11 сурет – ҚР және ШҚО бойынша 2013 - 2015 ж.ж. туберкулезден ауыру және өлім деңгейі
(100 мың тұрғынға)
Эпидемиологиялық көрсеткіштердің тұрақтылыққа беталғанына қарамастан туберкулез ауруының әрі қарай жасаруы (жалпы науқастанғандардың санынан 81,9 % 18 - ден 55 жасқа дейін), жұмыс істемейтіндердің және әлеуметтік бейімнен шет шыққан адамдар санының ұлғайуы, дәріге көнбейтін аурулардың өсуі айқындалады.
Балалар арасында туберкулезден ауыру деңгейінің 2,6 % - ға азайуы байқалады: 2013 жылы балалардың сырқаттану көрсеткіші 100 мың адамға
22,0, ал 2015 жылы 8,6 құрады.
Облыста түзеу мекемелері көп және онда отырғандардың ішінен туберкулезбен сырқаттанатын адам саны біршама. Бұл фактор да облыстың эпидемиологиялық жағдайын қиындатады. Облыстың азаматтық тұрғындарымен салыстырғанда, бұл контингент арасында туберкулезбен белсенді ауыратындар саны 10,6 есе жоғары.
Облыс бойынша туберкулезбен орта деңгейден жоғары ауыру көрсеткіші Глубокий (116,9), Ұлан (86,5) аудандарында, Өскемен (73,1), Семей (62,4), Риддер (62,0) қалаларында сақталады.
Туберкулезбен ауырғандарға әлеуметтік көмек көрсету мәселесі әлі де маңызды болып табылады (баспана беру, жол ақысын төлеу, тамақтануға қаражат бөлу, олардың ішінде балаларға да).
Облыс балалары арасында ауыру деңгейі. Облыс бойынша 2015 жылы
0 - 5 жас аралығындағы балаларда 142 517 ауру жағдайлары тіркелген,
2013 жылы – 126 487. 0 - 5 жас аралығындағы 1000 балада бұл көрсеткіш
2015 жылы 1 258,3 болды (2013 жылы - 1 157,5), орта республикалық
көрсеткіш – 1000 балаға 1 153,5.
2015 жылы 0-5 жас аралығындағы балаларда нозологиялар кесіндісі 1000 балаға алғанда төмендегідей:
тыныс жолдары аурулары – 878,6, ҚР бойынша – 725,0;
перинаталдық кезеңде пайда болған күйлер – 48,6, ҚР бойынша – 45,7;
жұқпалы және паразитарлық аурулар – 37,7, ҚР бойынша – 30,8;
несеп-жыныстық жүйе аурулары – 16,8, ҚР бойынша – 13,0;
эндокриндік жүйе аурулары – 14,1, ҚР бойынша – 12,7, оның ішінде гипотрофия – 4,1, ҚР бойынша – 3,0;
жарақаттар, уланулар және сыртқы себептер әсерінен болған зардаптар – 14,1, ҚР бойынша – 12,3.
Кейінгі 3 жылда аумақ халқының қатерлі ісіктермен науқастану деңгейі 100 мың тұрғынға алғанда 2013 ж. 285,6 болса, 2015 ж. 301,4 дейін көтерілді, ҚР бойынша көрсеткіштен де 1,5 есе жоғары (207,7).
Қатерлі ісіктердің жоғары көрсеткіштері өндірісі дамыған аудандарда және бұрынғы Семей сынақ полигонына жақын аумақтарда тіркелген: Өскемен, Зырян, Риддер қалалары, Глубокий, Шемонаиха аудандары.
Қатерлі ісіктер деңгейінің өсуін скрининг бағдарламалары нәтижесінде қатерлі ісіктерді анықтаудың жоғары деңгейімен түсіндіруге болады (12 сурет).
12 сурет – ҚР және ШҚО бойынша 2013 - 2015 жж. қатерлі ісіктермен ауыру және өлім деңгейі (100 мың тұрғынға)
Жалпы өлім құрамында қанайналым жүйесі аурулары (ҚЖА) ең көп үлесті құрайды (22,8 %). 2015 жылы ҚЖА-дан өлім көрсеткіші 100 мың адамға 2 767,3 құрады, ал республика бойынша деңгейі - 2 429,7, яғни 13,9 % - ға жоғары (13 сурет).
13 сурет – ҚР және ШҚО бойынша 2012 - 2014 жж. қанайналым жүйесі ауруларынан
ауыру және өлім деңгейі
Кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту, тексеру және емдеудің жаңа әдістерін енгізу нәтижесінде жүректің сазып ауыруынан өлім саны 2013 жылмен салыстырғанда 1,3 есе төмендеді.
Жарақаттардан, жазатайымдардан және уланудан (12,5 %) өлім саны үшінші орынды алады: 2015 жылы 100 мың адамға - 130,6, 2013 жылмен салыстырғанда 4,2 %-ға төмендеді, ҚР бойынша көрсеткіш - 2015 жылы 82,5.
Достарыңызбен бөлісу: |