БАҒдарламасы өскемен қ., 2016 жыл Мазмұны Паспорт 3 2



бет8/19
Дата09.04.2018
өлшемі5,9 Mb.
#40117
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

МҰМ бірдейлендіру жоспарының орындалмау себебі ҚР Ауыл шаруашылығы министірлігінен құлақ жапсырмаларының келіп түспеуі (Процессингілік орталық).

19 ветеринариялық бөлімдері және 221 ветеринариялық пункттері, 20 мемлекеттік коммуналды мекеме құрылған.

Ветеринариялық ұйымдар мен ветеринариялық пунктерді материалды-техникалық қамтамасыз ету, «ДУК» және «САНГ ИОНГ» авто көліктерін, жылжымалы инсинираторды, қашасы бар стационарлы және жылжымалы фиксаторларды, ұйымдастыру техникасын, ветеринариялық жабдықтар және құрал-саймандарды сатып алу жұмыстары аяқталды.

Ветеринариялық - санитариялық мал сою орындарының саны 2013 жылы 318 бірлікті құрайды.

Эпизоотиялық қолайлы жағдай туғызу мақсатында құрылысқа және мал көмінділерін күтіп ұстауға, қайта жаңартуға жергілікті бюджеттен қаржылай қаражат бөлінеді. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде ауру ошақтарының саны азайды (18 кесте).


18 кесте – 2013 - 2015 жылғы жануарлардың ауру ошақтары бойынша мәлімет


Көрсеткіштер

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Аурулар атауы

Құтырық

Аусыл

Құтырық

Аусыл

Құтырық

Аусыл

Саны

21

3

20

0

48

0

Туризм

Шығыс Қазақстан өңірдегі климаттық ерекшелікке қарамастан19, туризм саласын дамытуда зор әлеуеті бар, облыста 1,7 млн. га құрайтын жалпыұлттық маңызы бар 24 табиғатты қорғау зоналары, 600 - ден астам тарихи ескерткіштер және 100 - ден астам туристік ескерткіштер тіркелген.

Туристік қызығушылық тудыратын басым жерлер ретінде Мұзтау шыңы, Австриялық жол, Алакөл және Марқакөл көлі, Бұқтырма су қоймасы,
Қиин - Керіш каньоны, Ақ-Бауыр табиғи - тарихи ескерткіші, Жидебай Бөрілідегі Абай Құнанбаев атындағы үй - мұражайының мемориалды кешені, Қозы Көрпеш - Баян Сұлу, Еңлік - Кебек ескерткіші, Ырғызбай ата ескерткіші есептеледі.

Қазақстандық Алтайдың аумағы биологиялық әртүрлілікке және бірегей ланшдафтқа ие болуына байланысты «WWF Living Planet» халықаралық ұйымы анықтаған дүниежүзіндегі екі жүз басым экологиялық аймақтардың біріне кіреді.

2015 жыл қорытындысы бойынша облыс орналастыру орындарының саны жағынан бірінші орында және ішкі туризм көлемі бойынша Астана Алматы қалаларынан кейінгі үшінші орында болып табылады.

Облыста туристік қызметті 70 туристік фирма (27 туроператорлар және 43 турагенттер) жүзеге асырады, орналастыру орындарының саны - 371 нысан (2013 ж. - 277), нөмерлер қорының саны - 6 593 (2013 ж. - 5 349), және олардың біржолғы сыйымдылығы 22 184 төсек-орын (2013 ж. - 17 401)20 (19 кесте).

19 кесте – 2013 - 2015 жылдардағы туризм саласы дамуының динамикасы




Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

ҚР/ШҚО үлесі

1

Орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны/өткен жылмен салыстырғандағы өсу қарқыны:

резиденттер



мың адам

368,2/

98,6 %


433,8/

117,8 %


403,7/

93,1 %


3 115,4/

13 %





резиденттер емес

мың адам

18,8/

102,2 %


19,3/

102,7 %


20,6/

106,7 %


692,3/

3 %


2

Орналасатыру орындарының саны/өткен жылмен салыстырғандағы өсу қарқыны

бірлік

277/

118,4 %


331/

119,5 %


371/

112,1 %


2 338/

15,9 %


3

Орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі/өткен жылмен салыстырғандағы өсу қарқыны

млн. теңге

2 940,3/

92,4 %


3 677,8/

125,1 %


3 290,4/

89,5 %


73 108,6/

4,5 %

Сала өңір экономикасы үшін маңызды болып табылады: 2015 жылы туризм саласында қызмет көрсету көлемі жалпы облыс бойынша қызмет көрсету саласының 2,4 % құрады21. Салада жұмыспен қамтылғандар саны 2 489 адамды құрады (өңірдегі жалпы жұмыспен қамтылғандардың 0,82 %).

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі туристік саласын дамытудың тұжырымдамасына сәйкес, аймақтың солтүстік және шығыс бөліктері туристік кластерді құру үшін әлеуеті жеткілікті (7 сурет).

7 сурет – Қазақстандағы туризмнің кластерлік даму моделі

Тұжырымдамада 6 басым дестинациялар анықталған, олар: Бұқтарма су қоймасы, Ертіс өзені - Зайсан көлі, Катонқарағай табиғи ұлттық паркі, Марқакөл көлі және Қалжыр каньоны, Риддер – Анатау және Иванов таулары, Алакөл табиғи мемлекеттік қорығын, «Берел» мемлекеттік мәдени-тарихи қорығын қоса алғанда, Семей қаласына дейінгі кластердің ұлғайуы.

Облыстың қала және аудандары үшін туризм саласы бойынша келесі ерекшеліктер тән:


  1. экологиялық туризм (Катонқарағай, Күршім аудандарында, Риддер қ.);

  2. мәдени - танымдық (Өскемен қ., Семей қ., Абай, Тарбағатай және Ұлан аудандарында);

  3. емдік - сауықтыру және медициналық (Семей қ., Катонқарағай, Үржар аудандарында);

  4. жағажай (Зырян, Ұлан, Күршім және Үржар аудандарында);

  5. таушаңғы (Глубокое, Зырян аудандары және Риддер қ.);

  6. ауылдық туризм (Катонқарағай, Күршім аудандарында және Риддер қ.).

2015 жылғы орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемінің ең көбі Үржар (54,8 %), Шемонаиха (45,8 %) Бородулиха (44,1 %), Аягөз (40,1 %) аудандарында және Өскемен қаласында (29,5 %).

Қазақстан Республикасының 2013 - 2015 жылдарға арналған туристік индустриясының басым бағыттарын дамыту бағдарламасы шеңберінде, облыста:



  1. «Алтай Альпісі» және «Нұртау» таушаңғы базалары жаңартылды;

  2. Үржар ауданының Алакөл көлінде «Arasan Alakol Resort Hotel»
    қонақ - үйі және «Керуен» демалыс базасы ашылды;

  3. Зайсан ауданында «Бәйтерек» спорттық - сауықтыру кешені ашылды.

Инвестицияның жеке секторы есебінен аталған кезеңде 32 нысан іске қосылды, соның ішінде Өскемен қаласындағы - «DEDEMAN» қонақ үйі, Риддер қаласындағы «RidderHutte» демалыс базасы, Катонқарағайдағы - «Нұржай» қонақ үйі, Өскемен қаласындағы «Сад долголетия» сауықтыру орталығы, Зырян ауданындағы - «Мелада» демалыс базасы, Жарма ауданындағы «Маралды кемпингі» салынды.

Шығыс Қазақстан облысының 2015 - 2017 жылдарға арналған Туризмді дамыту жол картасын жүзеге асыру барысында 2015 жылы 417 млн. теңгені құрайтын 13 жоба іске асты.

Шығыс Қазақстан аумағында туристік жобаларды іске асыру үшін ірі еуропалық инвесторларды тарту мақсатында ШҚО делегациясының Цюрих қаласына сапары барысында швейцариялық «Фоглер Траст» компаниясымен меморандумға қол қойылды, сондай - ақ Қазақстан - Швейцария экономикалық палатасы арасында Еуропадан әлеуетті инвесторларды тарту мақсатында ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойылды.

Туристік кластерлерді құрудағы тәжірибесі мол ірі инвесторларды іздестіру Шығыс Қазақстан облысы мен Қытай Халық Республикасының Шыңжан - Ұйғыр автономиялық ауданы арасындағы ынтымақтастық шеңберінде жүзеге аспақ.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен ҚХР Туризм істері жөніндегі мемлекеттік басқармасы арасындағы Қазақстан Республикасына қытай азаматтарына арналған топтық туристік сапарларды жеңілдету туралы Меморандумға қол қойылды.

Туристік қызметтердің 1/3 бөлігі онлайн режимде жүзеге асыралатындықтан, сондай-ақ облысқа келуші туристер ағынын арттыру мақсатында ШҚО турпакеттерін сату бойынша «TourEast.kz» интернет порталы іске қосылды. Портал 4 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша, қытайша) қызмет етеді. Порталда 14 туроператордың 28 туристік маршруты берілген, олардың ішінде онлайн сатылымға 17 турмаршрут қосылған.

«IT - Юрта» турпакетті және ШҚО өнімін жылжытуға арналған интерактивті кешені әзірленді. Кешен үнемі қызмет ететін, автономды көрмелік алаң және бірегей жарнамалы-презентациялық нысаны болып табылады. Аталған кешен ШҚО туристік әлеуетін туристер арасында таратуға арналған.

Туризм саласында облыстың 4 жоғарғы оқу орнында және 5 колледждерінде мамандар даярланады.


SWOT- саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

  1. облыстың қолайлы географиялық - экономикалық орналасуы;

  2. биоәртүрлілігі, ландшафтардың әртүрлілігі, табиғат, мәдениет және тарихи ескерткіштердің бірегейлігі;

  3. облыс аумағында туризмді дамыту үшін бастапқы әлеуеттер:

   экологиялық туризм;

   мәдени - танымдық;

   емдік - сауықтыру және медициналық;

   жағажай;

   таушаңғы;

   ауылдық туризм;



  1. 2015 - 2017 жылдарға арналған облыстық Туризмді дамыту жол картасының болуы;

  2. ынтымақтастық және аймақаралық 4 өңір бойынша іс-шаралар жоспарының болуы, ол ШҚО, Қарағанды, Павлодар және Алматы облыстарының 2015 жылға дейін туристік аудандарды пайдалану бойынша бірлескен іс - шаралар жоспары;

  3. өңірде жоғары оқу орындары мен өнеркәсіп үшін колледждердің болуы;

  4. белсенді бизнес қауымдастық, үкіметтік емес ұйымдар;

  5. орналастыру орындарының бәсекелестігі (орналастыру орындарының саны бойынша республика бойынша бірінші орында);

  6. Viziteast.kz интерактивті картаның болуы.

Әлсіз жақтары (W):

  1. дамыған туризм инфрақұрылымның жоқтығы, соның ішінде туристік объектілерге апаратын жолдардың нашарлығы;

  2. туристік бизнестегі кәсібилк деңгейінің төмендігі, ұсынылатын туристік қызметке сапа және деңгейдің сәйкес келмеуі;

  3. туризм саласындағы әр түрлі жергілікті қатысушылар арасындағы жүйелі қызмет ету деңгейінің төмендігі.

Мүмкіндіктер (O):

    1. ҚР туризмді дамыту тұжырымдамасына сәйкес кластерлеу әлеуеті;

    2. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік қолдауы;

    3. ҚР қызмет көрсету бағдарламасындағы Балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту;

    4. «ЭКСПО - 2017» іс - шараларына қатысу;

    5. салада аймақаралық ынтымақтастықты дамыту;

    6. жеке капиталды қонақ үй және ресторан бизнесіне тарту;

    7. туризм саласындағы ұлттық кәсіби ассоциациялармен ынтымақтастық;

    8. жергілікті колледждермен жоғарғы оқу орындарында дайындық сапасын арттыру;

    9. ҚР білім және ғылым дамытудың
      2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында туризм индустриясының сұранымы үшін халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық шеңберінде қысқаша біліктілікті жоғарылату курстары.

Қатерлер (T):

  1. өңірде экологиялық жағдайдың нашарлауы;

  2. туристік ұйымдар қызметіне сыртқы экономикалық жағдайдың кері әсері.




Саланың проблемалары:



  1. орналастыру орындарының материалдық базасының ескіруі;

  2. транспорттық инфрақұрылымның нашар жағдайы;

  3. рекреациялық зоналардың санитарлық жағдайы;

  4. жергілікті туристік өкілдерінің кәсіби ассоциациялар шеңберінде әлсіз байланысуы;

  5. орналастыру орындарында қызмет көрсету деңгейінің төмендігі;

  6. туристік өнімдерге деген жоғарғы баға.

Шағын және орта кәсіпкерлік

Мемлекеттін экономикалық саясатының басымды бағыттарының бірі шағын және орта бизнесті (ШОК) дамыту болып табылады (20 кесте).
20 кесте – Өңірдегі ШОК дамытудың жеке көрсеткіштері


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

ҚР/ШҚО үлесі

ШОК тіркелген субъектілер саны

бірл.

137 597

145 987

118 673

1 481 454/ 8,0 %

ШОК белсенді субъектілер саны*

бірл.

77 951

79 915

98 617

1 242 579/ 7,9 %

ШОК тіркелген субъектілердің жалпы санындағы белсенділер үлесі

%

56,7

54,7

83,1

-

ШОК-те жұмыспен қамтығандар саны

адам

220 472

224 016

236 169

3 231 072/

7,3 %


ШОК субъектілерімен өнімдер шығару

млрд. теңге

513,8

548,8

615,1

15 699,4/

3,9 %

* - халықаралық тәжірибеге сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті деректерінің алшақтығын болдырмауы үшін және ШОК субъектілерінің саны туралы көрсеткіштерді құрудың бірыңғай тәсілдерді қолдану мақсатында, 2015 жылдың 1 ақпаннан статистика органдарымен «белсенді» орнына «жұмыс істеп тұрған» субъектілерінің саны көрсеткіші жарияланады
2015 жыл қорытындысы бойынша тіркелген ШОК субъектілерінің саны 118 673 субъект құрап, 2014 жылға қарағанда 27 314 субъектіге немесе 18 %, 2013 жылға қарағанда 18 924 субъектіге немесе 13,7 % қысқарған.

2015 жылы жұмыс істеп тұрған субъектілері 98 617 құрады, 2014 жылға қарағанда 18 702 субъектіге немесе 24,4 %, 2013 жылға қарағанда 20 666 бірлікке немесе 26,5 % өскен, осыған сәйкес тіркелген жалпы санында істеп тұрған субъектілері үлесі 83,1 % - ға өсті (2013 жылы - 54,7 %,


2013 жылы - 56,7 %).

Жыл сайын ШОБ-те еңбекпен қамтылғандар саны өсіп, 2015 жылы


2013 жылға қарағанда 15 697 бірлікке өсті.

ШОК субъектілерінің өнім шығару көлемі 2013 жылға қарағанда


19,7 % - ға өсіп, 615,1 млрд. теңге құрады.

Республика бойынша облыстың өнім шығару көлемінің үлесі 3,9 % құрайды.

Ішкі өңірлік өнімде 2015 жылы шағын жәнне орта бизнестің үлесі 15,4 %.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» (бұдан әрі – БЖК - 2020) бағдарламасы іске асырылады.

Оның іске асырылуына республикалық бюджеттен 2013 - 2015 жылдары 11,2 млрд. теңге бөлінген. 376 жоба субсидияланған, 85 несие бойынша ішінара кепілдеме берілген, 108,0 млн. теңгеге 62 грант берілді (21 кесте).
21 кесте – Құралдар бөлінісінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламсы шеңберінде қаржылай қолдау алған жобалар саны


Қолдау құралдары

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Субсидиялау, соның ішінде барлық бағыттар бойынша

74

168

134

Кепілдеу

6

40

39

Гранттар

22

24

16

Өндірістік инфрақұрылымды дамыту

5

6

6

2013 - 2015 жылдары БЖК – 2020 бойынша шараларды іске асыру нәтижесінде 12,1 мыңнан астам жұмыс орны сақталып, 3,1 мыңнан астам жұмыс орны қосымша құрылды.

БЖК – 2020 шеңберінде «Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау» 4 - інші бағыты іске асырылады (22 кесте).
22 кесте – Компоненттер бөлінісінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде оқуды өткен қатысушылар саны


Қолдау құралдары

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1 бизнес кеңесшісі

1575

1391

1023

2 бизнес кеңесшісі

150

299

125

Жоғары-менеджментке оқыту

34

32

36

Іскерлік байланыс

26

42

37

Аға сеньорлар

2

2

2

Жас кәсіпкер мектебі

127

119

-

Шетелде сынау мерзімін өту

6

5

1

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 2014 және 2015 жылы өндеу өнеркәсібі саласында шағын және орта бизнесті қолдау және несиелеуге


115 тамақ және қайта өндеу өнеркәсіптері (соның ішінде 2015 жылы - 61)
12,3 млрд. теңгеге несие алды (соның ішінде 2015 жылы - 8,0 млрд. теңге), ол кәсіпорындарға тауар өнімінің өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Сауда


Аймақта 11 406 сауда орындары бар 6 271 сауда нысандары (бөлшектік дүкендер жүйесі, сауда үйлері, орталықтар, супермаркеттер, гипермаркеттер, минимаркеттер, мамандандырылған дүкендер және т.б.), 9 372 орны бар 77 сауда базарлары жұмыс істейді.

Коммуналдық базарлардың негізгі қызметі – жергілікті тауар өндірушілерге жеңілдетілген негізде сауда орындарын беру болып табылады. Облыста 88 сауда орындарымен 2 коммуналдық базар бар, оның 34 орны жергілікті тауар өндірушілерге берілген. Негізгі азық - түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында сауда алаңдарының бөлігі белгіленген баға бойынша (сауда үстемақысын қоспай) тұрақтандыру қорының өнімдерін сатуға беріледі. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер тауарларын сатуды 10 % аспайтын сауда үстемақысымен жүзеге асырады.

2015 жылы 651 азық - түлік жәрмеңкесі өткізілді, онда 1 759,4 млн. теңге сомасына өнім сатылды.

2015 жылы бөлшектік сауда айналымының көлемі 600,7 млрд. теңгені құрады, 2013 жылдың деңгейінен 112,6 % - ға жоғары (23 кесте). 2015 жыл бойынша өңір бөлшектік сауда айналымының көлемі бойынша республикада Алматы, Астана қалаларынан кейін 3 орынды алады.


23 кесте – Сауда жұмысының негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

ҚР

Бөлшек сауданың ЖКИ

%

109,8

108,2

96

97,5

Қызмет түрі бөлшек сауда, 2000 ш. метрден кем емес сауда алаңы бар сауда нысандарының саны

бірлік

21

21

22

234

2015 жылы ЖӨӨ құрылымында бөлшек және көтерме сауданың көлемі 13,9 % құрады, ол 2013 жылмен (14,4 %) салыстырғанда 0,5 пайыздық тармаққа кем.

Аймақта бөлшек сауданың дамуы сауда базарларын модернизациялау, заманауи сауда форматы мен электрондық сауданы дамыту бағытында Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін қызмет көрсету саласын дамыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жағымды динамикаға қарамастан, нарықта бөлшек сауданың үлесі 17,4 % құрайды (орта республикалық деңгейден - 11,2 % жоғары). Ірі сауда кәсіпорындарының үлесі 2 % (орташа есеппен алғанда Қазақстан бойынша - 15,5 %, Алматы қ. - 28,8 %, Атырау облысында - 26,2 %).

Өңірге базарлардың жоғары маңыздылығы мен заманауи сауда форматтарының төмен үлесі тән, сауда-саттықтың негізгі үлесі (74,2 %) жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалардың тауар айналымына келеді. Бөлшек сауда модернизациясының төмен қарқынының негізгі себебі көлеңкелі нарықтың жасырын қарсыласуында, бизнес үшін ынталандырудың, кәсіпкерлер құзіреттілігінің жеткіліксіздігі болып табылады. «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасында заманауи сауда нысандарын салуды қолдау шараларының бар болғанына қарамастан бұл құралдарды пайдалану төмен кепілдік мүлік себебінен тежелуде.
SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Мықты жақтары (S):

1) ШОБ субъектілері халықтың жұмыспен қамтылуының айтарлықтай пайызын құрайды (2015 ж. 34,1 %);

2) өңірде ауыл шаруалығының қарқынды дамуы;

3) ірі бизнес пен ШОБ арасында серіктестік бағдарламаның бар болуы;

4) ШОБ үшін әкімшілік кедергілерді жою бойынша әкімдіктің жүйелік жұмысы;

5) сауда көлемінің дамуы мен халықтың жұмыспен қамтылуының оң динамикасы;

6) әлеуметтік маңызы бар тауарларға бөлшек бағалар мониторингісінің қалыптасқан жүйесі.


Әлсіз жақтары (W):

1) ШОБ субъектілерінде жеке айналым қаражаттарының, кепілдік мүліктің жеткіліксіздігі;

2) кәсіпкерлердің теориялық және тәжірибелік дайындығының нашарлығы, мамандандырылған кадрлардың жоқтығы;

3) қалалық жерлерде және 3 ауданда ШОБ шоғырлануы (12 ауылдық округтерде ШОБ даму деңгейінің жеткіліксіздігі);

4) аймақтың ШОБ өкілдерінің мамандығы мен қоғамдастығының жеткіліксіздігі;

5) аймақтың бөлшек сауда секторына инвестицияның жеткіліксіздігі;

6) базарлардың жоғары мәнділігі мен заманауи сауда форматтарының төмен үлесі;

7) электрондық сауданың нашар дамуы.



Мүмкіндіктер (О):

1) «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасы аясында заманауи форматтағы жаңа сауда орындарын салуға бағытталған бизнесті қаржылай қолдау,

2) ЕАЭО аясында Ресейдің көршілес аймақтарының кіші және орта кәсіпорыныдармен серіктестік;

3) белгілі бір талаптарға сәйкес емес сауда нысандары қызметтерін кезең-кезеңмен тыйым салуға реттегіш механизмерді пайдалану.



Қатерлер (Т):

1) макроэкономикалық ортада жағымсыз өзгерістер: валюталық курс, пайыздық мөлшерлеме;

2) ЕАЭО пен БСО аясында бәсекелестіктің күшеюі;

3) ШОБ-ке сыртқы экономикалық жағдайдың нашарлауы кезіндегі жүйе құрушы компаниялардың өніміне сұранысты төмендету әсері;

4) бөлшек сауда базарларындағы көлеңкелі тауар айналымының өсуі.

Саланың проблемалары:



  1. заманауи сауда форматтарының төмен үлесі;

  2. жеке айналым қаражаттардың, ШОБ субъектілерінде кепілдік мүліктің жеткіліксіздігі;

  3. ауылдық жерлерде ШОБ дамуының жеткіліксіз деңгейі;

  4. кәсіпкерлердің нашар теориялық дайындығы;

  5. аймақтың ШОБ өкілдерінің мамандығы мен қоғамдастығының жеткіліксіздігі.

Өңіраралық ынтымақтастық

Облыстың өңіраралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары болып табылады:


  1. машина жасау:

 автокөлік құрылысы – Қазақстанның барлық өңірлеріне жеңіл және жүк автокөліктердің әртүрлі маркаларын жеткізу;

 ауылшаруашылық машина жасау – Қазақстанның барлық өңірлеріне ауылшаруашылық техникасын жеткізу;



  1. Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстарының машина жасау қажеттілігі үшін металлургия өнімдерін жеткізу;

  2. курортық - рекреациялық қызметтер ұсыну, соның ішінде облыстың ең маңызды алты рекреациялық аймақтарының әлеуетін пайдалану: солтүстік - шығыс (Белуха), шығыс (Марқакөл), солтүстік (Риддер), батыс (Семей), орталық (Бұқтырма су қоймасы, Сібін, Дұбығал көлдері), оңтүстік (Алакөл) - негізінде Алматы қаласы, Алматы және Павлодар облыстарының тұрғындары үшін.

Палодар және Шығыс Қазақстан облыстары арасындағы ынтымақтастық және өңіраралық байланыстарды кеңейту туралы келісім негізінде келесі салаларда өзара ынтымақтастық жүзеге асырылады: энергетика, ауыл шаруашылығы, машина жасау, медицина, көліктік тасымалдаулар, білім беру.

Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының өңіраралық ынтымақтастық бойынша іс - шаралар жоспарын іске асыру жүзеге асырылуда.

2015 жыл бойынша облыста әртүрлі көздерден 81,2 млрд. теңге сомаға тауарлар сатып алынды, соның ішінде:


  1. облыстың заңды тұлғаларынан - резиденттерінен - 17,8 млрд. теңге немесе жалпы көлемінен 22 %;

  2. басқа облыстардың заңды тұлғаларынан - резиденттерінен
    34,7 млрд. теңге немесе 42,7 %;

  3. импорт бойынша – 28,65 млрд. теңге немесе 35,3 %.

Ең көп тауарлар көлемі Алматы қ. кәсіпорындардан 20,1 млрд. теңге сомаға сатып алынды, бұл резиденттерден сатып алынған тауарлардың жалпы көлемінен 57,8 % құрайды. Алматы облысының кәсіпорындарынан 8,4 млрд. теңге (үлесі - 24,1 %), Қарағанды - 2,5 млрд. теңге (7,3 %), Ақтөбе - 1,3 млрд. теңге (3,7 %) және Павлодар - 0,9 млрд. теңге (2,7 %) сомаға сатып алынды.

Қазақстанның басқа өңірлеріне облыстың заңды тұлғалары - резиденттерімен тауарлар жеткізу көлемі 2015 жылдарға 5,87 млрд. теңге құрады (24 кесте).


24 кесте – 2013 - 2015 жылдарға өңірлер бойынша Қазақстан Республикасының заңды тұлғалар - резиденттерінен сатып алынған тауарлар көлемі


жыл/облыстың атауы

Ақтөбе облысы

Алматы облысы

Оңтүстік Қазақстан облыс

Павлодар облыс

Солтүстік Қазақстан

Алматы қ.

Астана қ.

Қостанай облысы

Басқа облыстардан ШҚО-на тауарлар сатып алынды, млн. теңге

2013 жыл

74,4

4 158,6

3 260,2

2 740,3

1 537,3

17 557,1

588,3

0

2014 жыл

962,1

3 613,7

1 150,1

3 213,8

831,4

16 907,8

1 965,5

706,2

2015 жыл

1 278,4

8 374,9

617,1

500,2

939,0

20 051,9

175,8

26,9

ШҚО-нан басқа облыстарға тауарлар жеткізу, млн. теңге

2013 жыл

860,7

0

0

52,9

0

74,07

1 426,6

1 338,6

2014 жыл

0

0

12,2

327,7

213,0

1 954,2

354,5

1 252,1

2015 жыл

0,3

11,2

155,8

31,5

84,1

2057

1 784,3

749,8


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет