2. Ағымдық жағдайды талдау
Шығыс Қазақстан облысы елдің солтүстік - шығысында орналасқан, солтүстігінде - Алтай аймағы және Алтай Республикасымен, шығыста - Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданымен, Қазақстанның солтүстік - шығыста - Павлодар, оңтүстікте - Алматы, батыста - Қарағанды облысымен шектеседі. Облыстың аумағы – 283,2 мың шаршы км (Қазақстан аумағының 10,4 %).
Облыстың аумағы бойынша Ертісті қоса отырып 800-ден астам өзен ағады. Осында Зайсан, Марқакөл, Алакөл, Сасықкөл ірі өзендері, сондай-ақ Бұқтырманы қоса отырып бірнеше су қоймалары болып табылады. Облыс климаты шұғыл континенталды, 7 % жуық аумағы орманмен жабылған, далалы, шөлді және тау - тайга ландшафттары көршілеседі.
Облыста 19 әкімшілік – аумақтық бірлік саналады, соның ішінде 15 аудан, 10 қала, 755 ауыл мен кент, 246 ауылдық және кенттік округтер (1 сурет).
Әкімшілік орталық – 321,2 мың тұрғын халығымен Өскемен қаласы, бұл облыс тұрғындарының санынан 23 % құрайды.
1 сурет – Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік бөлінісі
2016 жылдың басына облыс халқының саны 1 395,8 мың адам құрады (Қазақстан тұрғындарының 7,9 % - ы), халықтың тығыздығы 4,9 адам 1 ш. м2.
Демографиялық жағдайға қатысты тұрғындардың қартаюға беталысы бар, 2013 жылы зейнеткерлік жастағы тұрғындардың үлес салмағы 14,6 % құрады, 2015 жылы - 15,3 %.
Сонымен қатар, тұрғындардың жас санаты 0-20 жас аралығында үлес салмағы 27,4 % - ға өсті (2013 жылы - 27,1 %).
Тұрғындардың өсімі 2013 жылға қарағанда 1 779 адам құрады. 1000 адамға табиғи өсім - 5,88 (ҚР - 15,2) адам.
Демографиялық жағдайға әсер ететін негізгі факторлары туудың төмен деңгейі - 16,37 (ҚР - 22,66), өлімнің жоғары деңгейі - 10,49 болып табылады, бұл орта республикалық көрсеткіштен 1,4 есе артық (ҚР - 7,48).
2015 жыл бойынша көші - қон алмасуы нәтижесінде облыста 16 801 адам кетті, 9 074 адам1 келді. Сыртқы және ішкі көшіп - қону нәтижесінде 7 727 адамның көшуі2 қалыптасты.
Көші - қонның оң сальдосы Өскемен - 2 284 адам, Семей - 1 276, Курчатов - 108, Риддер - 5 қалаларында белгіленеді.
Республиканың басқа облыстарына көшу (12 582 немесе 74,9 % жалпы көлемі), таяу шетел (4 045 немесе 24,1 %), алыстағы шетелге шығуымен негізделді (174 немесе 1 %).
Басқа облыстардан келгендер саны 8 366 адам (92,2 %), таяу шетел мемлекетінен - 526 (5,8 %). Сонымен бірге, облыстың 27,5 мың тұрғыны облыс аумағында тұру орнын ауыстырды3.
Өңірдің урбанизация деңгейі орта республикалықтан жоғары4, тұрғындардың 59,9 % қалаларда, қалған 40,1 % тұрғыны ауылдық жерлерде тұрады. 2007 жылдан 2015 жыл аралығында қалалық тұрғындардың үлесі 59,7 % - дан 59,9 % - ға дейін өсті.
Облыстың негізгі қалалары – тиісінше 321,2 және 318,1 мың тұрғыны бар Өскемен және Семей5. Сонымен қатар 4 моноқала бар: Курчатов
(ғылыми - өнеркәсіп орталығы), Серебрянск (химиялық өнеркәсіп), Риддер және Зырян (метал кендерін өндіру), және 4 шағын қала: Аягөз (көліктік торап), Шар (цемент өндірісі), Зайсан (ауыл шаруашылық, туризм), Шемонаиха
(тау - кен өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы).
Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтары болып табылады: Риддер қаласы, Бесқарағай, Бородулиха, Шемонаиха және Катонқарағай аудандары. Қытай Халық Республикасымен шектеседі: Күршім, Зайсан, Тарбағатай және Үржар аудандары.
Облыс (Павлодар және Қарағанды облыстарымен бірге) Өскемен
хаб - қаласында орталығы бар Орталық - Шығыс макроөңірге кіреді (1 кесте).
1 кесте – Орталық - Шығыс макроөңірінің құрамына кіретін басқа өңірлерімен салыстырғанда Шығыс Қазақстан облысы әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері (2015 жыл)
Достарыңызбен бөлісу: |