Өткізілген тауарлардың негізгі көлемі Алматы қ. 2,05 млрд. теңгеге немесе жалпы тауарлар көлемінен 35 % құрайды. Астана қ. тұтынушыларына 1,8 млрд. теңгеге (үлесі 30,4 %) өнім жеткізу жүзеге асырылған, Қостанай облысы - 0,7 млрд. теңге (12,8 %).
Резиденттердің 2015 жылы өнеркәсіп өнімінің барлығы 294,7 млрд. теңгеге тиеп - жөнелтілді, соның ішінде Алматы қ. - 136,9 млрд. теңге (46,5 %), Астана қ. - 30,8 млрд. теңге (10,5 %), Қарағанды облысы 57,0 млрд. теңге (19,3 %), Алматы - 20,6 млрд. теңге (7 %), Оңтүстік Қазақстан - 13,4 млрд. теңге (4,5 %), Акмола - 10,4 млрд. теңге (3,5 %), басқа өңірлер - 25,5 млрд. теңге (8,7 %).
Экономикалық өсу нүктелерін дамыту
Тұрақты дамуды қамтамасыз ету және кеңістіктік қатынаста халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Шығыс Қазақстан облысы елдің кеңістіктік дамуының болжамды схемасының ережелері, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалары, сондай-ақ жергілікті деңгейде әзірленген құжаттардың негізінде дамитын болады.
Негізгі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сүйене отырып осындай аумақтар («өсу нүктесі») Өскемен қаласы – облыстың орталығы, урбанистикалық орталық, Орталық - Шығыс макроөңірдегі тірек қалалардың бірі, облыстық маңызы бар қалалар және моноқалалар (Семей, Риддер, Курчатов, Зырян, Серебрянск), шағын қалалар (Аягөз, Зайсан, Шемонаиха, Шар), аудандардың әкімшілік орталықтары және тірек ауылдық елді мекендері болып табылады (25 кесте).
25 кесте – Экономикалық өсу нүктелерін дамытудың қысқаша сипаты және болашағы
|
Халық саны (мың адам)
|
Ағымдағы жағдай
|
Бәсекелестік артықшылықтары
|
Даму болашағы
|
«Екінші деңгейлі» қалалар (облыс орталығы және облыстық манызы бар қалалар)
|
Өскемен қаласы
|
321,202
|
Облыстың өнеркәсіп өндірісінің 60 % шоғырланған: түсті металлургияның, машина жасау, тамақ өндірісінің ірі кәсіпорындары
|
Қытай мен Рессейге аумақтық жақындығы, нақты сектор үшін жоғары санаттағы мамандардың болуы, инновациялық инфрақұрылымының болуы, дамыған көлік инфрақұрылымы
|
Хаб – қаласы ретінде дамыту - Орталық – Шығыс макроөңірдің тірек қаңқасы («Өскемен – Семей – Павлодар» атожолдардағы өңіраралық желісінің жобаларын іске асыру есебінен. Сонымен қоса, «Астана – Павлодар – Қалбатау» бағыты бойынша «Орталық – Шығыс» жобасы орталық пен шығыс өңірін байланыстыратын жоба болады). РФ – ҚХР және РФ – ҚР оңтүстік бағыттары бойынша автокөлік жолдарын дамыту арқылы транзиттік мүмкіндіктерді кеңейту
|
Семей қаласы
|
318,084
|
Қалаға 16 ауылдық және кенттік округтары жатады, олар 39 ауылдық елді мекендерді біріктіреді
|
аумақ бойынша Омск – Майқапшағай магистральды автокөліктік дәлізі өтеді;
алтынды кенді өндіру және қайта өңдеу бойынша жетекші компаниялардың бар болуы;
ірі нарықтарға - өнімдердің импортшыларына жақындығы (Ресей, Қытай);
АӨК - де өндірістік әлеуетінің бар болуы;
қаланың аумағы бойынша Шүлбі су қоймасы орналасқан Ертіс өзені ағады
|
Қаланы дамыту болашағы тау - кен металлургия кешені, машина жасау және құрылыс индустриясы, АӨК, сондай - ақ туризммен байланысты
|
«Үшінші деңгейлі» қалалар (моно, шағын қалалар)
|
Риддер қаласы
|
49,673
|
Мамандану: металлургия және тау - кен өндіру индустриясы (облыстағы өнеркәсіп көлемі бойынша 3-ші орын). Қала «Защита-Лениногор» темір жол торабы, Өскемен - Риддер - РФ шекарасының автомагистралі облыстық орталығынан 134 км қашықтықта орналасқан
|
Өскемен қаласының әсер ететін аймағында орналасқаны, тау - кен өндіру кешені үшін қосымша өндірісі, туристік әлеуетінің болуы
|
Қаланы дамыту болашағы:
1) «Қазмырыш» ЖШС кен базасын дамыту («Риддер -Сокольский», «Тишинский», «Шубинский» үш жұмыс істеп тұрған кеніштерін әзірлеу);
2) еңбекке жарамды тұрғындардың қиын жағдайда болып табылатын ҚР өңірлерінен көшіру;
3) спорттағы қысқы туризм түрлерін дамытумен байланысты
|
Курчатов қаласы
|
12,273
|
Қазақстанның атом ғылымын дамыту орталығы болып табылады, «ҚР ұлттық ядролық орталығы» ӨМК қала құрушы кәсіпорны және олардың филиалдары жұмыс істейді, ол 1,7 мың адам немесе экономикалық белсенді тұрғыннан 23,3 %
|
Инновациялық инфрақұрылымы және жоғары білікті кадрлардың бар болуы
|
Қаланы дамыту болашағы ғылыми кластер, кешенді дозиметрия және радиоактивті қалдықтар мен ионизацияланатын сәуле шығарулар орталығын құрумен, сондай - ақ құрылыс материалдар өндірісін ұйымдастырумен байланысты
|
Зырян қаласы
|
37,041
|
Защита - Зырян темір жол торабы, Өскемен - Зырян - Рахман қайнары республикалық маңызы бар автомагистралі өтеді
|
Тау - кен металлургия кешені мен ауыл шаруашылығы әлеуетінің бар болуы
|
Қаланы дамыту болашағы «Қазмырыш» ЖШС шикізат базасын толықтырумен; сутехникасын дамытумен, сондай - ақ қысқы спорт және туризм түрлері мен сувенирлік өнімдер өндірісін дамытумен байланысты
|
Серебрянск қаласы
|
8,791
|
Защита - Зырян теміржол торабы өтеді
|
Бұқтырма су қоймасының жанында орналасқаны және дамыған суэнергетикалық кешенінің бар болуы
|
Қаланы дамыту перпективалары химия өнеркәсібі, құрылыс индустриясы мен туризмды дамытумен байланысты
|
Зайсан қаласы
|
16,040
|
Қала «Омск-Майқапшағай» республикалық маңызы бар автокөлік жолында орналасқан. Қытай жағында Зимунай елді мекені – шекаралас сауданың орталығы орналасқан
|
Табиғи қорлардың болуы (газ, мұнай, көмір, минералды су) және ауылшаруашылық жер - сулары, шекаралас өтумен қытай шекарасының жақындығы болып табылады
|
Қаланы дамыту болашағы мұнай және газ кен орындарын әрі қарай меңгерумен, агроөнеркәсіптік кешен мен сауда логистикалық қызметін дамытумен байланысты
|
Аягөз қаласы
|
38,134
|
Қала Өскемен - Алматы автокөлік және теміржол торабында орналасқан. Өңірдің орталығында стратегиялық қолайлы географиялық жағдайы және іргелес аудандардың ауылдары үшін сауда, қызмет және көлік орталығы болып табылады
|
Дамыған көліктік инфрақұрылым, ауылшаруашылық және азық – түлік салаларын дамыту үшін әлеует, сондай - ақ құрылыс материалдарын дайындау, тұрғындар құрылымында жоғары жастар үлесі болып табылады
|
Қаланы дамыту болашағы сауда - логистикалық қызметті, құрылыс саласы (мәрмәр ұнтағын өндіру) мен ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді (ет комбинаты, сүт өндіру) дамытумен байланысты
|
Шар қаласы
|
7,424
|
Республикалық маңызы бар автокөлік және темір жол магистралдар бойында орналасқан
|
Дамыған көліктік инфрақұрылым, Семей және Өскемен қалаларына жақындығы, құрылыс индустриясының бар болуы
|
Қаланы дамыту перпективалары теміржол тасымалдауларына жөндеу қызмет көрсету бойынша секторды кеңейтумен, жел энергетика әлеуетін пайдаланумен, минералды - шикізат қорларын игерумен байланысты
|
Шемонаиха қаласы
|
18,094
|
Қалада ірі теміржол стансасы бар, сол арқылы Семей және Ресей Федерациясы бағыты бойынша республикалық маңызы бар автожолдар өтеді
|
Экономикалық қолайлы географиялық жағдайы; өнімдер өтімінің ірі нарықтар жақындығы (Өскемен, Семей қалалары және Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің шекаралас аудандары), шикізат базасын кеңейту мүмкіндігімен ТКМК бар болуы
|
Қаланы дамыту перпективалары көліктік - логистикалық қызметті, тау - кен өндіру саласын, ауыл шаруашылығы мен азық - түлік тағамдарын дамытумен байланысты
|
Ауылдық аумақтар
|
Ауылдар және кенттер
|
566,0
|
Ауыл халқының саны 566 мың адам құрады. Барлық 751 АЕМ санынан жоғары даму әлеуетімен - 81 АЕМ, орташа - 599, төмен -71.
11 ауылдық аудан орталықтары, 31 тірек ауылдар, 246 ауылдық және кенттік округтар орталығы. 79 % АЕМ – адам саны аз және оларда 31,7 % облыстың ауыл халқы.
Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жалпы ауыл халқынан 69,3 %, жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының
31,4 % - ы күрделі жөндеу талап етеді
|
Әр - түрлі бағдарламалық құжаттар шеңберінде ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерін шешу қарастырылған. Тірек ауылдарды, аудан орталықтарын және ауылдық округтар дамыту тәжірибесі бар
|
Ауылдық аумақтарды дамыту келесі бағыттары бойынша іске асады:
1) аудан орталықтары мен тірек АЕМ дамыту;
2) ауылдық округтар орталықтарын, ауылдар мен кенттерді дамыту;
3) жоғары және орташа даму әлеуеті бар басқа АЕМ дамыту;
4) ауылдық жерлерде мамандандыру әлеуетін жоғарылату;
5) жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту
|
Экономикалық өсу нүктелерін дамытудың негізгі мақсаты қалаларды және ауылдық елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық даму бойынша қолайлы жағдай жасау, жоғары даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендердің санын көбейту болып табылады.
Мақсатқа қол жету үшін өндірісті, ауыл шаруашылығын, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды, көлікке қол жетімділік және мемлекеттік және коммерциялық қызметтерді көрсету орталықтарын құру қарастырылған.
Резервтерді сараптау бойынша жұмыстар, нақты секторды дамытуға инвестиция көлемін ұлғайтуға мүмкіндіктер іздестірілуде.
Моноқалаларды дамыту
«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында, моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамытуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Зырян, Серебрянск, Риддер және Курчатов қалаларына мемлекеттік қолдау шаралары жасалады.
Экономиканы әртараптандыру мақсатында моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарларында жалпы инвестиция көлемі 17,7 млрд. теңгеге 6 «зәкірлі» инвестициялық жобалар қарастырылған, олардың Риддер қ. құны 200 млн. теңге болатын «Тау - кен кәсіпорынның өндірісін әртараптандыру» 1 жоба іске асырылды.
Іске асырылу сатысында 3 жоба:
«Алтын және күміс өндеу бойынша фабрика құрылысы» Зырян қаласында құны 3,5 млрд. теңге;
«Су энергетикалық кешенінің құрылысы» Зырян қаласында құны 11,6 млрд. теңге;
«Кальций гидроксидін шығару бойынша өндірісті жаңарту» Курчатов қаласында құны 1,1 млрд. теңге.
Құжаттарды рәсімдеу және әр-түрлі рәсімдеулерден өту сатысында 2 жоба:
«Риддер қаласында ағаштан бұйымдар шығару бойынша өндірісті ұйымдастыру» құны 1,1 млрд. теңге;
Серебрянск қаласында «Ротоформования әдісімен қуыс бұйымдарының өндірісі» құны 225 млн. теңге.
Моноқалалар экономикасын дамыту және әртараптандыру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары «Нұрлы Жол», «Өңірлерді дамыту 2020», «Еңбекпен қамту жол картасы 2020» және «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде іске асырылады.
2015 жылы Риддер қаласында өнеркәсіптік өндіріс көлемі 71,2 млрд. теңге құрады (НКИ – 87,2 %), Курчатов – 2,4 млрд. теңге
(НКИ – 58,1 %), Зырян – 11,2 млрд. теңге (НКИ – 100,1 %),
Серебрянск – 2,4 млрд. теңге (НКИ – 100,1 %).
Аягөз, Зайсан, Шар, Шемонаиха шағын қалаларының экономикасын дамыту және әртараптандыру мақсатында 8 зәкірлі инвестициялық жобаларды іске асыру қарастырылған:
- Аягөз қаласында 9,1 млрд. теңге құнындағы «Мал сою цехын және бордақылау аланының құрылысы» және 1,3 млрд. теңге құнындағы «Аягөз құрылыс материалдар комбинатының құрылысы»;
- Зайсан қаласында 3,6 млрд. теңге құнындағы «Шыны өндірісі бойынша зауыт құрылысы» және 749,0 млн. теңге құнындағы «15 гектарға жылыжай кешенінің құрылысы»;
- Шар қаласында 23 млрд. теңге құнындағы «Қазақцемент ЖШС цемент зауытының маңында жылына 35 мВт электр энергия қуаттылығындағы жел электр қондырғылы жел паркі» және 5 млрд. теңге құнындағы «Қуаттылығы жылына әк ұнтағының 90 мың тонна өнім өндіру бойынша зауыт құрылысы»;
- Шемонаиха қаласында 5,6 млрд. теңге құнындағы «Артемьевск кенішінде шахтаның екінші оқпанының құрылысы» және 587,0 млн. теңге құнындағы «Шекара маңындағы ынтымақтастық үшін көлік - логистикалық орталығын, агроөнеркәсіптік нысандарының құрылысы».
«Нұрлы Жол», 2020 жылдарға дейін Өңірлерді дамыту бағдарламасы, «Еңбекпен қамту картасы 2020» және «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламалар аясында моно қалалар мен шағын қалалар экономикасын дамыту және әртараптандыру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары.
Шағын қалаларда шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі құралы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы болып табылады.
2013-2015 жылдары ішінде тірек ауылдарды, аудан орталықтарды және ауылдық округтар орталықтарын дамытудың 2014-2018 жылдарға арналған Кешенді жоспарлары аясында халықтың экономикалық белсенділігі, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды, транспорттық инфрақұрылымды және шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту іске асырылған. «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты Кешенді дамыту бағдарламаларын облыстық, қалалар және аудандардың
2016-2020 жылдарға АДБ - на енгізілген.
Шекаралас аумақтар
Шекаралас аумақтары Риддер қаласы, Бесқарағай, Бородулиха, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Тарбағатай, Үржар және Шемонаиха аудандары болып табылады, сонда 371 мың адам немесе жалпы облыс тұрғындар санынан 26,6 % тұрады. 2015 жылы шекарааралық аудандарда халықтың саны 2013 жылға қарағанда 8 590 адамға немесе 2,3 % - ға азайды.
Риддер қаласы және Зайсан ауданында халық санының 0,3 - 1 % - ға шамалы өсімі байқалады, Бесқарағай, Бородулиха, Катонқарағай, Күршім, Тарбағатай, Үржар және Шемонаиха аудандарында халық санының
1,5 - 3,5 % - ға шамалы азайуы байқалады.
2015 жылы туу көрсеткіші 2013 жылмен салыстырғанда орташа
5 - 7 % - ға азайды, Риддер қаласында, Бесқарағай, Бородулиха, Күршім, Катонқарағай, Шемонаиха аудандарында төмендеуі байқалады, ал Зайсан, Тарбағатай және Үржар аудандарында орташа туу 1 - 3 % - ға өсуі байқалады. Шекаралас аудандарда халық санының азайу себебі халықтың қалаларға және облыстың басқа өңірлеріне табиғи кему және көші-қоны болып табылады.
Шекаралас аудандарда халықты көбейту мақсатында сауда бойынша шекаралас мемлекеттермен әріптестік бойынша шаралар қолданылуда, ол өңірлерде экономикасын қосымша дамуға серпін береді. Осыған байланысты, ұзақ мерзімді дамудың негізгі басымды бағыты өсіп келе жатқан тауар айналымын қамтамасыз ету үшін көлік-логистикалық инфрақұрылымның кеңейуі болып табылады.
«ШҚО Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір өткелінің құрылысы мен пайдалануы» жобасы паромды өткелдерін ауыстырады, берілген өңірдің көліктік проблемаларын шешуге ықпал етеді, резервты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру үшін қол жеткізуін қамтамасыз етеді және келешекте Бұқтырма су қоймасына іргелес аудандар экономикасының дамуына серпін береді.
Сондай - ақ, сауда - экономикалық, ғылыми - техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Шығыс қазақстан облысы әкімдігі мен Рессей Федерациясының Алтай Республикасы арасындағы келісім бойынша Қазақстан Республикасы жағынан «Өскемен қ. – Риддер қ. – Рессей Федерациясының шекарасы» және Рессей Федерациясы жағынан
«Черга – Беш - Озек – Усть - Кан – Талда – Карагай – Қазақстан Республикасы шекарасы» бағыты бойынша автокөлік жолының жобасы іске асырылады.
Шығыс Қазақстан облысы жағынан міндеттемелер орындалып, Рессей Федерациясының шекарасына дейін автожол участкісінің құрылысы аяқталды. Рессей Федерациясы жағынан жол құрылысы үшін мемлекеттер арасында үкімет деңгейінде шешім қажет. Берілген автожолдың құрылысы мемлекеттер арасында шекарааралық сауданы дамытуға болашағын ашады.
Келешекте Монғолиямен шекарааралық сауда бойынша келіссөздер жоспарлануда.
Темір жол көлігі және тауар тасымалдау саласын дамытуға
«Шар – Майқапшағай» және «Аягөз – Бахты» бағыттары бойынша темір жолдың екі тармағының құрылысы қарастырылуда. Бүгінгі танда шекарада түйістіруді іске асыру туралы Қытай Халық Республикасымен келіссөздер жүргізілуде.
Айта кеткен жөн, туристтік саласының даму келешегін қолдану бойынша шекаралас аудандардың жоғары әлеуеті бар.
Сондай - ақ, Риддер қаласында Кенді Алтайдың негізгі табиғи назар аударлық жерлері қалыптасты, бұл Қазақстан, ТМД елдерін ғана емес дегенмен алыстағы шетелдердің де көптеген туристерін тартады. Күршім ауданы Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Maрқакөл ұлттық паркі мен Марқакөл көліне ұсынылған.
Облыстың шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі
2014 - 2020 жылдарға арналған іс - шаралар жоспары инвестицияларды тартуды, әрі қарай экономикалық қызметті, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуды, қарастырады: шекара маңындағы аудандарының экономикасын әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту, көліктік - логистикалық инфрақұрылымды дамыту, табиғатты қорғау іс - шаралары және трансшекаралық өзендерді пайдалану, туристік инфрақұрылымды дамыту, шекара маңы сауданы дамыту, жұмыспен қамтудың өсіміне жәрдем көрсету, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуды қарастырады.
SWOT – саланың даму жағдайын талдау:
Күшті жақтары (S):
қалаларда:
білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және демалыс саласында қызмет көрсетудің жоғары деңгейі;
халықтың табиғи және көші-қон өсімінің оң көрсеткіші;
шағын және орта бизнестің дамуы үшін қолайлы жағдайлары;
кадрлық базаның болуы.
ауылдық елді мекендерде:
ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолайлы топырақ - климаттық жағдайлар, бұл ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі болып табылады;
көршілес елдермен сауда және іскерлік қатынастар жүргізуге мүмкіндік беретін географиялық орналасқан жері.
|
Әлсіз жақтары (W):
қалаларда:
автокөлік жолдарының, тұрғын - үй қоры, инженерлік желілердің жоғары тозуы;
қалалардың ішінде көлік инфрақұрылымның әлсіздігі (көліктің көбейуінен);
экологическая жаман жағдайы;
қалаларда жасыл және рекреациялық зоналардың толық емес дамуы.
2) ауылдық елді мекендерде:
әлеуметтік инфрақұрым объектілері желісінің жеткілісіз даму деңгейі, алыстағы ауылдық елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрым объектілері жоқ немесе қолжетімдігі қиындаған;
халықтың жан басына шаққанда табыстарды әркелкі бөлу;
білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызметтеріне ауыл тұрғындарының әркелкі қолжетімділігі ауылдық аудандарда адами әлеуетінің деңгейін төмендетеді.
|
Мүмкіндіктер (O):
1) қалаларда:
көптеген және әртараптандырылған еңбек нарығын құру;
«инфрақұрылымдық әсерін» (көлік кешені, ақпараттық коммуникациялар) құру.
2) ауылдық елді мекендерде:
білім саласында жұмыс орынға ұзақ мерзімге медициналық кадрларды және мамандарды орнықтыру және жас мамандарды тарту үшін жүйелі шараларды әзірлеу, сонын ішінде ауылдық елді мекендерге;
тірек және басқа ауылдық елді мекендердің әлеуетінің дамуы;
туристтік саланы және шекарааралық сауданы дамыту, жаңадан келген халыққа жер телімдерін беру.
|
Қатерлер (T):
1) қалаларда:
біліктілігі төмен еңбек ресурстарының бақыланбайтын жаппай келуі «жалған урбанизация»;
тұрғын-үй жетіспеуі;
жоғары жұмыссыздық;
қалалық әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымына жүктеме;
қала шеттерінің бақылаусыз құрылысы.
2) ауылдық елді мекендерде:
халық санының төмендеуі;
еңбек ресурстарының жетіспеуі.
|
Облыс қалалрының негізгі проблемалары:
моно және шағын қалаларда халық санының қысқару беталысы
(көші - қон кемуі, теріс табиғи өсімі, жастардың кетуі);
қара құраушы кәсіпорындарынан қала экономикасының байланыстылығы;
жергілікті экономика әртараптандыруының төмен деңгейі және агроиндустрияда, тамақ өнеркәсібінде заманауи технологиялар жоқтығы;
өнім өндірісінің жоғары ресурстық энергия сыйымдылығы, өндірілетін өнімдердің төмен бәсекеге қабілеттілігі;
қалалардың төмен инвестициялық тартымдылығы;
қолайсыз экология және әлеуметтік - маңызды аурулармен аурудың жоғары деңгейі;
ТҮКШ инфрақұрылымның жоғары тозушылығы;
көптеген қалаларда тұрғын қорының айтарлықтай бөлігінде қанағаттанбаған жағдайы.
Облыстың ауылдық және шекарааралық аудандардың негізгі проблемалары:
халық санының қысқару беталысы (көші - қон кемуі, теріс табиғи өсімі, халықтың қартайуы, жастардың қалаларға кетуі);
ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлығы;
әлеуметтік, көліктік, және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықтағы объектілерінің жоғары тозушылығы, базалық әлеуметтік қызметтеріне қолжетімділік мәселелері, кең жолақты интернетке қолжетімдіктің шектеулігі;
су тасқыны және қар көшкіндер түсу себебінен табиғат апатының жоғары қаупі;
қоршаған ортаның қазіргі сәттегі және тарихи ластаушылардың бар болуы;
демографиялық және көші-қон үдерісінен мектеп оқушылары контингентінің қысқаруы;
алыстағы елді мекендерді жүйелі қатынасымен қамтамасыздығы;
білікті кадрлар жетіспеушілігі;
сауда және тұрмыстық қызмет көрсету жүйесі дамымаған.
Қалалық және ауылдық мекендерді жоспарлау
Қалалардың бас жоспарлары және 5 мың адамнан артық халқы бар 27 елді мекендердің бас жоспарлары, немесе даму және құрылыс жоспарлары (бас жоспардың қарапайым түрі) әзірленіп бекітілді.
Халық саны 5 мың адамнан аз (738 ауыл) 265 елді мекенде бас жоспарлары бар.
Базалық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесі 6 қалада әзірленген: Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов, Аягөз, Зырян және 6 аудан орталықтарында: Ұлан ауданында Қасым Қайсенов к., Тарбағатай ауданында Ақсуат а., Глубокое ауданында Глубокое к., Бесқарағай ауданында Бесқарағай а., Бородулиха ауданында Бородулиха а., Абай ауданында Қараул а.
Мекен - жайлардың эталондық базасы ретінде және ақпараттық қатынас бойынша мемлекеттік органдардың, басқа мемлекеттік базалармен оның интеграциялану және «Мекен - жай тіркелімі» ақпараттық жүйесін бекіту бойынша жұмыстар өткізіледі.
SWOT - саланың даму жағдайын талдау:
Күшті жақтары (S):
елді мекендер дамуының бас жоспарының болуы;
қалаларда және аудан орталықтарында базалық деңгейде мемлекеттік қалақұрылысы кадастрының ақпараттық жүйесінің болуы;
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қалақұрылысы кадастрының болуы.
|
Әлсіз жақтары (W):
1) бас жоспарсыз аумақты бейберекет құрылыстары әсерінен меншік иесі құқықтарының шектелуі, аумақты ұтымсыз игеру, әлеуметтік нысандар, тұрғын - үй, инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымды бірінші ретте құрылыс құнының қымбаттауна әкеледі.
|
Мүмкіндіктері (O):
елді мекендердің аумағын жоспарлауға кешенді тәсілін қамтамасыз ету;
халықтың тіршілігіне қолайлы орта құруға аумақтың кешенді құрылысы;
табиғи - климаттық, қалыптасқан және жоспарланған демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар есебінен әлеуметтік, рекреациялық, өндіріс, көліктік және инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымын қоса елді мекеннің аумағын дамытудың негізгі бағыттарын шешу;
аумақты қолдануға шектеу және функционалдық аймақтарға бөлу, экологиялық жағдайын жақсарту бойынша шаралар.
|
Қатерлер (T):
елді мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспардың, егжей - тегжейлі жоспарлар жобалары және құрылыс жобаларысыз жер телімдерін беру және нысандар құрылысы;
әлеуметтік және өндіріске арналған нысандарды орналастыру бақылауын жоғалту, болашақ мүмкіндіктерін есептемей сондай нысандарды тәртіпсіз орналастыру әлеуметтік-экономикалық және экологиялық салдарына әкеледі.
|
Негізгі проблемалар:
бас жоспарларсыз және егжей-тегжейлі жоспарларсыз аумақтын бейберекет құрылысы.
2.1.2. Әлеуметтік орта
Білім
Білім беру саласын дамыту 2011 - 2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясындажүзеге асырылады, мұнда білім беру сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар анықталған.
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру
5 - 6 жастағы балаларды мектеп алды даярлықтың қолжетімділігімен қамтамасыздандыру бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың жүйесін сақтап қалу мен кеңейту бойынша шаралар қолданылды. 2015 жылы мектепке дейінгі балалар ұйымдарының жүйесі 2013 жылмен салыстырғанда 16 ұйымға ұлғайды. 5 - 6 жастағы балалар мектеп алды даярлықпен толық қамтылды.
3 пен 6 жастағы балалардың мектепке дейінгі білім берумен қамтылуы 99,1 % құрайды (68 140 бала) (26 кесте).
26 кесте – Мектепке дейінгі ұйымдар желісінің даму динамикасы
Көрсеткіштер
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
Балабақшалар саны, дана
|
209
|
235
|
268
|
Балабақшадағы балалар саны, адам
|
37 761
|
37 108
|
39 578
|
Шағын орталықтардың саны, дана
|
565
|
590
|
522
|
Шағын орталықтардағы балалар саны, адам
|
29 701
|
32 252
|
28 562
|
3 пен 6 жастағы балалардың жалпы қамтылуы %
|
97,4
|
98,2
|
99,1
|
Зайсан (99,6 %), Үржар аудандарын (99,8 %) және Семей қаласын (95,9 %) қоспағанда, барлық өңірде балалар мектепке дейінгі білім берумен толық қамтылды.
Мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте тұрған балалар саны – 24,5 мың бала, олардың 80 %-ы 1 мен 3 жасқа дейінгілер – 19,7 мың бала. Орынға барынша мұқтаждық Семей (51 %), Өскемен (14,9 %), Риддер (8,2 %) қалаларында және Зырян (4,4 %) ауданында байқалады.
1 - 3 жастағы балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердегі орындарға сұранысты қанағаттандыру қажеттілігінен бөлек, педагогикалық кадрлардың сапасын арттыру мәселесі өзекті болып тұр (жоғары және бірінші санатты педагогтардың үлесі қалалық жерлерде 22,8 %, ал ауылдық жерлерде 15,0 % құрайды).
Жалпы орта білім беру
12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу дайындығы және білім берудің қолжетімділігі мен сапасы бойынша жұмыстар жүргізілуде, сынамалы тәртіпте жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшу жұмыстары өңделуде.
2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 667 мемлекеттік мектеп, 12 түзету оқу орындары, 8 кешкі және 6 мемлекеттік емес мектептер жұмыс істейді. 3 тілде білім беретін мектептер саны - 6, сонымен қатар 2 Назарбаев Зияткерлік мектептері (кесте 27).
27 кесте – 2013-2015 жылдардағы мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептер
жүйесінің динамикасы
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2015 ж./
2013 ж. (+,-)
|
Мектептер саны
|
687
|
676
|
667
|
-20
|
оқушылар саны
|
167 746
|
169 629
|
174 265
|
+6 519
|
Мектеп ғимараттарының ескіруі негізгі мәселе болып табылады.
2016 жылдың басында 11 мектеп (1,6 %) апаттық деп танылды (2013 жылы - 36 мектеп - 5,2 %), 2 мектепте 3 ауысымды оқыту (Курчатов қаласы және Семей қаласының қала аймағы), 16 мектепте оқушылар орындары бойынша едәуір тапшылық бар (6 мектеп Аягөз қаласында – 1 149 оқушылар орны; 10 мектеп Семей қаласында – 2 622 оқушылар орны).
164 мектеп бейімделген үй-жайларда орналасқан, 443 - пайдалануға берілген мерзімі 30 жылдан асқан, 372 мектептің 667 (55,8 %) шағын жинақты болып табылады.
Апатты мектептердің орнына жаңасын салу және бейімделмеген ғимараттардағы жартылай бос мектептерді босату арқылы оңтайландыру жүргізілді, мектептер саны 9 - ға азайды.
Облыстың барлық мектептері компьютерлендірілген. 2015 жылы жалпы білім беретін мектептердің компьютермен жабдықталуы 7 оқушыға шаққанда 1 - ден келді22. Мектептердің 54 % кең жолақты интернетке қосылған (шалғай орналасқан ауылдардағы мектептерді қосу шығындары білім ұйымдарының мүмкіндіктерінен едәуір асып түседі).
Мектептердің материалды-техникалық базаларының пәндік кабинеттермен және материалдық техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталуы жеткіліксіз болып тұр (кесте 28).
28 кесте – мектептердің пән кабинеттерімен жабдықталуы
Көрсеткіштер
|
Саны
|
Қамтамасыз етілуі, %
|
Мультимедиялық кабинеттер
|
465
|
69,7
|
Физика кабинеттері
|
412
|
67,5
|
Химия кабинеттері
|
364
|
56,8
|
Биология кабинеттері
|
300
|
49,2
|
2013 - 2015 жылдар аралығында жалпы білім беретін мектептерде облыс педагогтары жалпы санының 15 078 - і (73 %) жаңартылған бағдарлама бойынша біліктілігін арттыру курстарын өтті. Олардың ішінде 20 %23 мұғалімдер Кембридж жүйесі бойынша курстар өтті.
Ағымдағы жылы 389 жас мамандардың ішінен 268 - і «Ауылға дипломмен» бағдарламасы бойынша мектептерге келді. Өз аудандарына 350 мамандар қайтып оралды.
Білім сапасы артуда. Ұлттық бірыңғай тестілеу мониторингісінің нәтижелері 2015 жылы орташа балл 80,424 құрады. 2015 жылы халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары атанған оқушылар саны - 64 (2013 жылы - 66).
2015 жылдың жазғы мезгілі ішінде 71 307 (44,3 %) оқушыларды жалпы қамтыған 644 түрлі тұрпаттағы лагерлер мен алаңдар жұмыс істеді (соның ішінде 39 қала сыртындағы балаларды сауықтыру лагерлері (олардың 2 - уі жыл бойғы), 476 тамақтандырумен қамтылған мектеп маңындағы лагерлері, 19 шатырлы – киіз - үйлі лагерлері, 110 бейінді алаңдары), 2013 жылмен салыстырғанда қамту 76 888 оқушы, (2013 жылы - 49,1 %).
2015 - 2016 оқу жылдары 105 127 оқушыларды (60,3 %) қамтыған 142 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді, 72 ұйым бейімделген
үй - жайларда орналасқан.
Үш тілділікті дамыту
Көптілдік білім беруге кезең-кезеңмен ауысу Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анықталған.
Қазақстанның бірыңғай білім кеңістігіне енуі, экономика және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықтың кеңейуі қоғам алдында бірнеше тілді білетін, сауатты тұлғаны қалыптастыру мәселесін қояды. Сондықтан, біздің елде ағылшын тілін меңгеру – қазақ және орыс тілдерін меңгерудей өзекті болып табылады. Жалпы айта кететін болсақ, мектептер тұтас алғанда оқушыларды көптілді оқытуды жүзеге асыруға қабілетті білікті кадрлармен қамтылған.
Қазақстандық оқулықтардың жаңартылған мазмұнына қарамастан, соның ішінде тіл пәндері бойынша, оқушылардың ауыз екі сөйлеу деңгейінде төмендеу тенденциясы бар. Оқу-әдістемелік кешендердің жетілмегендігі, оның ішінде дидактикалық және сайма-сай материалдардың жоқтығы, оқулықтар мазмұндары 2012 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келмеуі жоғарыда аталған төмендеудің негізгі себептері болып табылады.
2015 - 2019 жылдарға үштілдікті дамыту бойынша Кешенді жоспар бекітілген. «Шығыс Қазақстан облысының 2015 - 2019 жылдарға арналған барлық білім беру деңгейіндегі ұйымдарда үштілдік білім беруді дамыту бойынша жол картасы» әзірленген.
Жоспарды іске асыру 3 кезеңде жүреді.
Бірінші кезең (2015 - 2016 жылдар) - барлық тіл пәнінің мұғалімдер диагностикадан өткізілді. Ағылшын тілі бойынша бірыңғай оқулықтар сатып алынды, орыс тілде оқу жүргізетін мектептерге арналған бірыңғай қазақ тілі оқулықтары сатып алынады.
Екінші кезең (2016 - 2018 жылдар) - мектептерде тілдерді оқу барысында 10 - 12 адамнан топшаларға бөлуді қамтамасыз ету, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тілдесу дағдыларын тексеру бойынша бірыңғай тестілеуді өңдеу жоспарланған.
Үшінші кезең (2018 - 2019 жылдар) - үштілдік бойынша авторлық әдістемелер және оқу құралдары дайын болады, мұғалімдердің тәжірибелері жинақталады, және оқушылардың жетістіктерін тексеру мүмкіндігі пайда болады. Тілдерді басқа пәндерге бірте-бірте енгізу бойынша жұмыстар басталады.
2015 жылы жоспарды жүзеге асыруға 1 338,3 млн. теңге жіберілген.
Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау
2016 жылдың 1 қаңтарына жетім балалар және ата - ана қамқорынсыз қалған балалар саны - 3012. Олардың ішінде: интернаттық ұйымдарда - 1 008 адам (33 %)25, қалған 67 % қамқорлыққа және патронаттық тәрбиеге берілген 26.
2011 жылдан бастап жетім балалар мен ата - ана қамқорынсыз қалған балаларды қолдау бойынша бесжылдық Кешенді жоспар және осы санаттағы балаларды тұрғын-үймен қамтамасыз ету бойынша «Мейірім» акциясы жүзеге асырылып келеді. Акция 1 861 баланы қамтыған (2015 жылы балалардың «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ жеке есеп шоттарына 230 млн. теңгеден астам қаражат аударылған, 2013 жылы 79 млн. теңге).
2014 жылдың ақпан айынан бастап мақсаты балалар үйінің тәрбиеленушілерін отбасына орналастыру болып табылатын «Шығыс Қазақстан - жетімдерсіз аймақ» жобасы жұмыс істеп келеді.
2015 жылғы мүмкіндігі шектеулі балалар саны 13 43427 (соның ішінде 25 % мектепке дейінгі және 75 % мектеп жасындағы), осы санаттағы балалардың 32 % арнайы білім берумен қамтылған (2013 жылы 26 %).
17 арнайы ұйымдармен қатар, 128 жалпы білім беретін мектептерде (19,2 %) мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті оқыту жағдайлары жасалған. Инклюзивті білім берумен 1 427 бала қамтылған, олар мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санының 10,6 % құрайды. Үйден оқитындар саны - 970 адам, оларға ғылым негіздерін оқыту бойынша қашықтықтан көмек көрсету үшін «Әлем айнасы» жобасы жүзеге асырып келеді. Жалпы білім беретін мектептерді және мектепке дейінгі мекемелерді дефектологтар, логопедтармен қамту мәселелері шешілген жоқ.
Техникалық және кәсіптік білім беру, жастарды қолдау
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдар жүйесіне 82 колледж кіреді, оның ішінде 14 колледж ауылдық жерлерде орналасқан. Олардың көп бөлігі (70 %) қалалық жерде топталған, әрбір ауданда кемінде бір колледж бар (Зырян ауданында 6 колледж).
ТжКББ оқу мекемелерінде 36,3 мың адам оқиды, оның ішінде мемлекеттік білім тапсырысы бойынша 19,2 мың адам (53 %). Кадрларды дайындау 118 мамандық (237 біліктілік) бойынша іске асырылуда. Жатақханаға мұқтаж – 2 645 адам28.
Демографиялық үрдістерге байланысты ТжКББ ұйымдары жүйесінің оқушылар контингентінде жыл сайын төмендеу тенденциясы бар (10 % - дан астам төмендеген).
Ауылшаруашылық бағыттағы колледждер заманауи ауылшаруашылық техникаларды қажет етеді.
Аймақта электрондық оқыту жүйесін қолданатын ТжКББ ұйымдар үлесі артып келеді, 2013 жылы - 5,6 %, 2014 жылы - 11,1 %, 2015 жылы - 11,2 %.
Индустриялық-инновациялық даму Бағдарламасын іске асыру мақсатында кадрларды даярлау бойынша аудандық және облыстық деңгейде кеңестер қалыптасқан, сонымен қатар, әр бағытта салалық кеңестер (аграрлық, туризм, металлургия, құрылыс салалары) құрылған. Кеңестердің қызметі ТжКББ ұйымдарының ұсынысы мен шынайы сектордың сұранысы аралығындағы алшақтықты қысқартуға бағытталған.
ШҚО Кәсіпкерлер палатасы және Германияның халықаралық қызметтестік бойынша қоғамы қолдауымен 2013 жылдан бастап колледждерде оқу жоспарларының өзгертілуін және тәжірибелік сағат сандарының ұлғайуын қарастыратын, қосарлы оқыту жүйесі технологиялары енгізіліп келеді.
2015 - 2016 оқу жылының басынан қосарлы оқыту жүйесі бойынша 41 оқу орындары(53 %) оқып келеді, 2 517 студенттерді (8,2 %) қамтиды, және 168 кәсіпорын тартылған.
Өңір колледждерінде инженерлік - педагогикалық кадрлар (бұдан
әрі - ИПК) арасынан аға буындардың шығу тенденциясы және ТжКББ жүйесінің оқу орындарында жоғары және бірінші санатты
инженерлік - педагогикалық қызметкерлердің санының азайуы байқалады. Соңғы 3 жылда 2 % - ға төмендеді (2013 - 2014 оқу жылдары - 43,3 %;
2014 - 2015 оқу жылдары - 42,5 %; 2015 - 2016 оқу жылдары - 41,3 %).
Жоғары және бірінші санатты ИПҚ санының төмендеу себептері:
инженер - педагогикалық қызметкерлердің құрамы санаты төмендеу жас кадрлармен жаңартылғандықтан;
өндірістік оқыту шеберлері ретінде санаттары жоқ кәсіпорын жұмысшыларын тартқандықтан;
біліктілікті жоғарылатуға ынталандырмайтын қазіргі қосымша төлеу жүйесі.
Білім сапасын көтеру үшін материалдық-техникалық қамту және кадрлармен толықтыру мәселелерінен өзге, мемлекеттік колледждердің тәуелсіз ақкредитациядан өту мәселесі басымды болып тұр.
Өңірде колледж студенттердің өндірістік тәжірибе базасымен жүз пайыз қамтылуына жағдайлар жасалған. Қосарлы оқытуда тиімді бірге қызмет етіп жатқандар: «Риддер аграрлы-техникалық колледжі» мен «Қазмырыш» ЖШС АТБК (Шүлбі кеніші, Тишин кеніші, Риддер - Сокольный кеніші); «Өскемен көп салалы технологиялық колледжі» мен «ҮМЗ» АҚ; «Өскемен құрылыс колледжі» мен «Востокпромтехмонтаж» ЖШС; «Серебрянск технологиялық колледжі» мен «Хайдельбергцемент» ЖШС; «Көлік колледжі» мен
«Азия авто» АҚ; «Өскемен политехникалық колледжі» мен «КЭМОНТ» АҚ.
ШҚО ТжКББ жүйесі түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша бес жылға жасалған салыстырмалы динамикасы оң нәтиже көрсетті 29 (8 сурет).
8 сурет – ТжКББ түлектерін жұмыспен қамтамасыз ету динамикасы
Достарыңызбен бөлісу: |