БАҒдарламасы шемонаиха қ. 2010 жыл Паспорт 3 2


Шағын және орташа кәсіпкерлік



бет6/22
Дата28.01.2018
өлшемі5,71 Mb.
#34261
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

2.2.1.5 Шағын және орташа кәсіпкерлік

Ауданда 2010 жылдың басына 2801 шағын кәсіпкерлік субъектісі бар, саны 2007 жылдың басына салыстырғанда 7,2% ұлғайған. 2010 жылдың басына барлардың санынан 2521-і белсенді болып саналады.

Олармен шығарылған өнімдердің (тауарлар, қызметтер) көлемі 2009 жылы 4,1 млрд. теңгені құрайды, не болмаса және 2007 жылдың деңгейінен 2,3 есе жоғары ( 2007жг. – 1,79 млр. теңге).

2010 жылдың басына шағын бизнестің барлық саласында 4700-ден артық адам жұмыспен қамтылған, үш жыл ішінде (2007 жылдан бастап) осы экономика секторында жұмыспен қамтылғандардың саны сәйкес 15,8 және 7,8 % ұлғайған.

2009 жылға шағын бизнес субъектілерінен салықтық түсімдер и 226,4 млн.тенге не болмаса 2008 жылдың деңгейіне 118% құрайды.

11-кесте
2007-2009 жылдарға шағын кәсіпкерліктердің көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы




Көрсеткіштер атауы

жылдар

2007

2008

2009

Белсенді шағын бизнес субъектілерінің саны, дана

2350

2411

2521

Өнімнің шығарылуы, млн. теңге

1790

3536

4170

Барлық жұмыспен қамтылғандардың саны, мың адам.

4059

4363

4700

Түсімдер көлемі мың теңге

213486

191950

226393


Шағын кәсіпкерлік субъектісінің құрылымы

11-сурет
2007-2009 жылдарға шағын бизнес субъектілерінен салық түсімдерінің өзгеру динамикасы



12-сурет
Шағын бизнестегі экономика саласының үстемдік етушісі болып 37% барлық тауарлардан, жұмыстардан және шағын бизнес субъектілерімен көрсетілген қызметінен сауда, автомобильдерді жөндеу, 21 % - өндіріс, 3 % - құрылыс, 17 % - ауыл-шаруашылыға, 22 %- басқа да салалар.




Шағын кәсіпкер саласының салыстырмалы салмағы

13-сурет
Ауданда 360 сауда кәсіпорындары, 23 наубайхана, 2 жарма бұйымдарының өндірісі, 4 кондитер өндірісі, 2 еттен жартылай фабрикаттар өндіру бойынша цехтар, 64 қоғамдық тамақтану кәсіпорындары және 26 тұрмыстық қызметер саласындағы кәсіпорындар қызмет етуде.

2009 жыл ағымында барлық қаржылық институттар желілірі бойынша ауданның АЕМ 562,8 млн теңге сомасына несиелік ресурстар алында.


  • «Даму» кәсіпкерлігін қолдау» АҚ арқылы 176,3 млн теңге сомасында 11

өндірісті дамыту жобалары мен қызмет саласын кеңейту несиеленді.

  • «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ аумақтық филиалымен

ауылда кәсіпкерлік қызметті дамытуүшін 2,0 млн теңге сомасында 7 жоба қаржыландырылды, «ШемАгроКредит» несиелік серіктестігімен ағымдағы кезеңде 51,0 млн теңге сомасында 9 несие берілді.

  • Шағын және орташа бизнес субъектілерінің қыхметін дамыту үшін екінші деңгейдегі банктермен жалпы сомасы 328,5 млн теңгеге 70 несие берілді.

Аумақтық индустриализациялау картасына ауыл шаруашылық өндірісін

дамыту және ауыл шараушылық өнімдерді өңдеу бойынша 2 бизнес-жоба қосылды.

1. Дәнді, майлы, және бұршақ дақылдарын өндіру, өңдеу, сатып алу, сату. СПК «Триумф» өсімдік майын өндіру, ұн-жарма және жем өнімдерін өндіру.

Осы жобаның іске асуы:

-1 жылғы өндіріс көлемін 30 000 тоннаға өсуі, көкөністерді 1 жылда 30 тоннадан 140 тоннаға;

- бюджетке түсетін салық түсімінің 1,5 есеге өсуі;

- бағасы импортталған өнім бағасынан төмен баға бойынша аудан, облыс және республика нарығына экологиялық таза өнімдер түсімінің ұлғаюы;

- 60 жаңа жұмыс орнының ашылуы;

2. Өскеменг қ. құны 150,0 млн теңге сомасында көкөніс сақтау құрылысын салу.

Осы жобаның іске асуы:

- бағасы импортталған өнім бағасынан төмен баға бойынша аудан, облыс және республика нарығына экологиялық таза өнімдер түсімінің ұлғаюы;

- 10 жаңа жұмыс орнының ашылуы;

Ауданда жыл ағымында 3 жаңа кәсіпкерлік нысандары ашылды: қонақүй,

бөлшек-көтерме кәсіпорны, АЗС.

Аудан әкімінің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 01-13-р «Әкімшілік тосқауылдарды қысқарту бойынша жұмыс тобын құру туралы» өкімімен әкімшілік тосқауылдарды қысқарту бойынша жұмыс тобын құрылды.

бюрократикалық ресімдерді жеңілдету үшін оларды өткізуге кететін мерзімді және қаржыны қысқарту жолымен Шемонаиха қ., Первомайский кетінде, Усть-Таловка кентінде, Выдриха және Волчанка ауылдарында тұрғындарға қызмет көрсету үшін «Бір терезеден» ұстанымы бойынша тұрғындарға қызмет көрсету Орталығы жұмысын жалғастыруда.

Шемонаиха ауданы әкімдігінің 15.05.2010 жылғы № 61 қаулысымен Шемонаиха ауданының кәсіпкерлік мәселелері бойынша Сараптамалық кеңес ұйымдасқан, Сараптамалық кеңес туралы жағдай бекітілді. Үстіміздегі жылдың шілдесінде Сараптамалық кеңеспен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестігіндегі жеке кәсіпкерлік мүддесін қозғайтын «Шемонаиха ауданының мемлекеттік коммуналдық меншіктер нысандарын мүліктік жалдауға және сенімді басқармаға беру бойынша инструкцияларды бекіту туралы» мәселе қарастырылды.

Әкімшілік тосқауылдарды жою ға бағытталған жұмыс жалғасуда. 2010 жылы әкімшілік тосқауылдарды жою бойынша жұмыс тобымен 8 жиналыс өткізілді.

Әкімшілік тосқауылдарды төмендету бойынша Жұмыс тобының отырысында берілген хаттамалық тапсырманы орындауда Шығыс Қазақстан облысының Бірікке Координациялық Кеңесінде кәсіпкерлік мәселесі болйынша 2010 жылдың мамырында және маусымында ауданның 35 мемлекеттік органдары шешілген ресімдерге жүргізілген түгендеу және оңтайландыру бойынша ақпаратты ұсынды.

Ауданның қала, ауылдық округтер және аудан кенттерінің барлығы 12 бөлімімен және 11 аппарат әкімдерімен 58 шешілетін ресімдер жүргізілуде. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 46,5% шешілетін ресімдер оңтайландырылды.


Шағын және орта бизнес саласының жаңдайын бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:

Мықты жақтар:

1. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін заңнамалық негіздеменің болуы;

2. шағын және отра бизнес субъектілері жұмыспен қамтылған тұрғындардың маңызды бөлігін құрауы.

Әлсіз жақтары:

1. Тауарлар, жұмыстар және қызметтердің жалпы көлемінде сауда-көтере сатып алу қызметінің басымдылығы

2.Кәсіпкерлердің бастамашыл болмауы, бизнесті дамытуға қызығушулықтарының жоқтығы

3. Өз айналымындағы қаржының жеткіліксіздігі

4. кәсіпкерлердің теоретикалық және тәжірибелік әлсіз дайындығы, белсенді кадрларға тапшылық

5. салық салуда оның даму деңгейіне, қызмет түріне және пайда болу уақытына байланысты саралау дың болмауы.



Қауіп:

1. Жоғары бәсеклестік деңгей

2. Тауарлардың және көрсетілетін қызметтер сапасының төмендігі. Кепілге салынатын мүлікті банк сараптамшыларының төмен бағалауы, кепіл көлемінің сұралған несие сомасын қамтамасыз етпеуі немесе оның болмауы фақторларына байланысты қаржылық-несиелік ресурстарға қол жеткізушіліктің жетіспеушілігі;

3. бизнеске қатысты жоғары операциялық шығындар;

4. кепілдік қамтамасыз етудің жоқтығымен нақты секторда бизнес ашу мүмкіндіктерінің жоқтығы.

Мүмкіндіктер:

1. Экономиканың осы секторына мемлекеттік қолдау көрсету

2. Кәсіпкерік ортаға бастамашылдықты іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға «сервис орталығын ашу;

3. Шешілген құжаттыр (ресімдер) алуда әкімшілік шығындардың қысқартылуы;

4. Тауарлар және қызметтер көрсетуде тұрақты өткізу нарығының болуы.

2.2.1.6 Сауда

Ауданда 360 сауда нысадары қызмет істейді, оның қатарында 7 сауда үйі, 277 азық-түлік кәсіпорындары, 69 азық-түлік емес кәсіпорындары, 1 арнайы сауда кәсіпорны, 6 сауда базары. Ауданды сауда кәсіпорындарының саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 2009 жылы 0,7% өсті.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2009 жылда 4,07 млрд. теңгені құрады, көтерме – 0,4 млрд. теңге. 2007 жылмен салыстырғанда бөлшек тауар айналымы 79,9% өсті, көтерме – 80,8% өсті, 2008 жылмен салыстырғанда 66,4% және 66,9% сәйкес.

14 сурет
2007-2009 жылдардағы



бөлшек және көтерме сауда айналымының өзгеру динамикасы

Сауда көлемінің даму динамикасынан тұрақты тауар айналымының өсуі беталысы байқалады.

Аумақ үшін сияқты Шемонаиха ауданы үшін де толығымен алғанда сауда даму бағытының айқын көрінуі жоқ, ал ішкі сауда апатты дамуда. Көзге көрініп тұрғаны экономиканың ең ірі бір саласы қайта құру жүйесіне, заңнамалық базаны жетілдіруге, даму түскен механизмдерді өндіруді қажет етеді.

Осыған байланысты мәселенің сапасындағы мынадай моменттерді атай өткен жөн:

- сауда қызметін реттеу саласын заңнамалық қамтамасыз етудің

әлсіздігі;

- сауда нарығындағы көлеңкелік айналымының жоғарғы деңгейі;

- ішкі сауда құрылымын дамыту деңгейінің жетіспеушілігі.


Ауданда 64 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары және 26 тұрмыстық қызметкөрсету сала кәсіпорындары қызмет істейді, олармен 2009 жылда 236,0 млн теңге сомасына қызметтер көрсетілді немесе 2008 жылғы деңгейге 102,6%. Көрсетілген қызметтің жалпы көлемінде қоғамдақ тамақтандыру кәсіпорындарының үлесі басым (90,3%).
Инфляциялық процестерді мақсатында бөлшек сауда кәсіпорындарымен аса қажетті тауарларға ең аз сауда үстемесін қолдану туралы қол қойылған меморандумдар (263), Шемонаиха ауданының әкімдігі және өсімдік майын («Востоксельхозпродукт» ЖШС), шұжық өнімдерін («Арарат» ЖШС) өндіруші кәсіпорындары, көптеп-бөлшектеп сататын кәсіпорындарының басшылары (ЖК Габаян. С.С, ЖК Дакиев.Е.М, «Айтолын» ЖШС, «Кристалл» ЖШС) арасындағы 2010 жылға арналған сауда саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдар әрекет етуін жалғастыруда.

«Қалба» АТК (Жарма ауданы) және «Звезда 7» ЖШС арасында меморандум әрекет етуін жалғастыруда. Ауданның ауыл шаруашылық құрылымымен ішкі тұтыну үшін 1кг орташа бағасы 488 теңге бойынша 37 тоннадан көп ет сатылды.

Ауданда ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын тежеу үшін апта сайын (сенбі, жексенбі) азық-түліктерді, байпақ өнімдерін, жеміс-көкөнісөнімдерін және шұжық бұйымдарын көтере сату-жәрмеңкесі өткізіледі. Жыл басынан 60 «демалыс күні» жәрмеңкесі өткізілді.

Шекаралық экономикалық ынтымақтастықтың қолда бар мүмкіндіктерін пайдалану үшін Қазақстан Республикасы және Ресей Федерацисының «Тұрақты даму және жоғары дамыған технологиялар» аймақаралық ынтымақтастық VII Форумы қорытындысы бойынша берілген тапсырмаға сәйкес шекаралық аудандарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу бойынша Шемонаиха ауданында көтермелі-бөлшектеп сату сауда кешенін құру жобасын іске асыру басталды. Жоба бастамашысы «Арман» ЖК басшысы Айдахан Ахметқалиұлы Хамитов тұлғасындағы.

Жобаланған объект Қазақстан мен Ресей арасындағы транзитті болып табылатын РФ шекарасындағы «Михайловка» кедендік бекетінен 18 км қашықтықтағы Шемонаиха қаласынан өтетін халықаралық тасжолының бойында орналасқан.

«Саулет» ӨЖФ» ЖШС жасалған келісім шарт негізінде жабық базардан, көкеніс сақтау орнынан, қазандықтан, ашық базардан тұратын объект салуға жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу басталды ЖСҚ кешенін толығымен дайындау мерзімі 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін. Құрылыс Шемонаиха қаласының бас жоспары негізінде жүргізіледі.

Жеке кәсіпкердің өтініші негізінде 6,0 га жер телімі бөлініп, оған жерді уақытша пайдалану құқығы мемлекеттік актісі берілді. Құрылыс салу орнының топырағына геологиялық зерттеу, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және телімге дозиметриялық тексеру жүргізілді. Алғашқы нұсқадағы жоба жасалды. Сумен жабдықтаудың жерасты коммуникациясы және канализацияларының техникалық шарттары алынды. Объектіні энергиямен жабдықтаудың техникалық шарттары алыну сатысында. Құрылыстың нөлдік циклі бойынша жобалық-сметалық құжаттар мемлекеттік сараптамада.

Осы бағдарламаның жүзеге асуы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясындағы «Жаңа бизнес-бастаманы қолдау» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша:

1) Өндірістік инфрақұрылымның дамуы – сумен жабдықтау, канализация, электр қуатымен жабдықтау төсемелеріне және жол құрылысына қаржы бөлу;

2) Несиелік банктер бойынша пайыздық мөлшерді қаражаттандыру.

Осы шаралардың сәтті іске асуы Шемонаиха қаласының шекарааралық сауда орталығы болуына мүмкіндік береді. Ресей Федерациясының шекара аралық аудандарындағы шаруа субъектілері үшін мынадай артықшылықтары бар: тексеру жолының және жүк тасымалдау қысқаруы – қазіргі уақытта тауарлдарды және ауыл шаруашылық өнімдерін көтере сатып алу Қазақстан Республикасының оңтүстік аймақтарында және ШҚО аудандарында жүргізілуде.

Осы жобаның жүзеге асуы 25 аса жаңа жұмыс орнының ашылуына, шекарааралық сауданың жиынтығын кеңейтуге және оны неғұрлым сапалы деңгейге көтеру мүмкіндігін береді.


Сауда саласының жағдайына жүргізілген SWOT талдауды бағалау:
Күшті жақтар:

1. Сауда жзәне тұрғындарды жұмыспен қамту көлемін дамытудың оң динамикасы;

2. бөлшек сауда нарығындағы құрылған қатысушылардың болуы.

Әлсіз жақтары:

1. Сауда бойынша заңнаманың «ажыраушылығы», сондай-ақ нормативті-құқықтық актілерде осы заманға сай терминологияның жоқтығы;

2. айналымдық қаржының тапшылығы;

3. әлсіз кәсіби-технологиялық білім беру жүйесі, о.і. сауда мамандығы бойынша.



Қауіп:

1. Өндірістік сияқты өндірістік емес тауарлардың импорттық жеткізілімдеріне деген тәуелділік;

2. Өнімнің бәсекеге қабылеттілігінің төмендігіне байланысты өндіріліетін тауарларға деген сұраныстың төмендігі.

Мүкіндіктер:

1. Кедендік одақтастыққа кіруге байланысты тауарлық нарықтың даму келешегі;

2. бәсекелестіктің өсуі, сауда желілерінің бәсекеге қабылеттілігінң өсуі;

3. тұтыну тауарлармен ішкі нарықты қанағаттандыру.



2.2.1.7 Қоршаған ортаның жағдайы

Шемонаиха ауданы – бұл экономика дамуының жоғарғы деңгейіне әлеуетті қабылетті табиғи ресурстармен бай аймақ. Алайда табиғат жағдайын есепке алмай жүзеге асырылған ресурстық-шикізаттық және монокультурлық табиғатты пайдалану жүйесі көптеген эколгиялық мәселелердің туындауынга әкеп соқты.

Нарықтық экономикаға өту кезеңдерінен өткен елдердің тәжірибесі және аймақтың экономикалық және эколгилық жағдайын талдау ауданда осы міндеттерді шешу мүмкіндіктерінің бар екендігін көрсетті:

- заңнамалық-нормативтік базаны жетілдіру үдерісі өтуде

- Жергілікті өзін-өзі басқару толі күшеюде

- Табиғатты қорғау қызметінің экономикалық құрдың келешегі бар

- Жаңа технологиялар үшін жағдайлар қалыптасуда

- Экологиялық құрылым үдерісі жетілуде

Осы және басқа да табиғатты қорғау қызметінің құру иінтірегін енгізу аумақтың орнықты теңестірілген дамуға қол жеткізу мүмкіндігін және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай туғызады.

Басым бағыттардың бірі өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және пайдаға жарату технологиясын енгізу болып табылады.

Осы байланыспен неғұрлым проблемалық мәселелер қалады:

- автомобиль көліктерінен атмосфералық ауаның ластануы;

- аумақтың көптеген елді мекендердегі өте көп тазалау құрылыстары мен канализация жүйелерінің тозып қалуына қатысты;

- аумақтың көптеген елді мекендерінде қатты-тұрмыстық қалдықтарды көмеге арналған полигондардың жоқтығы.

Шемонаиха ауданының табиғатының қоршаған ортасы өңдеу және өндіру кәсіпорындарынан, агрорлық кешеннен жеткілікті жоғарғы техногендік жүктеме көтеруде. Осы жағдаудың ең қауіпті көрінісі – жер қыртысының босап қалуы, азуы, су ресурстарының тозуы және ластануы, әр түрлі биологиялық заттардың қысқаруы және қирауы. Осы орын алған жағдай, барлық әр түрлі экологиялық мәселелер бір жылда шешілмейді және ол өте көп қаражатты қажет етеді.

Осы заманғы жағдайдың талдауы:

Шемонаиха ауданының табиғатты пайдалану-кәсіпорындары («Қазақмыс корпорациясы»ЖШС, «ИРЗК»ЖШС, «ИХМЗ»ЖШС, «ШемКомХоз»ЖШС, «Первомайка су каналы» ҚМКК және басқалары.), негізінде қоршаған ортаның сапасын жақсарту, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және ұдайы өндіру мақсатымен қоғам және табиғаттың бірігіп қызмет ету саласында қатынасты реттейтін Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасын қолданады.

Сонымен бірге аудандағы экологиялық жағдай аудан халқының денсаулығын жақсартуға бағытталған тұрғындардың экологиялық ағартушылық және білімдерін күшейту, салауатты өмір салтын насихаттауға ары қарай шаралар қабылдауды талап етеді. Қазіргі уақытта ауданда ресми тіркелген 1 бір қатты тұрмыстық қалдықтарды көму полигоны бар. Ол Шемонаиха қаласында орналасқан. Ол Шемонаиха қаласынан батысқа қарай 1,8км су жинау бассейнінің оң жағалауында, жеке көтеріңкі жерлермен (403м дейін белгі) Шемонаиха-Семей жолының шығысынан 100,0м орналасқан, өзен арнасы мүжілу және сорғыту базисі болып табылады. Телім бедері төбелі, бөренемен қиылысқан. Бұл ҚТҚ полигоны «ШемХоз» ЖШС-мен пайдалануға беріледі, 10,0578га жер телімі ресімделді (2016 жылға дейін 10 жылға жалға берілді). Нысан Мемлекеттік қабылдау комиссясымен пайдалануға берілді.

Атмосфераға ластанған заттарды бөлетін көздер полигонда жұмыс істейтін қалдықтарды жинаушы автокөліктер, бульдозерлер (органикалық заттарды ажыратуда метан, көмір қышқыл газы, күкірт сутегі). Есеп бойынша 1 жылда ластанған заттардың шығарылымы 11,361 тонна болуы керек. Шығарылымдардың негізгі салмағын метан құрайды – жылына 10,555 тонна. Барлық пайдалану кезеңінде (10 жыл) жиналған қалдықтар көлемі шамамен жылына 339,18 мың. шаршы метрді құрайды.

Первомайский кентінің ТБО полигоны бұрын ИХМЗ-ға тиесілі болған. Полигонның жағдайын бақылау Первомайка кенті әкімдігінің аппаратымен жүргізіледі, қазіргі уақытта жер телімі иесіз деп есептелінеді.

Қазіргі уақытта полигон ресімделмегендіктен мемлекеттік сияқты жеке меншік көздерінен ақшалай қаржы бөлінбейді. Осыдан барып полигонда бейберекет қалдықтармен толуы, қоқыс үйінділерінің пайда болады. Қоршаған ортаның эмиссисы себепші желмен ұшып келген жеңіл бөліктер, сондай-ақ тұрғындардың люмпенизированный қабатымен ұсынылған адамдық фактарлары бар. Жер қыртысына және атмосфераға қатты-тұрмыстық қалдықтардың түсуінен өнімдердің бөлінуі жүреді – органикалық заттарды ажыратуда метан, көмір қышқыл газының, күкір сутегінің бөлінеді (атмосфералық құбылыстар, көктемгі еруде). Істегі ластанған алқаптар мен жиналған қалдықтар көлемі белгіленбеген. Облыстық бюдет қаражатына Первомайка кентіндегі ҚТҚ мемлекеттік полигонға ТЭН дайындалды, әкімгер – табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, жобалаушы – «Экосервис С» ЖШС. Құны 3,6 млн теңге. Келісілген барлық инстанциялардың келісімінен өткен ҚТҚ полигонының жер теліміне акт дайындалды, полигон құрылысына АПЗ берілді, жер теліміне акт ресімдеу қажет. ҚТҚ бойынша 2009 жылғы 22 мамырда № 06-137/09 мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, полигон құрылысы шығындарының жалпы сомасы – 46,0 млн теңге.

Аумақта ҚТҚ полигонына ресми түрде рәсімдеген ауыл округтері жоқ. Соның салдарынан суды қорғау аймақтарында және ауылдық елді мекендердің шетінде, орман тоғай жерлерге тұрғындар қоқыстың және күлдің қоқыс тастайтын жерлер жасайды, жеке жағдайларда мал шаруашылығы нысандары шағын өзен жағасында салынған және соған байланысты су қорғау жолақтарын ластаумен жалғаса пайдалануда.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет