Оқу, оқу-таныстыру іс-тәжірибесінің бағдарламасы жалпы немесе шығарылатын кафедрамен әзірленеді. Арнайы аудиторияда жиналып, бағдарлама бойынша таныстыру, орнықтыру конференциясы өтіледі.
Оқу, оқу-таныстыру іс-тәжірибесінің мақсаты-білім алушыларды жоғары оқу орнының іске асырылған білім беру бағдарламаларымен, оқылған мамандығымен, болашақ кәсіби қызметінің мақсатымен және функция түрлерімен танысу. Атап айтқанда мектеп және спорт мектептердің жұмыстарымен жалпы таныстыру.
Оқу және оқу таныстыру іс-тәжірибесінің базасы оқу мекемелері, оқу шеберханалары, зертханалар, полигондар, шаруашылық тәжірибелер, клиникалар, т.б. ЖОО- ның оқу қосымша бөлімшелері, сонымен қатар болашақ кәсіби қызметіне сәйкес ұйымдары болып табылады. Оның ішінде спортзал және спорт кешендерімен таныстыру, яғни топ серуен ұйымдастыру.
Егер оқу және оқу таныстыру іс-тәжірибесі тиісті ұйымдардан тыс өтілсе онда шарт жасалуы тиіс ( колледж, спорт мектептері, мектептер ).
Оқу және оқу таныстыру іс-тәжірибесінің өтілу мерзімі, 2-3 апта құрайды. Берілген кестеге сәйкес әр семестрге 1 аптадан бөлінген.
Оқу және оқу таныстыру іс-тәжірибесінің қорытындысы бойынша оқушылар кафедраға есеп тапсырады, оны іс-тәжірибенің ғылыми жетекшісі тексеріп, және кафедра меңгерушісінің бұйрығымен құрылған комиссияның алдында қорғайды.
Есепті қорғау қорытындысы дифференциалдық сынақпен сандық балды-рейтингтік әріптік баға жүйесімен бағаланады.