Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
Балалар шеңберде отырып бір-бірімен танысады. Өздерін таныстырған кезде өзін жақсы жағынан сипаттайтын сөздерді қолданады.
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі «Сүйікті жануарым».Жұпта үйінде тұратын жануар туралы әңгімелейді. (нұсқалары әртүрлі болуы мүмкін)
Әдеби калейдоскоп:
Оқушылармен күз тақырыбында жазылған өлең, шығармаларды еске түсіру.
Бұл шығармалардың негізгі ойын анықтату. Абайдың «Күз» атты шығармасымен жұмыс жүргізу. Шығарманы суретке түсіру.
Тіл дамыту:
Қазан мен сәуір айын салыстыр.
Екі шеңбер ішіне айырмашылықтарын жаз.Ортадағы шеңберге ұқсастығын жаз.
Мәнерлеп оқы:
Оралып шалғайдан,
Тырналар тізіліп.
Біреуі қалмайды
Қатардан үзіліп.
Қ.Баянбаев
«Сыйлық» ойыны: «Ноян- Қоян» өлеңін өзі қалаған досына оқып беру.
Достарыңызбен бөлісу: |