Бағдарламасы құрастырған: Кусаинова Гулимжан Бопиевна Екібастұз қаласы, 2017 жыл



бет1/36
Дата10.12.2021
өлшемі119,96 Kb.
#78718
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
sabaq-kz attachment sz-ner-2-synypa-arnalan-yrme-kursyny-badarlamasy

33 жалпы білім беретін орта мектеп



«СӨЗ ӨНЕРІ»

2 СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН

ҮЙІРМЕ КУРСЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрастырған:

Кусаинова Гулимжан Бопиевна

Екібастұз қаласы, 2017 жыл

Жалпы білім беретін мектептің 2- сыныбына арналған «Сөз өнері » үйірме курсының бағдарламасы.


Түсінік хат

Білім берудегі сауаттылық мәселесі, біріншіден, нақты бір елдегі халықтың

әлеуметтік жағдайына, екіншіден, мемлекеттің экономикалық дамуына,

үшіншіден, елдегі мәдени ахуалға тәуелді болатындығы айқын. Бүгінгі

өркениеттің даму деңгейі білімділік пен сауаттылық ұғымдарының мазмұны

мен оны түсінудің сара жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр. Функционалдық сауаттылық –тілдік тұлғаның әлеуметтік –қоғамдық ортада сөйлесім әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) өзінің мақсатына қарай еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі. Сондықтан да , бұл үйірме бағдарламасы – 2-сыныптың «Әдебиеттік оқу» оқулығына қосымша оқу құралы ретінде, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, құрастырылды. Бұл ретте бастауыш сыныптың оқу бағдарламасы басшылыққа алынды.

Бұл бағдарламада сұхбаттық тапсырмалар диалогтан тұрады. Бастауыш сынып

оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда диалогты

таңдауымның себебі ол күнделікті өмірде қолданылатын ауызша сөйлеу

тілінің ең көп тараған және тілдік қатынастың табиғи түрі. Диалогтың

жағдаяттылығы, алдында және артындағы айтылған жалпы ойға

байланыстылығы, алдын ала дайындықсыз іске асатын сөйлесім әрекетінің түрі

екені ескерілді.

Оқушылларды тек жауап беруге, яғни мәліметті хабарлауға ғана үйретпей,

қарсы сұрақ қоюға, қайталап сұрауға да үйрету аса маңызды. Диалогтің

осындай түрлері де ұсынылды. Диалогтік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың диалогтік сөйлеудегі қарапайым дағдылары қалыптасып, сұрақ беру, өтініш айту,таңдану, бұйыруды қолдану, бір-бірімен әңгімелесе білу, мәліметтерді нақтылап сұрау, тыңдап отырып қайта сұрақ беру, келіспеушілік, толықтыру,тілдік материал көлемінде өзара пікір алыса білу дағдылары дамып, диалогтік тілді үйретуде соңғы нәтиже болып табылатын әңгімелесе білу біліктіліктері жетіледі.

Курс аптасына бір сағаттан барлығы 34 сағат.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет