БАҒдарламасы (силлабус) Пән Өзін-өзі тану Мамандығы : Педагогикалық мамандықтар



бет3/10
Дата11.01.2017
өлшемі3,52 Mb.
#6933
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
§2-жаттығу "Түс көру әлемі"

Бұл жаттығу барысында студенттер басқа адамның санасына дейін "жетіп", оның ішкі дүниесін түсіну үшін адамды сезіну қабілеті керек. Өте ауыр міндет. Мүндай талпыныс өте қызықты. Қалай болганда да студенттер тэжірибе жинайды, өмірді басқа адамның көзімен көруді, оның мақсаты мен міндетін, қүндылықтарын түсінуді үйренеді.

Ойынға қатысушыларға қанша студент сабаққа қатысса, сонша карточка даярланып, тек біреуін жеткізбей үлестіріледі. Оқытушы студенттерге нүсқау береді: екі минут шеңбер қүрап отырған адамдарға үн қатпай қараңыз. Біреуді жақсы танисыз, енді біреулері элі де сіз үшін қүпия. Ойланып көріңіз, осында отырған әр адам түсінде не көруі мүмкін? Ол түсінде қандай бейне көреді? Сіздің ойыңызша, ол түсінде нені жиі көреді?

Әрқайсыңыздың қолыңызда карточкалар бар. Карточканың бір жагына студенттің атын жазып, екінші жагына "Бұл адам түсінде не көреді?" деген сүраққа жауап беріңіз. Егер бір адам түсті сирек көреді және көрген түсін үмытып қалады деп ойласаңыз, соны жазып қойыңыз. Қатысушылардың бәріне карточка толтырыңыз. Бірақ басқа адамның сезімін ренжітетін нәрсе жазушы болмаңыз.

Жұмысқа 15-20 минут уақыт беріледі (адам санына карай). Жаттығу барысында тыныштық сақталуы тиіс. Ақырын музыка қойған жағымды, оң нәтиже береді. Жұмыс біткеннен кейін карточкаларды жинап, студенттерге үлестіру керек. Басқаша варианты бар: карточкаларын толтырып біткенен кейін студенттер өздері әр адамның қасына апарып қояды.

Студенттерден қайсысының дұрыс табылған түсті алғанын сұраңыз. Достарыңыз түстерді дұрыс болжамаса да, бұл карточкалармен жұмыс істеу керек. Басқа адамдар біздің көретін түсімізді болжап қана қоймай, сонымен қатар, бізді тұлға ретінде көрсетуі деп түсіну керек.

Бұл ойынның нәтижесін талқылау өте қызыкты болуы мүмкін.

Талқылауға арналған сүрақтар:

1. Бұл тапсырманы орындау оңай болды ма?

2. Түсті баяндағанда не туралы ойладыңыз?

3. Карточкада жазылған нәрсені қайсыңыз эдетте түсіңізде көресіз?

4. Түсті болжап жазған адамға не көмектесті?

5. Түс көруші адамның тәртібінде, мінез-қүлқында түсін білдіретін нәрсе бар шығар?

6. Карточкаға қарап ойланып көріңіз, қоршаған адамдар сізді қалай қабылдайды және бұл сіздің өзіңіз туралы ойыңызбен сәйкес келе ме?

1-тапсырма. "Қүрастырылған адам суреті" тесті аз уақыт қажет етеді және өте қызықты. "Геометриялық фигуралардан қүрастмрылган адам суреті"

Әр адам өз өмірінің сәтті қалыптасуын, арманына жетуді қалайды. Бұл үшін өмірге онды көзқарас, өз-өзіне сенімді болу, өз-өзін және қоршаған адамдарды түсіне білу үлкен көмек. Төмендегі ескертулерге назар аударған дұрыс: өз түжырымдамаларынды, қүндылықтарыңды, идея мен жоспарларыңды асыра бағалаудан және өлшеуден қорықпау керек; ішкі сезіміне сене білу керек; қателесусіз өмір сүру мүмкін емес екендігін және бұл ең қүнды сабақтардың бірі екендігін түсіну; түзетпей және асығыс қорытынды жасамай тыңдай білу; өзіңді және басқаларды жақсы көру; қандай жағдай болмасын салмактылығыңды, шыдамдылығынды жоғалтпау.

"Жан дүние тыныштығы" (медитация мэтіні оцытушының тацдауы бойынша баяу ойнап түрган музыканың сүйемелдеуімен оқылуы керек)

Ыңғайлы отырып, көзіңізді жүмыңыздар, денеңізді босатып, тынышталыңыздар.

Ойша "мен тынышталдым" деген сөзді қайталаңыздар.

- Сіздің тынысыңыз бірқалыпты.

Бүгін біз тыныштықты сақтауды үйренеміз. Естіген сөздеріңізді мүқият тындап, есте сақтауға тырысыңыздар.

- Өмірлік ісіңізді атқара отырып, іштей жинақы, байсалды болыңыз және жүмыла біліңіз.

Қоршаған дүние сіз үшін жоқ секілді ісіңізге бар ынтаңызды салып кірісіңіз.

Жан-тәніңізді іштен таза, эсем нүрға толтыратын ішкі салмақтығыңызды күтпеген қиындықтар және әртүрлі жағымсыз жағдайлар қобалжытпасын.

- Уайым-қайғыға салынбау үшін сізді ренжітетін және өзгертуге күшіңіз жетпейтін нәрсенің бәрін алысқа ысырып тастауыңыз керек.

- Сіздің бақытыңыз бен тыныштығыңыз сырткы жағдайға тэуелді болмау керек.

- Олар сіздің ішіңізде және оны ешкім тартып ала алмайды.

- Адамдарға және қоршаған дүниеге махаббат, мейірімді жүрек, жұмыста сенімділік, таза ар-ождан және жаман ойдан арылу - осы жан дүние тыныштығының негізі.

- Ғарыш кең және тыныш, осы мызғымас тыныштықты жүрегіңізге кондыруыңыз керек.

Егер сіз ылғи да іштей тыныш және жинақы болсаңыз, онда миыңыз анық, ойыңыз таза болады және кате іс-әрекет жасамайсыз.

- Есіңізде болсын, адам оңашалана алатын ең тыныш және алаңсыз жер - бұл сіздің жан дүниеңіз.

5-сабақ

Менің жан дүнием Лекция-әңгіме -2

Шыдамды, сабырлы адам -

бастаған ісінің жақсы нәтижесін көреді,

білімге күштар адам - іздегенін табады.

В.Ян

Мақсаты: адамның рухани дүниесін бағалай білуге баулу. Міндеті:



- өмірге қанағат сезімін және өмір қиындықтарын жеңуге талпынысын дамыту;

- адам өмірі туралы түсінікті терендету;

- өзін-өзі бағалау және өз күшіне сену сезімінің пайда болуына ықпал ету.

Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, аудиожазбалар.

®Күндер мен жылдар Сөзі Қ.Мырзалиевтікі Әні С.Бәйтерековтікі

Торғындай жүмсақ түндерде Төбеде қалкып көшкен ай. Жырларға толы күндер мен Сырларға толы кештер-ай.

Көңілге қуат, жел берген Күлкіге жомарт үйлер-ай. Шырқата салған эндер мен Шалқыта тартқан күйлер-ай.

Қайырмасы:

Кездер-ай, ерке кездер-ай, Кездер-ай, серке кездер-ай. Шоқ болып түсіп жүрекке, Түбіңе жеткен көздер-ай!

Арғымақ көңіл еліріп, Арынын әрең бастық-ай. Осы лай лаулап өмірі Өтердей болған жастық-ай. Күлімдеп өткен күндер мен Жарқылдап өткен жылдар-ай. Кеттіңдер енді кімге еріп, Қуаныштар-ай, мүндар-ай?!

Қайырмасы.

Студенттік өмірге енгеннен кейін біз еркіндікті сезініп, өзімізді түсінуге тырысамыз, өз өмір жолын іздейміз, өмірлік мүратымызды анықтаймыз. Осы кезенде адам кенет ағаш бүтағынан жүлынып, еркін үшуға бет алған бір жапырақ тәрізді болады. Ойланыңызшы, сізге не үнайды: сізді жел қайда үшырса, солай карай оның бағытымен үшу ма элде желді тек өзіңіздің өмірлік мақсатыңызға жету үшін ғана пайдалану ма?

Қолыңызға жаныңызда жатқан кез келген кітапты алыңыз. Оның қандай кітап екені қажет емес, қолыңызға алыңыз да, кітапқа қараңыз. Енді осы кітапты жел айдап, алыстағы аралдың жағалауына апарып тастаған деп елестетіңіз. Бұл аралдың түрғындары ақылды және дамыған, бірақ олардың ешқайсысы эліппені білмейді.

Не болады? Олар кітапты алады да, эдемі қағазды көреді, кітаптағы жазуларға қарап, тасқа басылған әр түрлі белгілерге жай ғана көз тастайды. Олар кітапты өнердің бір тамаша түрі ретінде қабылдап, бағалайды.

Аралдың түрғындары бұл кітапты түсіне ме? Осы кітаптан қандай да бір нақты пайда таба ма?

Кітап дегеніміз - қағаз бен таңбалардың жиынтығы емес, ол -белгілі бір идея, айтылған ой. Өмірімізде осылай болмай ма? Біз өмірдің қағазы мен сиясына: тыныс алу, тамақтану, жұмыс, ү_йқы т.с.с. қараймыз. Өмірдің күнделікті көріністеріне қараймыз да, жай ғана: "Бұл - өмір" дейміз. Мүның мәнісі де, қағаз бен басылған әріптерге қарап: "Бұл - кітап" деген сияқты. Бірақ біздің бәріміз білеміз, біздің өміріміздің де, кітап сияқты, мәні бар; ал өмірдің мәні, мақсаты -оның қағазы мен сиясында емес, оның мәнінде. Біздің өмір, ең алдымен, мэнді болуы керек. Өз өміріңіздің қағазы мен сиясына тағы бір рет қараңызшы. Біз кағаз бен сиясыз кітаптың идеясын жеткізе алмас едік, ал өмірдің күнделікті ірілі-үсақты жақтарына мән бергенде, олардың нақты мазмүнын, мәнін түсінеміз. Өздеріңіздің не істеп, не қойып жүргендеріңізді түсінуге тырысыңыздар. Өз өміріңіздің көрінетін жағының мәніне үңіліңіз, өткен өміріңіздің жарқын жақтарын еске түсіріңіз. Жалгыз осы идеямен бүкіл өмір кітабын түсінуге қадам жасайсыз. Осының озі сізді өмірдің мәніне анағүрлым тереңірек үңілуге мүмкіндік береді. Бұл ізденіс, үмтылыс әрқашан да оз жемісін береді: ол сізді толық жауаптар алуға даярлап, анағүрлым терең және мэнді де мазмүнды омірге жетелейді.

Омірдің мәні туралы хрестоматияда берілген материалды оқыңыздар.

Талқылауға арналған сүрақтар:

1. Адам омірінің мәні дегенді сіз қалай түсінесіз?

2. Сіздің оміріңіздің мәні неде екенін ойланыңыз, егер мүмкін болса, ойларыңызды ортаға салыңыз.

3. Егер сіз дэл қазір оз оміріңіздің мәні неде екенін айқындамаған болсаңыз, оның қандай болатыны туралы ойланыңыз.

4. Адамның өмірінде алға қойған мақсаты болса, ол адамға кез келген жағдайда көмектеседі деген пікірмен келісесіз бе?

5. Байлық, жақсы жұмыс, тіпті отбасы адамды әрқашан да бақытты жасамайтыны туралы не ойлайсыз?

6. Адам омірінің қандай салаларында біз озіміз үшін мақсат және мэнді таба аламыз?

7. Ақша мен билік адам омірінің мәні бола ала ма? Ойланыңыз: байлық - оз арманыңның орындалып, максатқа жетудің құралы ма?

« Өмір - мен үшін бәрінен қымбат, махаббат өмірден де қымбат, бірақ елімнің еркіндігі мен азаттығы үшін қажет болса, екеуін де құрбан етуге бармын. -

Ш.Петефи.

• Біз озіміздің қып-қысқа омірімізді неге арнауды білмейміз, дегенмен мэңгі өмір сүргіміз келеді. - А.Франс

• Өзгелер үшін өмір сүргісі келетін адамдар оз омірін құрбандыққа шалмауы керек. - Ж.Гюйо

• Жылдардың саны адам өмірінің үзақтығын білдірмейді. Адам өмірі оның істеген ісімен есептеледі. - С.Смайлс

• Ақымақтар ішіп-жеу үшін омір сүреді, ал мейірімді адамдар өмір сүру үшін ішіп-жейді. - Сократ

• Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын... - Абай

• Еш нәрсе талап етпеген адам еш нәрсе бермейді де. - Гилле

• Кісі болу дегеніміз - күрескер болу деген сөз. - И.Гете

• Не ақылы, не күш-қайраты жоқ адам ғана нағыз сорлы. -Бенцел-Штернау

• Аң мінезді адам - аңнан да жаман. - Р.Тагор

• Көңілі кіршіксіз жан кісіні күндемейді. - М.Горький

• Кішкентай адамдарға үнағың келсе, өзің де кішкентай бол. -Л.Берне

• Озі жонінде еш нәрсе айтпайтын, ал айта қалса, еш нәрсесін жасырмай ақтарылатын кісіге жүрт сенбейді. - Ф.Честерфилд

• Рухы үқсастардың бәрі - туыстар. Жамандықты иттің етіндей жек коретін адам ғана жақсылықты жанындай жақсы көреді. -Ф. Шиллер.

• Адамның ішкі сезімінің айнасы - коз. - С.Мүқанов

• Қанша даңқы болса да, қанша білікті болса да, табиғаты түзу жан еш уақытта - жас шағында да, жасамыс шағында да - кеудесін көтермейді. - М.А.Шолохов

• Қашан бір бала ғылым-білімді махаббатпен коксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады. - Абай

• Бақаны алтын таққа отырғызсаң да, батпақ көрсе қарғып түседі. - Публий Сир

• Жақсы адам жатына да жақындай, жаман адам жақынға да жатындай. - Х.Казвини

• ¥ғарсың өзің мәнісін, құласаң егер тосыннан. Сүрінгенге қол үшын жақсы екен ғой ұсынған. - Сағди

• Адам сәні - даналық, даналық сәні - сабыр, сабыр сәні -батырлық, батырлық сәні - биязылық. - Үнді нақылы

• Өзіңе жағымсызды өзгеге істеме. - Үнді нақылы

• Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең эуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек. - М.Әуезов

• Сіздің істеріңіздің нәтижелерін басқалар бағалайды, тек қана өз жүрегіңіздің таза да эділ болуына тырысыңыз. - Д.Рескин

• Үлы адамдар ештеңені жарым-жартылап істемейді. -Х.Хвиланд

®"Өзім туралы" тесті Тест тапсырмасын орындау арқылы өзіңізге өзіңіз бір үңіліп көріңіз. Тест орындалып біткеннен соң нәтижелерін топ болып талдаңыздар.

®"Өмірді сүйсең, уақытты оздырма, ол - тіршілік арқауы" деп Б.Франклин айтқандай, өз өміріңнің әрбір сәтін жемісті, пайдалы, қызык та куанышты өткізуге талпынуымыз қажет. Өмірдің мәні үнемі ізденіс, көбірек білуге талпыныс екенін зерделейтін жасқа келдік. Сондыктан да қазақтың үлы ойшылы Абайдың сөзімен айтсақ: "Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жүмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге,... не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгенінді өзің де білмей қалыппысың?"

ЛмК Кездесейік

ІЧ ( 1 Сөзі Е.Багаевтікі

\Jy Әні Б.Дәлденбаевтікі

Он жыл бүрын нүрға толы жанымыз, Арман қуып кеткен едік бәріміз. Он күндей боп он жыл өтті, кездестік, Бас қосуға арналады әніміз.

Қайырмасы: Достар, достар, Кетсек те біз есейіп, Бар қызығын өмірдің бір кешейік. Он жыл өтсін, жыл жиырма, жүз жыл өтсін, Амандықпен әрқашан кездесейік, Кездесейік,

Жүздесейік!

Меруерт толы, маржан толы көңілден, Бал бакыттың эсем әні төгілген. Дүниеге кірпіш болып қаланып, Орнымызды таптык бүгін өмірден.

Қайырмасы.

Бір үядан түлеп үшқан қүстармыз, Жаксылық пен адалдыққа қүштармыз. Еңбекпенен тіршілікке сэн беріп, Достық туын әркез биік үстармыз.

Қайырмасы. 6 -сабақ

Менің жүрек қалауым Лекция-әңгіме

Үлы адамдар өз ескерткішінің түғырын өзі орнатады, ал мүсінін болашақ соғады.

В.Гюго


Сабақтың мақсаты: студенттердің өздерінің болашақ кәсібін, бейімділігін бағалай білу іскерлігін қалыптастыру. Міндеттер:

- өзінің нақты бейімділігін табуға үмтылысын дамыту;

- "бейімділік", "икемдік" үғымдарының мәнін ашу;

- өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін адекватты бағалау іскер-ліктерін қалыптастыру.

Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, "Өзін-өзі тану" пәніне кіріспе" оқу құралы.

®Болады деп арманда Ал, енді мен ақыл айтам, Ақыл айтам, таңцанба. Қорлық үшін келген жоқсың мына өмірге, Жалғанға.

Мына өмірде, жүрегінде, Бойыңца ыстық қан барда. Болмысты да, болмасты да, Болады деп арманда!

Ал, енді мен ақыл айтам, Ақыл айтам, танданба! Мэзіріңе, эзіріңе әулекі боп, Алданба!

Шығатүғын күндерге де, Ататүғын тандарга,

Үмітпен қарағайсың, жүрегінде жан барда.

Өтер кетер, өтер кетер... Дейміз ғой біз мүңайып. Дейміз-дағы, жамаймыз кеп, бір айыпқа Бір айып.

Отандастар, ойлайықшы, ойымызға лайық, Қүласақ та, тек биіктен, Қүзға барып күлайық!

Бықсып жанған крламта емес,

Артымызда шоқ қалсын.

Болашақтың ошағында

Біз түтатқан от жансын.

... Ей, болашақ! Ошағында от жансын!

Мүмкін, бізді үмытарсың...

Кім біледі?

Жоқтарсың...

(М.Мақатаев)

Адамның өмірінде дер кезінде өзінің бейімділігін, бір нәрсеге икемдігін, өзінің жолын тауып, дұрыс бағытын анықтауы өте маңызды. Өзін неге, қандай іске арнағанын біреу ерте, біреу кеш түсінеді. "Осы өмірде менің немен айналысқым келеді және менің неге икемім, ебім бар?" Біреулер бұл сұраққа 10-12 жасынан бастап жауап іздей бастаса, кейбіреулер қырыққа келгенде де ғана бүған көңіл аударады екен. Бірақ сіз қанша жаста болсаңыз да, өз өміріңізді жақсы жақка бүруға ешқашан кеш болмайды. Тек қана тура жолды, өмір жолын тандауды адамның өзі жасайды: оның өзі әрқашан кім болуға талаптанса, сол болады. Бірақ кейде жас жігіттер де, бойжеткендер де өз өмірін неге арнап, бағыттайтынын элі білмейді, өмір жолын айқындамайды. Олардың тандауы өте көп, қайсысын жүректері қалайтынын өздері де анық сезінбейді. Не болмаса, керісінше, олар өздерін еш нәрсе қолынан келмейді деп есептеп, не істерін білмейді. Бұл жағдайда не істеу керек? Жастарға өз тандауын жасап, өмірден өз орнын табуына қалай көмектесуге болады?

Ең алдымен, әркімнің есінде болатын нәрсе - әр істің мақсаты туралы ойлаған дұрыс, ал өмірдің мақсаты - алга үмтылу ғой. "Өмірдің мәні мақсатқа жету жолындагы әрекеттің парасаттылығы мен пәрменділігінде, ендеше түрмыс-тіршіліктің әрбір сәтінде алда үлкен мақсат түруга тиіс", - деп А.Горький айтқандай, мақсатымыз -өмір жолын табу үшін оқу мақсат, өзіңмен жұмыс істеу мақсат, өзіңді тәрбиелеу мақсат. Көпжылдық ізденіс пен қажырлы еңбектің нәтижесінде ғана белгілі бір нәтижеге жетіп, белестен асуға мүмкіндік туады.

Жүрек қалауымен мамандық таңцауда сізге ата-анаңыз, мүғалім-дер мен өз саласы бойынша тэжірибесі мол мамандар көмек көрсете алады. Бірақ ең тэжірибелі деген кісінің өзінің де сіздің жасайтын тандауыңызды шешуге қүқыгы жоқ. Ең басты, шешуші мэселелер, мысалы, мамандық тандау, өмірлік серігіңізді тандауды сіз өзіңіз ғана жасап, сол үшін жауапкершілікті өз мойныңызға алуыңыз керек. Егер қателессеңіз, соңында ол қатені өзіңіздің түзетуіңізге тура келеді, ал енді басқа біреу қателессе, сіз өз өміріңізді, өз бақытыңызды сарп етіп, қүрбан етіп, өзгенің қатесін түзетуге мэжбүр боласыз.

Өмір жолыңызды тандауда өзіңіздің ішкі дауысыңызды тындағаныңыз жөн, ол көп жағдайда анағүрлым қателеспейтін жетекші болады. Жай ғана уақытты өткізіп өмір сүруге болмайды,

"уақытты малайларша өткізбейтіндей жағдай жасау керек, себебі адамның қолында - іс, басында - ой болмаса, тап сол сәтте-ак жүрегі де, адамшылыгы да бұліне бастайды" (К.Д.Ушинский). Бүгініміз -өткеннің нәтижесі, әрі болашақтың бастамасы болғандықтан, "үйықтар алдында өткен күнде өзіңнің не істеп, не тындырганыңды ой елегінен бір өткізбей түрып, көз жүмушы болма" (Пифагор).

Егер сіз өз таңдауыңызды жасасаңыз, әрқашан ойлаңыз: сіз оған адал, берілгенсіз бе, өміріңіздің аяғына дейін артатын жүгіңіздің салмағын сезесіз бе? Әрбір мамандық пайдалы және игілікті, ал әрбір адам өз мамандығына байланыссыз өмірде лайықты, керек, өз орны бар адам, азамат бола алады. Бейімділік тек мамандық тандаумен ғана шектеліп қоймайды. Ең соңында әр адам өз орнында адамдардың жүрегіне жол таба алатындай, жердің нәрі және элемнің жарығы болып, тек қана жаксы істер жасауы тиіс. Сондықтан сіздердің болашақта немен айналысып, өздеріңізді неге арнайтындарыңызды анықтап, бағдарлауға әлі де болса кеш емес.

Өмірдегі орныңызды тауып, жүрегіңіз калайтын іспен шүғылдану неліктен кажетті деген сүрақка косымша мынадай себептер бар:

1. Сүйікті ісіңізбен айналыса отырып, сіз оған бар уақытыңызды арнап, тез арада өз салаңызда озық маман боласыз, өз ісіңіздің шебері атанасыз.

2. Сүйікті ісіңізбен айналысу сізге күш-жігер беріп, куатыңызға қуат қосып, өзіңізді жігерлі, қуанышты, мыкты және сергек сезінесіз.

3. Сіз мейірімді, ақжарқын болып, агрессивтілік дегеннің не екенін үмытасыз.

4. Сіз өзіңізді мақсаттарыңызға жеткен адам және өзіңізге сенімді сезінесіз.

5. Ең ақырында, тек сүйікті ісіңізбен шүғылдану арқылы сіз шын мәніндегі қолыңыз аузыңызға жеткен, қамсыз адам боласыз.

Ә дегеннен өзіңіздің сүйікті, үнайтын ісіңізді таба алмасаңыз, уайымдамаңыз. Ештеңеден корықпаңыз. Есесіне тэжірибе жинақтайсыз. Ал тэжірибе дегеніңіз - ең қымбат тауар. Мүмкін сіз екінші, үшінші жұмыста өзіңізді сынап көрерсіз. Бірақ нәтижесінде өз мүмкіндіктеріңізді толық ашатындай, көңіліңізге үнайтын істі табарсыз. Сондықтан, міндетті түрде іздеңіз, ойланып, таразылаңыз. Ешқашан берілмеңіз, табанды болыңыз, үнжырғаңызды түсірмей, сеніммен қараңыз және міндетті түрде сеніміңіз, үмітіңіз, дұрыс таңцауыңыз сізді алдамайды, көздеген межеден шығатын боласыз.

Талқылауға арналган сүрақтар:

1. Сіздіңше, адамның өмірінде бейімділік, икемдік, эуестіктің орны мен маңызы қандай?

2. Сіз бұл үғымды қалай түсінесіз?

3. Сіздің өмірдегі мақсатыңыз, жүрек қалауыңыз, таңдауыңыз қандай?

4. Өз мүратыңыз, арман-мақсатыңызға жетіп, қабілеттеріңізді ашу үшін сізге не қажет?

1-тапсырма. Айтылымдар бойынша өз пікірлеріңізді білдіріңіздер. 2-тапсырма.Тест-жаттығу "Жүрек қалауын іздеуде"

1 - тапсырма. Хрестоматиядан үлы адамдардың өмірі туралы материалдарды оқыңыздар.

Талқылауға арналған сүрақтар:

1. Осы адамдардың тагдырларынан ортақ нені байқадыңыздар?

2. Сіздің сезіміңізді қай кейіпкер қозғады? Неге?

3. Ғылым, мәдениет, өнер немесе тарих қайраткерін өмірде өз орнын тауып, өзін-өзі толық іске асырған деп айта аласыз ба? Ол тұлғаларды атаңыз.

2-тапсырма. Студенттер үш топқа бөлінуі керек. Әрбір шағын топ Р.Энтонйдің "Өзіне-өзінің сенімділігінің қүпиялары" кітабынан алынган үзіндінің біреуін окып, талқылайды. Содан кейін хабарламаның тезисі жасалып, бүкіл топ алдында тыңдалады.

ФАдам өміріндегі басты нәрсе - өзіңнің жүрек қалауыңды табу, өмірлік ісіңді табу, яғни, "Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан". Адам өміріндегі табыстары, жетістіктері, адам бақыты, эл-ауқаты мен ырыс-берекесі кәсіпті, мамандықты дұрыс таңдауына байланысты. Халық даналығында айтылғандай, "Таңертең жұмысына асығып, кешке үйіне қайтуға асыққан адам - бақытты".

Ойлан


Эй, жас үлан, бір сәт қулақ түр маған, Қор болмайды іні ағаны тындаған. Саған айтар уайым бар, мазалап, Көкірегімді көк шеңгелдей тырнаған.

Басымызға түскенде сол сорлы сын, Берісе алмай бір-біріне қол үшын. Қаны қатып, жаралы жан суынып, Қалды үмытып мейірімін, борышын.

Содан шығар, ажырап қап арамыз, Шын жақындар бүгін сырттап барамыз. Сен түсінді, мен ішімді суыттым, Ойлансақ, бұл - ауырсынар жарамыз!

Моп-момақан түлегі едік даланың, Жанымызда жоқ еді еш нала-мүң. Қалаға кеп, тағалы аттай тарпаңцап, Үйіріңе сен осқыра қарадың!

Моп-момақан түлегі едік даланың, Жанымызда жоқ еді еш нала-мүң. Қалаға кеп қағаз қажап жүйкені, Үйіріме мен қабарып қарадым! ..

Екеумізде екі тағдыр, карағым, Екеуміз де түлегіміз даланың. Тагы үмыта бастадық-ау қасиетті Ақ сүті мен ақ тілегін ананың!

Ащы жүтып, ардың жыртып пердесін, Кергендерге арамдықтың кермесін, Көрмегенсіп, білмегенсіп, бүғынып, Мен де айтпадым. Айтпай жүрсің сен кесім! ..

Мынау шулы кіріп алып қалаға,

Сен де, мен де шықпас болдық далаға.

Сен үмыттың дейтін сөзді: "Жан аға!" Мен үмыттым деуді: "Жаным садаға!"

Ойлан, ойлан! Ойлап көрші, қарағым, Мүрат па қүр асыраған тамағын? Тал бойыңда қаның тулап түрғанда, Мін емес пе мүлгігені сананың?!

(Нүкеш Бәдігүл)

7-сабақ

Болашақ бүгіннен басталады СОӨЖ



Егер мақсатың болмаса,

түк те тындыра алмайсың,

ал мақсатың мардымсыз болса,

ешқандай көрнекті нәрсе тындырмайсың.

Д. Дидро

Сабақтың мақсаты: оқу орнындағы танымдық әрекеті мен тандаған мамандығын бағалай білу қабілетін қалыптастыру. Міндеттер:

- кәсіби дайындыққа қызығушылығы пен қажеттілігін дамыту;

- өзінің кәсіби даму қажеттілігін түсінуге бейімдеу;

- білім алудағы және кәсіби мэселелерді шешу дағдыларын дамыту.

Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия.

Арман-досым Сөзі Ш.Сариевтікі Әні Т.Қажыгалиевтікі

Арманнан жаралғандай, Бақытты далам қандай, жандарымен! Мейірімге жылынғандай, Адамдар сүлу қандай арманменен!

Қайырмасы:

Арман - жан жолдасым,

Бала кезден бірге өскен сырласым.

Арман,


Әлдилеші, аялашы, Қүрбылас-қүрдасым. Әлдиле, жан досым, Сен - арманым!

Армансыз адам бар ма?! Жүлдызды жанарларға асық болмас. Армансыз адам бар ма?! Қүпия ғаламдарға ғашық болмас.

Қайырмасы.

Өмірдің орманында,

Күтетін жолдарымда тосып алдан.

Қанатты қүс сияқты,

Ғажайып түс сияқты досым-арман.

Қайырмасы.

Мамандық таңцауға байланысты хрестоматияда v \D) берілген материалдармен танысыңыздар. "Менің бұл мамандықты таңдау себебім,..." атты тақырыпта монологтық айтылым дайындаңыздар.

1-тапсырма. Өзіңіз тандаған мамандық бойынша табысқа жету үшін қандай қасиет қажет деп санайсыз? Хрестоматиядағы материалдар негізінде кәсіби маңызды қасиеттердің тізімін жасаңыз.

2-тапсырма. Өз тандаған мамандық иесі болу жолында сізге көмектесетін және керісінше, кедергі жасайтын факторларды екі топқа бөліп көрсетіңіз. Жоғары оқу орнындағы оқудың алғашқы айларын мектептегі оқуыңызбен салыстырыңыз және қандай айырмашылықтар мен ерекшеліктері бар екеніне тоқталыңыз. Сіздің алдыңыздан шыққан ең басты қиындық неде?

Осы сабацтың барысыпда оцытушыныц таңдауына ( у I царай төмендегі жаттыгулардың бірнешеуін орындау \Л/ керек.

1-жаттығу. Мақсаттылықтың кезеңдері мен ережелері 1-кезең. Өздеріңіздің болашақққа деген армандары-ңыздың: кім болғыңыз келеді, қайда түрып, немен айналысқыңыз келеді, неге ие болғыңыз келетіні жөнінде тізім жасаңыз.

2-кезең. Жасаған тізімдеріңіз бойынна, арманыңыздың орындалуы үшін қанша уақыт қажет болатынын анықтаңыз. Сіздің жазғандарыңыз оқу орнын аяқтағаннан кейін бірден болсын дейсіз бе, элде болашақтың ісі деп санайсыз ба? Өзіңіздің арманыңызга жетелейтін жолда жасайтын қадамдарыңыз нақты және сабақтас болуы керек.

3-кезең. Мақсаттарыңыздың ішінен ең маңызды деген төртеуін алдагы екі жылға қойыңыз. Осы мақсаттарыңыздың орындалуы сіз үшін неліктен аса маңызды екенін анықтап жазыңыз.

4-кезең. Енді басты мақсаттарыңыздың төменде келтірілген ережелерге сәйкестігін анықтаңыз.

Мақсаттылықтың басты ережелері

1. Өз армандарыңызды позитивті терминдер арқылы беріңіз -сізге не қажет екендігін емес, неге үмтылатыныңызды жазыңыз.

2. Өзіңізге қажет нәрсені атағанда, мейлінше нақтылық сақтаңыз: ол (армандаған) қандай нәрсе, иісі қандай, түсі қандай, дауысы қандай, қолға қалай білінеді т.б. Сіздің суреттеуіңіз қаншалықты сезімді болса, армандаган нәрсеңізді сіз соғұрлым жақсы және нақты елестетесіз.

3. Нәтиженің қандай болатынын анық елестетіп көріңіз: сіздің арманыңыз орындалғанда не болады, сіз қандай сезімде боласыз, ол қалай көрінеді және сіздің арманыңыздың орындалғанын калай білуге болады?

4. Мақсаттарыңыздың орындалуы тек сіздіц өзіңізге ғана байланысты болатындарын жазу керек, ал сіз үшін басқа біреу істейді, сонда бәрі де жақсы болады деп ойламаңыз. Сіздің үмтылатын мақсатыңыз бен қол жеткізетін нәтижеңіз тек өзіңізден бастау алуы тиіс, сонда ғана бәрі дұрыс және жақсы болады деп айта аламыз.

5. Армандарыңыздың орындалуы басқа адамдарға залалын тигізіп, зиян келтірмей ме? Нәтижелеріңіз өзіңізге де, өзгелерге де пайдасы мен жақсылығын экелуі тиіс.

2-жаттығу. "Менің ресурстарым"

Мақсатыңызға жету үшін қажет мүмкіндіктердің тізімін жасаңыз. Оларды суреттеңіз. Бұл мүмкіндіктер сіздің мінезіңіздің кейбір қасиеттері, біліміңіз, біліктілігіңіз, сізге көмектесетін адамдар, қаржылық ресурстарыңыз, уақытыңыз т.б. болуы ықтимал, себебі әрдайым жемісті жұмыс істеу үшін қолыңызда бар мүмкіндіктерді есептейсіз ғой.

3-жаттығу. "Табыстың көзі"

Өз өміріңізде табыска, жетістікке қол жеткізген сәттеріңізді еске түсіріңізші. Бұл әр түрлі оқиға болуы мүмкін.

Жоғарыда аталған мүмкіндіктердің қайсысын сіз мейлінше тиімді пайдаландыңыз?

Осындай 3-5 оқиғаны есіңізге түсіріңіз. Оларды жазып қойыңыз. Қағазға сіз қандай мүмкіндіктеріңізді, қасиеттеріңізді пайдаланғаныңызды жазыңыз. Табысқа қол жеткізгеніңізді сезінуге тағы не эсер етті деп ойлайсыз?

4-жаттығу. "Кедергілер"

Сіздің дэл қазір арманыңызға жетуге қандай кедергінің бар екендігін жазыңыз. Сізге нақты не кедергі болуда? Мүмкіндіктеріңізді шектеп отырған қандай жағдай? Осы туралы жазыңыз.

Бэлкім, сіз өз уақытыңызды дұрыс бөле алмайтын шығарсыз. Немесе, жоспарыңыз бола түрып, оны жүзеге асыруға қалай кірісуді білмей отырған шығарсыз? Мүмкін сіз орындауга көп нәрсені жоспарлап, қайсысынан бастарыңызды білмейтін боларсыз? Осы туралы ойланыңыз.

Келесі қадам - мақсатыңызға жетудің жоспары. Мақсатыңыздың жалпы болуы мүмкін, мысалы, мамандық алу; сонымен қатар белгілі бір пэн бойынша үлгерімді жоғарылату, тұлға ретіндегі өзіңіздің қандай да бір кабілет, қасиетіңізді дамыту т.б. сияқты аралық мақсаттың да болуы мүмкін.

5-жаттығу. "Мақсатқа жетудің жоспары"

Алға қойған төрт мақсатыңызға жетудің жоспарын жасаңыз. Алдымен жоспардың қадамдық үлгісі жасалады. Соңғы күтілетін нәтижеден бастаңыз, содан кейін мақсатқа жетудің қадамдары бойынша әр кезеңді жазыңыз, тіпті бүгін осы жоспар бойынша не істейтініңізді де кіргізіңіз. Жоспарыңыздың әрбір қадамы бір-бірімен байланысты болуын қадағалаңыз.

Егер сіз жоспарыңыздың қандай болатынына сеніміңіз жоқ болса, өзіңізден сізге не кедергі болып отырғанын сүраңыз. Мүмкін сізге аралық бір міндетті орындап, шешу қажет шығар. Осындай жағдайларды анықтап алып, өзіңіздің басты мақсатыңызға жетуге әрекет жасаңыз.

6-жаттығу."Жоспардың жүзеге асырылуы"

Өз мақсатыңызға жетудің жоспарын асқан бір жауапкершілікпен және үқыптылықпен таза қағазға көшіріңіз. Сіздің ниетіңіз -орындалуға тиіс төрт мақсатта белгіленген. Енді осы торт мақсаттың қайсысын алдымен орындау қажет екендігін аныктаңыз.

7-жаттығу. "Кеңес"

Енді мынаны жасап көріңіз: әрқайсыңыз қолы табысқа жеткен бір адамды модельдеуіңіз керек. Бұл адамдар өмірде көп нәрсеге қол жеткізіп, табысқа кенелген өзіңіз жақсы білетін кісілер болуы мүмкін. Осындай адамдардың 3-5-інің аттарын жазып қойыңыз. Олардың жеке қасиеттерін, ерекшеліктерін қысқаша суреттеп жазыңыз. Енді көздеріңізді жүмып, өзіңіз суреттеген адамдарды көз алдыңызға келтіріңіз. Елестеттіңіз бе? Олардың әрқайсысысы сізге табысқа жетудің жолын көрсетеді. Олардың сізге не айтатынын естуге тырысыңыз да, айтқандарынан ең негізгі деген жерлерін дэптерге жазып қойыңыз.

Алдымен басыңызға ең бірінші қандай ой келгенін жазыңыз. Сіз ол адамдарды танымасаңыз да, олар сізге керемет ақылшы бола алады.

Алгоритм "Мақсатқа қарай қадам"

* Бірінші кадам: мақсатты талдау. Өзіңізден сүраңыз: бұл мақсатқа жету нені білдіреді? Мақсатқа жету қалай көрінеді?

* Екінші қадам: мақсатқа жетудің қай кезеңінде екеніңізді бағалаңыз да жазып қойыңыз. Қолыңыздан не келеді, нені білдіңіз?

* Үшінші қадам: өз мүмкіндіктеріңізді бағалаңыз.

* Төртінші қадам: мақсатқа жету үшін сіз не істейтініңізді анықтаңыз.

* Бесінші қадам: әрбір әрекетіңізге жүмсалатын уақытын көрсетіңіз.

* Алтыншы қадам: сіз белгілеген нәрсеңіздің жүзеге асырылуы.

* Жетінші қадам: нәтижелерді тексеру, бағалау.

Ең дұрысы, кесте жасап, горизонталь сызықтың бойына не істейтініңізді, ал вертикаль сызықтың бойына уақытты белгілеу. Мүны күн сайын жасасаңыз өте жақсы болады. Өзіңізді өзіңіз бақылап отырасыз. "+", "- " таңбаларын қойып, немесе адамның бет-әлпетінің түрлі қимылдарын көрсетіп белгілеуге болады.

Адамның болашагы оның студенттік шағынан басталады. Болашақ кәсіби даярлық барысында сізді арман, мүраттарыңызға жетелеп, жеткізетін анық та нақты бағыт, бағдарыңыздың болуы керек. Кез келген мамандық иесі үшін өзін-өзі қүрметтеу, сыйлау, бағалау дағдылары қажет болып табылады.

Ей, жас өмір Сенің үнің, сенің үнің бұл өктем, Сенің қолың тереземе гүл еккен; Сенің ойың жарып шыққан жүректен, Ей, жас өмір.

Сенің күлкің - күлкісі де бұлактың, Сенің күлкің, сенің күлкіңді үнаттым. Тамшы болып сол бұлақпен бір ақтым, Ей, жас өмір.

Сенікі ғой бас біткеннің қиялы, Сенікі ғой түлпарлардың түяғы, Сенің ғана маңдайыңа сыяды. Ей, жас өмір.

Сенікі ғой аспандағы ай, күн де, Ай түрғанда түндерді ойлап қайғым не?! Ай астында озып алған бэйгің не, Ей, жас өмір?

Сенікі ғой менің ырыс-бағым да, Бағым болған мына жастық шағым да; Саған, саған бәрін берем - қабылда, Ей, жас өмір.

Ал, сен маған тірлік берші көзге ілер, Көрінбесе көңілдегі сөз ділгер. Маған, маған ойланатын мезгіл бер, Ей, жас өмір.

Тағы, тагы менің таңым тағы атты, Бер демеймін, қүсқа біткен қанатты; Берме бірақ тоқтап қалар сағатты, Ей, жас өмір...

(Жүмекен Нәжімеденов)



8- сабақ

Адам тарих ағымында Лекция-эңгіме

Сағаттың шықылдагы емес ермек, һәмишә өмір өтпек - ол білдірмек. Бір минут бір кісінің өміріне үқсас, Өтті, өлді - тағдыр жоқ қайта келмек.

Абай

Сабақтың мақсаты: адамның тарих пен мэдени мүраларды тану, бағалау қабілетін дамыту. Міндеттер:



- өткен тарихымызға, үрпақтар сабақтастығына өз үлесін қосуға тәрбиелеу;

- тарихтың дамуында әрбір адамның алатын орны мен рөлін түсінуін тереңдету;

- адамның әлеуметтік белсенділігін танытуын қамтамасыз ету.

Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, "Өзін-өзі тану" пәніне кіріспе" оқу құралы, аудиоматериалдар.



Өмір, өмір

Сөзі Қ. Мырзалиевтікі Әні С.Бәйтерековтікі

Өмір, өмір, өмірдің мәні қандай, Қайратыңды қайраққа жанығандай. Қайғырма ешқашанда, қайғырма ешқашанда, Өмірің өз қолыңда.

Жетер қолың арманға созғанында,

Өмір, өмір, өмірің өз қолыңда.

Қайғырма ешқашанда, қайғырма ешқашанда,

Өмірің өз қолында.

Өмір, өмір, өмірдің жөні басқа, Сүрінбеске болады, жаңылмасқа. Болады шегінбеске, болады жеңілмеске, Өмірің өз қолында.

Жүлде дайын жарыстан озғанында, Өмір, өмір, өмірің өз қолыңда. Болады шегінбеске, болады жеңілмеске, Өмірің өз қолыңца.

Өмір, өмір бар оның өз жүмбағы, Бақыт үшін қанша жан көз жүмбады. Арманда кетті қанша, арманда өтті қанша, Өмірің өз қолында.

Өтті қанша бозінген, боздағың да, Болсын өмір қашан да өз қолыңца. Қайғырма ешқашанда, қайгырма ешқашанда, Өмірің өз қолында.

Адамның өзін-өзі тануындағы тарихтың маңызын Х.Ортега-и-Гассеттің "Өткеніміз басқа бір жерде, өз дэуірінде қалған емес, дэл осында, менде. Өткен дегеніміз - бұл мен, бұл менің өмірім" деген сөздері айқын бейнелеп береді. Тарихи сана мен өзін-өзі тану қоғам өміріндегі болашақ дамуы үшін тиімді жол таңдау тәрізді шешуші кезеңдерде өте өзекті болады. В.О.Ключевскийдің айтуынша, "тарих - өткеннің болашаққа жолды айқындап көрсетіп отыратын сэулесі".

Біз кім болдық? Қазір кімбіз? Болашақта кім боламыз? Қазіргі элемде жүріп жатқан жаһандану үдерісі әрбір үлт үшін осы сүрақтардың өзектілігін тағы да айқындап, нақтылай түседі. Қоғамымызға бүкілэлемдік тарих арнасындағы аса ірі оқиғалар түрғысынан өзінді сенімді сезінуге мүмкіндік беретін ақпарат алуда тарихи-мэдени мүраларды зерттеп-білу, оқып-танысудың маңызы зор.

Туысқаншыл, бауырмал халықтардың бірі - казақтар кімдер? Олар қалай туысады? Алыс-жақынын қалай ажыратады? Халықтың езілген еңсесі, тапталған рухы, намысы көтеріліп, өшуге айналған сананы оятып, үлттық салт-дәстүрді жаңғыртып, барымызды түгендеп, жоғымызды жоқтап жатқан кезде өзімізді, шыққан тегімізді танып, білу қажеттігі де айқын. Қоңыр қазақтың өзіне тән барша қасиетін ана сүтімен, жусан иісімен, күйдің күмбірімен, саумал иісті самалдың лебімен бойына дарытқан, көкірегі ояу, көзі ашық, халқының тарихын, өнері мен мәдениетін, түмса түнық эдебиетін, ғүрпын, салтын білетін, "Мен қазақпын!" дей алатын азамат өзінің шыққан тегін, кіндік кесіп, кір жуған ата жүртын қастерлеп, жеті атасын жадында түтуы шарт. "Жеті атасын білген үл жеті рулы елді біледі" дегенді сөз салмақтап, ой баққан атамыз қазақ тегін айтпаған болар. "Қырық рулы елміз, қарға тамырлы қазақпыз" деген сөз де баяғыдан келе жатыр. Бұл қазақтың аралас-құралас, алыс берісті, қүда-жеюкат, жамағайын жүрағаттығын аңғартатын сонау іргеміз сөгіліп, қаймағымыз бүзылмаған заманадан жеткен үғым. Өткенімізді қарап отырсақ, ел бастаған көсем де, ділмар шешен де, ақиық ақын, ел қорғаны батыр да осы сөзді жиі айтқан. Алысты жақын түтқан, жақынды бауыр түтқан. Туыстық желіні үзбеген. Береке-бірлікті бүзбаған. Үлкені сөз бастаған, кішісі ағаның сөзін қостаған. Сүттей үйып ғүмыр кешкен. Ел шетіне жау келсе, даңқты бабаларының атын үран ғып шақырып, қанымыз, жанымыз бір, руымыз, туымыз бір, тегіміз, кегіміз бір, еліміз, жеріміз бір, суымыз, нуымыз бір Ер Түріктің үрпағы, алаштың азаматымыз десіп бэтуаласып, баталасып, бес қаруын асынып, ат құйрығын түйісіп, бір байрақтың астынан табылған.

"Атадан үл тумас па, ата жолын қумас па" дейді екен атамыз қазақ, кейінгі үрпағымыз да елдігімізді сақтар, жерімізді қорғар, атымызды жаңгыртар, ісімізді жалғастырар, дамытып алға апарар деген ниет, үмітпен. Осы тұрғыда жас ұрпақ туысқандық қатынастардың ара жігін танып, тармактап, жүйелеп ажырата білуі де заман талабынан туып отырған қажеттілік (М.Ниязбеков).

Көріп отырғанымыздай, өз халқыңның тарихын, ерлікке толы өткенін білу рефлексияны қалыптастырады, адамның өмірлік қызметіне қатысты: мен кіммін, қайданмын, тегім қандай, өмірде, тарихта, артымда қандай із қалдырамын? деген сұрақтар туындап, мазалайды. Өзінің мэдени мүрасының қүндылыктарын сезіну патриотизм сезімін қалыптастырып, қоғамдық санада оң қадамдарға қол жеткізу және осы түрғыда оның жалпымемлекеттік маңызды идеологиялық мәні бар. Біздің өткеніміздің нақты мазмүны туралы сүрақтар бере отырып, біз қазіргі кездің түсінігін байытамыз және біздің болашағымыздың рухтандырушы бейнесін қалыптастыра аламыз.

Еліміздің қуатты тарихи-мэдени мүрасының болуы азаматтылық пен патриоттық құндылықтардың өсуіне нақты жәрдемдесетін фактор болып табылады. Қазақ үлтының бай тарихи жолын, оның мәдениетінің төлтумалылығын Қазақстанның басқа халықтарының танып, білуі және осымен бір мезгілде этномэдени өзара айырбастың жүруі - өзара толеранттылық пен қүрметті нығайтудың ізгі де тиімді жолы. Ал қазақ мәдениеті біздің даламызға келген көптеген этностардың рухани мүрасымен толыкты және толеранттылық секілді қасиет ғасырлар бойы қалыптасып, қазақстандықтардың қазіргі ұрпақтарына берілген.

Пікірлесуге арналған щрақтар:

1. Сіз "тарихи жады" үғымын қалай түсінесіз?

2. Адам тарихтан қандай тағылым, сабақ ала алады?

3. Тарихта сіздің орныңыз қандай болады деп ойлайсыз?

4. Қалдырган ізіңіз қандай болады?

®1-тапсырма. Төмендегі айтылымдарға өз ойыңызды білдіріңіздер.

Хрестоматияда берілген материалдармен танысып ШЬІҒЬ1ҢЬІЗдаР'

©Музыка: С.Түрысбеков. "Көңіл толқыны" - Ыңғайланып отырып, өз тыныс алуыңызды бақылай бастайсыз.

- Зейініңізді кеудеңізге жинақтайсыз да, өзіңізді-өзіңіз өмірдің ең жарқын, қуанышты жақтарын ғана кабылдауға дайындайсыз.

- Өзіңізге және өзіңізді қоршаған дүниеге жылылық және достық сезімді сезіндіңіз.

- Сіздің табысыңыз бен жеңісіңіздің, сәттіліктің сэулесі сіздің жүзіңізді нүрландырған өмірдің ең қуанышты, ең қызықты сәттерін еске түсіре бастайсыз.

- Осы сәттерді неғүрлым анық және дэл еске түсіруге тырысасыз.

- Бұл: досыңызбен кездесу қуанышыңыз, туған жерге оралу куанышы, қиын емтиханды тапсырғаннан кейінгі шаттық сезімі, алыс та қиын сапардан аман-сау оралу қуанышы, тауга шығып, шынды бағындыру бақыты, табигатпен танысу бақыты, басқа адамға көмектесу қуанышы, ақиқатқа жету қуанышы, ізгі тілегіңіздің орындалу бакыты, өнермен сырласып, одан ләззат алу қуанышы болуы мүмкін.

- Сіздің жүрегіңіз қуанышты сәттерге актарылып, ашыла бастағанын анық сезінесіз.

- Көзіңізге қуаныш эжімдері жиналып, езуіңізге күлкі үйіріледі.

- Кеудеңізді қуаныш сезімі кернеп, шаттық баурай бастады.

- Әсем музыка эуенімен бірге сіздің жүрегіңіз қүстай алып-үшып бара жатканын сезесіз.

- Сіз осыған дейін болған қуаныш сезімін одан да терең сезіне бастайсыз.

- Егер жаныңызды уайым жеп, мазаласа, оны жаныңыздан аластап, жүрегіңізден шығарып, өміріңізде қуаныш ордасын түрғызып, оған кіргенде өмірдің бақытын сезінесіз.

- Қуаныш, сіз үшін - өзіңізді оршаған орта - адамдармен, табиғатпен, өнермен бірігу сезімі.

- Осы сәттегі қүйқылжыган шаттық эуені - сіздің жүрегіңіздің лүпілін, қуанышының көрінісі.

- Сіз бүкіл элемді қүшағыңызға алып, қуаныштан өз колдарыңыз - канаттарыңызды бүкіл элемге жайып жібергіңіз келеді.

- Сіз қуанышты, өз күшіңізге сену қуанышын, достық пен махаббаттың қуанышы мен шаттығын толық сезінудесіз.

- Сіз көзіңізбен, жанарыңызбен күн сэулесін, нүрын қуанышпен қарсы аласыз.

- Сіз кеудеңізді кере дем алып, таза да мөлдір ауаны жұта бересіз, жүта бересіз.

- Сіз өзіңізбен кездескен адамдармен қуанышты көңіл-күйде сэлемдесесіз.

- Сіз осының бәріне өмірге деген махаббат сезімі және қуанышқа толы жай гана сөздерді айтасыз.

Әрбір адам - жалпы адамзат тарихының органикалық бөлігі. Өзін-өзі тану өз мемлекетінің, халқының, отбасының тарихын танып, білусіз мүмкін емес. Қазіргі заманғы адамның жалпы мәдениеті туралы оның тарихи өткені, тегі, ана тілі, салт-дэстүрлері мен әдет-ғүрпын білмейінше сөз қозгауға да болмайды.

Дүние зырлап

Дүние бір диірмен түрған зырлап, Адамзат сол зауытқа келген қонақ. Біткенде өшіретің жөнелесің, Түрмайды дүние шіркін саған қарап. Жүресің жазығында мүдірместен, Жатасың қиясында және қүлап, Біреулер сайрандаса тамашалап, Біреулер азап шегіп өтті жылап. Куэсі талай ғасыр өтті сырғып, Жылды жеп, айды асап, күнді турап. Қуансаң қайғы ілесер қосарланып, Аласың бірде күліп, бірде жылап. Момын ет, жақсылық қыл шамаң келсе, Қаласың бір күн өліп, тәнің қурап. Адамзат ғасыр бойы қуганымен, Жеткізбей келе жатыр дүние зырлап.

(Таңжарық Жолдыұлы)

9-сабақ

Адам тарих ағымында СӨЖ-1



СӨЖ-дің мақсаты: тарихтың субъектісі ретіндегі адамның рөлін бағалау.

Міндеттер:

- тарихта із қалдырған адамдардың өміріне және қызметіне қызығушылығын дамыту;

- тарихтағы тұлғалардың рөлі жөніндегі түсінігін терендету;

- тарихтағы нақты бір тұлғаның елдің, үлттың, халықтың материалдық және рухани мәдениетіне қосқан үлесін бағалай білуге үйрету.

Сабақтың жабдықталуы: БАҚ материалдары, отбасылық мұрағаттар т.б.

Тапсырма

Адамзат тарихы үзақ уақыт кезеңін, дэуірді қамтиды. Тарихтың әрбір кезеңінде әлемнің түкпір-түкпірінде жеке тұлғалар өмір сүрді және олардың әрекеті арқылы бүкіл халықтың, мемлекеттің тарихы, шежіресі мен жылнамасы өзгеріп отырды. Олардың еңбегін үрпақтары есте сақтайды, келесі ұрпақтарға мүраға қалып отырады. Осындай атақты адамдар қатарына кімдерді жатқызар едіңіз? Белгілі бір тұлға туралы эссе немесе шығарма жазыңыз. Өзіңіздің жұмысыңызда кейіпкеріңіздің жақсы қасиеттерін, оның адамзат тарихына қосқан оң үлесін атап көрсетіңіз. Сіз белгілі бір тұлға жөнінде қалыптасқан пікірді қайта қарап, оның өмірі мен қызметін басқа арнада, басқа қырынан көрсете аласыз. Тэжірибе жасаудан қорықпаңыз.

10-сабақ

Адам тарих ағымында СӨЖ-2

СӨЖ-дің мақсаты: тарихтың субъектісі ретіндегі адамның рөлін бағалау.

Міндеттер:

- өз тегінің, руының, отбасының, жақын және тағдырлас адамдарының тарихына кызығушылығын дамыту;

- жеке отбасының, адамның бүкіл тарихи процеспен өзара байланысы жөніндегі түсінігін терендету;

- зерттеу жұмысын жүргізу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың жабдықталуы: БАҚ материалдары, отбасылық мүрағаттар т.б.

Тапсырма

Тарихтағы елеулі кезендер жүздеген жылдармен есептелінеді. Тарихтың қайнаған қазанында жеке алынған адам немесе жеке отбасының орны қандай? Ол - уақыт дүрбелеңдерінде із-түссіз жоғалып кеткен кішкентай ғана қүм қиыршығы немесе бүкіл тарихи процесті қүрайтын кішкентай ғана кірпіш. Біздің ойымызша, жоғарыдағы кірпіш туралы мысал адамның тарихтағы алатын орнын мейлінше анық көрсете алатын болса керек. Әрбір адамның тағдыры бүкіл ел мен жалпы адамзаттың тарихымен және тағдырымен байланысып жатыр. Сіз өзіңіз тарихты және тарихтағы адамның алатын орнын калай түсінетініңізді бір сәт ой таразысына салып көріңізші. Өз руыңыздың, отбасыңыздың және жақын адамдарыңыздың біреуінің тарихын көз алдыңызға келтіріңіз. Ойларыңызды баяндама, шығарма немесе ғылыми - зерттеу жұмысы ретінде дайындаңыз.


11-сабақ


Тілдесу мәдениеті Лекция-әңгіме

Таза мінсіз асыл тас Су түбінде жатады. Таза мінсіз асыл сөз Ой түбінде жатады. Су түбінде жаткан тас Жел толқытса шығады. Ой түбінде жатқан сөз Шер толқытса шығады.

Асан Қайгы

Мақсаты: өзара түсінушілікке крл жеткізу құралы ретінде адамдар арасындағы қарым-қатынаска кұндылық көзкарасын калыптастыру.

Міндеттері:

- адамдар арасында тілдесу мәдениетінің дамуына ықпал ету;

- адам өмірінде тілдесудің рөлі туралы түсінікті үлғайту;

- жеке қарым-катынас дыгдысын қалыптастыру. Әдістемелік жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия,

"Өзін-өзі тану" пәніне кіріспе" оқу құралы.

ФСөз - халықтың қымбаттан қымбат кені, Жүректің шахтасынан халық оны Мындаған жылдар қазып, кен тасына Тереңнен әрең барып жетті қолы.

Жеткен соң колы сөздің кен тасына, Кен күйінде қазына бомбасына Түсініп, корытуга экеп төкті Мидың мың градустық домнасына.

Мың градус ыстыктың кызуымен Шымырлап қайнап, майдай шыжыды кен. Шыжықтан шым болаттай мөп-мөлдір боп, Шүпілдеп төгілуге жүзеді кен.

Қалың каймақ көбікті, беті күлген, Ажары артық жанған қызыл гүлден. Сөз тасқыны көмейдің түтігімен Фонтандай атқылады саулап тілден.

Тіл тасқыны күлашын қаусырмады, Болмады бөгет жолда тау шыңдары. Теңіздей шалқыған сөз кең жайылып, Мейірі канып, халық сусындады...

(Сәбит Мүцанов)

1-жаттығу "Қарындаштар" Бұл жаттығуға қатысатын студенттер саны шектелмейді. Жаттығу екі кезеңнен түрады. Бірінші кезенде студенттер жұпқа бөлінеді, әрқайсысында қарындаш немесе қалам болу керек. Қатысушылар жүптарымен жарты метр қашықтықта бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Олар қарындашты екінші саусағының көмегімен бірге үстап түруы қажет. Студенттердің алдындағы мақсат - қарындашты түсіріп алмай, оқытушының тапсырмасын орындау: крлдарын жоғары көтеру, төмен түсіру, екі жағына жаю, отыру, қайта бастапқы қалпына келу.

Бүдан кейін міндет қиындайды - енді жоғарыда айтылған тапсырмаларды соңғы саусақпен орындау керек.

Жаттығулардың екінші кезеңінде студенттер бір шеңбер қүрайды. Енді шеңбер қүрап түрған барлық студенттер қарындаштарды екінші саусақтарының арасында бірге үстайды. Ең басты міндет -тапсырмаларды орындау барысында қарындашты түсіріп алмау. Тапсырмалар дэл осындай болуы немесе оқытуышының қалауынша өзгертілуі мүмкін.

Жаттыгу орындалған соң, талқылануы керек және жаттығудың мақсаты - жүптағы, топтағы қарым-қатынасты бақылау екеніне студенттердің назарын аударту. Бұл жаттығу бір-бірін жақсы түсінуге, бірлесе іс-әрекет жасауға, өзімен қарым-қатынаста болган адамға көңіл бөлуге баулиды.

Талқылауға арналған сүрақтар:

1. Сіздің ойыңызша, бұл жаттығудың мақсаты қандай (бірінші, екінші кезеңде)?

2. Қай жүптар қарындашты түсірмей, барлық тапсырманы орындады?

3. Мүндай жүптар туралы не айтуға болады.?

4. Бұл жаттығуды жақсы орындау үшін не қажет?

5. Жаттығудың екінші кезеңінің нәтижесі бойынша осы студенттер тобының жүмыла бірлескендігі туралы қандай қорытынды шығаруға болады?

Тілдесу - адамзат әрекеттесуінің бір түрі. Тілдесу барысында тұлғаның ең жағымды жақтары анықталады және ашылады. Мәдениетті адам үшін қарым-қатынас ­қажеттілік, оның жоқтығы ауыр, орны толмас шығын деп кабылданады. Тілдесу барысында адамдар бір-біріне ықпал етеді. Адамдар тілдесуіндегі ең бастысы - өзара түсінушілік.

Әртүрлі халықтар мәдениетінде қарым-қатынас феноменіне маңызды мэн беріледі. Дэстүрлі қазақ мәдениетінде қонақжайлылық жарқын көрініс тапқан. Тілдесу - өмірлік қажеттілік.

Тілдесу - бұл қазіргі адам өміріндегі күнделікті ең маңызды қүрамаларының бірі. Тілдесу мәдениеті әр адамға қажет. Тілдесу арқылы біз жаңа ақпарат аламыз, баска адамдармен қатынасымызды ретке келтіреміз, дос табамыз, отбасын күрамыз, еңбек етеміз, оқимыз, өмірімізге керектінің бәрін табамыз. Адам әлеуметтік мәніс екені белгілі, сондықтан қоғамнан тыс ол нағыз адамдық қасиетке не бола алмайды. Осы орайда жануарлар асыраған "Маугли" секілді балалар туралы оқиғаларды еске түсіруге болады. Мүлде қарым-катынассыз өскен бұл балалардың жануарлар элемінен бөлетін қасиеттері жетілмеген.

Тілдесудің вербальды және вербальды емес жақтарын қарастыруға болады (1-сызба). Вербальды емес тілдесу аркылы, мысалы, эңгіме барысында біз барлық мағлүматты аламыз. Адам бізді көргеніне қуанышты ма, көңіл күйі жақсы ма, өзі қазір айтып түрған нәрсені, шын ойлап түр ма, ол өз сөзіне қандай мэн береді, міне, осының бәрін ұғыну үшін бізге әр сөздің мағынасы керек емес. Осы және тағы да басқа көп мэліметтерді вербальды емес сигналдар арқылы тілдесу барысында қабылдаймыз. Сөздер және оның мағынасы шамалы, кейде маңызды емес мэлімет береді.

1-сызба


Күнделікті өмірде өзіміз араласатын адамдардың интонациясы мен мимикасының мәнін нақты және жиі табамыз. Адамның дене қимылы мен дене қалпын түсіну, тілдесуге түскен адамдар өздерін еркін сезінетіндей қашықтықты белгілеу қиынырақ түседі. Тілдесудің маңызды қүрамы болып табылатын осыны анығырақ көрсетейік.

Талқылауға арналған сүрақтар:

1. Адам өмірінде тілдесудің қандай маңызы бар?

2. Сәтті қарым-қатынас орнату үшін қандай касиеттер керек?

3. А.Сент Экзюперидің "Ең үлкен байлық - бү_л адам қарым-қатынасы" деген түжырымын қалай түсінесіздер?

4. "Сені түсінсе - сол бақыт" деген түжырымға қосыласыз ба?

2-жаттығу.

Студенттер мен оқытушы бір ортақ шеңбер қүрап отырады (егер топ үлкен болса бірнеше топка бөлінуге болады). Оқытушы төменде кестеде көрсетілген дене қимылын көрсетеді, ал студенттердің міндеті - оқытушының көңіл-күйін, дэл осы кезде топқа көзқарасын анықтауға тырысу. Бұл жаттығуды біршама өзгертуге болады. Оқытушының орнына екі, үш студентті қоюға болады, алдымен оларды кестенің мазмүнымен таныстыру керек.

1-кесте


Тілдесуде қолданылатын дене қимылы мен дене қалпының мәні

Дене қимылы мен қалпы

Түсіндірмелер




Басы темен салбыраған, сақ көзқарас

Адам достық пиғылда емес немесе сізбен қарым-қатынас ол үшін осы кезде орынды емес болуы мүмкін




Қолы кеудесінде айқасқан




Жұдырығын түйген




Қолын қалтасына тыққан




Қолы белінде

Ол жай-күйдің қожасы екенін көрсетіп түр




Түрған қалыпта бір аяғы алдына шығып тұр




Көзге көрінбейтін түкті тазалау

Адам айтылған нэрсемен келіспейді, бірақ эңгімелесушіге оны айтқысы келмейді




Иегі жүдырықтай жиырылып, саусағы самайында

Әңгімелесуші сізді сынап тұр

Иегін таянып отыр

Адамның іші пысып отыр

Адамның келбеті есікке бағытталып тұр

Әңгімені аяқтап, кетуді ойлап түр

Саусағымен немесе аяғымен тарсылдату

Асығады, кетуді қалайды

Қолын көкірегінде айқастырулы

Бэлкім, адам өзіне деген теріс қатынасыңызды сезді, болып жатқан жағдаймен келіспейді, өз күшіне аздап сенбейді

Қолы айқасқан

Аяғы айқасқан

Аяғын аяғына қойған

Ернін тістеу

Адам эмоциясын ұстауға тырысады

Адам қолында, тізесінде немесе алдында жай гана бір нәрсені үстайды

Адам өзі араласып жүрген адамға толық сенбейді. Жаңа топта немесе жаңа жерге келген адам үшін бүл қалыпты нэрсе

Жөтелу

Адам өз айтқанына толық сенімді емес. Оның айтқаны өтірік болу мүмкін

Аузын алақанымен басу

Көзін, қүлағын қасу

Көзін басқа жаққа немесе жерге қарау

Әңгімелесуге тік қарамау

Бетін тығу

Ашық алақан




Ашық қалып: кеуде, іш, бас қолмен немесе басқа нэрсемен жабылмаған, аяқ, қол айқаспаған

Адам сізбен қарым-қатынасқа ыңғайлы, ол сізге сенеді, сізбен араласу оған үнайды

Тік көзқарас

Бастың бір жаққа қисаюы

Қызығушылық

Алақанын жүрекке басу

Түсіну, қайғыға ортақтасу, риза болу

Аяғын аяғына салынған, тізесі әңгімелесушіге бағытталған

Әңгімелесуге жайғасқан

Екінші саусағы самайында

Қызығушылық

Иегін сипау

Ойлану, адам сіздің айтқаныңызға ойланып отыр

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Дене қимылы мен дене қалпы арқылы адамның көңіл-күйі мен ойын түсіну жеңіл болды ма?

2. Күнделікті өмірде крлданатын дене қимылы мен дене қалпын білесіздер ме?

3. Дене қимылы мен дене қалпы адамның көңіл-күйін түсінуге көмектескен жағдайды естеріңізге түсіріңіздер.

3-жаттығу.

Жаттығуды орындау үшін екі ерікті студент керек. Біреуі аудиторияның ортасында тұрады. Екіншісі бірінші-сінен 3-4 метр қашықтықта түрады. Олар бетпе-бет түрмауы керек. Екінші адам біріншіге ақырындап, "тоқта" деген белгі естігенше жақындай бастайды. Ол екінші адамды жақындатқысы келмегенін сезгенде айта алады. Екеуінің ара қашыктығын өлшеуге болады. Өз еркімен қатысушыларға жаттығу барысында бірнеше сүрақ қою керек.

1. Екеуі дос па, жолдас па, жоқ әлде жай ғана таныс па?

2. Екеуіне 3-4 метр қашықтыкта сөйлесу ыңғайлы ма?

3. Қандай қашықтықта қарым-қатынас жасау екеуіне де ыңғайлы?

4. Ең аз дегенде қандай қашыктықта екеуіне де ыңғайлы?

Жаттығуды әр түрлі вариантта қайталауға болады:

1. Қатысушы екі ерікті (қыздар) жақсы достар.

2. Қатысушы екі ерікті (жігіттер) жақсы достар.

3. Қатысушы екі ерікті жігіт пен қыз жақсы дос (бір-бірін жақсы білмейтін таныс).

4.Қатысушы екі ерікті бір-бірін аса білмейді.

Жоғарыда қойылған сұрақтарға жауап алу қажет.

Талқылауга арналган сурақтар:

1. Осы жаттығу бізге нені көрсетеді?

2. Қандай жағдайда біздің жаттығуға қатысушы еріктілер жақыннан, қандай жағдайда олар алысырақ қашықтықта қарым-қатынас жасауды жөн көрді? Бұл неге байланысты?

3. Адамдар арасындағы қашықтық қарым-қатынас барысына эсер ете ме?

Сіз сөйлесіп түрган адаммен қандай кашықтықта түрганыңызға көңіл аударасыз ба? Біз бүны көп жағдайда байқамаймыз. Кей жагдайда біз ыңғайсыздықты сезінеміз. Мысалы, мүлде танымайтын адам 20 см. кашықтыққа дейін сізге жақындады. Сіздің жақсы досыңыз 3 метр кашықтықта түр, осы қашыктықта сіз онымен сөйлесуге тырысасыз. Сізге танымайтын аудитория алдында баяндама оқуыңызға тура келді, бөлмеге кіргенде тыңдармандар жарты метр қашықтықта отырғанын байкадыңыз. Осы әр мысалда адамдар арасындагы жеке қарым-катынас аумағы бүзылған.

Жеке қарым-қатынас аумағы (зонасы) - бұл қарым-қатынас барысында адамдар арасындагы қашықтық. Адамдар арасындагы өзара катынасқа байланысты, олардың арасындагы қарым-катынас та әр түрлі кашықтықта болады. Төрт зонаны айтуға болады:

1. Көпшілік зона - (3,5-4 м.) - танымайтын бір топ адам алдына шыққанда үстанатын қашықтық.

2. Әлеуметтік зона (1,5-3,5) - мүндай қашықтық аз танымал адамдар арасында сакталады, ресми кездесулерде, іскерлік карым-қатынастарда, дүкен және т.б. қызмет көрсету жұмысшыларымен карым-қатынаста.

3. Жеке зона (45 см.-1,5 м.) - қол созым қашықтық. Көп жағдайда біз осы зонада араласамыз. Бұл кашыктықка жаксы достар, әріптестер, жолдастар, жақсы білетін адамдар жіберіледі.

4. Интим зонасы (15-45см.) - шынтақ қашықтығындағы карым-қатынас. Бұл зонага тек өте жақын адамдар, ата-ана, балалар жіберіледі. Бұл кашыктыктағы карым-катынаста көтеріңкі емес дауыс, өзара сенімді білдіреді. Бұл зона бүзылса ( яғни, аз танитын, сенбейтін, сақтанатын адамдар енсе) ағза өзгеріске үшырайды: жүрек қагысы жиілейді, қанда адреналин көбейеді, тыныс алу жиілейді, баска қан шапшиды және т.б.

Егер сіз адамды жақсы білмесеңіз, 0,5 метр қашықтықтан артық жақындамағанды есте сақтауыңыз жөн. Бұл тек теріс нәтиже беруі мүмкін: адамның бейсанасы сіздің әрекетіңізді жеке зонасын бүзу ретінде қабылдайды, оның сізге деген қатынасында сақтық орнайды. Түрлі адамдармен қарым-қатынаста дұрыс кашықтыкты үстану сәттілікке жол ашады, әріптестеріңіздің көңілін аударады.

Қарым-қатынас барысында жіберілетін вербальды (және вербальды емес сигналдардың мәнін түсіну достық қатынас орнату және сақтау үшін өте маңызды. Сонымен қатар, әдеп нормаларын сақтау да маңызды. Қазіргі заманда царым-цатынас әдебінің мәні зор. Күні бүгінге дейін сыпайылық -мәдениетті, тәрбиелі адамның белгісі. Сонымен қатар, адам сөздің эсер ету күшін түсінуі қажет.

Тақырыпқа байланысты хрестоматияда берілген материалдармен танысыңыздар.

Қарым-қатынастың мәні басқа адамдармен өзінің жанының, жүрегінің байлығымен бөлісе отырып, келісім мен татулықта өмір сүре any және соған талпыну. Тілдесу мәдениеті біліммен, тәжірибемен қоса түрлі саланың кәсіпқой маманы үшін де маңызды.

Осы тілдесу мәдениетіне арналған сабақ, тілдесу барысында баска адамның пікірі мен сезімін есепке алу керектігіне іс жүзінде көз жеткізуге мүмкіндік берді. ("Қарындаш" жаттығуы). Тілдесу процесі сэби дүниеге келгеннен басталатын адам өмірінің бөлінбес маңызды қүрамдас бөлігі болып табылатынын естен шығармау керек. Тілдесудің вербальды емес жағының маңызы ерекше, яғни мимика, ишара, интонация т.е.с арқылы алатын ақпарат. Қиын емес жаттығуларды өткізу арқылы тілдесу кезінде әріптестер арасындағы ара қашықтықтың да маңызды екендігіне көз жеткіздік. Сонымен катар, тілдесу барысында адамның назарын аударуға, достық қарым-қатынасты орнатуға көмектесетін эдеп нормаларын сақтау өте маңызды.

2 тапсырма.

Хрестоматияда келтірілген қарым-қатынас эдебінің кейбір ережелерімен танысыңыз. Төмендегі сызбаларды ойланып толтырыңыз. Топтағы жауаптарды салыстырып, талқылаңыздар.

Тіл өнерінің қасиет-сипаты туралы

Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар, Қор қылар тіл, кететүғын бас болар. Тіл - арыстан есік баққан ашулы, Сақ болмасаң жүтар, ерім, басыңды!

«Тілімнен көп жапа шектім, есебім: Бас кесілмес үшін, тілді кесемін! Сөзінді бак, басың кесіп алмасын, Тілінді бақ: тісің сынып қалмасын!» Біліп айтқан сөз - білікті саналар, Біліксіз сөз басынды жеп, табалар. Көп сөйлеме, аз айт бірер түйірін, Бір сөзбен шеш күмэн сөздің түйінін. Сөз кісіні үлы қылар, бек қылар, Көп сөз басты қара жерге кеп тығар. Көп сөйлесең, «Езбесің» - деп жек көрер, Сөйлемесең, «Мылқау» - екен, деп сөгер! Бұлай болса, тең ортасы - керегің, Тілге үстамды болсаң, өсер беделің! Туған адам өліп, сөзі калады, Өзі кетіп, ізгі аты қалады! Сөзді үлыма арнадым мен, ер - батыр, ¥лым, тыңда, менде алтын - кен жатыр. Саған арнап сөз сөйледім, ей, үлым, Өсиетімді кабыл алғын күлыным! Күміс, алтын қалса менен сендерге, Оларды сен бұл сөзіме теңгерме! Күмісті іске түтсаң - бітіп қалады, Сөзімді іске түтсаң - күміс табады. Қалар мүра - сөз, кісіден кісіге, Сөзді мүра түтсаң, пайда ісіңе.

(Жүсіп Баласагүн. "ҚҮТТЫ БІЛІК" (үзінді)

12-сабақ


Тілдесу мәдениеті СОӨЖ

Сылбыр сөзін - сүйретіп айтады, Содыр сөзін - күйретіп айтады, Сыпайы сөзін - ширатып айтады.

Хапъщ даналыгы

Сабақтың мақсаты: тілдесімді адамдар арасындагы өзара түсіністікке қол жеткізу құралы ретінде бағалай білуге баулу. Міндеттері:

үйлесімді тілдесімнің қажеттілігін дамыту; кикілжіңнің мәні, түрлері және олардан шығу жолдары туралы түсінігін кеңейту;

кикілжің жағдайды шешу білігін қалыптастыру. Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, "Өзін-өзі тану" пәніне кіріспе" оқу құралы, аудиожазбалар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет