдық елді мекендерге жұмыс істеп отырған медициналық кадрларды бекіту және жас мамандарды бекіту бөлігінде шаралар жүйесін әзірлеу.

Қауіптер:

1) саланы жеткіліксіз қаржыландыру медициналық құрал жабдық пен медицина мекемелерінің ғимараттарының тозуына әкеледі, бұл ауруларға уақытында диагностика жасау мен халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын төмендетеді;

2) мамандар тапшылығының артуы.

Сонымен, облыстың денсаулық сақтау ісіндегі негізгі мәселелер әйелдер мен балалар денсаулығының төмен индексі; нәресте өлімінің жоғарғы көрсеткіші; кадрлық мәселелер болып отыр. Тұрғындар аурушаңдығының, әлеуметтік-маңызды аурулар аурушаңдығын-онкологиялық аурушаңдықтарды, туберкулез аурушаңдығын қоса алғанда жоғары деңгейі; жарақаттар мен уланулар дың жоғары деңгейі; өңірдің экологиялық проблемалары және денсаулықты қорғау мәселелерінде тиімділігі аз сектораралық өзара әрекет, тұрғындардың өз денсаулықтарына жеткіліксіз жауапкершілігі.

Емдеу алдын алу ұйымдарының, әсіресе ауылдық жерлердегі ұйымдардың материалдық техникалық базасы әлі жеткіліксіз болып отыр.



2.2.2.3. Халықты әлеуметтік қорғау

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жағдайды талдау облыстағы соңғы 3 жыл бойында әлеуметтік қамту саласын дамытудың оң серпінін көрсетті: әлеуметтік саланы дамытуға бөлінетін бюджеттік қаражаттардың тұрақты өсіп отыруы, аз қамтылғандар санының 29,0 % төмендеуі, жұмысқа орналасқан жұмыссыздар санының жыл сайын өсуі, жұмыссыздық деңгейінің 0,1 пайыздық пунктке төмендуі.

4 тоқсан қорытындысы бойынша экономикалық белсенді тұрғындар саны 742,7 мың адамды құрады. 2013 жылмен салыстырғанда жұмыспен қамтылған тұрғындар санының 2,2 мың адамға кемуі және жалпы жұмыссыздар санының 1,0 мың адамға қысқаруы есебінен 3,2 мың адамға кеміді. Жұмыссыздар деңгейі 0,2 пайыздық пунктке азайып, 4,9 % құрады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 0,7 мың адамға қысқарды.

Еңбек нарығындағы жағдай бойынша жұмыс күшіне ұсыныс соңғы жылдары жұмыс берушілердің белгілі кәсіптер мен мамандар жұмысшыларына қажеттілікті 2 есеге асқан. Селодағы жұмыс күшіне сұраныс және ұсыныс дисбалансының негізгі себебі болып жұмыссыздар кәсібінің бар жұмыс орындардың құрылымына сәйкес келмеуі, сондай-ақ бос орындардың орналасқан жері жұмыссыздың тұратын жеріне сәйкес болмауы табылады, яғни тұрғын үй нарығы жұмыс күшінің өңірлік жеделділігін әлсіз қолдайды.

2014 жылы тартылатын шетелдік еңбек күшінің құрамындағы білікті мамандар үлесі 65,2 % құрады. Тартылатын шетелдік еңбек күшінің саны және оның ішіндегі білікті мамандардың үлесі жұмысберушілердің өтінімдеріне байланысты.

Нысаналы топқа жатқызылған жұмыссыз және жұмыспен қамтылмаған азаматттарды, оның ішінде репатрианттарды жұмыспен қамтуға жәрдем беру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары болып мыналар табылады: еңбек нарығындағы жағдай және ұсынылатын қызметтер кешені туралы ақпараттық қамту; жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу; жұмыссыздарды кәсіптік оқыту; қайта оқыту және біліктілігін арттыру; уақытша жұмыспен қамту: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру.

Одан басқа, халықты жұмыспен қамту мәселелері Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасын іске асыру арқылы шешілетін болады. Бағдарламаны iске асыру бiрiншi кезекте оқытуға, тұрғылықты жерi бойынша жұмысқа орналастыруға, өзiнiң жеке iсiн ашуға және кеңейтуге жәрдемдесуге, ал мұндай мүмкiндiктер болмаған жағдайда, жұмыспен нәтижелi қамтудың қолжетiмдiлiгiн кеңейту мақсатында экономикалық әлеуетi төмен елдi мекендерден экономикалық әлеуетi жоғары елдi мекендерге және экономикалық даму орталықтарына өз еркiмен көшуiне жәрдемдесуге бағытталған.

2014 жылы жұмысқа орналасқан этникалық репатрианттар үлесі 71,9 % құрады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметшілерін әлеуметтік қолдау мақсатында ұжымдық келісім-шарттар жасасу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2013 жылы ұжымдық келісім-шарттармен қамту 99,8% құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 22% артады. Бұл ұжымдық келісім-шарттарды жаңа мерзімдерге қайта жасасу, және де келісім-шартқа отырмаған кәсіпорындармен жұмыстар жүргізу арқылы қол жеткізілді.

2014 жылы барлық бюджеттік әлеуметтік бағдарламаларды орындауға республикалық бюджеттен трансферттерді ескере 7,0 млрд. теңге бөлінді.

Экономиканың барлық салаларының және әлеуметтік саланың дамуымен байланысты шаралар кешенін іске асыру нәтижесінде шығысқазақстандықтардың өмір сүру деңгейі едәуір жоғарылады. 2011 жылмен салыстырғанда аз қамтылған азаматтардың саны 21 % қысқарды және 2014 жыл соңында 21,7 мың адамды құрады.

2012-2014 жылдары аз қамтылған азаматтар

санының өзгеру серпіні

30 сурет


Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2012 жылмен салыстырғанда 43,8 % азайып, 2014 жылы 7466 адамды құрады.

2014 жылы жәрдемақының осы түрін 10952 отбасы алды, онда 28965 бала бар, бұл 2012 жылы 20,6 % төмен (аз қамтылған отбасыларынан балаларға мемлекеттік жәрдемақылардың төлемі мен тағайындалуы 2006 жылы басталды).

Тұрғын үй көмегін 2014 жылы 10166 отбасы алды, бұл 2012 жылға қарағанда 11,2 % кем. Көмек мөлшері 2014 жылы орташа алғанда 1555 теңге (2012 жылы - 1312 құрады).

Атаулы әлеуметтік көмек алушылары ішіндегі еңбекке жарамды тұрғындардың үлес салмағы 2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 7,5 % азайып, 27,9 % құрады.

Атаулы әлеуметтік көмектің орта мөлшері 2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 2084 теңгеден 2660 теңгеге ұлғайды.

ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, соларға теңестірілген адамдарға

9 мамырдағы мерекелі күнге материалдық көмек беріліп отырады.

Облыста 15 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді, оның 8 медициналық- әлеуметтік мекеме жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған, 4 психоневрологиялық медициналық- әлеуметтік мекеме, 2 тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған медициналық- әлеуметтік мекеме (2013 жылдан бері 80 төсек орынға арналған Бозанбай ПМӘМ жұмыс істеп келеді, Зимовьев ПМӘМ-де 150 төсек орынға жатын корпус пайдалануға енгізілді), 1 балаларға арналған психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекеме жұмыс істейді.

01.01.2015 жылғы жағдай бойынша МӘМ жалпы тұрпатта қызмет көрсетілетін 1110 қарттар мен мүгедектер, 1399 мүгедектер мен психоневрологиялық аурулар, 193 тірек - қозғалыс аппараты бұзылған балалар, 107 психоневрологиялық балалар тұрады.

Осы ұйымдарда 01.01.2015 жығдай бойынша кезектілік 180 адам, соның ішінде психоневрологиялық МӘМ -154 және балалар психоневрологиялық МӘМ -16 құрайды.

2014 жылы 49 жалғызілікті қарт азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері, онда 5147 адамға қызмет көрсетілді. Мүмкіндігі шектеулі 2336 балаға 20 үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі қызмет көрсетті. Барлығы 7348 адамға қызмет көрсетілді. 2012 жылы 47 бөлімшеде 4908 қарт жалғызілікті азаматтарға қызмет көрсетілді, 19 бөлімшеде мүмкіндігі шектеулі 4424 балаға қызмет көрсетілді. Барлығы 7332 адам.



2014 жылы 8 қоғамдық ұйымдарда 1158 азаматқа қызмет көрсетілді. 2012 жылы 9 қоғамдық ұйымдармен 389 азаматқа қызмет көрсетілді.

Жұмыспен қамту органдарында 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген жұмыссыздар саны 2,9 мың адамды құрады, бұл 2014 жылдың 1 қаңтарынан 10,5% төмен. Экономикалық белсенді тұрғындар санында тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,4 % деңгейінде.
2012-2014 жылдары тіркелген жұмыссыздар санының өзгеру серпіні



31 сурет

Сонымен қатар, еңбек нарығының салмақты серпінділігіне қарамастан, 2014 жылдың қорытынды көрсеткіші «Жалпы жұмысбасты тұрғындар санына өзін-өзі қамтыған тұрғындардың үлесі» жоспардан 0,8%-ға артып, 31,8%-ды құрады. Бұл өзін-өзі қамтығандар құрамына кіретін шағын несие алушылардың санының өсуіне байланысты. Аталған тұлғалар несие алғаннан кейін жеке кәсіпкер ретінде қайта тіркеледі, сол арқылы өзін-өзі қамтығандар қатарын толықтырады.

2014 жылы шағын несие алушылар саны 1782 адамды құрады. Өзін-өзі қамтыған халық санының азайуы өнімсіз жұмыспен қамтылған халықты жұмысқа орналастыру арқылы ғана іске асты.

Қазіргі уақытта, осы бағытта жұмыс облыс бойынша 2014 жылға, яғни 3739 құрылатын жұмыс орындарына және бар вакансияларға осы санаттағы адамдарды жұмысқа орналастыру жүргізіледі. Бұл өз кезегінде 2015 жылдың соңына дейін осы көрсеткішті орындауға көмектеседі.

Облыста әкімдік, облыстық кәсіподақ бірлестігі және Шығыс Қазақстан облысының облыстық жұмысберушілері бірлестігі арасында үшжақты Келісім қолданылуда, мемлекеттік кәсіпорындарды тарта отырып: ірі – 100 %, орта - 99,8%, шағын – 76,0% - ұжымдық келісім-шарттарға кол қойған кәсіпорындар саны ұлғая түсуде;

2015 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша кәсіпорынның еңбек ұжымдарымен 208 кездесу өткізілді. Басқа көздерден азаматтардан түсетін жүгінімдер мен арыздар және мәліметтердің қорытындысы бойынша, әлеуметтік-еңбек жанжалы шығуы мүмкін кәсіпорын Тізбесі жаңаланып тұрады. Қазіргі уақытта 33 кәсіпорын Тізбеге енгізілген.

Облыс бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарына ауылшаруашылығы құрылымдарының саны 10458 құрады, мұнда 27072 жалдамалы жұмысшылар бар, 20351 жұмысшымен еңбек келісімшарты жасалған, бұл 75,2% құрайды.

2014 жылы экономика саласында 202 оқыс жағдайдан өнерпкәсіпте 228 адам зардап шекті, соның ішінде 22- өлім және 91- аса ауыр жағдаймен 14 топтасқан оқыс жағдай орын алып, 40 адам зардап шекті.

Өндірістік жарақат алудың жалпы деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3% төмендеді (211 ден 209 дейін), өлімге әкеліп соқтырған оқыс оқиға 5,3%.

Оқыс оқиғаның жиілік коэффициенті 1000 адамға шаққанда 0,37 құрады (2013 ж.- 0,52), өлімге әкеп соқтырғаны -0,040 (2013 ж.- 0,06).

Кәсіпорын саласы кесінінде теу - кен өнеркәсібінде зардап шеккендер санының басым бөлігі байқалады: 66 адам, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 адамға артық (51 адам), бюджеттік сала ұйымында 26 адам 1 адамға артық (25), құрылысы саласы ұйымдарында 36 адам, бұл 6 адамға артық (30).

2014 жылдың 6 айында зиянды факторларға душар болған облыс ұйымдарының жұмысшылары арасында 224 (2013ж. – 140) кәсіби аурудың алғашқы оқиғасы анықталды.

879 тексеру өткізілді, соның ішінде 359 жоспарлы және 520 жоспардан тыс, 29 құқыққорғау органдары бастамасы бойынша, 27 басқа.

Тексеру қорытындысы бойынша 2014 жылдың қорытындысы бойынша 4957 заң бұзушылық анықталды, соның ішінде еңбек қатынастары бойынша-2612, еңбек қауіпсіздігі және қорғау бойынша-2302, тұрғындарды жұмыспен қамту туралы заңнаманы бұзушылық бойынша-43. Бекітілген заңнама бұзушылық бойынша 821 нұсқама берілді, соның ішінде еңбек қатынастары бойынша-491, еңбек қауіпсіздігі және қорғау бойынша 288 және тұрғындарды жұмыспен қамту туралы заңнаманы бұзушылық- 42.

Салынған әкімшілік айыппұлдар 38 792,8 мың теңгені құрады, соның ішінде төленгені 30 198,8 мың тенге, бұл 77,9% құрады.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш бергендер санының төмендеуі және төлемдердің орта мөлшерінің өсуі жеке атаулы көмекті нығайту туралы куәландырады;

2) табысы кедейлік белгісінен төмен тұрғындар үлесін 1,7 %-дан 1,0%-ға дейін төмендету.

3) жұмыспен қамтылған тұрғындар саны 2012 жылдан 2014 жылға дейін 1,3 мың адамға азайды, 38,0 мың адамнан 36,6 мың адамға дейін;

4) жұмыссыздық деңгейі 0,2 пайыздық тармаққа төмендеп, 4,9 % құрады.

5) әлеуметтік серіктестік дамуы, әкімдік арасында үшжақты Келісім қолданылуда;

6) аз қамтылған жұмыссыздарды кедейлік шеңберден шығару бойынша пилоттық жобалар іске асырылуда;

7) жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру басталды;

8) моноқалалар мен тірек ауылдарды дамытудың кешенді жоспарларын іске асыру басталды.

Әлсіз жақтары:

1) облыстың 13 қалалары мен аудандарында МАӘК орта мөлшері облыстық деңгейден орташа 648,0 теңгеге аз;

2) Облыстың 8 қалалары мен аудандарында тұрғын үй көмегінің орта мөлшері орта облыстық мөлшерден орта алғанда 267,3 теңгеге артта қалуда.

3) еңбек нарығында аса сұранысқа ие дәрігер, жүргізушілер, электргазбендәнекерлеушілер, сатушылар, күзетшілер жұмысшы күшіне сұраным мен ұсыныстар теңсіздігі;

4) экономиканың кадрларға қажеттілік белгілеу механизмінің жоқ болуы кәсіпорындарда кадрларға қажеттілік туралы ақпаратты қалалар мен аудандардың әкімдіктері арқылы жинақтау және жалпылау сияқты болжауға әкеп соғады.

Мүмкіндіктері:

1) тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналстыру, кәсіптік даярлыққа және қайта даярлыққа жіберу, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындарын құру сияқты жұмыспен қамтудың белсенді түрлерін қолдану, сондай-ақ тұрғындардың аталған санатын кедейлік «қорынан» бойынша өңірлік бағдарламалар әзірлеу;

2) тұрғындардың іс жүзіндегі кірісінің өсуі;

3) үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік қызметтер секторындағы жұмысты белсендіре түсіру;

4) жұмыс берушілер қоятын талаптарға сәйкес жұмыссыз тұрғындардың кәсіби даярлығы мен қайта даярлығы бағдарламаларын жетілдіру;

5) өңірде дайындығы жүзеге асырылмайтын мамандықтар бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту;

6) тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік белсенді бағдарламалары спектрын кеңейту;

7) жұмыссыз азаматтардың ауылдық жерлердің тұрғындары үшін басымдылықпен кәсіпшілік бастамаларын дамытуға жәрдемдесу.

Қауіптер:

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің жеткіліксіз әдісі, есепке табыстары алынып, шығыстары алынбайды;

2) кәсіпорындарда және мемлекеттік секторда бос жұмыс орындар санын қысқарту салдарынан жүмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша мүмкіндіктерді шектеу.

2.2.2.4. Мәдениет

Аймақтың мәдениет саласындағы қызметі соңғы жылдары тұрақты түрде дамып келеді. 2012-2014 жылдары мәдениет саласының қызметі үшін бөлінген қаржы көлемі 16,2 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 2012 жылы-4,9 млрд.теңге, 2013 жылы-5,0 млрд.теңге, 2014 жылы-6,3 млрд.теңге.

2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы бюджеттік қаржының 1,4 млрд. теңгеге өскендігі байқалады.

Мәдениет мекемелерінің жүйесі 2014 жылы 660 бірлікті құрады, оның ішінде 302 клуб, 323 кітапхана, 5 филиалдарымен қоса 10 мұражай, 2 театр, 2 концерттік ұйымдар, 1 тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мекеме, 1 «Өрлеу» КМҚК, 1 зоопарк, 6 кинотеатр, 9 Достық үйлері, 3 мәдениет және демалыс парктері, 1 республикалық дәрежедегі «Жидебай-Бөрілі» қорық -мұражайы.

Облыстың барлық мәдениет ұйымдарымен 40 мыңнан астам мәдени- бұқаралық іс-шаралар өткізілді (немесе өткен жылға 1,5 есе өсіммен) театрлар күшімен 643 қойылым қойылды, оның ішінде мемлекеттік тілде – 299 (46,5 %), оның 23-і жаңа қойылымдар. Театр өнері саласындағы жаңа қойылымдардың үлесі 3,6 %-ды құрады.

2014 жылы театрлар күшімен 643 спектакль, соның ішінде мемлекеттік тілде – 299 (46,5 %), оның 23-і жаңа қойылымдар. Театр өнері саласындағы жаңа қойылымдардың үлесі 4,7 %-ды құрады.

2014 жылы облыс кітапханаларының кітап қоры 5220 мың дананы құрады, оның ішінде мемлекеттік тілде – 1433 мың дана, кітап қорының жаңалану үлесі- 2,3%-ды құрады. Облыс бойынша кітапхана оқырмандарының жалпы саны -391,1 мың адам, кітапханаға келушілер саны - 4000 мыңнан аса адам.

Облыс бойынша мұражай қоры 423,9 мың экспонатты құрады (немесе былтырғы жылға 1,02 есе өсіммен), мұражайлық қор 7,849 мың жәдігерге жетті, мұражай қорларымен жаңартылғандар үлесі 1,85 % құрады.

Облыс мұражайына келіп тамашалаған көрермендер 757,7 мың адамды құрады (немесе өткен жылға 1,2 есе өсіммен). Мұражайлармен 25186 іс - шара өткізілді, соның ішінде оқулар -1646, экскурсиялар -18830, көрмелер - 469, басқа іс-шаралар- 4241.

2014 жылы концерттік ұйымдарды келіп тамашалаған көрермендер саны 2013 жылға 1,2 есе өсіммен 134 мың адамды құрады. Мәдениет саласындағы мемлекеттік мекемелердің негізгі қызметінен түскен пайда (мұражай, театр, концерттік ұйымдар) 2014 жылы 2013 жылға 1,2 есе өсіммен 210 021,2 мың теңгені құрады.

2014 жылдың қорытындысы бойынша халықаралық шығармашылық байқауларға қатысқан жас қатысушылар саны 43 ұжым және орындаушыларды құрады.

2014 жылы «Халықтық» атағы бар әуесқой шығармашылық ұжымдар саны 117-ге, «Үлгілі» ұжымдар саны 33-ке (ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 2013 жылы өткізген аттестациялауға байланысты) жетті.

Облыс аумағында 622 тарихи және мәдени ескерткіштер, оның ішінде 15 республикалық, 607 жергілікті дәрежедегі ескерткіштер тіркелген. 3 жылдың ішінде Өскемен қаласында 2 монумент кескінінде ескерткіш қойылды.

2014 жылы Ұлан ауданының Тарғын және Сағыр ауылдарында 200- орындық ауылдық клубтар құрылысының жұмыстары аяқталды. 2014 жылы қазақ драма театрының, Үлкен Нарын ауылы шығармашылық үйінің, Күршім ауылында мәдениет үйінің құрылыстары жүргізілуде, Абай ауданы Саржал ауылдық клубы қайта жарақтандырылуда.

2015 жылы Қазақ драма театры, Зайсан ауданы Дайыр ауылында Мәдениет үйінің құрылысы және Семей қаласында Абай атындағы бесаспап кітапхананың ғимаратын жаңалау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қоса, 2014 жылы Өскемен қаласының металлургтер Мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Өңір мәдениеті салысының дамуын кештететін негізгі мәселе төмен материалдық-техникалық жарықтандыру (музыкалық аспаптардың, заманауи құрал-жабдықтардың, сценалық костюмдердің жетіспеушілігі) болып табылады.

Құрал-жабдықтардың болмауы нәтижесінде облыстың мұрағат қорларын цифрлау өңір тұрғындарының көпшілігі үшін қолжетімсіз болып қалуда.

Қала мен село кітапханаларының кітап қорларын орталықтандырып жинақтау үшін қажетті қаражат бөлінбейді. 1000 тұрғынға 147 жаңа кітаптан келеді, ал халықаралық стандарт бойынша 250 жаңа кітаптан болу қажет.

Аудандық және ауылдық кітапханалардың кітапхана қорларын

бір орталықтан толықтыру үшін қаржы аз бөлінеді. Әр мың тұрғынға 147 ғана жаңа кітаптан келеді, халықаралық стандарттар бойынша 250 жаңа кітаптан айналуы тиіс. Компьютерлендіру болмағандықтан ауылдық кітапханалар Интернетке кіре алмайды, облыстық, ұлттық кітапханалардың ресрустарына кірулері де шектеулі. Облыстың 320 мемлекеттік кітапхалардың 76 кітапханасы Интернетке қосылған, соның ішінде 40 кітапхана ауылдық жерлерде.

Қаржының тапшылығы ескерткіштердің сақталуы мен өңделуің қамтамасыз етуді, мұражайлар мен кітапханалар қорларын цифрлауды, біліктілігі жоғары маман реставаторларды жұмысқа шақыруды қиындатады.

Мәдениет қызметкерлері, әсіресе кітапхана және мұражай қызметі кадрларының егделенуі байқалады. Облыста мәдениет қызметкелері кадрларын даярлау және қайта даярлау орталығы жоқ, мәдениет мекемелерінде салалық мамандар (реставраторлар, каталогизаторлар, бағдарламашылар, продюсерлер, аранжировшылар). Мәдениет ұйымдары желілерінде бекітілген аз мемлекеттік нормативтер жоқ, бұл облыстың елді мекендері бойынша мәдениет мекемелерінде желі қажеттілігін анықтауды қиындатады.

Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:

Күшті жақтары:

1) 2014 жылы, орындар өзгеріссіз қалғанда, мәдениет нысандарына келу деңгейі 2013 жылмен салыстырғанда 1,5 есе артты;

2) 2014 жылы мәдени сала қызметінің сапасына тұрғындардың қанағаттану деңгейі 2013 жылмен салыстырғанда 1,2 есе артты;

3) облыс аудандары мен қалаларының мәдениет үйлері және ауылдық клубтарының күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына, сонымен бірге Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы көлемі артты.

Нашар жақтары:

1) мәдениет саласында ғимараттар мен қоңдырғыларға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізудің әлі де қажеттігі сақталуда (облыс бойынша мәдениет саласының 15-ке жуық нысаны апаттық жағдайда).

2) облыс мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға қаржыландару деңгейінің төмендігі.

Мүмкіндіктер:

1) әлеуметтік жағынан төмен топтар өкілдері үшін тегін қызмет көрсету мәдени қызметті неғұрлым қолжетімді етеді, сондай-ақ мүгедектерге мәдени-ойын-сауық шараларына қол жеткізу жағдайларын қамтамасыз етеді (пандустар, жүру жолы, санитарлық-гигиеналық бөлмелердің тиісінше жабдықталуы және т.б).

Қауіптер:

1) жергілікті деңгейдегі тарихи және мәдени ескерткіштердің жергілікті жерлерде баланс ұстаушыларының болмауы ескерткіштерді есепке алу, күзету және қадағалау шараларының жүргізілмеуіне әкеліп соғады;

2) мәдени - демалыс қызметтерінің сапалық деңгейінің және жанрлық, стильдік әртүрлілігінің төмендеуі;

3)мәдениет және өнер қызметкерлері үшін біліктілік арттыру институттарының (орталықтарының) болмауы;

4) мәдениет саласы инфраструктурасын дамыту деңгейінің жеткіліксіздігі, маман кадрлар мен ұйымдардың тапшылығы.



2.2.2.5. Тілдерді дамыту

Тіл саясаты саласында өңірді дамыту ұлттық сәйкестікті қалыптастыруға, мемлекеттік тіл саясатын тиімді ақпараттық сүйемелдеуге, қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған.

Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың басқа да санаттарына мемлекеттік тілді оқыту мақсатында облыстың қалалары мен аудандарында оқыту орталықтары жұмыс істейді.

Тұтастай алғанда, облыс аумағында 2014 жылы барлық азаматтар санаттарына мемлекеттік тілді оқыту мақсатында тілді оқытуды 11 орталықтары жүзеге асырды. Оған 2772 тыңдаушы оқуға тартылған.

Мектеп пен басқа мекеме жанынан ұйымдастырылған 754 үйірмеде 14468 үлкен тұрғындар оқиды.

Мемлекеттік тілді оқыту үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу мақсатында құрылған KAZCENTER.KZ сайты жұмыс істейді және үнемі жаңартылып тұрады. 800 мыңнан астам адам аталған «Қазақша сөйлеуді үйренеміз» сайтының қызметін пайдаланып отыр. Соның ішінде 1,5 мың адам қашқтықтан оқыту әдісімен мемлекеттік тілді оқиды.

Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде оқушылардың 59,1% қазақша оқиды. Ал 1392 мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленушілердің 54% қазақ тілінде тәрбиеленеді.

Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілді оқытумен 2283 басқа ұлттың балалары оқиды.

Облыста тіл саясаты бойынша ақпараттық орталық рөлін атқаратын мемлекеттік органның сайты жұмыс істейді.

Өз қызметінде мемлекеттік тілді қолданатын мемлекеттік қызметкерлердің үлес салмағы 70,8% құрайды.

Мемлекеттік тіл саясатының мәселелеріне қатысты БАҚ-та жарияланған материалдардың саны: 2011 жылы - 560, 2012 жылы – 473, 2013 жылы – 588, ал 2014 жылы - 620, бастапқы маусыммен салыстырмалы түрде өсім 9,6 % құрап отыр.

2014 жылы қазақ тіліндегі БАҚ саны - 16 (13,3%), қазақ және орыс тілдерінде – 56 (46,6 %), орыс тілінде - 36 (30 %), қазақ,орыс, ағылшын тілдерінде - 12 (10%) құрады.

19 қала және ауданда, 22 облыстық басқармада іс жүргізу мемлекеттік тілге көшірілген. 2014 жылы мемлекеттік органдардың құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлес салмағы 94,7 % құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда на 19,8% артық.

Барлық оқыту орталықтарының мәліметі бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қазақ тілін меңгерудің орташа деңгейі 70 % құрады. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық басқармаларда мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі 78%, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын департаменттерде - 69% құрады.

Дегенмен, жеткен жетістіктерге қарамастан, қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілдің өз деңгейінде қолданылмай отырғанын айта кету керек. Қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің арасында өзінің қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгерген мамандар аз. Қазақ тілінде білім беріп, тәрбиелейтін мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерге сұраныс бар. Мемлекеттік тілді оқыту орталықтары мен үйірмелер желісін кеңейту қажеттігі бар.

Облыста қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларында тілдік құрылысты ары қарай кеңейтудің алғышарттары жасалған. Бұл мемлекеттік органдар, ұйымдар және тұтас қоғамның үйлестірілген мақсатты жұмысының нәтижесі болып табылады. Тілдік құрылыстың оңтайлы үдерісі облыс өмірінің барынша әлеуметтік маңызды аспектілердің бірі болып табылады, осылайша этнолингвистикалық және мәдени қажеттіліктерді толыққанды жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, қоғамдағы азаматтық келісімді орнықтыруға және одан әрі топтастыруға ықпал етеді.

Қазіргі уақытта тілдік құрылыс логикасына бірқатар проблемалық аспектілер себепші болып отыр.

1) қоғамдағы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейінің әркелкілігі.

Қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің арасында өзінің қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгерген мамандар аз. Бұл проблемалық аспект оқыту инфрақұрылым қызметіндегі бірыңғай стандарттың жоқтығы, мемлекеттік тілді меңгеру үдерісінің мониторингі мен ынталандыру жүйесінің жоқтығы, қазақ тілі мамандар мен оқытушыларын дайындау деңгейінің төмендігімен тікелей байланысты.

2) әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікте мемлекеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі.

Бұл бағыттағы проблемалық мәселе ғылым мен жаңа технологиялар тілі ретінде мемлекеттік тілдің коммуникациялар, демалу және ойын-сауық саласында белсенді қолдану аясын кеңейтумен байланысты. Мұнымен қатар мемлекеттік тілді қолданудың абырой - беделін көтеру, оны отбасы құндылығы ретінде көпшілікке таныту да проблемалық мәселелердің бірі болып табылады.

3) тіл мәдениетінің төмендеуі. Бұл аспектіде сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сондай-ақ толеранттық тілдік орта қалыптастыру қажет.

4) қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау және нығайту қажеттігі. Бұл аспектіде орыс тілін меңгеру деңгейін сақтау, этнос тілдерін дамыту және халықаралық қарым-қатынас тілі ретінде ағылшын және басқа да шет ел тілдерін оқу үшін жағдай жасаумен байланысты бірқатар проблемалар бар.

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілмен қатар ресми түрде орыс тілі қолданылады. Орыс тілінің жалпы мәдени қызметін дамыту мен сақтау бағытында мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ ағылшын тілін оқуға жағдай жасалған. 2014 жылы 11тілді оқыту орталығында - 641, 16 жекеменшік орталықта 668, мекеме мен ұйымдар жанынан құрылған үйірмелерде-480, барлығы 6110 тыңдаушы ағылшын тілін оқыды. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 3969 тыңдаушыға артық. Ағылшын тіліне оқыту облыстың жалпы білім беретін барлық мектептерінде оқушылар үшін міндетті болып табылады.

2014 жылы 434 оралман қазақ әліпбиі мен орыс тілін оқыды. 335 оралман аудандардағы тұрғылықты жері бойынша оқуға тартылған.

Этнос өкілдеріне өз ана тілдерін оқуға жағдай жасау мақсатында 75 этномәдени бірлестік жанынан жексенбілік мектептер мен үйірмелер ұйымдастырылған. 2014 жылы 43 топта 621 өзге ұлт өкілі өз ана тілдерін оқуға тартылды, бұл 2013 жылдан 172 тыңдаушыға артық.

Ұлттық-мәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептер: Достық үйі жанына жұмыс істейтін 9 жексенбілік мектеп пен ҰЖ 1 мектепте облыста тұратын өзге ұлттың 10 тілі оқытылады.

Қаржыландыру көлемі: 2011 жылы облыстық бюджеттен 70 млн. 18 мың теңге, 2012 жылы - 77 млн. 240 мың теңге, в 2013 жылы – 84 млн. 809 мың теңге, 2014 жылы-87 млн.829 теңге бөлінді.

Саланы дамыту жағдайының SWOT-талдауы:

Күшті жақтары:


  1. мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқының тілдерін оқытудың

инфрақұрылымы кеңейді;

  1. мемлекеттік тілді оқытуды қамтамасыз етудің әдістемелік жүйесі

құрылды;

  1. мемлекеттік тілді оқыту үдерісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу

қамтамасыз етілді;

  1. мемлекеттік тілде іс жүргізу үдерісі белсенді жүзеге асуда;

  2. көп тілділікті сақтау жағдайында мемлекеттік тілдің қолданылу аясы кеңеюде;

  3. Қазақстанда тұратын этностардың тілдерін оқытуды мемлекеттік тілді қолдаудың тиімді жүйесі құрылды.

Әлсіз жақтары:

  1. тіл туралы заңдылықтардың бұзылғаны үшін әкімшілік ықпал шараның болмауынан білінетін нақты құқықтық механизмнің жоқтығы.

Мүмкіндіктер:

  1. қазақстан халқының рухани және ұлттық бірлігінің басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің рөлін арттыру;

  2. көп тілділікті сақтау жағдайында әлеуметтік - коммуникативтік кеңістікке мемлекеттік тілді енгізу;

  3. қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту.

Қатерлер:

  1. мемлекеттік тілді қолдану аясында құқықтық олқылықтардың болуы;

  2. қазақстандықтардың тіл мәдениетінің төмендеу мүмкіндігі.



2.2.2.6. Денешынықтыру және спорт

Облыста 88 спорт түрі таралған: жазғы олимпиядалық- 34, олимпиядалық емес – 54.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2014 жылы спорт нысандарының саны 3132 бірлікті құрады (сонымен қатар, жалпы орта білім беру мектептеріндегі спортзалдар), олардың 1951 ауылдық жерлерде.

2013 жылы спорт нысандары мен құрылғыларының саны 2012 жылмен салыстырғанда 62 артты.

2014 жылы 8 нысан салынып, қолданысқа берілді, соның ішінде О.Рыпакова атындағы жеңілатлетикалық манеж, орталық жабық бассейн, Абай ауданында «Шыңғыстау» спорттық кешені, Жарма ауданында «Б. Тұрлыханов» атындағы спорттық кешен.

Облыста жүйелі түрде денешынықтыру мен спортпен шұғылданушылар саны 2012 жыл мен 2014 жыл аралығында 42% артты және 419276 адамды құрады немесе халықтың жалпы санының 30% құрады.


12 кесте

2012-2014 жылдардағы спорттың дамуының

негізгі көрсеткіштерінің динамикасы


№ п/п

Көрсеткіш атауы

2012 .

2013 ж.

2014ж.

1

ШҚО халқының саны, адам

1395059

1394234

1395271

2

Дене шынықтыру мен спортпен шұғылданушылар саны, адам

295362

350204

419276

3

Дене шынықтыру мен спортпен шұғылданушылардың қамтылуы, %

21,2

25,2

30

4

Дене шынықтыру мен спортпен 6-18 жас аралығындағы шұғылданушылардың саны

181862

187971

197395

5

Спорт нысандарының саны, бірлік

2888

3070

3132

Облыста 35 спорт мектептері жұмыс істейді, соның ішінде 7 арнайы және 28 БЖСМ, сонымен қоса спорттың жазғы дәне қысқы түрлерінен екі ШВСМ, ЦПОР және спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат жұмыс істейді. Өскемен қаласында жеңілатлетика орталығы базасында жеңіл атлетикадан БЖСМ ашылды.

Денешынықтыру және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту жыл қорытындысы бойынша орындалып, жоспардағы 12,1% орнына 14,2% құрады. Облыста жалпы білім беретін мекемелер мен орта арнаулы оқу орындарында денешынықтыру жәнес портпен шұғылданушылар 170,5 мың бала мен жасөспірімдерді құрайды, спорттық шеберлікке 26,9 мың бала оқытылуда.

Қазіргі уақытта денешынықтыру саласында 3644 адам, ал ауылда - 1757 адам жұмыс істейді. Жаппай спортты дамытудың өзекті мәселесі спорт бойынша нұсқаушы – әдіскермен қамтамасыз ету болып қалуда. Нұсқаушы-әдіскерлерге қажеттілік- 191 бірлік. Ауылдық округтерде штаттық әдіскер - нұсқаушылардың жоқтығы облыста жаппай спортты дамытуға және денешынықтыру мен спортқа қамтуды артыруға кері әсерін тигізуде.

Қазіргі уақытта облыста өткізілетін спорттық - жаппай және денешынықтыру – сауықтыру шараларының саны артуда, 2014 жылы 4000 астам спорттық – жаппай іс - шаралар өткізіліп, оған 750 мыңнан астам адам қатысты.

Шығыс Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамына спорттың әр түрінен 1047 кіреді. Үстіміздегі жылы халықаралық кластағы спорт шеберлері 20 адам, спорт шеберлері - 55, спорт шеберлігіне кандидаттар - 300, жаппай разрядты спортшылар 500 астам даярланды.

Облыс спортшыларымен халықаралық және республикалық сайыстарда 470, соның ішінде: 180 алтын, 152 күміс және 138 қола медальдарды жеңіп алды.

Дегенмен, инфрақұрылымның дамуына байланысты ауылда спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдердің санының көрсеткіші төмен болып қалуда. Қазіргі уақытта облыстың ауылдық елді мекендерінде 15 жабық спорт кешені мен 449 спортзалдары бар. Спорт алаңдарының саны 1371 бірлікті құрайды.

Материалдық-техникалық база әлсіздігі, сапалы спорттық инвентарьдің болмауы халықаралық дәрежедегі спортшыларды және спорт резервін қалыптастыруға мүмкіндік бермейді. Балалар-жасөспірімдер спорт клубтары желісі жеткіліксіз дамыған, спорт алаңдары және нысандары жеткіліксіз.

Сала дамуы жағдайына SWOT- талдау:

Күшті жақтары:


  1. дене шынықтыру мен спортпен шұғылданушыларды қамтудың артуы;

  2. спорт нысандары санының артуы;

  3. шаңғы спортын дамтуға қолайлы климаттық жағдай.

Әлсіз жақтары:

Спорт нысандарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі.

Мүмкіндіктер:

облыстық инфрақұрылымда дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға жағдай жасау (шағын футболға, волейболға, баскетболға, үлкен тенниске, шайбалы хоккейге арналған алаңдар құру).

Қауіптер:


  1. балалар - жасөспірімдер спортының әлсіз дамуы;

2) спорт инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы, материалдық - техникалық базасының төмендігі;

3) облыстағы жоғарғы спорттың дамуына арналған жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен жоғарғы спорттық шеберлік мектебінің болмауы;

4) ауылдағы спорт нысандарының, спорт инвентарьларының жеткіліксіздігі.

2.2.2.7. Ішкі саясат

Мемлекеттілікті нығайту, демократияны дамыту, азаматтық қоғам институттарын қолдау, қоғамдық тұрақтылықты, ұлтаралық және дінаралық келісімді қамтамасыз ету, тұрғындар арасында кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу ішкі саясаттың негізгі басымдықтары болып табылады.

Облыста 8 саяси партия филиалы, 705 үкіметтік емес ұйым, оның ішінде 200 белсенді жұмыс істейді, 103 этномәдени бірлестіктері, 132 бұқаралық ақпарат құралдары қызмет атқарады.

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара сындарлы іс-қимылдары арқылы тұрғындарды қоғамдық үрдістерге кеңінен тартуды дамыту қамтамасыз етілуде.

Мемлекетік органдар мен азаматтық қоғам институты арасындағы қарым-қатынасты дамыту үшін келесі өзара іс-әрекет құрылысы қолданылуда:

- консультативті-кеңесші органдар (ҮЕҰ өзара іс-әрекет Кеңесі, Ақпараттық саясат бойынша кеңес);

- сұхбат алаңдары (Қоғамдық Кеңес, Саяси клуб, Бас редакторлар клубы);

- мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;

- мемлекеттік ақпаратттық тапсырысты орналастыру.

Азаматтық Альянс негізінде Ресурстық орталық құрылып және үкіметтік емес ұйымдардарға, оның ішінде 3 ауылдық ҮЕҰ арналған шағын жобаны қаржыландыру қарастырылған.

Өкілетті құрылымдармен бірлесіп әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау және алдын алу бойынша қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізу жүйесі құрастырылған, Әлеуметтік шиеленіс Картасы құрастырылып үнемі жаңартылуда, БАҚ-тағы сыни мақалаларға әрекет ету сызбасы қызмет атқаруда.

Облыс әкімі жанындағы қоғамдық Кеңес пен азаматтық қоғам институтының сындарлы өзара іс-әрекет мақсаты аясында денсаулық сақтау, тұрақты даму, экология, ТҮКШ, жастар мәселелері бойынша 4 сараптау тобы жұмыс істеуде. 38 Кеңестер отырысы, соның ішінде 12 көшпелі, денсаулық сақтау мекемелеріне 16 тексеру жүргізілді.

Облыстың барлық қалалары мен аудандарында ұқсас Кеңестер жұмыс істейді.

Қоғамдық-саяси, этникаралық жағдайға, мемлекет жүргізіп отырған саясатқа тұрғындардың қарым-қатынасын анықтау, мемлекеттік саясатқа басым бағытттар туралы ақпараттану сатысы, саяси күштерді орналастыру жағдайын зерттеу үшін жыл сайын 27 мың адамды қамтитын 30 әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі.

Жыл сайын ҮЕҰ әлеуметтік - маңызды жобаларын іске асыру үшін мемлекеттік тапсырысты қаржыландырудың көлемі ұлғайып келеді, ал 2011 жылы – 19,7 млн.теңге, 2012 жылы – 32,0 млн. теңге, 2013 жылы – 34,4 млн. теңге, 2014жылы-29,9 млн.теңге.

Қоғамның әлеуметтік міндеттерін шешу барысына үшінші әлеуметтік сектордың қатысу қажеттілігі ұлғаюда. Сонымен қатар бірнеше проблемалар орын алады:

- мемлекеттік тапсырысты орналастыру мен қалыптастыру саласындағы заңдылықтың, әлеуметтік - экономикалық және әдістемелік-ұйымдастырушылықтың кеменденбеуі;

- облыстың қалалар мен аудандар әкімдіктері, басқармалардың әлеуметтік-маңызды жобаларын іске асыруда салалық принциптердің жетіспеушілігі;

- әлеуметтік - маңызды жобалардың үшжылдық қаржыландыруын іске асыруда механизмнің жетіспеушілігі;

- әлеуметтік жобаларды іске асыруда біртұтас мониторинг жүйесінің жетспушілігі;

- қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуде ауылдық ҮЕҰ төмен ролі мен нашар дамуы.

Облыста азаматтық қоғамды дамыту саласында заңдылықты жетілдіру бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Республикалық азаматтық форумдарда жергілікті мемлекеттік басқаруда, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы, ҮЕҰ қолдау туралы ұсыныстар мен заң жобаларына ұсыныстар қарастырылды.

Сондай-ақ, облыста «Жергілікті өзін-өзі басқару орталығы» ҚҚ бірлесіп
ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің үйлестіруімен ҚР жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуының заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жұмыстар атқарылды.

Облыстың ақпараттық кеңістігін 132 тіркелген бұқаралық ақпарат құралы құрайды, оның ішінде 101-і басылымдық (18 журнал, 83 газет), 31-і электрондық ақпарат құралы.

БАҚ пен тиімді іс-әрекет түрі - ол мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру. Оның көлемі жыл сайын өсуде: 2011 жылы – 332,4 млн. теңге, 2012 жылы – 399,5 млн. теңге, 2013 жылы – 434,6 млн. теңге, 2014 жылы-467,5 млн.теңге бөлінді.

Тұрғындар арасында отандық сандық хабар таратудың артықшылықтарын түсіндіру жұмыстары жалғастырылды, БАҚ материалдар жарияланды. Сонымен бірге, отандық телехабарлардың төменгі бәсекелестігі мен ОТАУ ТВ жабдықтарының қымбат тұруына байланысты, ОТАУ ТВ ақпараттық нарығында нашар алға басушылық байқалуда.

Облыстың 56 шалғай елді мекендерінде, ОТАУ ТВ экрандық тарату жетіспейді. 10,7 пайызы ғана құрылған (48328 тарелка орналастырылған).

Бүгінгі таңда келесі шараларды қабылдау қажеттілігі туындауда:

- қоғам мен арнайы топтардың мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы туралы ақпараттану деңгейін «сұхбат алаңдары» мен ақпараттық-насихаттық іс-шараларын дамыту арқылы жоғарылату;

- өңірлік БАҚ ақпараттық қолдау сапасын жоғарлату және ұлғайту;

-БАҚ құқықтық мәдениетін жоғарлатуы мен ақпараттық салада заңдылықтың сақталуын қадағалау, журналисттік қоғамдастықтың этикалық ережелерді сақтауы (БАҚ мониторингілеу жүргізу);

-мемлекеттік БАҚ ұйымдастырушылық және кадрлық нығайту шараларын қабылдау (кадрлардың біліктілігін жоғарлату, БАҚ бірлесіп мақсатты іс-шараларды дайындап өткізу, оның ішінде журналисттер кәсібилігін арттыру мектептерін ұйымдастыру, атақты журналисттер қатысуымен семинар-тренингтер мен мастер-класстар өткізу);

-мемлекеттік БАҚ жан-жақты жаңғыртылуы (БАҚ сапалы деңгейі, Интернет ресурстарының және масс-медиа web-сайттарының бар болуы);

-Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

-бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы үйлесімді дамуына жәрдемдесу (мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындауға тарту).

Дін істері саласындағы саясаттың негізгі басымдылықтары діни тұрақтылықты, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету, тұрғындар арасында кең ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу, толерантты қоғам қалыптастыру болып табылады.

Облыста діни тұрақтылықты, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету, діни экстремизм және терроризм көріністеріне қарсы әрекет, тұрғындардың мемлекеттік органдарға сенімін жоғарылатуға бағытталған іс-шаралар кешені өткізіледі.

Діни бірлестіктер санының көбеюіне және тұрғындардың діни белсенділігінің артуына байланысты діни бірлестіктер қызметіне үлкен назар аударылады.

Облыста бүгінгі күні 308 діни бірлестіктер мен филиалдар: 197 мешіт, 41 православиелік, 6 католиктік қауым, 62 протестанттық, 2 дәстүрлі емес бірлестіктер бар.

Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі облыстық кеңес жұмыс істейді. Бірнеше сұхбат алаңы (Діни бірлестіктер басшыларының клубы, Дінтану мәселелерін зерттеу орталығы, деструктивті діни ағымдар қызметінен зардап шеккендер үшін психолог және басқа кабинеттер) жұмыс істейді.

Нысаналы топтарға арналған дін мәселелерін түсіндіру бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, ғылыми-практикалық конференциялар тұрақты өткізіледі.

«Единство» қоғамдық бірлестігі және «Даналық» қоғамдық қоры азаматтық қоғамның белсенді институты болып табылады, олар деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге ақпараттық және психологиялық көмек көрсетеді.

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының конструктивті өзара іс әрекеті арқылы тұрғындардың қоғамдық процесстерге тартылуы және диалогты дамытуы қамтамасыз етіледі.

Тұрғындар арасында соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жетілдіру және белсендіру қажет. Облыстық «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде ай сайын «Дін» және «Духовность» арнайы айдарлары шығып тұрады, «Қазақстан-Өскемен» телеарнасында ай сайын «Дін мен діл» - «Близкие духом» хабарлары шығады. Жаңалық сюжеттері, «тікелей эфирлер» және пресс-конференциялар шығарылады.

Діни ағымдардың мағынасын түсіндіру, діни экстремизм мен терорризм идеяларының алдын алу жұмысы жалғастырылуда. 2014 жылы құрамында мемлекеттік қызметшілер, ішкі істер органдары, дінтану мамандары, дәстүрлі діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардан құралған облыстық, қалалық, аудан мен аймақтық ақпараттық-насихат топтарының жұмысы ұйымдастырылды. Олармен 2014 жылы 267832 адамды қамтыған 3123 іс-шаралар өткізілді.

Құқыққорғау қызметі органдарының дін саласындағы жұмысын үйлестіру мақсатында жұмыс тобы құрылған, оның отырыстарында өзекті мәселелер талқыланады.

Жылына үш рет дін істері бойынша басқарманың тапсырысы бойынша ШҚО талдау және болжау Институты «ШҚО қалалары мен аудандарында дәстүрлі емес діни бірлестіктердің әлеуметтік шиеленіс деңгейіне ықпалын, ақпараттық-түсінік жұмыстары, конфесссияаралық келісім саласында тұрғындардың мемлекеттік саясатты қолдау деңгейін анықтауға бағытталған религия саласында әлеуметтік зерттеуін жүргізеді.

Заңсыз діни бірлестіктерге басшылық ету және қатысқаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында азаматтармен түсінік-насихаттау жұмыстары өткізіледі.

Діни жағдайларға жүйелік мониторинг, діни бірлестіктер мен басқа азаматтық қоғамның институттарының қызметі, сонымен қоса қоғамдық бірлестіктер, олармен конструктивті диалог пен өзара іс-әрекеттер өңірде діни тұрақтылықты сақтауға әсер етеді.

Жастар саясаты саласында жетекші басымдылық елдің болшақ дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар интеллектуалды және рухани тұлға қалыптастыру болып табылады.

Шығыс Қазақстан облысында 339 мыңға жуық жастар тұрады. Оның (24,3%) облыстағы барлық тұрғындардың төрттен бірін құрайды. Олардың ішіндегі – 173 мың адамы (51%) ерлер, 166 мың (49%) әйелдер, ауыл жастарының санатына жататындары – 129 мың адам (38%).

Облыста 90 астам жастар ұйымдары тіркелген. Ұйымдардың көбі Семей, Өскемен, Риддер қалаларында, Шемонаиха және Зырян аудандарында тіркелген.

Облыстың ЖОО және ООО-да 64 мың студенттер білім алуда (ЖОО - 25, ООО - 39).

Ведомствоаралық іс-қимылдың басты тетігі мен алаңы Жастар істері жөніндегі кеңестердің қызметі болып табылады. Олардың жұмыстарын белсендендіру мақсатымен қалалар мен аудандардың әкімдері аталған Кеңестердің төрағалары болып тағайындалған. Қалалық және аудандық Кеңестер мүшелерінің жалпы саны 284 адамды құрайды. облыс қалалары мен аудандарында жастар істері бойынша 70 және облыс әкімінің жанында 3 отырыс өтті.

Жастар саясатын жетілдіру тетіктерінің бірі жұмыспен қамтуды, жұмысқа орналастыруды, қолжетімді тұрғын үйді және келешегі бар бизнес-ойларды іс жүзінде қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған жобалар болып табылады.

Осылайша, облыста жастарды жұмысқа орналастыруға ықпал ету мақсатымен республика көлемінде тұңғыш рет «Жастардың электрондық еңбек биржасы» ашылды, оның жұмысының нәтижесінде 2013ж.-1883 адам, 2014 ж.-1405 адам жұмысқа орналастырылды.

Жастарды ынталандыру және жемісті қоғамдық қызметтерін қадірлеу мақсатында «Жастар көшбасшысы»; «Студент көшбасшысы»; «Жылдың жастар акциясы»; «Жастар ұйымы»; «Жас журналист», «Жас кәсіпқойлар», «Жас отбасы» 7 номинациясы бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан қомақты үлесі үшін» атты сыйлығы тағайындалған.

Облыста «Молодежный клуб», «Жаңа әлем жастары», Шемонаиха ауданында - «Молодежный формат» жастар газеттері шығады. Әрбір қала, аудан газеттерінде жастар аудиториясы үшін беттер шығарылады, сонымен бірге облыстық телеканалдардың жаңалықтар айдарында үнемі сюжеттер шығарылады. Жастар ортасының қазіргі жағдайы материалдардың сапасын арттыру арқылы ақпараттық қамтудың сандық көрсеткіштерін және бұқаралық ақпарат құралдарының жастар тиражын арттыруды қажет етеді.

Сапалы білім алу, жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз етілу, жастар арасында негізгі көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады.

Жастар саясатының жүзеге асырылуына, кадрлық, ғылыми және ақпараттық қамтамасыз етілуінің жетіспеушілігі. Халқаралық деңгейде жастар алмасуы дамымаған. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша, аумақтар үшін квотаны көбейту қажеттілігі бар.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

1) қоғамдық саяси ахуалға, саяси партиялар мен басқа да қоғамдық институттардың қызметтеріне түрлі әлеуметтік әдістер қолдану мен сарапшыларды тарту арқылы мониоринг жүргізіледі;

2) азаматтық қоғам институттарының қатысуымен өткізілетін сұхбат алаңдарының белсенді жұмыстарын қамтамасыз ету;

3) ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге белсенді тарту;

4) Ұлттық цифрлық телебағдарлама қызметін жылжыту бойынша бірлескен шаралар жоспарын іске асыру жолымен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

5) 7 ауданда мемлекеттік тілдегі жаңа қоғамдық-саяси БАҚ шығару (бұрын шығарылмаған);

6) діни жағдайды талдау, діни бірлестіктер қызметін, басылым және электронды ақпарат құралдарында жарияланған діни тақырыптағы материалдарды талдау;

7) жастарға арналған ресурсты орталықтар құру және жұмыс істеуі;

8) «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ ашу.

Әлсіз жақтары:

1) 56 елді мекене қазақстандық телехабарлармен қамтылмаған;

2) «ОТАУ ТВ» ену пайызының төмендігі;

3) ауылдық өңірлердегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс деңгейінің

төмендігі;

4) облыстың қала мен аудан әкімдігінің үкіметтік емес облыстық

құрылымдарын қолдау үшін қаражаттың қажетті мөлшерде бөлінбеуі;

5) гендерлік - үкіметтік емес ұйымға бағытталған қолдаудың төмен деңгейі;

6) тұрғындардың діни қызмет мәселелері бойынша ақпараттық- насихат

жұмысының жеткіліксіз деңгейі, қалалар мен аудандардағы ақпараттық –насихат топтары мүшелерінің төмен діни сауаттылығы;

7) үкіметтік емес және жастар ұйымдарын қолдау үшін қаражаттың

жеткіліксіз бөлінуі.

Мүмкіндіктер:

1) қоғамдық-саяси, соның ішінде діни ахуалдың күрделенуіне жол бермеуге

қатысты алдын-ала шаралар қабылдау;

2) халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;

3) діни экстремизм және терроризмге қарсы әрекет ету бойынша сандық

телевиденияны енгізу бойынша іс-шараларды жедел іске асыру;

4) ауылдық өңірлерде жұмыс істейтін ҮЕҰ әдістемелік көмектер көрсету;

5) ҮЕҰ әлеуметтік-маңызды жобаларын іске асыруына қаражат бөлуін

арттыру;

6) облыс қалалары мен аудандар әкімдіктерінде, салалық басқармаларда

мемлекеттік тапсырысты орналастыру.

7) өңірлерде мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қаржыландыруды

арттыру.

Қауіптер:

1) облыстағы қоғамдық-саяси ахуалдың күрделенуі;

2) деструктивті діни ағымдардың таралуы;

3) қоғамдық-саясаи ахуалдың тұрақсыздығына бағытталған халықаралық гранттарды жергілікті ҮЕҰ іске асыру;

4) жастардың деструктивті ағымдарға тартылуы;

5) Қытай мен Ресей тарапынан ақпараттық кеңістіктің бұзылуы.


2.2.2.8. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Жалпы облыс бойынша криминогенді жағдай тұрақты. Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды есепке алу және тіркеу толықтығын қамтамасыз ету, қылмыс жағдайы туралы статистикалық мәліметтердің объективтілігіне қол жеткізу бойынша мақсатты жұмыс жүргізіледі. 2014 жылдың қорытындысы бойынша 28355 қылмыс тіркелді, ол 2012 жылға қарағанда 11%-ға көп.



32 сурет
Сонымен бірге ауыр және аса ауыр қылмыс 21%, кісі өлтіру 15%-ға, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 11%-ға, тонау 35%-ға және қарақшылық шабуыл 15%-ға төмендеді.

2014 жылы қылмыстың негізгі үлесі - шағын және орта ауыр қылмысқа келеді, бұл қылмыстық құрылымда 94% құрайды. Ауыр және аса ауыр қылмыс сәйкесінше 5% және 1% құрайды.

Қылмыс деңгейі бойынша 10 мың халыққа (205) облыс республика бойынша 5 орында. Аса жоғары қылмыс деңгейі облыс орталығында-343 және Семей қаласында-286 қылмыс. Ауылдық өңірлердің ішінде қылмыстың аса жоғары деңгейі Глубокое, Шемонаиха және Аягөз аудандарында сәйкесінше: 133, 113 және 101.

Есірткі бизнесі саласындағы ұйымдастырылған қылмыстық топтардың іс-әрекетінің жолын кесу, халықаралық есірткі тасымалы және есірткіні өткізу арналарын бөгеу бойынша құқық қорғау органдарының күш салуы жеткіліксіз болып қалуда. Есірткі бизнесінің қылмыстық құрылымдары Ресей мен еуропалық мемлекеттерге есірткі құралдарын тасымалдау үшін мемлекет аумағын пайдаланады. Есірткі құралдарының заңсыз айналымынан алынған есірткі көлемі жыл сайын ұлғаюда. Халықты есірткі қолдануға тарту деңгейі жоғары. Елеулі жетілдіруді, соның ішінде заңнамалық деңгейде нашақорлықтың ерте алдын алу жүйесі, мамандандырылған медициналық мекемелерді дамыту, сондай-ақ жалпы мемлекеттік есірткіге қарсы насихат жүйесін қалыптастыру амалдарын ұйымдастыруды талап етеді. Осыған байланысты барлық мемлекеттік органдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуетін қолданумен пәрменді ақпараттық үгіт-насихат шаралар кешенін қабылдау қажет.

Пайдакүнем -зорлық бағытындағы қылмыс саны ұлғаюда, ең алдымен бөтеннің мүлкін ұрлау, 2014 жылы қылмыс құрылымындағы олардың үлесі 61% астам. 2014 жылы барлығы 17 317 ұрлық, сонымен бірге оның көп бөлігі – бұл біраз залал келтірумен болған ұрлық (17 138), аса ауыр қылмыс санатына бар-жоғы 149 (немесе 1% төмен) болды. 2013 жылдың қорытындысы бойынша аталған қылмыс түрінің ашылуы 41 %-ды құрады. Осыған байланысты ұрлыққа қарсы әрекет ету ішкі істер органдарының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады, ал бөтеннің мүлкін ұрлаудың профилакикасы және алдын алу мәселелерінің өзектілігі артылуда.

Полицияның белсенділігі арнайы мекемелердің бар мүмкіндіктерімен шектеледі. Облыста 3 медициналық айықтырғыш, 3 АЕАМ, 4 арнайы қабылдау мекемесі қызмет етеді.

Қылмыстық қудалау шараларын қабылдаумен қатар құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, құқық бұзушылық профилактика жүйесін құру қажеттілігі туды. Көңіл көтеру орындарын, сауда орталықтарын және дүкендерді міндетті түрде бейнекамералармен жабдықтау туралы мәселе бірнеше рет көтерілді. Алайда, әлі күнге дейін тіпті жаңа объектілерді қолданысқа енгізу кезінде олардың иелерінің алдына бұндай мәселелер қойылмайды.

Қоғамдық тәртіп және қоғамдық қауіпсіздік жағдайының индекаторы болып табылатын қоғамдық орындарда, соның ішінде көшелерде жасалатын қылмыстың өсу беталысы сақталуда. 2014 жылы көшелерде 4086 қылмыс жасалды, олардың үлес салмағы 2012 жылғы 13%-дан 2014 жылы 15%-ға ұлғайды. Көшедегі және басқа қоғамдық орындардағы жоғары криминогендік жағдай Жедел басқару орталықтарының әрі қарай дамуын және Семей, Зырян, Риддер, Шемонаиха, Аягөз қалаларында ашылуын талап етеді. «Қауіпсіз аула» бейне бақылау жүйесінің дамуы. Патрульдік-бекет қызметін алдағы уақытта материалдық-техникалық және кадрлық нығайту, автопатрульдердің, жылжымалы және стационарлық полиция пункттерінің санын арттыру, оларды бірыңғай деректер банкіне кіруге мүмкіндігі бар компьютерлік техникамен жабдықтау қажет.

Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс санының 25%-ға (2012 жылғы 702-ден 2014 жылы 523-ке дейін) төмендеуіне қарамастан, кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыс профилактикасы мәселелерінде проблемалар бар. Облыста дене тәрбиесі және спорт мүмкіндіктері жеткіліксіз қолданылады. Балаларға арналған спорттық клубтардың жұмысы ұйымдастырылмаған. Облыс орталығында салынған хоккей қораптары көбінде бос. Полицияның «мектеп» инспекторлары институтының әрі қарай дамуы қажет, бұл оқушылар арасында құқық бұзушылықтың ерте алдын алумен нақты айналысуға мүмкіндік береді.

Құқық бұзушылық профилактикасы бойынша азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдарды тарту бойынша жұмысты жандандыруды талап етеді. Қоғамдық тәртіпті сақтауда азаматтар мен қоғамдық құрылымдардың қатысуы жыл сайын төмендеуде. 2010 жылы облыс бойынша құқық қорғау бағытындағы 4365 адам санымен 717 қоғамдық құрылым қызмет еткен, 2014 жылы құрылымдар саны 547 болды, ал мүшелерінің саны 3612 адам.

Бұрын сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және жұмысқа орналастыру мәселелері өзекті болып қалуда. Аталған тұлғалар санаты үшін жұмыс орындарына квота бөлу туралы кәсіпорындармен меморандум жасау қажет.



Облыс жолдарында апаттық жағдай қиын болып қалуда. Автокөлік құралдары паркінің өсуі, жолдардың қозғалыс қарқындылығына сәйкес келмеуі, жүргізушілердің даярлық сапасы мен тәртіп деңгейінің төмендігі жол-көлік оқиғалар саны өсуінің себебі болып табылады.

33 сурет
Жүргізілген шұғыл - профилактикалық шаралардың жүргізілуіне қарамастан, 2014 жыл қорытындысы бойынша 10 мың көлік құралына жол-көлік оқиғаларының төмендеу көрсеткішінің орындалмауы байқалады, бұл жылына жоспарланған 38 орнына 43 құрады.

Жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру үшін бақылау мен жол

қозғалысын реттейтін заманауи техникалық құралдарды қолдану қажет. Аталған мәселелерді шешу жыл сайын ЖКО санының 2-3%-ға төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Саланың даму жағдайына SWОT-талдау:

Мықты жақтары:


  1. азаматтардың заңды мүдделерін, құқықтары мен бостандығын қорғау бойынша жағдайлар жасалған;

  2. құқық бұзушылықтар профилактикасы мен олардың өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ететін нақты субъектілер анықталды;

  3. қоғамдық тәртіпті қорғауға және құқық бұзушылықтар профилактикасына қатысатын азаматтар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау тәсілдері келісілді.

Әлсіз жақтары:

  1. ІІБ есебінде тұрған тұлғалардың арасында отбасы-тұрмыс аясындағы құқық бұзушылық профилактикасы бойынша шаралардың жетіспеушілігі;

  2. тұрмыстағы маскүнемдік, алкоголизм мен нашақорлықтың профилактикасы мәселелерінің шешілмеуі;

  3. қиын өмірлік жағдайда тұрған тұлғаларды оңалту және әлеуметтік бейімдеу деңгейі жеткіліксіз;

  4. облыс ішкі істер органдарының жабдықталмағандығы, олардың типтік әкімшілік ғимараттармен қамтамасыз етілмеуі және қолданыстағыларды қайта жөндеу қажеттілігі.

Мүмкіндіктері:

  1. құқық бұзушылық профилактикасы жүйесін жетілдіру;

  2. құқық бұзушылықтар мен қылмыстар саны өсуінің алдын алу бойынша уақтылы шаралар қабылдау;

  3. алдын алу субъектілері жұмысын үйлестіруді жетілдіру.

Қауіптер:

  1. облыстың георграфиялық орналасуы есірткі құралдарын Ресей мен еуропа мемлекеттеріне тасымалдау үшін жағдай жасайды;

  2. Кедендік одақ және болашақтағы бірыңғай экономикалық кеңістіктің қызмет ету жағдайында трансұлттық байланыстары бар қылмыстық топтардың қимылы белгілі қауіп-қатер болып табылады;

  3. облыста түзету мекемелерінің көп шоғырлануы.



2.2.2.9. Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын дамыту


Шығыс Қазақстан облысы аумағы табиғаттың, таулы-геологиялық және геодинамикалық алуан түрлілігі оның табиғи аппатарға – зілзала, су тасқыны, сел, сырғыма, қар көшкіні, дауыл, орман және дала өрттері, ауа температурасының күрт төмендеуі және қарлы боран, эпидемия және эпизоотияға ұшырайды.

Аппараттардың және негізгі фонның, жылжымалы құрамның және көліктегі инфрақұрылымның ескіруі және тозуы, табиғи ресурстарды өңдеу интенсификациясы, оларды тасымалдау және өңдеу көлемінің ұлғаюы техногенді қауіптің көбеюіне нақты алғышарт тудырады.

Уақтылы алдын алу шараларын қабылдауға қарамастан жол-көлік оқиғасын қоса, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар және оқиғалар динамикасы, қаза тапқандар және зардап шеккендер саны, материалдық залал, бұл ретте келесі түрде көрсетілген:

13 кесте





2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Төтенше оқиғалар саны

2286

1800

1971

соның ішінде төтенше жағдайлар

182

159

177

Зардап шегушілер саны, барлығы

427

411

427

соның ішінде төтенше жағдайлар кезінде

248

239

408

Қаза тапқандар саны, барлығы

152

138

130

соның ішінде төтенше жағдайлар кезінде

130

116

111

Материалдық залал, млн. тенге

579,7

639,1

195.8

соның ішінде төтенше жағдайлар кезінде

0

0

0

Соңғы жылдар ішінде төтенше жағдайлар оқиғаларымен төтенше жағдайлар санына қатынасты тұрақты фонында төтенше жағдайлар оқиғалары және төтенше жағдайлар кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендер санының төмендеуі байқалды. Бұдан ары адам санын және материалдық шығынды төмендету облыстың өрттерге, зілзалаға, сырғымаға, селдерге, су басу, тасқын суға қарсы әрекет етуге инфрақұрылымын қамтамасыз етілу деңгейі жоғарлату арқылы қол жеткізуге болады.

Облыстағы 204 гидротехникалық құрылыстардың (олардың ішінде 4 ірі), соның ішінде 108 нысан коммуналдық меншікте, 70 республикалық және 26 жеке меншікте, барлығы баланс ұстаушыларға бекітілген, олардың жағдайларына тұрақты бақылау жасалып отырылады. Көптеген гидротехникалық имараттарға инструменталды толық тексеру және конструкцияны күшейту жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Өзендер мен мұз айдындары көктем-жаз мерзімінде жалпы саны 44 ошақ сел қауіпін тудырады, 336 қар көшкіні телімі 107 астам нысандарға қауіп төндіреді.

Облысқа су апатына байланысты (су тасқыны, су басу) төтенше жағдайлар залал келтіреді. Облыста су тасқыны туындауы бойынша 159 әлеуеті қауіпті телімдер бар, бұл жерлерде жалпы тұрғындар саны шамамен 82 мың адаммен 157 елді мекен орналасқан.

Осыған байланысты су тасқынына қарсы іс-шараларға байланысты облыста үлкен назар аударылған. 2012-2013 жылдар аралығында қаламен аудан әкімдерімен үкіметтің қорынан 1 млрд.теңге бөлінген.

Қаражат есебінен 11 қала мен аудан аумағында 2014 жылдың көктемгі-жазғы маусымында 32 елді мекенді су басудан сақтау, 26 мың адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аймаққа экономикалық шығынды болдырмауға мүмкіндік берген су басу маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары орындалды.

2014 жылы жөндеу - қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге Үкімет қорынан 11,0 млн.теңге бөлінді.

Облыстың 2 қаласы 8 аудандарында жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізуге 71489 мың теңге бөлініп, игерілді.

Гидротехникалық құрылғылар мен платиналар, коммуналдық меншіктің тоғандарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге 483 млн 537 мың теңге бөлініп, игерілді.

Жергілікті атқару органдары есебінен су тасқынына қарсы алдын алу жұмыстарын жүргізуге 227,2 млн.тенге бөлінген. Қабылданған алдын алу жұмыстарын нәтижесінде су тасқыны мерзіміне қатысты төтенше жағдайлар тіркелмеген.

Шығыс Қазақстан облысы ауа-райының күрт-континенталды жағдайына және елді мекендердің бір-бірінен едәуір алыс орналасқанына байланысты қыс мерзіміне сипатты төтенше жағдайлар адамдар өміріне және денсаулығына белгілі бір қауіп төндіреді.

Ірі елді мекендердің, қалалар, мемлекеттік маңызды өндірістік нысандардың айтарлықтай бөліктері 7-ден 9-ға дейін балды қиратушы жерсілкінісіне ұшырайтын облыс аумағында орналасқан. ҚР 2.03-30-2006 ҚНжҚ сәйкес Шығыс Қазақстан облысында сейсмикалығы 7 және одан көп балды 89 елді мекен орналасқан. Облыстың сесмикалық қауіпті аймағына аумақтың 165,4 мың квадрат шақырымы енген, бұл облыстың барлық аумағының 60% құрайды, аталған жерлерде 981 мың адам тұрғындайды немесе облыс халқы жалпы санының 62,5%. Жоғары сейсмикалық қауіпті аймақтар Өскемен, Риддер, Зырян қалаларын, Глубокое, Зайсан, Зырян, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Үржар аудандарын қамтиды.

Объектілерді тексеру нәтижесі бойынша, сейсмикалық күшейтуді қажет ететін объектілер, сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы аумағында сейсмикалық күшейтілген объектілер анықталды:

-сейсмикалық күшейту жүргізілген объектілер саны 98 өндірістік (1113,013 мың текше метр);

- сейсмикалық күшейтуді қажет ететін объектілер саны – 1922 (1775,3 мың текше метр), соның ішінде: 344 білім беру объектілері, 148 денсаулық сақтау объектілері, 919 қоғамдық объектілер, 511 өндірістік ғимараттар;

- сейсмикалық күшейтуді қажет ететін тұрғын үйлердің жалпы ауданы– 119209,5 мың текше метр), оның ішінде 118266,6 мың текше метр– жеке иелікте, 942,9 мың текше метр – коммуналдық иелікте.

Көзбен шолу тексерісінің нәтижесінде, сейсмология саласында мамандандырылған мекеме «КазНИИССА» АҚ қатыстырумен ғимараттардың техникалық тексеруін жүргізу қажет. Облыстың елді мекендерінде сейсмикалық шағын аудандастыру картасының жоқтығы сейсмикалық қауіпсіздікті бағалауды және инженерлік қауіпсіздік бойынша шаралар қабылдауды және қиратушы жер сілкінісі салдары қаупін азайтуға жол бермейді.

Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі кешенді болып табылады, ол бар мәселелерді жүйелі түрде шешуді, жер сілкінісі туындауынан мүмкін болатын материалдық залалға болжа жасауды, сондай-ақ контсрукцияларды күшейту арқылы шығындарды айтарлықтай азайтуды қарастыруды талап етеді. Инженерлік қорғау, сейсмикалық күшейту бойынша тексеру және іс- шаралар өткізуге едәуір қаражат бөлуді талап етеді.

Облыстың орман массивтерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайы қиын болып қалуда, бұл жерлерде жыл сайын 5 ірі өрт орын алады, орман массиві 12 мың гектарға дейін жойылады. Тұрғын секторындағы өрттің деңгейі жоғары болып қалуда, мұнда жыл сайын өрттің жалпы санының 75 пайызы болады және өрт кезінде қаза тапқандардың жалпы санының 90 пайызын құрайды. Өрттің барлық санының 60 пайызы ауылдық жерлерде болады. Облыста ҚР ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері жоқ елді мекендерде 62 өрт сөндіру тірек пунктері қызмет етеді. Елді мекендерді қорғауды қамтамасыз ету және орман-дала өрттерін сөндіру бойынша жұмыстар жүргізу үшін 62 ауылдарда қосымша базалар құру және оларды өртке қарсы техникалармен жабдықтау қажет, бұл ретте олардың шығуы тұрғындардың саны 44 мың адам 105 елді мекенді қорғауды қамту қажет.

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға күні бұрын дайындық, профилактика және олардың алдын алу халықты, облыс экономикасын, материалдық және мәдени бағалықтарды дүлей зілзалалар, авариялар мен аппаттар кезіндегі қауіптен қорғаудың бірден-бір жолы.

SWOT- саланы дамыту жағдайының талдауы:

Мықты жақтары:

1) табиғи өрттердің туындау ошақтарын және көктем мерзімінде қар қорының еруін ерте айқындау бойынша ғарыштық мониторингтің барлығы;

2) жыл сайын жоспарлы түрде басқару органдарымен, облыстық қызметтермен, нысандар және АҚ және ТЖ аумақтық құрылымдарымен командалық - штабтық жаттығулар мен оқу-жаттығулар өткізу;

3) барлық иесіз қалған платиналарды коммуналдық және республикалық балансқа беру бойынша мәселені шешу;

4) төтенше жағдайлар туындауы және қаупі кезінде әрекет ету және ден қою бойынша жасалынған жоспар;

5) облыстық және республикалық оқыту курстарында АҚ және ТЖ мәселесі бойынша облыстың Басқару құрамының уақтылы дайындықтан өтуі;

6) орман-дала өрттерін сөндіру және шалғай жатқан елді мекендерді қорғау үшін 62 өрт сөндіру тірек пунктерінің қызмет етуі;

7) 12 бірлік өрт сөндіру техникаларын қала мен аудан әкімдерінің балансына беру.

Әлсіз жақтары:

1) халықты құлағдар ету жүйесінің табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың қаупі төнген уақытта халыққа шұғыл ақпаратты толық көлемде жеткізе алмайтындығы;

2) жергілікті атқарушы органдар мен МҚ қызметтері құрылымдарының апат аймағында шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті құрылғылармен, аспаптармен және құтқару құралдарымен аз жабдықталынуы;

3) жағалауларды бекіту жұмыстарын жүргізуді және қорғауды талап ететін, елді мекендерге және инженерлік ғимараттарға қауіп төндіретін су тасқыны және су басуы мүмкін потенциалды қауіпті телімдердің бар болуы. Әртүрлі бюджет есебінен су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізуге жіне жобалық-сметалық құжаттарды жасауға техникалық - экономикалық негіздемелерді жасау іс-шараларының жеткіліксіз қаржыландырылуы;

4) сейсмикалық күшейту жұмыстарына қаражат бөлінбеуіне байланысты қатты жер сілкінісі кезінде адам шығынын болдырмау мүмкіндіктерінің жоқтығы;

5) капитал сыйымдылығына байланысты апаттарға және дүлей зілзалаларға қарсы тұру және оларды жою бойынша кешенді іс-шаралардың толық көлемде жүзеге асырылмауы.

Мүмкіндіктер:

1) бұқаралық ақпарат көздері арқылы халық арасында АҚ және ТЖ саласында білімді насихаттау бойынша кең масштабты жұмыстар жүргізу, әр-түрлі төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету ережелері бойынша көрнекті жадынамалар тарату, бұл ТЖ залалдарын азайтуға мүмкіндік береді;

2) орман өрттері залалдарын айтарлықтай азайту, сондай-ақ аудандық орталықтардан шалғай орналасқан елді мекендерді қорғауды қамтамасыз ету үшін өрт сөндіру тірек пунктерін дамыту және сандарын көбейту;

3) жүйелі жөндеу жұмыстарын жүргізу мен қолданыстағы су құрылғыларын жаңалауды, су тасқыны қаупі бар телімдерді инженерлік қорғау бойынша іс - шаралар жүргізуге кешенді келу;

4) төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халықтардың тіршілігі кепілдігін қамтамасыз ету үшін облыс әкімінің және қалалар мен аудандар әкімдерінің материалдық-техникалық қорын нығайту.

Қауіптер:

1) облыс аумағында күші 7 - 9 балға дейін күшті жер сілкінісі қаупінің болуы. Бұл аймақтарда өндірістік дамыған Өскемен, Зырян және Риддер қалалары және халық саны тығыз ауылдар орналасқан;

2) нысандарды тексеру және сейсмикалық күшейту бойынша жобаларды қаржыландырудың жүргізілмеуі;

3) адамдардың өмірі мен денсаулығына, техногенді апаттың туындауына қауіп төндіретін бөгеттердің жағдайын тексеру және оларды күшейту бойынша іс-шаралардың жеткіліксіз қаржыландыру;

4) аумақтың химиялық зақымдалуы кезінде адамдардың өмірін және денсаулығын қамтамасыз ету үшін заманауи жеке қорғану құралдарын сатып алуға қаражаттың жоқтығы;

5) заманауи қосалқы қорғалған басқару пунктін салуға қаражаттың жоқтығы.



2.2.2.10. Мұрағат ісі.

Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісінің дамуына жасалған талдау соңғы жылдар ішінде мұрағат өрісінің қызмет ету саласында ілгерілеудің позитивті үрдісінің байқалатындығын көрсетті.

Облыста 1 облыстық және 11 аудандық мемлекеттік мұрағаттар, Семей қаласында Шығыс Қазақстан облысының қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы және 6 мемлекеттік мұрағат филиалы бар.

Облыста 1300-ден астам мекеме, ұйымдар, кәсіпорындар – мемлекеттік мұрағат құжаттарын жинақтау көздері болып есепке алынған. Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық мұрағат қорының көлемі 2012 жылғы 48364 сақтау бірлігіне қарағанда ұлғаюмен 2 423586 сақтау бірлігін құрайды.

Облыстың мұрағаттық мекмелерінде материалдық-техникалық базаларын модернизациялау, компьютерлендіру, автоматтандырылған мұрағат технологияларын құру және енгізу және Шетел мұрағаттарында және Қазақстан Республикасының мұрағаттарында сақтаудағы Қазақстан тарихы жөніндегі құжаттарды (көшірмелерін) іздеу және сатып алу жүргізілуде.

Ведомстволық сақтау кезеңіндегі сақталуын қамтамасыз етудің болмауы қызметкерлердің еңбек қызметін және олардың зейнетақымен қамтамасыз етуге ақша аударуы жөніндегі мәліметтерді растайтын құжаттардың мұрағат мекемелеріне келіп түсетін әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстардың 20 % астамы оң растау алмауына әкеліп соқтырды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар құрылымдарының 40 %-да ведомстволық мұрағаттар жоқ.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету үшін 1 млн.сақтау бірлігіне арнап Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатына арналған арнайы ғимарат құрылысы қажет. Аудандарда да арнайы үй-жайлар жоқ.

Аталған мәселелерді шешу мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерінің және облыстың мұрағат саласының тиімді қызмет етуінің идеалды моделіне жақындауға мүмкіндік берер еді.

Саланың даму жағдайына SWОT талдау:

Күшті жақтары:

1) басқарма және облыстың Мемлекеттік мұрағаты мемлекеттік органдарының бірыңғай транспорттық желісіне қосылған (интернет порталына, облыс әкімінің ресми сайты, билік өкілінің порталы, Электрондық Қызмет Орталығына шығу);

2) облыстың барлық 18 мұрағат мекемелерінде модем орнатылған, «Шығыс Қазақстан облысының мұрағат қызметі» сайты белсенді жұмыс істейді.

Әлсіз жақтары:

1) нормативтік–құқықтық базасының жетілмегендігінде, облыста мұрағат ісі құжаттарын сақтау саласында және мұрағат мекемелері жұмысында білікті мамандардың жетіспеушілігінде көрінетін мұрағат саласының инфрақұрылымы дамуының төмен дәрежесі;

2) мемлекеттік мұрағаттарда сақталатын құжаттама көлемінің өсуі мен мұрағат қоймалары көлемімен сәйкес келмеуі;

3) Қазақстан халқының құжаттық мұрасын зерттеу, дамыту мен насихаттаудың жеткіліксіз деңгейі.

Мүмкіндіктер:

облыстың мұрағат мекемелеріне электрондық қызмет көрсетуі, заңды форматтағы ұлттық мұрағат қоры көлемінің өсуі, азаматтардың мұрағат ақпаратына қол жетуінің кеңеюі.

Қауіптер:

мұрағат саласындағы жергілікті атқарушы органдардың тиімсіз жұмысы, жергілікті атқарушы органдарынан кадрлардың кетуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет