Бағдарламасы Шымкент, 2016 ж. 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет1/11
Дата19.02.2023
өлшемі30,42 Kb.
#169288
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
«Дене шыны тыру ж не спорт» кафедрасы


Қосымша 3.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ


«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы


Гусейнов М.




5В010800 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне арналған біртұтас


Практика бағдарламасы


Шымкент, 2016 ж.



5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне арналған біртұтас практика бағдарламасы. – Шымкент: Шымкент университеті, 2016 ж. 12 бет.
Ұсынылған практика бағдарламасы 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне практикалық іс-тәжірибелерді өткізу үшін қажетті оқу- әдістемелік құрал болып табылады.
Рецензенттер:
Алшынбаев К., АӘИУ аға оқытушы, п.ғ.к.
Найзабеков А.Б. Шымкент университеті, доцент, м.ғ.к.
Практика бағдарламасы Шымкент университетінің оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланып құпталды.

Шымкент университеті. 2016 ж.


Алғы сөз


5В010800 – Дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттері университетте оқу кезінде, оқу жоспарына сәйкес оқу,педагогикалық, өндірістік(педагогикалық) және дипломалды іс-тәжірибе түрлерінен өтеді. 5В010800 -
«Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша алған психологиялық, педагогикалық пәндердің теориялық білімдерін игеруге, оқу, педагогикалық және өндірістік іс-тәжірибелік жұмыс дағдыларын қалыптастырумен байланыстыруға мүмкіндік береді. Болашақ «дене тәрбиесі» пәні оқытушысының бойында кәсіптік және психологиялық дағды қалыптастыру , студенттерді орта білім беру мекемелерінде жұмыс істеу жағдайына бейімдеу, олардың бойында мұғалім мамандығына деген саналы қызығушылық қалыптастыру іс-тәжірибенің мақсаты болып табылады.


Оқу практикасы 1 және 2 курста өтеді. Сонымен, оқу практикасының мақсаты базалық және кәсіби пәндер бойынша теориялық білімдерін іс-тәжірибелер арқылы нақтылау саналады.


Педагогикалық практика студенттер үшін маңызды оқу үрдісінің бөлімі болып саналады. Педагогикалық практика барысында студенттер мектептегі дене шынықтыру жұмыстарының озық тәжірибесімен танысады. Оқу орында алған оқу , спорт, тәрбие және әдістемесін, жұмыс білімін және дағдыларын іске асырып, тереңдетеді . Тәжірибе барысында студенттер оқушылардың іс-қимыл қозғалысын зерттеу , қадағалау әдістемесін үйренеді. 3-курста өткізілетін студенттердің алған теориялық білімдерін олардың бойында таңдаған мамандықтары бойынша іс-тәжірибие дағдыларын қалыптастыруды, педагогикалық қызметтің алғашқы тәжірибесімен қаруландыруды мақсат етеді.


Өндірістік(педагогикалық) практика барысында студенттер спорт мектебіндегі жаттығу жұмыстарының озық тәжірибесімен танысады. Оқу орында алған оқу ,спорт, тәрбие және әдістемесін жұмыс білімін және дағдыларын іске асырып,тереңдетеді . Тәжірибе барысында студенттер жаттығушылардың іс-қимыл қозғалысын зерттеу, қадағалау әдістемесін үйренеді. 4-курстағы өндірістік(педагогикалық) іс-тәжірибе студенттерді дайындаудың маңызды саласы болып табылады. 5В010800-«Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша алған психологиялық, педагогикалық пәндердің теориялық білімдерін игеруге, педагогикалық іс-тәжірибелік жұмыс дағдыларын қалыптастырумен байланыстыруға мүмкіндік береді. Өндірістік(педагогикалық) іс-тәжірибе 4 курста өткізіледі. Студенттер қала мектептерінде 5 апта бойында мұғалім қызметін атқарады. Мектеп бағдарламасына сәйкес сабақ жүргізеді. Мектептегі оқу, тәрбие және қоғамдық жұмыстарды жоспарлау, бағалау және қадағалау бойынша машықтанады.


Дипломалды практика болашақ оқытушыларды педагогикалық жұмысқа сапалы дайындау және қызығушылықты қалыптастыру үшін мүмкіндік туғызу. Студенттерді оқытушының негізгі функцияларын, сынып жетекшісінің қызметін атқаруға дайындау, басқару, білім беру, тәрбиелік, дамытушылық, ұйымдастыру. Болашақ оқытушылардың педагогикалық қызмет бабындағы обьектінің үйренудің аспектісі негізінде, болжамдау, талдау, жобалау қабілеттерін сипаттай білуді қалыптастыру.
Дипломалды іс-тәжірибенің мақсаты студенттердің алдыңғы курста алған білім, білім дағдыларын жетілдіру және өз бетінше жүргізетін кәсіби- педагогикалық қызметке дайындау.
Дипломалды іс-тәжірибе 4 курста өткізіледі. Студенттер қала мектептерінде 5 апта қөлемінде 4 курс бойы алған білімдерін, іс-тәжірибе барысындағы жасаған жұмыстарын қатар алып, ғылыми ізденісте жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет