Жер қоры
Қазақстан бойынша мәліметтерді салыстырмалы талдау көрсеткендей, жер көлемі бойынша ірі аймақтар Қарағанды 42 798,2 га, Ақтөбе 30 062,9 га және Шығыс Қазақстан облысы 28 346,8 га болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысының жер қоры Қазақстан Республикасының жер қоры аумағының 10,4 % құрайды:
10 342,1 мың гектар – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер (облыс жер қорының 36,5%);
2 964,3 мың гектар (10,5 %) – елді мекендер жерлері;
187,4 мың гектар (0,7 %) – өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;
1 542,1 мың гектар (5,4 %) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатындағы жерлер;
2 152,5 мың гектар (7,6 %) – орман қорының жері;
571,2 мың гектар (2,0 %) – су қорының жері;
10 587,2 мың гектар (37,3 %) – босалқы жерлер.
Ауыл шаруашылықғына арналған жерлердің құрамы (39 кесте).
39 кесте – Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлер, мың га
Облыстың атауы
|
Жалпы ауданы
|
Жалпы ауылшаруш. алқаптар
|
Егістік
|
Көп жылдық екпелер
|
Тыңай ған жерлер
|
Шабындықтар
|
Жайылым
|
бақшалар мен қызметтік үлес
|
Шығыс Қазақстан
|
10342,1
|
10195,4
|
1429,5
|
2,3
|
46,6
|
455,5
|
8261,2
|
0,3
|
Қазақстан Республикасы
|
100835,4
|
97312,0
|
24292,8
|
85,0
|
2481,6
|
2077,8
|
68362,5
|
12,3
|
Егістік жері ірі аудан Аягөз ауданы болып табылады – 1 453,4 мың га (17,5 %), Жарма – 975,7 мың га (12,1 %), Абай – 959,3 мың га (11,8 %), Тарбағатай – 882,6 мың га (10,6 %) және Семей қ. – 942,4 мың га (11,6 %).
Мал шаруашылығын қарқынды дамуына байланысты жайылымдық жерлерді пайдалану өсті.
Жайылымдардың көп аудандары Бородулиха ауданында – 342,7 мың га, Үржар – 192,2 мың га, Көкпекті – 188,3 мың га, Шемонаиха – 140,5 мың га, Ұлан – 138,7 мың га.
2015 жылы шаруашылық (фермерлік) қожалықтардың саны 15 366 бірлік құрады, мемлекеттік емес ауыл шаруашылығының заңды тұлғалары - 447 бірлік, мемлекеттік заңды тұлғалары - 78 бірлік.
Агроқұрылымдар жерлерінің ауданы 67,7 мың га қысқартылды (21 сурет).
21 сурет - Агроқұрылымдардың аудандарын салыстыру, мың га
Жерді қорғау және тиімді пайдалану бойынша, жер телімдерін пайдалану ережелерін, жер кадастрын және жер құрылымын жүргізу ережелері бойынша іс-шаралар өткізіледі.
Мемлекеттік органдарымен, жеке, заңды және қызметтік тұлғалармен Қазақстан Республикасы жер заңнамасын сақтау, Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзушылықтарын анықтау және түзету, азаматтардың және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, жерді қорғау және тиімді пайдалану бойынша жер телімдерін пайдалану ережелерін сақтау және іс-шараларды орындау Шығыс Қазақстан облысының жерді қорғау және пайдалануды бақылау бойынша басқармасымен қамтамасыз етіледі.
2015 жыл бойынша 619 тексеру, олардың 36,9 мың га ауданында 369 жоспарлы түрде және 60 мың га ауданында 250 жоспарсыз тексерулер өткізілді.
Тексеру барысында 479 жер заңдылығының бұзушылығы анықталып, 229 әкімшілік іс қозғалды. 9,2 млн. теңге сомасында айыппұлдар салынды. Бұзушылықтарды жою мақсатында 2015 жылы 432 нұсқама жіберілді.
SWOT - саланың даму жағдайын талдау:
Күшті жақтары (S):
бос жерлердің болуы;
ауылшаруашылығына арналған жерлерді агроқұрылымдарымен пайдалануын ұлғайту;
азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру;
жерлерді пайдалану, тиімді пайдалану бойынша уақытылы және сапалы бақылау;
жерлерді пайдалану бойынша жер иелерінің және жер пайдаланушылардың жауапкершілігін арттыру.
|
Әлсіз жақтары (W):
ауылшаруашылығына арналған жерлерді тиімсіз пайдалануы;
жер қатынастары саласындағы заңдардың жетілдірілмегендігі;
еңбек ресурстары мен техникалық құралдардың жетіспеушілігі;
жер иелері мен жер пайдаланушылардың өз құқықтары мен міндеттері туралы хабары төменгі деңгейде болуы;
білікті мамандар жетіспеуі.
|
Мүмкіндіктер (O):
жерді тиімді пайдалану;
жерлерді пайдалану тиімділігін жоғарылату үшін тыңайтқыштар пайдалану;
білікті мамандар дайындау;
ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін жоғарылату;
жер құрылымының ішкі шаруашылығының жобаларын әзірлеу;
заңнама сақталуына мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру.
|
Қауіптер (T):
1) топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және оның құнарлылығының нашарлауына, сондай-ақ топырақтың құнарлы қабатын басқа тұлғаларға сату немесе беру.
|
Негізгі проблемалар:
минералдық шикізатты, пайдалы жер қазбаларды және табиғи ресурстарды әзірлеу, өндіру, қайта өндеу, ауыл шаруашылығының өнімін өндіру, өндіріс және тұрмыстық қалдықтарын кәдеге жарату және көму, гидротехникалық, гидромелиоративтік және мелиоративтік қызметі және құрылыс жүргізілетін жерлерді қорғау және пайдалану бойынша тексеру өткізудің ерекше тәртібін қолдану және жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жоғары дәрежедегі қауіпке жатқызу қажеттілігі;
жерлерді қорғау және тиімді пайдалану, табиғаттың қоршаған ортасын қорғау және жақсарту, ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту бойынша жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды (коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар) тексеру бөлімінде заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттілігі;
жер қатынастары саласында заңнаманың жетілмегендігі;
ауыл шаруашылығы құрылымдарының әлсіз материалды-техникалық базасы;
жер әлеуетін пайдаланудың төменгі тиімділігі.
Қоршаған ортаның ахуалы
Атмосфералық ауаның сапасы
Аймақта табиғи ресурстардың әлеуеті жоғары, бұл экономиканың өнеркәсіптік секторының кеңінен дамуына әсерін тигізеді. Соның салдарынан бірқатар экологиялық мәселелер де туындайды.
2015 жылдың қорытындысы бойынша республикалық деңгейде стационарлық көздерден атмосфераға шығарылатын қалдықтар бойынша Шығыс Қазақстан облысы үшінші орында, ал ластаушы заттардың қалдықтарын шығару көздерінің саны бойынша екінші орында. Пайда болған ластаушы заттардың көлемі 2015 жылы 1,7 млн. тоннадан асады (22 сурет).
22 сурет – ҚР аймақтар бөлігінде 2015 жылы стационарлық көздерден атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың шығарындылары, мың.тонна
Осымен бірге, стационарлық көздерден ластаушы заттарды шығару (жан басына шаққанда, кг) 91,1 - ге тең немесе Қазақстан Республикасы бойынша
9 - орында (бірінші орында Павлодар облысы – 728,9 кг).
Сонымен қатар, ластаушы заттар шығарылымының жалпы көлемі төмендеді (сурет 40).
40 кесте – қалар мен аудандар бөліктерінде атмосфералық ауаны ластаушы заттардың шығарындылары
|
Ластаушы заттардың стационарлық шығару көздерінің саны, бірл.
|
Ластаушы заттардың атмосфераға шығарылуы, мың тонна
|
2015 жыл бойынша жалпы көлемдегі шығарулардағы аймақтың үлесі, %
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
2013-2015 жылдардағы өзгеріс
|
|
ШҚО
|
18 666
|
124,9
|
129,6
|
127,2
|
2,3
|
100
|
Өскемен қ.
|
6 170
|
55,8
|
55,7
|
51,1
|
-4,7
|
40,2
|
Семей қ.
|
4 272
|
25,6
|
22,9
|
23,2
|
-2,4
|
18,2
|
Риддер қ.
|
804
|
6,8
|
9,1
|
9,5
|
2,7
|
7,5
|
Курчатов қ.
|
204
|
1,0
|
1,2
|
1,0
|
0,0
|
0,8
|
Абай ауд.
|
37
|
0,2
|
0,2
|
0,3
|
0,1
|
0,2
|
Аягөз ауд.
|
682
|
2,5
|
3,2
|
3,2
|
0,7
|
2,5
|
Бесқарағай ауд.
|
233
|
0,1
|
0,7
|
0,6
|
0,5
|
0,5
|
Бородулиха ауд.
|
586
|
2,5
|
2,3
|
3,7
|
1,2
|
2,9
|
Глубокое ауд.
|
674
|
3,6
|
2,8
|
3,3
|
-0,3
|
2,6
|
Жарма ауд.
|
857
|
3,7
|
5,7
|
4,4
|
0,7
|
3,5
|
Зайсан ауд.
|
333
|
1,8
|
2,1
|
2,0
|
0,2
|
1,6
|
Зырян ауд.
|
1 455
|
11,9
|
12,7
|
13,3
|
1,4
|
10,5
|
Катонқарағай ауд.
|
74
|
0,5
|
0,3
|
0,4
|
-0,1
|
0,3
|
Көкпекі ауд.
|
185
|
0,7
|
0,7
|
0,6
|
-0,1
|
0,5
|
Күршім ауд.
|
169
|
1,1
|
1,1
|
0,9
|
-0,2
|
0,7
|
Тарбағатай ауд.
|
109
|
1,0
|
0,9
|
0,9
|
-0,1
|
0,7
|
Ұлан ауд.
|
326
|
0,8
|
1,6
|
1,6
|
0,8
|
1,3
|
Үржар ауд.
|
371
|
1,8
|
1,9
|
2,0
|
0,2
|
1,6
|
Шемонаиха ауд.
|
1 275
|
2,6
|
3,5
|
5,0
|
2,4
|
3,9
|
Ақпарат көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
|
Шығыс Қазақстан облысының біршама ластанған аумақтарына Өскемен, Риддер, Семей қалалары және Зырян ауданы жатады, оларға облыс бойынша атмосфераға шығарылатын барлық заттардың 80 % - ы келеді.
2015 жыл бойынша стационарлық байқау желісінің деректері бойынша Өскемен қаласы ластанудың жоғары деңгейінде деп сипатталады, Риддер қаласы мен Глубокое кенті – ластанудың жоғарылатылған деңгейінде, Семей қаласы ластанудың төмен деңгейінде (деректер «Казгидромет» РМК байқау постары бар облыстың елдің мекендері бойынша келтірілді).
«Казгидромет» РМК деректеріне сәйкес Өскемен қаласында 2015 жыл бойынша атмосфераның ластану индексі (АЛИ-5) 7,0 құрады. Аталған дерек бойынша қала ҚР қалаларының ішінде екінші орынға ие (бірінші орында Қарағанды қаласы - 9,6) (23 сурет).
23 сурет – ҚР қалаларында ауа ластануының индексі, 2015 ж.
(Деректер: «Казгидромет» РМК)
Өскемен, Риддер, Семей, Зырян қалаларындағы атмосфералық ауаның сапасына әсер ететін негізгі факторлар өнеркәсіп кәсіпорындарының шығарындылары мен жылжымалы көздер шығарындылары мөлшерінің артуы болуда. Облыс аумағы Семей ядролық сынақ полигоны салдарының әсеріне ұшыраған.
Соңғы жылдары шығарындылардың тұрақты және жылжымалы көздері санының өсуі байқалады, бұл облыс экономикасы дамуының негізгі салдары болып табылады. 3 жыл ішінде ластау көздерінің саны 18 307 бірліктен
18 666 бірлікке артқан. Қарастырылып отырған кезеңде автокөлік құралдары облыста 267 мың бірлікке артқан, оның ішінде Өскемен қаласы бойынша
78,7 мың бірлік жеңіл автокөлік. 76 % жеңіл автокөлік жасы 10 жылдан асқан. Барлық автомобильдердің 95,7 % - дан астамы бензинмен жүреді.
Азот диоксиді, күкіртті ангидрид, формальдегид, бензаперин, фенол, көміртегі қышқылы мен өлшенген заттар бойынша ластаушы заттарды шығарудың негізгі көздері – металлургия және жылу өндіру кәсіпорындары.
Табиғатпайдаланушы-кәсіпорындар («Қазмырыш» ЖШС, «AES УК ТЭЦ» АҚ, «Өскемен ТМК» АҚ, «ҮМЗ» АҚ) өз қаражаты есебінен табиғатқорғау іс-шаралары кешенін жүзеге асыруда. 2015 жылы Шығыс Қазақстан облысында кәсіпорындар мен ұйымдардың қоршаған ортаны қорғауға шығындары 22,5 млрд. теңгені (ҚР өңірлерінің арасында 5 орын). Шығындар құрылымында 40,5 % атмосфералық ауаны және климатты қорғауға, 29,2 % - ы су көздерінің ағынды сулармен ластануынан қорғауға, 23,6 % - ы қалдықтармен жұмыс жасауды басқаруға, 4,7 % - ы топырақты, жерасты суларын және жер үстіндегі су көздерін қорғауға және қалпына келтіруге келеді.
Су ресурстарының жай-күйі
Шығыс Қазақстан облысы сумен неғұрлым көп қамтылған облыстардың біріне жатады.
Алайда, Ертіс өзені бассейні қарқынды экологиялық жүктемелерге ұшырауда – өнеркәсіптің дамуы, қалалар мен өзге де елді мекендердің өсуі өзендердің қарқынды ластануына жағдайлар туғызуда. Ертіс өзені мен оның салалары шаруашылық және ауыз сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылуда. Оларға әртүрлі өнеркәсіптік және коммуналдық сарқынды сулар ағызылады.
Тау-кен өндіру кешенінің әсері есебінен су объектілерінің ауыр металдармен ластануының жоғарылығы байқалады. «Казгидромет» РМК деректері бойынша 2015 жылы Красноярка және Брекса өзендеріндегі су өте лас деп сипатталды. Сондай-ақ, Тихая, Үлбі, Глубочанка өзендері «лас» су объектілерінің санатына жатқызылған.
Жерүсті және жерасты суларының жағдайына әсер ететін негізгі факторлар тарихи ластану болып табылады (тау жыныстарының үйінділері, қалдық қоймалары, өнеркәсіп қалдықтарын жинақтауыштар).
41 кесте – 2015 жыл бойынша ШҚО тұстама бөлімдері бойынша «Казгидромет» РМК филиал аумағында су бетінің ластануының кешеңді индексі
Су нысаны
|
Бақылау пункті
|
КИЗВ
|
Су сапасының санаты
|
Су сапасының сипаты (ластану деңгейі)
|
Қара Ертіс ө.
|
Боран а.
|
1,61
|
2
|
қалыпты
|
Ертіс ө.
|
Өскемен қ.
|
1,46
|
2
|
қалыпты
|
Ертіс ө.
|
Прапорщиково а.
|
1,54
|
2
|
қалыпты
|
Ертіс ө.
|
Предгорное а.
|
2,73
|
2
|
қалыпты
|
Ертіс ө.
|
Семей қ.
|
1,62
|
2
|
қалыпты
|
Брекса ө.
|
Риддер қ.
|
8,49
|
3
|
жоғары
|
Тихая ө.
|
Риддер қ.
|
6,08
|
3
|
жоғары
|
Үльбі ө.
|
Тишин кеніші
|
5,75
|
3
|
жоғары
|
Үльбі ө.
|
Өскемен қ.
|
3,51
|
3
|
жоғары
|
Глубочанка ө.
|
Белоусовка а.
|
7,23
|
3
|
жоғары
|
Глубочанка ө.
|
Глубокое а.
|
4,64
|
3
|
жоғары
|
Красноярка ө.
|
Предгорное а.
|
11,51
|
4
|
өте жоғары
|
Уба ө.
|
Шемонаиха қ.
|
2,09
|
2
|
қалыпты
|
Буқтырма ө.
|
Зырян қ.
|
1,46
|
2
|
қалыпты
|
Емел ө.
|
Қызылту к.
|
1,67
|
2
|
қалыпты
|
Аягөз ө.
|
Аягөз қ.
|
1,31
|
2
|
қалыпты
|
Марқакөл ө.
|
Урунхай а.
|
0,00
|
1
|
нормативтік таза
|
Облыстың су объектілеріндегі сушаруашылығы жағдайының қазіргі ахуалын талдау судың ластану индексінің көрсеткіштері мен су сапасының класы бойынша жерүсті суларының сапасының тұрақтану қарқынының жалғасып жатқандығын көрсетеді. Су бетінегі ластаушы заттар сарқыны жыл сайын төмендеуде (2013 жылы 38,2 млн. текше метр, 2014 жылы - 7,9 млн. текше метр, 2015 жылы - 3,8 млн. текше метр). Жалпы ағында сулардан ластанған су көлемі 2015 жыл қорытындысы бойынша 17,7 % құрайды.
Экономика салаларының Ертіс өзені бассейнінің су ресурстарын алу және пайдалану көлемінің өзгеру динамикасын өзгертуі соңғы жылдары тұрақтану және төмендеу қарқынына ие болды.
Орманды, жануарлар дүниесін қорғау, күзету және өсімін молайту
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорындағы жерлердің жалпы ауданы 3 705,6 мың га, оның ішінде орманмен көмкерілгені 2 005,3 мың га, сүрек қоры 204,8 млн. текше метр.
Облыс аумағының ормандылығы 7 % құрайды (орманмен көмкерілген ауданның облыстың ауданына қатынасында).
Шығыс Қазақстан облысында аудандары бойынша ормандардың 12,6 % және орман құрайтын негізгі сүрек қорының 49,6 % орналасқан.
Орман шаруашылығы мекемелерінің теңгерімінде 2 153 мың га (58,1 %), оның ішінде 123,9 млн. текше метр сүрек қорымен 1 277 мың га орманмен көмкерілген жерлерімен есепте тұр. Жалпы орташа өсімі 1,9 млн. текше метрді құрайды.
Ормандар түрлiлік құрамы және табиғи-климаттық сипаттамалары тұрғысынан жоғары өрт қатерлерімен сипатталады.
Қажетті өрт сөндіру жабдықтары санының жеткілікті болмауына байланысты орман өрттерін сөндіру жұмыстарын ұйымдастыру кезінде қауырт жағдайлар байқалады.
Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде жыл сайын орман дақылдарын отырғызу жүзеге асырылады. Орманмен көмкерілген алқаптардың азаюына жол берілмейді және олардың үлкейу қарқыны бар.
Облыстың аумағында құстардың 379 түрі мен сүтқоректілердің 110 түрі мекендейді, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар,
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктер мен жануарлардың 50 түрі кездеседі.
Барлық жерде қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғап, құрметтеуді қалыптастыруға бағытталған жұмыс іске асырылуда.
Жалпы, жүргізілген биотехникалық іс-шаралардың нәтижесінде мемлекеттік орман қорында жабайы аңдардың негізгі аңшылық - кәсіпшілік түрлерінің популяциясын тұрақтандырудың сәті туды және олардың тұрақты өсуіне қол жеткізілді.
SWOT - саланың даму жағдайын талдау:
Мықты жағы (S):
өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсу шартындағы тұрақты экологиялық жағдай;
табиғат пайдаланушы-кәсіпорындардың жыл сайын табиғат қорғау іс-шараларын орындауы;
көпжылдық реттеу режиміндегі аккумулирлеуші суқоймалардың болуы. Ертіс өзені ерекше мемлекеттік маңызға ие су объектілеріне жатқызылды;
жабайы аңдардың негізгі кәсіпшілік түрлерінің санын тұрақтандыру және арттыру;
құрамында сынап бар аспаптар мен өнімдерді жыл сайын жинау және демеркуризациялау (қайта өңдеу).
|
Әлсіз жағы (W):
жинақтау жүйесінің, оның ішінде қатты-тұрмыстық қалдықтарды жеке жинаудың дамымағын жүйесі;
қалдықтарды қайта өңдеу және екінші рет пайдаға жарату көлемінің төмендігі;
қатты-тұрмыстық қалдықтарды көму объектілерінің санитарлық ережелердің талаптарына сай келмеуі;
ормандардың жоғары өрт қауіптілігі;
орман шаруашылығының коммуналдық мемлекеттік мекемелеріндегі штат санының (60 % ғана бар) және материалдық техникалық жабдықталуының (нормативтен 1/3 ғана) жеткіліксіздігі;
аңдардың негізгі аңшылық - кәсіпшілік түрлері санының төмендігі;
аңшылық шаруашылығындағы білікті кадрларды жоқтығы және материалдық - техникалық базаның әлсіздігі;
табиғат қорғау іс-шараларын жүзеге асыруға қоршаған ортаға эмиссиялардан бюджетке түсетін қаржының толықтай бөлінбеуі;
үлпек - ұлпан өнеркәсібінің жойылып кетуі, үлпек - ұлпан өнімдеріне сұраныстың жоқтығы, оның өндірісіне кететін шығындардың көптігі.
|
Мүмкіндіктер (О):
қалдықтарды екінші рет өңдеу және пайдаға жаратуды енгізу;
азаматтарда табиғи ресурстарды пайдалануға саналы қатынастарын қалыптастыру;
шынайы түрде ЖӨӨ бірлігіне су тұтынуды азайту;
қосымша жерүсті су ресурстарын арттыру;
сушаруашылығы объектілерін қайта қалпына келтіру;
орман ресурстарының болуы: (сүрек қоры 123,9 млн. текше м), жыл сайынғы сүрек дайындау көлемінің мүмкіндігі
(1,4 млн. текше м);
жабайы аңдардың аңшылық-кәсіпшілік түрлерін арттыру үшін орманмен көмкерілген ауданның маңызды әлеуеті.
|
Қатері (Т):
қожайыны жоқ, өнеркәсіптік, токсидті және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу қарқынының жалғасуы, сондай-ақ, екінші рет өңдеу және пайдаға жарату технологиясының болмауы;
көршілес мемлекеттегі Қара Ертістен су алудың артуы есебінен Ертіс трансшекаралық өзені бассейнінің су ресурстарының сарқылуы және ластануы;
физикалық-географиялық, климаттық жағдайлардың және су жинақтаудағы су теңгеріміндегі элементтерінің өзгеруі;
тарихи ластану нысандарының болуы;
жинақталған «тарихи» қалдықтардың үлкен көлемі;
экономика салалары үшін белгілі бір кезеңдерде Ертіс өзені бассейніндегі судың жеткіліксіз болуы.
|
Негізгі проблемалар:
Өскемен қ. атмосфералық ауасының ластануы;
Ертіс трансшекаралық өзені бассейнінің су ресурстарының ластануы;
Ертіс трансшекаралық өзені бассейнінің су ресурстарының сарқылуы нәтижесінде су көлемін келешекте төмендету жағдайында аймақты сумен қамтамасыз ету (судың ағуын азайту, су тұтынуды арттыру). Су жинау орындарының су балансы элементтерінің және физико-географиялық, климаттық жағдайлардың өзгеруі;
табиғи-климаттық жағдайлардың күрт өзгеруі (климаттың жаһандық жылынуы). Су көлемінің төмендеуімен жағдай уақытында тиісті шаралар қабылдау және уақыты бойынша жағымсыз факторлар салынғанда күрт нашарлауы мүмкін;
Шүлбі шлюзінің техникалық жағдайын қамтамасыз ету;
су ресурстарын тиімді пайдалану және шөп шабу орындарының су басу ауданын барынша азайту үшін су жіберудің алдында Павлодар су алқабын инженерлік даярлау;
су ресурстарына кері әсер ететін тау-кен өнеркәсібінің жұмысынан тарихи ластанған объектілердің болуы;
Өскемен және Семей қалаларында Ертіс трансшекаралық өзенінде толық биологиялық тазарту құрылғысынан тазартылған судың жеткіліксіз ағуы;
апаттық жағдайда тұрған кәріз дюкерін пайдалану кезінде Ертіс трансшекаралық өзенінің ластану қаупі (Семей қ.);
орман шаруашылығының мекемелерінде материалдық-техникалық жабдықталуының әлсіздігі (арнайы техниканың, радиобайланыстың, құралдар мен жабдықтардың болмауы, қорықшылар құрамының саны).
Достарыңызбен бөлісу: |