Диплом алды іс- тәжірибесі студент – практикант бағдарламасының талабына сай бағыт барлық берілген тапсырмасы толық көлемінде орындауға тиіс.
Мектептің ішкі ережесін бұзбай оның еңбек тәртібін қатаң сақтап орындауға міндетті. Әрбір студент мектепте күніне 6 сағат болуға және іс- тәжірибе бағдарламасындағы көрсетілген жұмыстарды толық орындауға міндетті.
Дипломалды іс-тәжірибе кезінде әрбір студент ұйымдастырушылық қабілеттілігі жағынан үлгілі болуға міндетті.
Дипломалды іс- тәжірибе кезінде әрбір студент жеке жоспар жасап, оған тараулар бойынша сараптама жазады.
Практикант мектептің ішкі тәртібіне бағынады. Мектеп әкімшілігінің нұсқауы орындалмаған жағдайда практикант іс- тәжірибеден шектеледі.
Диплом алды іс-тәжірибеден шектелген және жұмыс қанағаттандырылмаған студент оқу жоспарын орындамаған болып есептелінеді.
Диплом алды іс-тәжірибенің қорытындысында студенттің сынақ кітапшасына баға қойылады.
Дипломалды практикаға студенттер университеттің ректорының бұйрығымен бекітілген және оқу жоспарында көрсетілген мерзімде барады. Практика өтетін мектеппен заңды бекітілген келісім шарт болуы тиіс.
Практика кезінде студенттің орындайтын жұмыстары мен жинайтын материалдары және практика туралы есеп беруге қажетті материалдар мен құжаттар тізімі нақтыланады
Практика соңында барлық жиналған материалдарды қорытындылап практика туралы есеп жазады.Университетке келгеннен кейін келесі 1 апта ішінде студент практика туралы есебін кафедраға өткізуі тиіс. Есеп университеттің арнайы кеңесінде қорғалып бағаланады.
2. Практиканың жеке түрлерінің бағдарламасы
Оқупрактикалары
2.1.Оқупрактикатуралықысқашасипаттама 1,2 курста оқу, оқу-таныстыру іс-тәжірибесі ұйымдастырылады. Оқу, оқу-таныстыру іс- тәжірибесінің бағдарламасы жалпы немесе шығарылатын кафедрамен әзірленеді. Арнайы аудиторияда жиналып, бағдарлама бойынша таныстыру, орнықтыру конференциясы өтіледі.
Оқу, оқу-таныстыру іс-тәжірибесінің мақсаты-білім алушыларды жоғары оқу орнының іске асырылған білім беру бағдарламаларымен, оқылған мамандығымен, болашақ кәсіби қызметінің мақсатымен және функция түрлерімен танысу. Атап айтқанда мектеп және спорт мектептердің жұмыстарымен жалпы таныстыру.
Оқу және оқу таныстыру іс-тәжірибесінің базасы оқу мекемелері, оқу шеберханалары, зертханалар, полигондар, шаруашылық тәжірибелер, клиникалар, т.б. ЖОО-ның оқу қосымша бөлімшелері, сонымен қатар болашақ кәсіби қызметіне сәйкес ұйымдары болып табылады. Оның ішінде спортзал және спорт кешендерімен таныстыру, яғни топ серуен ұйымдастыру.
Егер оқу және оқу таныстыру іс-тәжірибесі тиісті ұйымдардан тыс өтілсе онда шарт жасалуы тиіс ( колледж, спорт мектептері, мектептер ).
Оқу және оқу таныстыру іс-тәжірибесінің өтілу мерзімі, 2-3 апта құрайды. Берілген кестеге сәйкес әр семестрге 1 аптадан бөлінген.
Оқу және оқу таныстыру іс-тәжірибесінің қорытындысы бойынша оқушылар кафедраға есеп тапсырады, оны іс-тәжірибенің ғылыми жетекшісі тексеріп, және кафедра меңгерушісінің бұйрығымен құрылған комиссияның алдында қорғайды.
Есепті қорғау қорытындысы дифференциалдық сынақпен сандық балды-рейтингтік әріптік баға жүйесімен бағаланады.