Бағдарламасы Шымкент, 2016 ж. 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Педагогикалық және өндірістік(педагогикалық) іс-тәжірибе өткізуге қойылатын талаптар



бет4/11
Дата19.02.2023
өлшемі30,42 Kb.
#169288
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
«Дене шыны тыру ж не спорт» кафедрасы

Педагогикалық және өндірістік(педагогикалық) іс-тәжірибе өткізуге қойылатын талаптар


Педагогикалық практика міндетті түрде мектепте өткізіледі. Практика өтетін мектеппен заңды бекітілген келісім шарт болуы тиіс. Педагогикалық практикаға студенттер университеттің ректорының бұйрығымен бекітілген және оқу жоспарында көрсетілген мерзімде барады. Алдын ала, студенттердің қай мектепке және қандай сыныптарға қай сабақтардан мұғалім қызметін атқаратыны туралы мағлұматтар жиналады. Студенттерге арнайы практика жөніндегі әдіскер бекітіледі. Практикаға керекті әдістемелік және келісім шарттық құжаттар тапсырылады. Практика кезінде студенттің орындайтын жұмыстары мен жинайтын материалдары және практика туралы есеп беруге қажетті материалдар мен құжаттар тізімі нақтыланады; практикаға жолдама, күнделік және практикаға арнайы тапсырмалар.
Мектепке келгеннен кейін студенттер мектеп басшысының нұсқауы бойынша белгілі пән мұғалімінің қарамағына бекітіледі. Практикант оқу бағдарламалары және сабақ жоспарларымен еркін танысуы шарт. Практикант мектептегі техника қауіпсіздігімен танысып арнайы жұрналға қол қояды. Сабақ кестесімен танысады.
Практика кезінде студент күнделікті атқарған жұмысы туралы жазбаша есеп жинайды. Практика соңында студент күнделігін және практика өткені туралы құжаттарды мектеп басшысының қолымен және мөрімен нақтылап жабады. Студентке мектеп басшысы мінездеме береді.
Студент күнделіктен басқа, барлық байқаған және үйренген әдістемелік материалдар туралы арнайы дәптерге материал жинайды. Практика соңында барлық жиналған
материалдарды қорытындылап практика туралы есеп жазады.Университетке келгеннен кейін келесі 1 апта ішінде студент практика туралы есебін кафедраға өткізуі тиіс. Есеп университеттің арнайы кеңесінде қорғалып бағаланады.
Практикаға қатыспаған студентке және практика кезінде барлық педагогикалық ережелерді сақтамағана және оны бұзған студенттерге мектеп директоры шара қолдануға құқықты және оол туралы университет ректорына хабарлайды. Университет ректоры ол хабарды талқылап ары қарай қандай шара қолдануды шешеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет