Жеке жоспар. Бұл құжатта іс-тәжірибенің өтуі мерзіміндегі орындалатын барлық жұмыстар көрсетіледі. Бұл жоспар дене шынықтыру пәнінің мұғалімінің қатысуымен бірге түзіледі және әдіскер бекітеді.
Жеке жоспар бір апта мерзіміне түзіледі. Оның мазмұны нақты және тақырыпты болуы
тиіс.
Күнделікжәнеесебі. Практиканттың күнделігі барлық жұмыстарды тіркеу үшін қажет.
Әдіскер студенттің күнделікті жұмысының барысын күнделік арқылы қадағалайды. Іс тәжірибе біткенше практикант күнделігін өзімен бірге мектепте алып жүруі тиіс және оны жүйелі түрде толтыруы қажет. Тәжірибе аяқталғаннан кейін күнделік басқа құжаттармен бірге әдіскерге тапсырылады.
Педагогикалықпрактикатуралықысқашасипаттама
Дене шынықтыру мамандығының 3 курс студенттерінің педагогикалық тәжірибені бағдарлама бойынша 8 апта жалпы білім беретін мектептерде мұғалімнің көмекшісі және мұғаліммен өтеді.
Педагогикалық іс тәжірибені ұйымдастыру университет ректораты, педагогикалық іс тәжірибесіне жауапты кафедрасы және педагогика–психология кафедраларымен бірге іске асады. Педагогикалық іс тәжірибенің маңыздысы студенттердің әдістемелік, кәсіптік, психологиялық, педагогикалық, теориялық дайындығы болып табылады.
Педагогикалық іс тәжірибе бірнеше кезеңнен тұрады. Дайындық кезеңде педагогикалық іс тәжірибе басталар алдында факультет басшылығымен бірге кафедра меңгерушілері педагогикалық іс тәжірибе қай мектепте өтілетінін анықтайды. Педагогикалық іс тәжірибе өтілу жоспарын құрайды.
Педагогикалық іс тәжірибе басталар алдында университет ректораты педагогикалық іс тәжірибесіне жауапты кафедрасы және педагогика, психология кафедраларымен бірігіп кіріспе конференция жүргізуді бастайды.Осы конференцияда студенттерді педагогикалық іс тәжірибенің міндетімен мақсатымен және мазмұнымен таныстырады.
Педагогикалық іс тәжірибенің негізгі кезеңінде студенттердің бекітілген мектептерде жұмыс болып табылады. Негізгі кезеңнің бірінші аптасында мектеппен танысу оқушыларды бақылау дене тәрбиесі сабағына қатысу сынып жетекшілерінің сынып сағаттарына қатысу, оқу-тәрбие жұмысының жеке жоспарын құруға кетеді.
Педагогикалық іс-тәжірибе кезінде студенттер дене тәрбиесі сабағын тәрбие сабағын өтеді, басқа студент практиканттардың сабақтарына қатысып талдау жасайды. Оқушыларға педагогика және психология кафедрасының оқытушыларының сыныпқа, сынып оқушыларына педагогикалық психологиялық мінездеме жасайды. Ғылыми жұмыс тақырыптарын орындайды.
Педагогикалық іс тәжірибенің ақырғы аптасында студенттер есеп беру құжаттарын дайындайды. Мектепте қорытынды педагогикалық кеңес өткізіледі. Педагогикалық іс тәжірибе қорытынды конференциямен аяқталады.
Педагогикалық іс тәжірибеге жалпы басшылық етуші - Оқу бөлімі.Оның ішінде тәжірибе меңгерушісі деканат курс жетекшілері және тәжірибеге тікелей қадағалау жүргізші - Топ жетекшісі.
Өндірістік(педагогикалық) іс-тәжірибе барысында студенттер спорт мектебіндегі жаттығу жұмыстарының озық тәжірибесімен танысады.
Оқу орында алған оқу, спорт, тәрбие және әдістемесін жұмыс білімін және дағдыларын іске асырып, тереңдетеді. Тәжірибе барысында студенттер жаттығушылар-дың іс-қимыл қозғалысын зерттеу ,қадағалау әдістемесін үйренеді. 4-курстағы өндірістік іс- тәжірибие студенттерді дайындаудың маңызды саласы болып табылады. 5В010800-«Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша алған психологиялық, педагогикалық пәндердің теориялық білімдерін игеруге, педагогикалық іс-тәжірибелік жұмыс дағдыларын қалыптастырумен байланыстыруға мүмкіндік береді. Болашақ «дене тәрбиесі» пәні оқытушысының бойында кәсіптік және психологиялық дағды қалыптастыру ,студенттерді орта білім беру мекемелерінде жұмыс істеу жағдайына бейімдеу, олардың бойында мұғалім мамандығына деген саналы қызығушылық қалыптастыру іс-тәжірибенің мақсаты болып табылады.
Дипломалдыпрактикатуралықысқашасипаттама
Дипломалды іс тәжірибенің маңыздысы студенттердің диплом жазу алдындағы ғылыми ізденісі яғни теориялық дайындығы болып табылады.
Дипломалды іс тәжірибе бірнеше кезеңнен тұрады. Дайындық кезеңінде іс тәжірибе басталар алдында факультет басшылығымен бірге кафедра меңгерушілері іс тәжірибе қай мектепте өтілетінін анықтайды. Дипломалды іс тәжірибе өтілу жоспарын құрады. Студенттерді арнайы бөлімдерімен таныстырып, тарауларын жіктейді. Қорытынды бөлімінде есеп дайындалып, қорғалады.