Педагогикалық практиканың мақсаты ол студенттің жалпы білім беру мектебінің мұғалімі қызметін атқаруға дағдылану саналады. Педагогикалық практика кезінде практикант келесі дағдыларды қалыптастыруы қажет:
Студенттерге оқытушы мамандығына қызығушылығын арттыру;
Мектептердегі оқу процесімен танысу(мектептің, дене тәрбиесі мұғалімінің, сынып жетекшісінің жұмыс жоспарларымен);
Әр мектептегі дене тәрбиесі құрылысының әдістері мен түрлерін тереңдетіп үйрену;
Оқушылармен оқу тәрбие сабақтарын өткізу дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру, өз бетімен сабақтарды өткізуді үйрену;
Оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, сауықтыру, жаппай спорттық шараларды ұйымдастыру және өткізу дағдыларын қалыптастыру;
Оқу құжаттарын құру дағдысын үйрену ;
Оқушылармен тәрбие жұмыстарын жүргізуді үйрену;
Өндірістік(педагогикалық) практиканың мақсаттары мен міндеттері
Студенттерді көп қырлы педагог қызметіне бейімдей түседі, олардың мектеп атмосферасына психологиялық бейімін қалыптастырады, бітіру алдындағы курстың бітіруші курста өтетін өндірістік(педагогикалық) іс-тәжірибе күрделене түсетінін байқатады.
Болашақ мұғалімінің кәсіби сапасын қалыптастыру: пәнді терең игеру,өз кәсібін сыйлау, балаларға деген сүйіспеншілігін ояту, балалармен қарым-қатынас жасай білу.
Студенттерді мектептің қазіргі жағдайындағы оқу-тәрбиелік жұмыстарымен, жаңа білім беру технологияларын қалыптастыру саласындағы ізденістермен, мұғалімдердің озық тәжірибелерімен таныстыру.
Студенттердің университетте алған теориялық білімдерін тереңдете түсу және бекіту , осы білімді болашақта оқу-тәрбиелік жұмыстарда қолдану.
Балалар және жасөспірімдер мен өткізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына бақылау жасау және талдауды студент бойына қалыптастыру .
Балалар мен жасөспірімдердің психологиясы, педагогикасы және физиологиясы туралы алынған білімдерге сүйене отырып, оқушылардың жас ерекшелігі мен жеке қабілеттерін ескерген жағдайда оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу .
Студенттерді оқытудың алуан түрлі әдіс-тәсілдермен құралдарын қолдана отырып, түрлі типтегі және түрдегі сабақтар өткізуге дайындау.
Студенттерді топтық ұжыммен жұмыс істеуге, сондай-ақ жаттығушылар мен жеке тәрбие жұмысын жүргізуге үйрету.
Студенттер бойында жаттықтырушылық қызметке деген ынтасын нығайту, оған деген шығармашылық жол ашу, өз білімін үнемі жетілдіру түсуге баулу.
Студенттердің кәсібіне деген сүйіспеншілігін дамыту, арнайы және өз қабілетін жетілдіре түсуге ынталандыру.