БАҒдарламасы өскемен қ., 2016 жыл Мазмұны Паспорт 3 2



бет2/19
Дата09.04.2018
өлшемі5,9 Mb.
#40117
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Паспорт



Атауы

Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2016 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлықтары

Өңірдің негізгі сипаттамалары

Шығыс Қазақстан облысы республиканың солтүстік-шығысында орналасқан, 1932 жылы құрылған. Облыста: 19 әкiмшiлiк-аумақтық бірлік, соның iшiнде 15 аудан, 10 қала, 755 кенттер мен ауылдар, 246 ауылдық және кенттік округтер бар. 2016 жылдың 1 қаңтарда халық саны - 1 395,8 мың адам. Экономиканың базалық саласы түсті металургия болып табылады, сондай-ақ машина жасау және металл өңдеу, орман және ағаш өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыған

Бағыттары

Өңірлік макроэкономика;

Әлеуметтік орта;

Қоғамдық тәртіпті күзету және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

Инфрақұрылым;

Экология және жер ресурстары;

Мемлекеттік қызмет көрсету



Мақсаттары


  1. өнір экономикасының орнықты өсуін қамтамасыз ету;

  2. өнеркәсіптің басым секторларын дамыту;

  3. өңірлік ішкі өнімнің энергия сыйымдылығының төмендеуі және жаңартылатын энергия көздерін енгізу;

  4. өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  5. бизнестің экономикалық белсенділігін арттыру үшін қолайлы орта құру;

  6. өңірдің экономикасына инвестиция ағымын ынталандыру және инновациялық дамуын жандандыру;

  7. туризм индустриясын дамыту;

  8. өңіраралық кооперацияны дамыту;

  9. экономикалық өсу нүктелерінде капитал мен халықтың шоғырлануын ынталандыру, аумақты ұйымдастырудың тиімділігін құру арқылы әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамытуға жағдайлар жасау;

  10. білім берудің қол жетімділігін және сапасын арттыру;

  11. жастардың әлеуметтік тұрақтылығын және құқықтарын іске асыруын қамтамасыз ету;

  12. халықтың денсаулығын сақтау және нығайту;

  13. халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуын қамтамасыз ету;

  14. облыстың кәсіпорындарында еңбек заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету;

  15. отандық мәдениетті сақтау;

  16. ұлт бірлігін қамтамасыз ету және этникааралық және конфессияаралық келісімді нығайту;

  17. бұқаралық спортты дамыту;

  18. Қазақстан халқын біріктіру факторы ретінде толеранттылық тіл ортасын құру;

  19. халықтың тұрмыс-тіршілігінің қауіпсіздігін арттыру;

  20. халықты қол жетімді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету;

  21. құрылыс саласының дамыту және халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге жәрдем көрсету;

  22. автожол саласының инфрақұрлымын дамыту және елді мекендер арасында көлік байланысын қамтамасыз ету;

  23. халықты сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету;

  24. қоғамның тіршілік әрекеті үшін қолайлы қоршаған ортаның сапасын арттыру;

  25. ауылшаруашылықта пайдаланудағы жерлерді ауылшаруашылық айналымына тарту;

  26. ұйымдар мен азаматтар үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру.

Нысаналы индикаторлар

2020 жылға дейін:

  1. жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі - 102,5 %;

  2. халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім - 2 323,9 мың теңге жан басына;

  3. жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны - 103,9 %;

  4. өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі - 102,2 %;

  5. өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі - 31,3 мың АҚШ доллары/адам;

  6. өңір экспортының жалпы көлемдегі шикізат емес тауарлардың көлемін экспорттау үлесі - 80,2 %;

  7. металл кендер өндірудің нақты көлем индексі - 102,4 %;

  8. металлургиялық өнеркәсіптің нақты көлем индексі - 105 %;

  9. металлургиялық салада еңбек өңімділігін арттыру - 102,5 %;

  10. металлургиялық өнеркәсіптің өнімдер экспорты - 1 424 560 мың АҚШ доллары;

  11. машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдары өндірісінің нақты көлем индексі - 103,1 %;

  12. машина жасау өнімдер өндірісінің нақты көлем индексі - 105 %;

  13. машина жасау саласында еңбек өңімділігін арттыру - 104 %;

  14. басқа металл емес минералды өнімдер өндірісінің нақты көлем индексі - 103 %;

  15. басқа металл емес минералды өнімдер өндірісінде еңбек өңімділігін арттыру (2012 жылға) - 120 %;

  16. металл емес басқа минералды өнімдер экспортының өсуі (2012 жылға) - 100 %;

  17. химиялық өнімдер өндірісінің нақты көлем индексі - 103 %;

  18. химиялық салада еңбек өңімділігін арттыру - 101,9 %;

  19. химиялық өнеркәсіптегі өнімдер экспорты - 99 867 мың АҚШ доллары;

  20. жеңіл өнеркәсіптегі өнімдер өндірісінің нақты көлем индексі - 102 %;

  21. жеңіл өнеркәсіп салада еңбек өңімділігін арттыру - 101,2 %;

  22. жеңіл өнеркәсіп өнімінің экспорты - 3 550 мың АҚШ доллары;

  23. негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісінің нақты көлем индексі - 105 %;

  24. өңірлік ішкі өнімнің энергия сыйымдылығының көрсеткіші - мың АҚШ долларға шаққанда 0,61 теңге;

  25. өндірілген электр энергиясының жалпы көлеміндегі энергияның жаңартылған көздерінен өндірілген электр энергиясының үлесі - 3,2 %;

  26. ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлем индексі - 109 %;

  27. тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған нақты көлем индексі - 110 %;

  28. ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді малбасының үлесі: ІҚМ - 50 %, ұсақ мал - 53,5 %;

  29. тұқымды өзгерістерге қатысатын ірі қара мүйізді және ұсақ мүйізді мал үлесі: ІҚМ - 28 %, ұсақ мал - 11,3 %;

  30. мерзімі бұзылып берілген субсидиялар үлесінің төмендеуі - 0 %;

  31. тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі - 87,5 %;

  32. бөлшек сауданың нақты көлем индексі - 110 %;

  33. сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем емес сауда нысандарының санын ұлғайту («Бөлшек сауда» қызметі түрімен);

  34. халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны - 103,8 %;

  35. жан басына шаққанда негізгі капиталға инвестициялар (Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламада көзделген қаражат шеңберінде) - 8,2 мың теңге;

  36. негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі - 45 %;

  37. шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестицияның 2015 жылға өсуі (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда) - 102,5 %;

  38. әзірленген құжаттар бойынша оң нәтиже алған МЖС жобалары санының көбейуі және оларға байқау жариялау - 5;

  39. әрекеттегі кәсіпорындарға қарағанда инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі - 23,5 %;

  40. жалпы өңірлік өнімнің жалпы көлеміне инновациялық өнім үлесінің көбейуі - 5,84 %;

  41. өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер) - 110 %;

  42. өткен жылмен салыстырғанда сырттан келу туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттеремес) - 106 %;

  43. өткен жылмен салыстырғанда ұсынылған төсек-тәуліксанының өсуі - 107 %;

  44. басқа өңірлерге жөнелтілген өндірілген өнім көлемі (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша) - 501 964,6 млн. теңге;

  45. резиденттерден сатып алынған тауарлардың жалпы қарағандабасқа өңірлерде сатып алынған тауарлардың үлес салмағы (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам көтерме кәсіпорындар бойынша) - 59 %;

  46. тіректі ауылдық елді мекендерде халық санының өсуі, (2013 жыл фактісі - 87,559 мың адам) 95,3 мың адамға дейін;

  47. шекара маңындағы аумақтарда орналасқан тірек ауылдық елді мекендерінде халық санының өсуі – 29,6 мың адам;

  48. мемлекеттік желілер нормативіне сәйкес жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету - 100 %;

  49. жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымдық мектептердің болмауы - 0 бірлік;

  50. жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі - 60,2 %;

  51. мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы - 20,2 %;

  52. мектепке дейінгі тәрбие беру және білім беруге балалардың (3-6 жас) ауқымдылығы - 100 %, соның ішінде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желілерін дамыту есебінен - 8,4 %;

  53. мемлекеттік тапсырыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары түлектері мен оқуды аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылғандарының үлесі - 70 %;

  54. типтік жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу үлесі - 19 %;

  55. 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі (NEET – ағыл. Not in Education, Employment or Training) - 7,3 %;

  56. мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда 14-29 жастағы тұрғындардың қанағаттанушылық деңгейі - 45 %;

  57. өткен жылға қарағанда халық санының өсуі - 100,1 %;

  58. 100 мың тірі туылғандарға шаққандағы аналар өлім-жітімін төмендету - 10,5 %;

  59. 1000 тірі туылғандарға шаққандағы балалар өлім-жітімін төмендету - 9,7 %;

  60. 100 мың тұрғынға шаққандағы жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулардан болатын өлім-жітімді төмендету - 116,2 %;

  61. 15-49 жас ерекшелігі тобындағы адамның иммун тапшылығы вирусының таралуы, 0,2-0,6 % шегінде - 1,1 %;

  62. жұмыссыздық деңгейі - 4,7 %;

  63. жұмысқа орналастыру мәселелер бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі - 78,8 %;

  64. жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі - 60,3 %;

  65. жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен заңды тұлғалар тартатын шетелдік жұмыс күшінің құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы (шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота бойынша) - 70 %;

  66. атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі - 25 %;

  67. арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсете отырып, қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде) - 100 %;

  68. жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі) - 13,4 %;

  69. әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымның паспортталған нысандарының жалпы санының ішіндегі мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының үлесі - 100 %;

  70. өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 адамға шаққандағы жазатайым оқиғаның жиілік коэффициенті) - 0,40 %;

  71. анықталған жалпы көлемдегі бұзушылықтардың %- дағы еңбек заңнамасының бұзушылықтарының орындалу үлесі - 94;

  72. 1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің (келу) орташа саны, бірлік: кітапханаға келушілер - 304,2, театрға келушілер - 111,2, концерттік ұйымдарға келушілер - 135,4, мұражайларға келушілер - 556,7;

  73. этникааралық қатынас саласында мемлекеттік саясатты оңды бағалайтын халық үлесі - 84 %;

  74. конфессияаралық қатынас саласында мемлекеттік саясатты оңды бағалайтын халық үлесі - 86 %;

  75. дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту - 30,6 %;

  76. балалар мен жас өспірімдер жалпы санына қатысты 7 мен 18 жас аралығында балалар - жас өспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жас өспірімдерді қамту - 14,8 %;

  77. мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі - 85 %;

  78. ағылшын тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі - 6 %;

  79. үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындардың үлесі - 5 %;

  80. үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындардың үлесі - 14,4 %;

  81. жас өспірімдер жасаған қылмыстардың үлес салмағы - 3,7 %;

  82. бұрын қылмыс жасаған адамдардың жасаған қылмыстарының үлес салмағы - 46 %;

  83. 100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету - 7,6 бірлік;

  84. тіркелген жалпы қылмыстар санынан есірткімен байланысты қылмыстардың төмендеу үлесі - 1,2 %;

  85. төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі - 80 %;

  86. 100 тұрғынға телефон байланысының тіркелген желісінің тығыздығы - 28,2 бірлік;

  87. интернетті пайдаланушылардың үлесі - 72,2 %;

  88. халықтың цифрлік сауаттылығының деңгейі - 80 %;

  89. құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі - 101,7 %;

  90. пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы - 445,4 мың шаршы м.;

  91. жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі - 78,5 %;

  92. жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі - 0 %;

  93. күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету - 11 %;

  94. қалаларда орталықтандырылған қолжетімділік: сумен жабдықтау - 100%, су бұрумен жабдықтау - 100 %;

  95. ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған қолжетімділік: сумен жабдықтау - 74,5%, су бұрумен жабдықтау - 14 %;

  96. жалпы ұзақтықтан жаңғыртылған желілердің үлесі: жылумен жабдықтау - 29,7 %, электрмен жабдықтау - 0,5 %;

  97. ластаушы заттардың нормативті көлемі: атмосфераға шығарындылар - 0,191 млн.тонна, су нысандарына төгінділер - 0,063 млн.тонна;

  98. пайда болған тұрмыстық қатты қалдықтарды пайдаға жарату үлесі - 0,03 %;

  99. облыстардың, республикалық маңызы бар калалардың, астананың халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту - 44,5 %;

  100. экологиялық және санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру нысандарының үлесі (орналастыру орындарының жалпы санынан) - 4,4 %;

  101. су шаруашылығының (су шаруашылығының нысандары) және гидромелиоративті жүйелермен жабдықтардың негізгі капиталына мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлем индексі - %;

  102. орман шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың нақты көлем индексі - 0 %;

  103. ағаш егу шаруашылығы плантациясының негізгі капиталына мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлем индексі - 0 %;

  104. жануарлар дүниесін қайта өндірудің негізгі капиталына тартылған мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлем индексі - 0 %;

  105. жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры аумағында орманмен жабылған алқап ауданы - 1277,7 мың. га;

  106. жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры ауданында 1 орман өртінің орташа ауданы - 0,009 мың га;

  107. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту - 18 %;

  108. жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс үлесі (ауыспалы егіс алқабы) - 33,1 %;

  109. табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егістің үлесі (азықтық ауыспалы егіс) - 7,8 %;

  110. жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру - 93 %.

Қажетті ресурстар

Қаржыландыру көздері: республикалық және облыстық бюджеттер, тартылған және меншікті қаражат, қарыз қаражаты.

Қаржыландыру көлемі: барлығы – 869 447,3 млн. теңге, соның ішінде:

2016 ж. – 260 271,3 млн. теңге

2017 ж. – 222 642,4 млн. теңге

2018 ж. – 513 547,4 млн. теңге

2019 ж. – 98 005,3 млн. теңге

2020 ж. – 74 980,9 млн. теңге



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет