міндеттері Практика жетікшісі практика басталар алдында студенттермен жиналыс өткізілуі тиіс. Жиналыста студенттерге практиканың мақсаттары мен міндеттерін, студенттің практика кезінде атқаратын жұмыстарына сипаттама, мектеп туралы, сыныптар туралы мәліметтер және студенттердің практика кезінде орындайтын жеке тапсырмаларының тақырыптарын береді. Жетекші келесі жұмыстарды атқаруы тиіс:
практика күнделігін толтыру ережелерін түсіндіреді;
мектеппен практиканттардың орындайтын педагогикалық жұмыстарының реті мен түрлерін анықтайды;
студенттерге мектептегі тәжірибелі ұстаздардың арнайы дәрістер беруін және педагогикалық шеберлікті арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстармен таныстыруын қамтамасыз етеді;