Сабақты бекіту
Қорытынды
Сабақтың тақырыбы: Жұмбақты есептер
Сабақтың мақсаты: Оқушыны байқағыштыққа, шапшаңдыққа, өз ойын дәлелдеуге үйрету;
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
Ширату:
Сауыны сиыр сауады.
Құрылысшы –
Тігінші –
Дәрігер-
Ғарышкер –
Ақын -
«Жұмбақты есептер»
.Қанша қоян аулада
Сонша тауық аулада.
Аяқтары он екі,
Санап көрші, кәнекей?
Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз,
Қонбады оның нешеуі?
Кәне, кім тез шешеді?
«Мұқият бол!» Заңдылықты сақтап, бос торкөзге тиісті суретті сал.
Сабақты бекіту
Қорытынды
Сабақтың тақырыбы: Сөз шеңбері
Сабақтың мақсаты: Оқушының ой-өрісін дамыту,танымдық белсенділігін арттыру;
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
«Ширату»
1.Дауысты дыбыстарды ата.
2. Қосудың құрамдас бөлігін ата.
3. Аулада жүрген қаздардың аяқтарының саны сегіз. Аулада қанша қаз жүр?
4. Циркте ең күлдіргі әртіс кім?
5. Ең үлкен бір таңбалы санды ата.
6. Құстар ұшатын әуе кеңістігі.
«Сөз құра» Сөздердің алғашқы буындарынан сөз құра. Оларды жаз.
Таңқурай астау суат
ерке тамыр реттеу
теңдеу намыс шіру
Тақпақ жаттайық!
Біреу дедік,екеу дедік,үшеу дедік,төртеу дедік,бесеу дедік,алтау дедік,жетеу дедік,
-Сан ішінде кім ұтты?
Біреуден бастап,жетеу ұтты.
«Заңдылықты сақтап, суретті аяқта».
Сабақты бекіту
Қорытынды
Сабақтың тақырыбы: Кім шапшаң?
Сабақтың мақсаты: Оқушының ой-өрісін дамыту,танымдық белсенділігін арттыру;
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
«Ширату»
оңай –
қысқа-
әлсіз-
терең-
арзан-
жақын-
батыл-
еңкейді-
Цифрмен жауаптарды жаз.
Сенің анаң неше жаста?
Келесі жылы сен неше жасқа толасың?
Нешінші пәтерде тұрасың?
Жылда мамыр нешінші ай?
сәрсенбі аптаның нешінші күні?
Жұп неше зат?
12-нің алдындағы санды ата.
32-ден кейінгі санды ата.
«Кім шапшаң?»
Ағаштан-ағашқа секірген,
Кішкентай ғана шапшаң аң. (Тиін)
Тиін 7 жаңғақ , ал алманы 5-ке кем жинады. Тиін қанша алма жинады?
Тиін 4 жаңғақ жинады .Ол 4 жаңғақты балаларына берді. Тиінде неше жаңғақ қалды?
Тиін 6 алма, ал кірпі 3 алма теріп алды.Тиін кірпіге қарағанда неше алма артық жинап алды?
«Мұқият бол!» Суретті мұқият қара.Суретті аяқта.
Сабақты бекіту
Қорытынды
Сабақтың тақырыбы: Логикалық есептер кезеңі
Сабақтың мақсаты: Оқушының ой-өрісін дамыту,танымдық белсенділігін арттыру;
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
Топқа бөліну
І топ «Алғырлар»
*Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?
*Қос ат жегілген арба 4 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?
ІІ топ «Тұлпарлар»
*4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі?
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
ІІІ топ «Тарландар»
*Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
*Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
«Ойлан,тап» кезеңі
*Бір айда 5 жексенбі бола ма?
І топ
*Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
ІІ топ
*Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады?
ІІІ топ
*Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса,1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
«Тез есептеп,ұпай ал» ( кезеңі )
І топ ІІ топ ІІІ топ
2+0 8-3 10-7
7+2 4+6 9-7
Логикалық ойын «Кім жылдам?»
1.Екі сиырдың мүйізі қанша?
2.Бір мысықтың аяғы қанша?
3.Бес қойдың басы нешеу?
4.Үш адамның қолы нешеу?
Сабақты бекіту
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Не үйрендік?
- Қандай тапсырмалар орындадық?
-Жеңімпаз топтың ұпайларын санап марапаттау.
Сабақтың тақырыбы: Сөз тізбегін жалғастыр
Сабақтың мақсаты: Оқушының ақыл-ой деңгейін қалыптастыру, өздігінен жұмыс істеуге баулу;
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
Ширату
Қарбыз ащы ма?
Балмұздақ жылы ма?
Пияз тәтті ме?
Сүт қызыл ма?
«Сөз тізбегін жалғастыр». Келесі сөз алдыңғы сөздің соңғы әрпінен басталатын болсын. Жаз.
Үкі – ін – нар -_______________________________________
Шам – мал - _______________________________________
Айна - _______________________________________
Мұқият қара. Бос тор көзге қажетті суретті сал.
Сабақты бекіту
Қорытынды
Сабақтың тақырыбы: Сұрыптау. Артық сөзді тап
Сабақтың мақсаты: Оқушының өзіндік ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту;
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
«Ширату»
Жүрсең артыңнан ереді, бірақ орнында қалады?
Алманың жартысы неге ұқсайды?
Қандай әріптер сөз басында айтылмайды?
Қазақтың екі ішекті, көп пернелі саз аспабы?
Хат салған конверттің сыртына не жазады?
«Мұқият бол!» Суретті мұқият қара.Суретті аяқта.
«Артық сөзді тап» . Артық сөзді тауып ,дәптеріңе жаз,себебін айт.
Сәбіз қайың алма қауын
Қызылша емен сәбіз қарбыз
Алма шырша алмұрт алмұрт
Пияз итмұрын анар асқабақ
«Жазуды жалғастыр!»
0 1 1 2 2 3 3 4 ...
Сабақты бекіту
Қорытынды
Сабақтың тақырыбы: Сұрыптау. Ортақ белгісін тап
Сабақтың мақсаты: Оқушының ой-өрісін дамыту,танымдық белсенділігін арттыру;
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
«Ширату»
1.Дауысты дыбыстарды ата.
2. Қосудың құрамдас бөлігін ата.
3. Аулада жүрген қаздардың аяқтарының саны сегіз. Аулада қанша қаз жүр?
4. Циркте ең күлдіргі әртіс кім?
5. Ең үлкен бір таңбалы санды ата.
6. Құстар ұшатын әуе кеңістігі.
«Ортақ белгісін тап!» Суретті мұқият қарап шық. Олардың ортақ белгісін тап. Түсіндіріп бер.
Сиқырлы шаршы.
1.Ең үлкен бір таңбалы саннан 5-ті азайтып,1-ді қосса Ерболдың жасы шығады.Ербол нешеде?
2.Шаршыны дәптерге салып,әр қатарда бірдей фигура болмайтындай толтырып салып шық.
Сабақты бекіту
Қорытынды
Сабақтың тақырыбы: Сұрыптау. Логикалық есептер
Сабақтың мақсаты: Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдеу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
«Ширату»
1.Дауысты дыбыстарды ата.
2. Қосудың құрамдас бөлігін ата.
3. Аулада жүрген қаздардың аяқтарының саны сегіз. Аулада қанша қаз жүр?
4. Циркте ең күлдіргі әртіс кім?
5. Ең үлкен бір таңбалы санды ата.
6. Құстар ұшатын әуе кеңістігі.
Логикалық есептер
*Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар?
*Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
*Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
Сергіту сәті
Ал санайық, санайық,
Санын біліп алайық
Біреу,екеу, үшеу, төртеу,бесеу
Қолымда сонда саусағым нешеу?
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.
«Ортақ белгісін тап!» Суретті мұқият қарап шық. Олардың ортақ белгісін тап. Түсіндіріп бер.
Сабақты бекіту. Қорытынды
Сабақтың тақырыбы: Салыстыру
Сабақтың мақсаты: Оқушының ой-өрісін дамыту,танымдық белсенділігін арттыру;
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
«Ширату»
Жүрсең артыңнан ереді, бірақ орнында қалады?
Алманың жартысы неге ұқсайды?
Қандай әріптер сөз басында айтылмайды?
Қазақтың екі ішекті, көп пернелі саз аспабы?
Хат салған конверттің сыртына не жазады?
«Мағынаны ажырат».
Жүлдызы қарсы-
Көзін жеткізу-
Екі езуі екі құлағында-
Бетінен оты шықты-
Қырғи қабақ болу-
«Жетіспей тұрған санды жаз»
3
4
5
3
6
9
5
Салыстыр. Бос орынға сәйкес пішіннің нөмірін жаз. Қалауыңды түсіндіріп бер.
1 2
1 2
1 2 3 4
Сабақты бекіту.
Қорытынды
Сабақтың тақырыбы: Есеп шығарайық
Сабақтың мақсаты: Өз бетінше жұмыс істеуге, зейінін дамытуға, ойша тұжырым жасай білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
«Ширату»Артық сөзді тап. Неге артық деп ойлайсың?
Анар сорпаны тұзбен тұздады.
Жомарттың жас күшігі бар.
Бөлмеге күннің күн сәулесі түсіп тұр.
Раушан жазумен хат жазды.
Есеп шығарайық: Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата.
Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың
қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші
болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?
Дәптеріңе өз жанұяңдағы адамдарды сал.Алдымен жасы кішісін,сосын үлкендерін сал.
«Тізбекті жалғастырып жаз».
2 4 6 ...
Мұқият қара.Үшінші қабаттың терезелерін сары, бірінші қабаттың оң жақ терезесін көк түске, ал төртінші қабаттың сол жақ терезесін жасыл түске боя.
Сабақты бекіту.
Қорытынды
Сабақтың тақырыбы: Жұмбақты есепті шешейік
Сабақтың мақсаты: Оқушының ой-өрісін дамыту,танымдық белсенділігін арттыру;
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
Ширату:
Әдемі, түрлі түсті, хош иісті –
Жалқау, мұртты, ұйқышыл –
Сақ, қорқақ, тез жүгіреді –
Сұр, жабайы, азулы –
Тәтті, шырынды, қызыл –
«Жұмбақты есепті шешейік»
1.Портфелімде әуелі, 2.Мына алты ақ алма-
Он үш жаңғақ бар еді, Нұрбибі мен Жанарға.
Науат пенен Сағатқа, Үш сарысы-Анарға,
Самат пенен Маратқа, Қызыл алма-Манарға.
Апасына Қанаттың,
Екі-екіден тараттым.
Қанша жаңғақ қалғанын
Айта қойшы, ал жаным?
Суретті мұқият қара. Берілген тәртіпті сақтап, дөңгелектердің суретін сал.
Сабақты бекіту
Қорытынды
Сабақтың тақырыбы: Пайымдап үйрен
Сабақтың мақсаты: Оқушының ой-өрісін дамыту,танымдық белсенділігін арттыру;
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
Ширату.
Не үреді –
Ұшады -
Қыңсылайды –
Маңырайды –
Мияулайды -
Қаңқылдайды –
Шырылдайды –
Тыраулайды –
«Пайымдап үйрен». Жауабын айналдыра сыз.
Қоңыздың үш жұп аяғы бар. Қоңыздың аяғы қанша?
3 2 4 6
Сөреде 10 том кітап ретімен қойылған. Бесінші том мен оныншы томның аралығында неше том кітап жиналған?
5 4 6 10
«Артық сөзді тап» Неге оны артық деп ойлайсың?
Терезе, есік, шатыр, қақпа.
Қаңтар, сәуір, тамыз, сәрсенбі.
Сүт, қаймақ, ет, айран.
Қосу, азайту, әріп, көбейту.
Жүру, секіру, ұйықтау, жүгіру.
Сабыр, ғаниғ Әлімбаев, Шоқан.
Сабақты бекіту
Қорытынды
Сабақтың тақырыбы: Кім тапқыр
Сабақтың мақсаты: Оқушының есте сақтау қабілетін, салыстыру, талдау дағдыларын жетілдіру;
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
Ширату.
Д әрпінен басталатын бес қыздың атын айт.
Ең кіші екі таңбалы санды ата
Сен және мен, біз екеуміз. Сонда біз нешеуміз?
Екі ұл және екі әке үш жұмыртқа жеді. Әр қайсысы неше жұмыртқадан жеді?
«Суретті аяқта». Оларды төрт түрлі түсті қарындашпен боя.
«Кім тапқыр !»
1.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр.
Үйеңкі ағшында неше алма өсіп тұр.
2.Бақта 4 қайың өсіп тұр. 4 қайыңда 4 үлкен бұтақ, әр кішкене бұтақта 4 алмадан. Барлығы неше алма?
Суретті мұқият қара. Қандай белгілер көрсетілген? Түсіндір.
- дөңгелек емес, шаршы
-биік емес, ...
-
Сабақты бекіту
Қорытынды
Сабақтың тақырыбы: Сұрыптау
Сабақтың мақсаты: зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамыту
1.Ұйымдастыру
«Ширату»
Ішінде не бар?
Үйшік –
Сандық-
Жаңғақ-
Сөмке-
Ішінде кім бар?
Кітапхана-
Автобус
Бақ-
Емхана
Мектеп-
«Тақпақ жаттайық!»
Біреу дедік,екеу дедік,үшеу дедік,төртеу дедік,бесеу дедік,алтау дедік,жетеу дедік,
-Сан ішінде кім ұтты?
Біреуден бастап,жетеу ұтты.
Есепте ,шығар:
1 онд +20 8 онд +10
40+6 онд 7 онд+20
30+ 4 онд 1 онд +10
Тапсырма: Оңға қарай бара жатқан балапанды сары түспен, ал солға қарай бара жатқан балапанды қоңыр түске боя.
Сабақты бекіту. Қорытынды
Сабақтың тақырыбы: Ой тұжырымы
Сабақтың мақсаты: Оқушының ой-өрісін дамыту,танымдық белсенділігін арттыру;
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
Ширату
1. Бір жылда неше ай бар?
2. Екінші және жетінші айды ата
3. Барлық бұрыштары бірдей төртбұрыш
4. Қандай жыл мезгілдерін білесің?
5. 11-ден 20-ға дейін және кері сана
6. Көзді жұмғанда не көресің?
2.Қасқыр соңғы вагонға, ал кірпі бірінші вагонға отырса, түлкі қай вагонға отырады? Олардың жолын меңзермен көрсетіп, вагондарға орналастыр.
«Талдап қорыту».
-Адамды тамақтандырады, бірақ өзі ештеңе жемейді. Ол не? Неге?
-Тіл алғыш бала. Ол кім? Неге?
-Екі ұл бала есік алдында кездесіп қалды. Егер біреуі 2 жаста, екіншісі 7 жаста болса, кім жол береді? Неге?
Сабақты бекіту.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Д. Рахымбек. Оқушылардың логика методологиялық білімдерін жетілдіру. Алматы. РКБ,1998ж.
2.Б. Байжұманов. Оқушылардың психикалық даму ерекшеліктері. Бастауыш мектеп, №12, 1998ж.
3.Балаңыз мектепке дайын ба? Балалар әдебиеті, 2006 ж
4.Бастауыш мектеп, №11-2008 жыл
5.Логикалық ойлау қабілетін дамыту №11, 2008, 53-54 бет
6.В.Давыдов «Бастауыш сынып оқушысының психологиялық дамуы»
7. Қызықты математика Алматы кітап 1998.
8. «Ойнайық та, ойлайық» Алматы кітап 1996.
9. «Кім зерек?» Алматы 1993.
10. «Сказочные задачи» 1 сынып О.В.Лысова, О.В.Кутянина
11. «Қызықты математика» Ә.Б.Ақпаева,Л.А.Лебедева, В.В.Буровова «Алматыкітап» 2011ж.
12. «Математикадан ойындар мен қызықты тапсырмалар» Т.К.Жикалкина,. Алматы «Рауан» 1992ж.
Достарыңызбен бөлісу: |