БАҒдарламасы (силлабус) Пән Өзін-өзі тану Мамандығы : Педагогикалық мамандықтар



бет7/10
Дата11.01.2017
өлшемі3,52 Mb.
#6933
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1-тапсырма.

( ~і ) Махаббат туралы ұлағатты сөздерді оқыңыздар, \]у өздеріңізге үнаған бірнеше сөзді таңдап алыңыз да, оларға түсініктеме беріңіз.

®Өмірде өзінің алғашқы махаббатын немесе жауапсыз махаббатты басынан кешіріп, махаббаттан басы айналып, көзі ешнәрсені көруден қалған адам жоқ шығар, сірэ. Адамның махаббаты қандай болса да, ол адамға шабыт, күш, қуат, даналық, бақыт береді, кейде қүтқару шеңбері тәрізді, өмір жолында адамга бағыт-бағдар беріп, жол көрсететін үміт отын жағып, сэулелендіреді.

€\ Мен сенсіз өмірімді

J Елестете алмаймын мүлде, мүлде!

Екеумізде таң мен түс, түн де бірге.

Жүрек сырын шертуді басқа адаммен өңім түгіл, ойлауға жасқанам мен!

Бұл өмірде

Жалғыз жүру қүлазып - жаза жанға, Аузын ашып түрғандай ажал алда. Шақырмайды эуендер тымық таңға -сенсіз жерде эн, бақыт, қызық бар ма?

Махаббатым -

Мөлдір эуен, сүлу саз көктемдерім, Көктемдерім - өзіңнің өпкен демің! Тірлік әні - нүры боп көрінсе Күн, Жүрегімнің жалқы әні - өзің сенің.

Мен мынау дүниенің Келем кешіп өзіңмен асуларын, Асулардан қиналсаң, қасындамын. Жүрегінен жырлайды ғашық жаным Махаббаттың мэуелі жасыл бағын!

(Оңгарсынова Ф)

22-сабақ


МЕН және СЕН СОӨЖ - 2

Дүниеде күшті нәрсе екеу-ақ қой: өлім һэм махаббат. Адам өзгені айналып өтсе де, өлім мен махаббатты айналып өте алмақ емес.

М.Жүмабаев

Мақсаты: өзі мен өзгелерді бағалай білуге үйрету. Міндеттері:

отбасындағы адамның әлеуметтік рөлдері туралы түсінігін кеңейту және тереңцету;

өзіне және өзгелерге қамқорлық жасау қажеттілігі туралы - түсінігін тереңдету;

адамның жан-жақты рухани дамуын қалыптастыру. Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, эннің аудиожазбасы.

zT^N. Хрестоматиядан некеге, отбасына және денсаулыққа

қатысты материалдармен танысыңыздар.

®Тапсырма. Төменде берілген тақырыптардыц біреуіне эссе жазыңыз. 1. Үй иесі эйел, Жүбай, Ана ... Бұл қасиетті үғымдар. (Осы әлеуметтік рөлдің әрқайсысында мен қандай

боламын?).

2. Менің тағдырым шешілді.... Мен үйленемін ... (Мен өзімді жүбай және әке рөлінде қалай елестетемін?).

3. Жауап хат (темекі тартатын қызға хат немесе салауатты өмір салтына байланысты).

4. Жаңа өмірдің тууы. (Дүниеге бала келгенде менің өмірім қалай өзгереді? Мен қандай ата-ана боламын? Менің балам қандай болады?).

5. Менің өзімнің денсаулық кодексім.

§Мен қазақ эйеліне қайран қалам Мен қазақ эйеліне қайран қалам, Жайнаған, жалындаған, жайрандаған. "Қатынның шашы үзын, ақылы қысқа" Дегенді айттың екен қайдан, бабам?

Айттың ба сақалыңнан алмағанға, Оны сен - опасыз жар алдағанда? Айттың ба эзэзілге көнбегенге, Салғанда ақ сайтанын элде оған да?

Айттың ба сатып алар пүлдай көріп, Жүрген соң от-суыңа түлдай көніп? Айттың ба талай бейбақ қызға қарап Жасаусыз қатын болған, жүрдай келіп.

Айттың ба элде эзілдеп, ерке тантып, Айттың ба не көсемсіп, сертке тартып? Тағы бар: "Алтын басты эйелден де, -Дегенің, - бақыр басты еркек артык..."

Жоқ, бул сөз шеттен кірген, бұл өтірік, Кел, баба, байытайык бір отырып. Қалайша сен эйелді кемсітесің, Әйелдің бір перзенті бола түрып?..

Әжелер секілді бір батыр маған, Ықпаған нажағайдан сатырлаған. Қазақтың еш эйелі өз ырқымен Ешкімге, еш алтынға сатылмаған.

Жоқ, оны жеңе алмады басыр заман, Халықты босағадан асырмаған. Алдында қалшылдаған хан түрса да, Шығыста солар - бетін жасырмаған.

Сарадай ақын болған, би де болған, Динадай дана, дархан күй де болған. Найза алып кол бастаған, жауға шапқан, Балбұл гүл, бакта - бұлбұл, түзде - балуан.

Аз қызық ала білген шерлі күннен, О, баба, бірдей терлеп терлігіңмен. Қүран да, хан да оған бермепті ерік, Сыйлатқан эжем өзі ерлігімен.

Ac сүрап элде бірде атын мінсін, -Атамыз дейтін болған: "Қатын білсін..." "Алып та жаралады анадан" деп, Айбынған айтудан да батыл бір сын.

... Сол қатын - ару, ана - асы л халық, Басынан қанша сорды асырды арып! Аздырмай жеткізді олар үрпақтарын Осынау тандай нүрлы ғасырға алып.

Мен қазақ эйеліне қайран қалам, Жайнаған, жалындаған, жайраңдаған. Сол менің жүрегімнің ханышасы, Жыр шоғын үсынамын Айдан да оған.

(Жүбан Молдагсишев)

23-сабақ

МЕН және СЕН СӨЖ-2

Жалғыздыкты қай жүрек макулдады? Жапан түзде гүлдемес акыл бағы. Жеке-жеке шоқ едік жылтыраған, Жанымызды қостық та лапылдадық!

Қ.Мырзалиев

Сабақтың мақсаты: адамның эмоционалдык өмірін бағалай білуін дамыту. Міндеттер:

адамдардың өзара карым-қатынастарының сүлулығын бағалауға үмтылысын дамыту;

махаббаттың табиғаты мен оның кырлары жөніндегі түсінігін тереңдету;

сүйікті адаммен жағымды қарым-қатынастар жасау қабілетін дамыту.

Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, "Өзін-өзі тану"пәніне кіріспе" оқу құралы.

1-тапсырма.

( "Өзін-өзі тану" құралынан жастық шақ және махаббат

үғымы туралы материалды оқыңыздар.

®2-тапсырма. Төмендегі берілген тақырыптардың біреуіне реферат жазыңыздар: 1. Жастық шақтың басты ерекшеліктері. 2. Э.Фромм. "Сүю өнері. Махаббат табиғатын зерттеу".

3. Өзгелермен жағымды тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастыру және нығайту.

4. Студенттік өмірдің көкейкесті мэселелері.

5. Махаббат - "Өзін-өзі тану" курсының негізгі ұғымдарының

бірі.

6. Достық - "Өзін-өзі тану" курсының негізгі үғымдарының бірі. 24 -сабақ



Рухани келісім Лекция-әңгіме

Бірлігі жоқ ел тозады, Бірлігі күшті ел озады.

Халық даналыгы

Түрақты үнқатысудың қүндылығы мынада, орын алып отырған келіспеушіліктерге қарамастан, бэзбір "алтын ортаны" іздеудің мәні мен үдерісінің өзі сақталады. Және ең бастысы - үнқатысу бейбітшілік пен келісім аумағын, үйлесім мен айқындық уақытын қалыптастырады. Мен діни үнқатысудың сөзсіз қүндылығын осыдан көремін.

Н. Назарбаев

Сабақтың мақсаты: адамның діни наным-сенімін қүрметтеу. Міндеттер:

әр түрлі дін өкілдерімен рухани келісімге, татулыққа үмтылысын дамыту;

әр алуан діндердің гуманистік негіздерін түсінуді терендету;

адамдармен қарым-қатынаста толеранттықты дамытуға көмектесу.

Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, аудиоматериалдар.

®Күнге табыну Әні Сейдолла Бәйтерековтікі Сөзі Бәкір Тәжібаевтікі

Шыққанда шүғылаңнан жадырап, Тэжім етер, саған шексіз атырап.

Ару күлім қаққандай,

Жас жүрегім қалар ма күй ақтармай.

Төңірекке шырай, көрік таратып, Дүниені бір өзіңе қаратып. Шалқып, тасып келе берші, Нүр сэулеңді төге берші, Маған бақыт бере берші, ару Күн.

Жағасына мөлдір көлдің барғанда, Сэулетіңе назар ауып қалғандай. Осынау бір шақтарда, арман күлім қаққандай, Алтын айна көл түбінде жатқандай.

Қүдірет күш бір өзіңнен табылған, Саған мэңгі жер-ана да табынған. Өзің келген шақтарда, Ешкім қалмас шаттанбай, Тендесі жоқ, ерке сүлу, ақ маңдай.

®Діннің адамзат тарихында алатын орны ерекше. Дін дегеніміз қоғамның рухани мәдениетінің бір бөлшегі. Адамның кез келген дінді үстану немесе үстанбау қүқығы бар. ¥лтаралық, дінаралық келісім, төзімділік дегеніміз - өзге үлттар мен діни сенім-нанымдағы және мәдениеттегі адамдарға деген қүрметпен қараушылық.

Біздің еліміз жер көлемі бойынша элемде 9-ыншы орынды иемденетін ірі мемлекет. Қазақстан Еуразия қүрлығының қақ ортасында орналасқан. Осы үлан-байтақ өлке Батые пен Шығыстың сан түрлі халықтарының тоғысқан жері болды деп айтуға болады. Әлемдік және дэстүрлі діндер съезінде Қазақстан Президенті Н.Э.Назарбаев "Сан ғасырлар бойында ¥лы Даланың аумағы әр алуан діндерді - тэңіршілдік, зороастризм, буддизм, христиандық, иудаизм, ислам және тағы басқаларды үстанған көптеген халықтардың ықпалдаса өмір сүруімен ерекшеленеді" деп атап көрсетті. Осы ерекшелік қазақтардың жақсы деп танылған қүндылықтарды бойына дарытуына, жаңалықтарға бейімделуіне, түрлі халықтардың дэстүрлеріне түсіністікпен қарап, керек дегендерін қабылдауына мүмкіндік берді. Осы Съезде Израильдің бас раввині Иона Мецгер өз сөзінде "Қазақстанда 100-ден астам халыктар татулықта әрі келісімде өмір сүруде. Біз бул елден үйренуіміз керек, мүның өзі барлық діндерге де қатысты" деп атап өтті.

Тэуелсіздік жылдары Қазақстанды мекендейтін 130-ға жуық үлт пен 40-тан астам діни конфессиялар арасында татулық, өзара келісім берік орнықты. Соның арқасында дамудың қазақстандық моделі ойдағыдай жүзеге асырылып, экономиканы реформалауда зор табыстарға қол жеткізілді. Еліміз барлық көршілерімізбен тату қарым-қатынас орнатып, жаһандық қауіпсіздікті сақтауда өңірдің көшбасшысы атанды.

Қазақстан Президентінің еліміздің халқына Жолдауында шешімін табуға тиіс міндеттер қатарында "қоғамда толеранттыққа және этносаралық, конфессияаралық келісім жағдайларына кепілдік беруді" атап өткен болатын.

Толеранттық деген сөз бұл басқа рухани, адами, идеялық, діни көзқарастар менің үстанымдарыма қаншалыкты жат болса да қабылдаймын дегенді білдіреді. Осыдан адамдар арасындағы өзара сыйластық, мейірбандық пайда болады. Сондықтан, Елбасы қолдап келе жаткан толеранттық үғымы бізге де жат болмауы керек, яғни барлық этностар мен мемлекеттердің, тіпті жеке адамдардың бір-біріне көмегі осыдан басталады. Өткен тарихқа көз салсақ, толеранттық деген үлкен парасатты үғымның үлгісін қазақ билерінің сөздерінен де көреміз. Мэселен, Қазыбек бидің калмақ ханы Қонтайшыға айткан: "біз қазақ деген мал баққан елміз" деп басталып,"досымызды сақтай білген елміз, дэм-түзды ақтай білген елміз" деп келетін сөздері өзара татулыққа шақырғанының белгісі.

"Өркениеттер тоғысуы" деп атап жүрген Орталык Азия аумағында көптеген бағыттағы діни агымдар өмір сүрген. Біздің халықтарымыздың көпғасырлық тарихы - бауырмалдық пен адамдардың бір-біріне деген қүрметіне негізделген адамзат тарихындағы теңцесі жоқ тэжірибе. Осы тамаша дэстүрлер мүқият сакталынып, ата-бабаларымыздан бізге мүра болып қалды және бүгін тэуелсіз Қазақстанның бейбіт аспаны астында көптеген үлттар мен әр түрлі сенімдегі азаматтар бір отбасындай тату-тэтті өмір сүріп жатыр. Біздің республикамыз элемдік сахнада көптеген діндер мен этностық топтардың толеранттылық жағдайында өмір сүрулерінің бірегей үлгісі ретінде мойындалып отыр.

Біздің тарихи тэжірибеміз, көпүлтты мемлекеттің тәжірибесі діни фанатизм мен экстремизм секілді сырқаттарға қолданылатын ең үздік вакцина болып табылады.

Алайда қазіргі кезеңде негізгі мақсаттары көбіне қасиетті қүндылықтарды және бізге Жаратушыдан берілген нышандарды жамылған халықаралық лаңкестік, экстремизм сияқты нәрселердің алдында элем әрқилы және шарасыз болып отыр.

Элем осындай қатаң қарама-қайшылықтар дүниесіне қарай қадам басқан осынау күрделі әрі жауапты кезеңце біз бұлардан тыс қала алмаймыз. Біз бүгін барлық халықтардың үлттық дэстүрлері мен мәдениеттеріне қүрметпен қарау, діни көптүрлілікті саяси мақсаттарға қолдануға қарсы түру бағытында өзіміздің күш-жігерімізді біріктіруіміз қажет. Біз: "өркениеттер қақтығысына -жоқ, үнқатысуға - иэ!" деп айтуымыз керек.

Бүгін біздің бәрімізді Отанымыздың экономикалық жағынан тэуелсіз әрі гүлденген, оның азаматтарының жоғары білімді, эл-ауқаты жақсарған, сондай-ақ рухани жағынан бай болуына деген үмтылыс, Қазакстан Республикасының элемдегі бэсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын жүзеге асыруға деген қүлшыныс біріктіреді.

Қазақстан өзінің нақтылы саясатында адамның ішкі бостандығы ғана конфессияаралық төзімділіктің шарты екенін басшылыққа алады. Тап сондықтан да, тарихи түрғыдан исламның мэдени материгінің бір бөлігі бола түра, біз Қазақстандағы барлық элемдік және дэстүрлі діндердің өркен жаюына кедергі келтірмейміз.

Мемлекет, үлт немесе дін бөгде мәдени кеңістікті басып алу, жаулап алу түрғысынан қарастырар болса, онда әманда өзінің өмір сүру ортасын аздырып-тоздырмай қоймайды. Қазақтарда бағзы замандардан бері әр өңірдің өзінің эулиесі, өзнчің рух бере күштері, өзінің сыйынар аруақтары болған. Адамның, діннің, жердің мүндайлық терең өзара кірігуі казак халқының жанын сақтап қалған қүтқарушы сүзгі сынды. Қазақтар кең болғанның кем болмайтынын кітаптан оқып емес, өмірден тоқып білген.

Тэуелсіздікке қол жеткізгелі бері Қазақстанда діни қатынастар саласында сарабдал мемлекеттік саясат жүргізіліп келеді. Бұл саясат келісім қағидаттары деп атауға болатын мынадай негізгі қағидаттарға арқа сүйейді.

Біріншіден, бұл ар-ождан және діни сенім бостандығын заңдық және институттық түрғыдан қамтамасыз ету.

Конституция деңгейінде конфессиялық және басқа да әлеуметтік белгілері бойынша кемсітудің кез келген түріне тыйым салынады. "Қазақстан Республикасындағы ар-ождан және діни сенім бостандыгы туралы" Заң діни бірлестіктердің емін-еркін қызмет етуі үшін барлық қүқықтық негіздерді калыптастырып берді. Еліміз адам қүқын қорғау саласында қырықтан астам халықаралық келісімдер мен шарттарға қосылды, олардың арасында Б¥¥-ның осы саладағы іргелі пактілері де бар.

Екіншіден, біз мемлекеттің конфессиялардың өз қызметтерін жүзеге асыру үшін тең және қолайлы жағдай жасау жөніндегі міндеттілігін басшылыққа аламыз. Дін саласын ырықтандыру діни мекемелердің санын күрт өсірді - олардың саны тэуелсіздік жылдарында бес есе артты.

Қазақстан халқының басым көпшілігі өздерін мүсылман санайды. Сонымен бірге Исламның Қазақстанда басымдыққа ие болуы басқа діндерді үстаушылардың өздерінің эдет-ғүрыптарын толыққанды атқаруына тіпті де кедергі келтірмейді.

Мүсылмандықтан өзге конфессиялардың діни мекемелерінің санының өсуі назар аудартады. Тәуелсіздік жылдарында православие дін орындарының саны торт есе, католик шіркеулерінің саны екі есе өсті. Протестанттар бірлестіктерінің мыңнан астам миссиялары мен мінэжат үйлері жұмыс істейді, елде сондай-ақ 21 иудей қауымдастығы бар, көптеген ғасырлардың ішінде алғаш рет будда храмы түрғызылды.

Үшіншіден, Қазақстандағы конфессияаралық үнқатысуды ынталандырып отыру біздің жұмысымыздагы маңызды бағыт болып табылады.

Елімізде үлтаралық және дінаралық үнқатысудың Қазақстан халықтарының Ассамблеясы сынды бірегей институты қүрылды.

¥лтаралық және дінаралық келісімнің бізде қалыптасқан үлгісі -Қазақстанның әр түрлі конфессиялардың өзара іс-әрекет етуінің жалпы элемдік үдерісіне қосқан үлесі. Жаһандық өлшеммен қараганда элемдік және дэстүрлі діндердің рөлі көкейкесті бола түсіп қана қоймай, олар адамның шынайы рухани қазынаны сақтап қалуының түйінді факторына да айналып келеді.

Қазақстанда Әлемдік және дэстүрлі діндер лидерлерінің екі съезі (2003, 2006 жылдар) өткізілді. Мүндай ірі шаралардың өткізілуі мемлекеттер мен халықтар үндеп отырған мәдениеттер мен өркениеттер үнқатысуына маңызды үлес қосты. Мәдениеттердің қақтығысына қарсы түру, күш қолдануга шақырулармен күресу, баршаға ортақ біздің түсініктегі бейбітшіліктің салтанатына қол жеткізу - барлық діндер мен сенімдердің ізгі ниетті адамдарды бірлесе отырып қол жеткізуге тиісті мақсаттар осындай.

Пікірлесуге арналған сүрақтар:

• "Қүдай жалгыз, ал оған бару жолы әр түрлі" деген үғымға сіздің көзқарасыңыз қандай?

• Сіз үшін "руханилық" үғымы нені білдіреді?

• Сіздің замандасыңызға руханилық қажет деп ойлайсыз ба?

• Рухани азық, рух қажеттілігі дегенді қалай түсінесіз?

Осы тақырып бойынша хрестоматияда берілген V\ D) матеРиалДаРДы оқып шығыңыздар.

®Тапсырма. Діни доктриналарда адамдармен қатынасты анықтайтын эмбебап қағидаттар бар: • Христиандық: Өз жақынынды өзінді сүйгендей сүй.

• Буддизм: Өзің қаскүнемдік деп есептейтін нәрсені өзгелерге жасама.

• Индуизм: Өзіңнің жаныңа ауырлық экелетін нәрсені басқаларға жасама.

• Иудаизм: Өзің жек көретін нәрсені өзгелерге істеме. Бір өмірді қүтқарған адам, бүкіл элемді қүтқарады.

• Конфуциандық: Өзіңе тілемейтін нәрсені өзгелерге жасама.

• Даосизм: Жақыныңның тапқан кірісін өзіме кірген пайда, ал шығысын - өзімнен шыққан шығыным деп сана.

• Ислам: Өзіне тілеген тілекті бауыры мен қарындасына да тілемеген адам нағыз діндар емес.

- Діндер адамдар арасындағы қандай адамгершілік қасиеттерді дәріптейді?

- Сіз өзіңіздің өміріңізде қандай қағидатты ең маңызды деп санайсыз?

/f%\ Т.Мүхамеджтшвтың "Балалық шақ" шыгармасы ( VIJ немесе оңытушының таңдауы бойынша баяу Ч_>/ орындалатын музыкалық туынды тыңдалады.

- Сізде күн сайын әрбір күніңізді өзіңіз үшін де, өзгелер үшін де кішкентай болса да қуаныш, бақыт, махаббат экелетіндей өткізу қүштарлығы пайда болады.

- Біздің өмірімізде жолымыз болуы үшін басқа адамдарға өз махаббатымыз бен қуаныш сыйлайық.

- Өзің үшін өмір сүргің келеді екен, басқалар үшін де өмір сүре

біл.

- Сіз осы өмірді сүйіп, қызмет ете алатыныңыз үшін қуанасыз.



- Сіз өмірге қызыга қарайсыз және оны сол күйінде қабылдайсыз.

- Сіз ашық адамсыз, сондықтан да өз сезімдеріңізді білдіруден қорықпайсыз.

- Өз сезімдеріңізді білдіре отырып, сіз оларды анағүрлым тереңірек түсініп, пайымдай аласыз: бұл қуаныштың ең үлкені.

- Өзіңді өзің танытқанда қорқынышсыз, қысылмайсыз - бұл сіздің өз күшіңізге деген сеніміңізді одан әрі арттырады.

- Қазір сіз өмірді шетсіз-шексіз, көл-көсір қуаныш кеңістігі ретінде қабылдайсыз.

- Сіз өзіңіздің бар жан-тәніңізбен тыңдап отырған музыканың эуеніне беріліп, қуанышқа бөленіңіз, эуенге өзіңіздің ішкі сырыңызды ашыңыз.

Қуаныш сізге өзіңізді және сізді қоршаған элемді сезініп, тануыңызға жол ашады.

- Енді сіз тіршіліктің нағыз қуанышына айналдыңыз, ал сіздің жүрегіңіз бүкіл элемге сэуле шашып, жылу беріп, нүрландырып түрған Күн іспеттес.

Өз қуанышыңызбен жапандағы жалғыз жолаушының жолын көрсетіп, қайғылының көңілін аулап, басқа адамдарға көмектесіп, сүйеу бола алатыныңыз сіздің бойыңыздағы қуаныш сезімін еселендіре түседі.

Айналаңыздағы адамдарды түсініп, олармен өз қуанышыңызды бөлісіңіз.

Өзіміздің қуаныш энергиясы арқылы айналамызға қуаныш сыйлап, көмектесеміз.

Өзгелердің қуанышын бөлісіп, солармен бірге қуана білейік.

Өзіміздің жүрегіміз бен жанымызға самал жел экелетін жеңіл леп, тазалық, пэктікті себейік.

®Дін дегеніміз - қоғамның рухани мәдениетінің бір бөлшегі. Адамның кез келген дінді үстану немесе үстанбау қүқығы бар. Ұлтаралық, дінаралық келісім, төзімділік дегеніміз - өзге үлттар мен діни сенім-нанымдағы және мәдениеттегі адамдарға деген қүрметпен қараушылық.

(^jj^) Бсйуақтагм мінәжат

Ілінерде Күннің қызыл кірпігі, Дертім менің мендеді -Өмір өзі-ақ өлтіреді бір күні, өлтіріспе Сен мені!

Мүса, Ғ айса,

Мүхаммедтің көп ішкен, Тауыспаған кермегін Жүтам үнсіз. Үмітім жоқ Жеңістен. ... көзімнен сүй Сен менің!

Ернім емес, Ет-жүрегім кезеріп, Жоқ сусынга шөлдеппін -Ажал-қүрдас ақ мылтығын кезеніп "Кеттік!..." десе - мен кеттім! ...

Бізге неге баянсызды аңсаттың,

Е-ей, есі бар Қүдірет-ет?...

Босқа налып, болмашыға шаршаппын -

Көзімнен сүй бір рет!

Түнге сіңіп жоғаламын Мен ертең -

Аямайды Сені Көк...

Өзім түгіл, өлердей жас көлеңкем

"өмір!" деп түр еңіреп!

Аллаһу да аяп басар кеуденің

Үнсіз айтқан зары бұл -

Өмір өзі өлтіреді. Сен мені

Өлтіріспе, Жарығым!

Көзімнен сүй Сені көріп жүбанған...

(Мейірхан Ацдәулетүлы)

25-сабақ


Қазақстан - ортақ мекеніміз Лекция-әңгіме

Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жок, сенен іркер күшім жоқ, - деп ер қайратыңа мін-дағы, өрге бас.

М. Әуезов

Сабақтың мақсаты: азаматтық пен қазақстандық патриотизм сезімін дамыту. Міндеттері:

ортақ мекен сезімі мен Қазақстанның мемлекеттік қүндылықтарына қүрмет сезімін дамыту;

- үлттық сәйкестік үғымының азаматтық түсінігін тереңцету;

- әр үлт өкілдерімен сыйластық, достық қарым-қатынас орнату біліктілігін дамытуға көмектесу.

Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, "Өзін-өзі тану" пәніне кіріспе" оқу құралы, аудиоматериалдар.

ф Қа3аКСТЗ н-°та—'

Сақ деп, түркі, қыпшақ деп атандырган ¥лы елдің үлысың, бағың - нүрдан! Бостандықты аңсады барлығы да, Болған талай бұл жолда атаң қүрбан.

Дейтін бір кез - көшпелі, кемсің деген, Көшпеліні, о, ғажап, менсінбеген.

Дэлелдедің, Нүреке, жалықпадың, "Ең ежелгі, қазағым, елсің", деп ең.

Азды көппен ақылмен теңестірдің, Оймен шештің түйінін егестердің. Бір табақтан ас ішті күллі үлттар Басы болдың келелі кеңестердің.

Сізден тарап ақыл-ой, сабыр деген, Инабатты ел болдық "Қыдыр көрген". Әлемге үлгі - тату жүрт, Қазақстан! Айналайын, тарих пен тағдыр, сенен!

Дедіңіз ғой: "Біз жастарға сенеміз, Елуліктің қатарына енеміз!" Көшбасшы бар көсегені көгертер, Сіз бастаңыз, соңьщыздан ереміз!

Астанамыз көрікті - жер кіндігі, Қандай бақыт үрпақтың еркіндігі. Ей, ағайын! Тэубе де, гүл жайнады Қазақстан! - Қазағым, көркің міне!

Тарихтан ел едім алмағым көп, Күн көріп ек күштіден қалғанын жеп. ¥л-қыздарын Нүрекең аттандырды -¥лылықтың жолына жалғандың деп!

Қазақстан - Отаны ғажаптардың! Қазақстан - Отаны азаттардың! Қазақстан - байтағы тату елдің, Қазақстан - ажары қазақтардың!

Сайын Назарбекүлы

Қазақстан

Қүрлықтың жалпақ жарты бөлшегіндей, Күрес пен жеңістердің өр шебіндей.

Жомарттық қазынасындай жер мен жаны, Байлық пен улылықтың өлшеміндей.

Қазақстан - кендік аты, Қазақстан - теңдік аты. Қазақстан - елдік аты, Қазақстан - ерлік аты. Қазақстан - ер қанаты, Қазақстан - жер жанаты.

Жігіті аспанмен қол алысқандай, Қыздары жарысқандай қалыс қалмай. Қазақтың ақ дастарқан кең төрінде Қүшағы халықтардың қабысқандай.

{Жүбан Молдагалиев)

®Қазақстан - 130-дан астам улттар мен үлт өкілдері мекендейтін полиэтникалық мемлекет. Қазақстан қоғамының мәні - әр түрлі үлт өкілдерінің өзара түсіністік, төзімділік және рухани, мэдени қүндылықтарына қүрметпен қарау және қабылдау. Республикадағы түрақтылық, азаматтық татулық және үлтаралық келісім - бұл, біріншіден, бүкіл қазақстандықтардың ділінің, толеранттылығының, достығының, тілектес, мүраттастығының көрінісі болса, екіншіден, мемлекеттік үлт саясаты көрегенділігінің айғағы.

Қазақстандықтар халықтар достығының қол жетпес байлық, қазына екендігін жақсы үғынады. Әр түрлі үлттар арасында түсініспеушілік болмаса, заң алдында барлық адамның тендігі болмайынша, мемлекеттің өсіп-өркендеуі, демек, бақытты өмірдің болмайтынын жақсы үғынып, түсінеді.

Қазақстанның әрбір азаматы біздің бірлігіміз көпжақтылығымызды сақтауда екенін түсінеді. Еліміздің Негізгі Заңының да "Біз, Қазақстан халқы..." деп басталуы тегіннен - тегін емес. Қазақстан халқы - бұл біртүтас қауым, сонымен бірге әрбір үлт қайталанбас үғым, өзінің тілі, әдет-ғүрыптары мен дэстүрлері бар. Осыған орай, Каталон үкіметінің Президенті Жорди Пужольдің мына сөздерінің көкейкестілігін атап өту керек: "Біздер испандықтармыз, бірақ барлық басқа испандықтарға қарағанда біз өзіміздің өзгеше екендігімізді түсінеміз. Біз испандықтармыз, сонымен бірге каталондықтармыз. Біздің испандықтар болып қала бергіміз келеді, өз тіліміздің, мәдениетіміздің, дэстүрлі саяси институттарымыздың болғанын қалаймыз және біздің басқа халық екендігімізді Испанияда қабылдаса дейміз".

Қазақстанда барлық этностардың еркін дамуы үшін барлық жағдай жасалған. Қазақстан Республикасында мемлекет қүрушы этнос қазақ үлты болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан халықтары Ассамблеясын қүру туралы" Жарлығымен елдегі қоғамдық түрақтылық пен үлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халықтарының Ассамблеясы қүрылды. Ассамблея Қазақстан Президенті жанындағы кеңесші орган болып табылады. Бұл орган: мәдени-ағартушылық - тілдер мен үлттық мәдениеттерді, салт-дэстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау; тәрбиелік -қазақстандық және үлттық отансүйгіштікті қалыптастыру; үлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде үлтаралық татулық пен келісімді нығайту; Қазақстанды мекен еткен үлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде үсыныстар дайындаумен айналысады. Қазір республикада 500-дей үлттық-мэдени бірлестіктер, 19 республикалық және аймақтық үлттық газет, радио және телебағдарламалары, 6 үлттық. театр, оқыту 23 тілде жүргізілетін 170 жексенбілік тіл орталықтары жұмыс істейді. Этникалык аз үлт өкілдерінің 101 мектебі, 12 Достық Үйі қызмет жасайды.

Кез келген мемлекеттің, үлттың рухани негізі ең күрделі тарихи кезендерде төтеп беріп, шыдап, одан алып шығуда көмектескен үлттық идея болып табылады. Біздің үлттық идеямыз - қазақстандық патриотизм, ал идеямыз - "Қазақстан - біздің ортақ үйіміз".

Отаншылдық идеясы адам баласының баршасына дерлік тэн сезім дейтін болсақ, ал қазақстандық патриотизм нендей ерекшеліктермен сипатталады, ол несімен дараланады деген сауал туады. Патриотизм -тарихи, әлеуметтік үғым. Ол адамның бойындағы туа біткен сезім емес. Патриотизм дегеніміз - өз Отанына деген сүйіспеншілік, өз халқына берілгендік, өз Отанының мүддесі үшін кез келген қүрбандык пен ерлік жасауға дайын түрушылық. Патриоттық сезім ген арқылы мүраға берілмейді, нақтылы-тарихи ортада үзақ уақыттар бойына қалыптасады.

Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі Отан болып табылады.

Туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дэстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі жерлер - жалпы ұлттық қүндылықтар ешкімді де бейтарап қалдыра алмайды. Олар сөзсіз адам көкірегінде жылылық, жақындық, туыстық сезімдерді үялатып жатады. Бір сөзбен айтқанда, патриотизм - қасиетті үғым.

Қазақстандық патриотизмге келеек, ол тек қазақтардың ғана өз Отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл үлт пен үлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние.

Бірақ ешкімді елін, Отанын зарлатып, күштеп, үгіттеп жел сөздің күшімен алдап-арбап сүйгізе алмайсың. Елін сүю әркімнің жеке ісі, өз арының ісі. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзі келмейді, ол адам өсе, есейе келе, өз ақылы өзіне жетіп, өз басымен тіршілік ете бастағанда, азаматтың бойында бірте-бірте қалыптасатын қүдіретті сезім.

Отан сүю сезімі градуспен өлшенбейді, пайызбен, сандық өлшеммен анықталмайды. Оған бұл өлшемдер жүрмейді. Оның өз өлшемі бар. Ол мынау: әр адам өз Отанының күш-қуатын, экономикалық, мэдени, рухани, ғылыми, қорғаныс қабілетін арттыру үшін нақты үлес қосса, оның элем алдындағы айбары мен даңқының артуы жолында адал қызмет етсе, өз Отанын қайда жүрсе де мақтан етіп, соның үнамды бет-бейнесі үшін, соның атақ-даңқы үшін жүрек қалауымен қызмет етсе, сол нағыз патриот болып саналады.

Талқылауға арналған сү рак rap:

• Сіз үшін патриот болу деген нені білдіреді?

• Үлттық сәйкестік дегенді қалай түсінесіз?

• Жаһандану кезеңінде үлттық ерекшелікті сактап қалу мүмкін бе?

• Жалпыадамзаттық қүндылықтарды үлттық қүндылықтармен үйлестіруге бола ма?

Төмендегі канаіты сөздер бойынша өз пікіріңізді [~\) білдіріңіз:

Дүниеде жалғыз қалған адам - адамның өлгені. Қиыншылықтың бәрі соның басында. Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды?

Абай


Өз еліңді әрбір үсақ-түйегіне дейін ерекше де өте қымбат, сүйкімді сезінбесең - адамдық мінез де жоқ. Бұл сезім риясыз және біздің жан дүниемізді барлық нәрсеге деген үлы ынта-ықыласқа толтырады.

К.Г.Паустовский

Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, ел бірлігін сақтаган татулықты айт.

Жамбыл


Отан деген тамаша да мәртебелі сезімнен тек қуыс кеуде адамдар гана қүр алақан қалады.

И.П.Павлов

Патриотизм - ең үяты бар әрі инабатты сезім... Қасиетті сөздерге абай бол, Отанға деген сүйіспеншілік жайында көрінген жерде айғайлай берме. Ең жақсысы - оның игілігі мен күш-қуатын арттыру үшін үндемей еңбектен.

В.А. Сухомлинский Өз үлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - сатқындық белгісі.

Б.Момышұлы Өзінің елін сүймеген адам ештеңені де сүйе алмайды.

Д. Байрон

Өз Отаныңның перзенті бол, туған жер топырағымен байланысынды терең сезін, оған перзентіше қара, одан алғаныңды үш еселеп қайтар.

К.Д. Ушинский

Дүниеде ешбір халықтың басқа халықтардан артық болып жаратылмағанына мен кэміл сенемін.

Г.Лессинг

Патриотизм адам рухының өзге көріністеріне қарағанда тәрбие мен дағдыға көбірек байланысты болады.

М. Е. Салтыков-Щедрин

Тарихта жануарлардың үйірі деп есептеуге болатындай халық жоқ, сондай-ақ тандаулылар тобы деп аталуға лайықты халық та жоқ.

А.И.Герцеп

( Kj) Оқытушының таңдауы бойынша баяу Ч-Х орындалатын музыка үсынылады.

- Ыңғайланып отырып, көзімізді жүмамыз, дем алысымызды бақылаймыз.

- Жүрегіміздің қандай бірқалыпты және баяу соғып түрғанын тындайық.

- Дем алысыңыз қандай алаңсыз, баяу, қалыпты болғанын сезесіз

бе?

- Сіздің көңіл күйіңіз бірқалыпты, алаңсыз, жинақы.



- Сіз іштей бір сәтке өзіңіз сүйетін және өзіңізді сүйетін адамдарды көз алдыңызға елестетіңізші.

- Сіздің өн бойыңызды керемет алаңсыз тыныштық, көтеріңкі көңіл күй жайлап барады.

- Қазір осы қүдіретті эуеннің эсерімен сіз өзіңізге жылылық экелетін махаббаттың қызу күшін сезінесіз.

- Махаббат музыка тәрізді, ал музыканың өзі махаббат сияқты.

- Сіз кенеттен өзіңіздің жүрегіңізде үлкен ғаламат махаббат сезімінің ояна бастағанын сезесіз.

- Осы сезіміңіз көктемнің эсем гүліндей болып, ашыла түсуде.

- Сіздің қүдіретті махаббат сезіміңіз де осы гүл сияқты үлғайып, кецейіп келеді.

- Махаббат сезіміңіз өзіңіздің жақындарыңыз бен достарыңызға да жайылып барады.

- Махаббат жылуы сіз өмірде кездесетін адамдарға да тарап бара жатыр.

- Сіз өзіңіз кездестірген адамдармен бірлік сезімін басыңыздан өткеріп жатырсыз.

- Сіздің жаныңыздың жылуы барлық адамдарға да, оларды жылытуға да жетеді.

- Махаббат сезіміне беріліп, сіз өзіңізді және сіздің айналаңыздағы адамдарды тани бастайсыз, сіздің жүрегіңіз оларға деген ыстық сезімге толы.

- Өз махаббатыңызбен бірге сіз өзіңіздің жан дүниеңізге, болмысыңызға терең үңіле аласыз.

- Сіз өзіңізбен бірге осы элемде өмір сүретін барлық адамдарды сүйесіз.

- Сіз өзіңізді де, басқаларды да бірдей сүйесіз, сондықтан өзіңізге де, айналаңыздағы адамдарға да жақсылық жасағыңыз келеді.

- Сіз өз өміріңізге, жер бетіндегі тіршілік етіп, өмір сүріп жатқандардың барлығына махаббатпен карайсыз.

- Сіздің махаббатыңыз өмірді қаншалықты үйлесімді және қуанышқа бөлейтінін сезініңіз.

- Сіздің махаббатыңыз элемдік үйлесімдіктің бір бөлшегі ретінде көкке өрлеп, Абсолютті және өмір үйлесімдігіне шарықтап бара жатқанын сезінесіз.

- Сіздің бүкіл болмысыңыз өзінен сэуле шашқан, өмір сепкен Күнге айналып барады.

ff\ Жаттығу: "Сигнал"

J Сабақтың қорытынды кезеңінде "Сигнал" жаттығуын жүргізу үсынылады. Жаттығу топты біріктіріп, олардың арасындағы өзара қарым-қатынастарын тереңцетуге мүмкіндік береді.

Студенттер қолдарынан үстасып, шеңбер қүрып түрады. Жаттығу барысында тыныштық сақтап, көзді жүмуға болады. Оқытушы өзінің жанында түрған студенттің қолын белгілі бір жиілікпен бірнеше рет қолын қысады. Бұл белгі келесі студент арқылы одан кейінгі студентке жеткізіледі, ең соңында оқытушыға жетуі керек. Белгіні өзгертуге болмайды. Жаттыгу бірнеше рет қайталанады: белгі сағат тілі бойымен, оган қарсы немесе екі жаққа бірдей берілуі мүмкін.

®Қазақстанның саяси түрақтылығының, динамикалық дамуының маңызды шарттарының бірі - үлтаралық келісімді, республикадагы этносаралық татулық пен достықты сақтау және нығайту болып табылады. Қазақстан - үлтына, діни сенім-нанымына қарамастан, еліміздің барлық азаматтарының ортақ үйі, ортақ Отаны. Елдің елдігі, оның түтастығы, тэуелсіздігі, қауіпсіздігі, мемлекеттік дербестігі халықтардың отаншылдық сезімінің, патриотизмінің деңгейіне тікелей байланысты. Сондықтан

Елбасы қазақстандық патриотизмді қалыптастыруды стратегиялық міндеттер дәрежесінде арнайы қарастырып отыр.

/Оч ОТАН

\4і/ Өлімі де өнеге ғой алыптың, Лүқпан хакім көз жүмғанда Дөңгелегі тоқтап қалған секілденіп тарихтың, Қайғысында шек болмапты халықтың. Қасіретке кім түрады арашы, Кім билігін жүргізе алмақ тағдырға. Осы шақта Лүқпан хакім баласы Әкесіне арнап жоқтау жыр жазып, Оқып берді қалың жүрттың алдында. Бірақ жыры ойсыз әрі жалынсыз Болган соң ба, естілді тым нанымсыз. Әдеп сақтап әрең тындап ел түрды, Бұл патшаның күрт ызасын келтірді:

- Дүрелендер мына арсыз баланы! -деп ақырды ол жарқ-жүрқ етіп жанары.

- Күнэм қайсы, айтпайсыз ба, эміршім? -деді бала тас түйіліп кабағы.

- Күнэм қайсы дейсің, э?

Жүрегіне күннің гүлзар жылылығын жинаған, Қыран таулы кең даланың үлылығын жинаған. Жинағанын адамзатқа жомарттықпен сыйлаған, Сөйте түра туған елдің мандайына сыймаған. Қасиетті үлы экеге өр парасат, ер көңіл Мүндай жасық жыр жазғанша Ақын болмай жерге кір.

Мансүқ еттің үлы адамның арманын,

Амал нешік, жақсы еді үнсіз қалғаның.

Әкеңці де аямадың,

Өнерді де қорладың,

Екі бірдей қылмыс жасап сорладың.

Мен үшін сен сияқтысың енді мэңгі тірі өлік,

Жазанды ал да жөніңе тарт, - деді патша түнеріп.

Отан!


Қайсар ар-намысым,

Жайсаң іңкәр шапағым.

Перзентіне жүктеген қорганысың,

Сен намыстың ну қалың орманысың.

Сол үшін де шыңнан заңғар атағың.

Тұлғасына табындырған,

Алыс жүрсем сабылтып, сағындырған,

Менің үлы экем сенсің, Отаным!

Әкем сенсің - Арман тұлға. Ай тұлға,

Перзенттерің саған деген сағынышын өзінің,

Махаббатын, ең асыл сезімін

Тиісті емес жасық сөзбен, жалған сөзбен айтуға.

Ал жасықтық - жалынсыздық,

Жалынсыздық - дәрменсіз дарынсыздық,

Жүрген солар ақын атын қор ғылып.

Және солар қанаттыға тор қүрар.

Жалынсыздық - о бастан-ақ сорлылық,

Жалынсыздың барлығы да сорлылар.

Жамылғанмен махаббатты қалқан ғып

Жалынсыздың түп атасы жалғандық.

Сол жалғандық жаншымағай сананы,

Өнердің де ең негізгі талабы - жалындыны мадақтау

Жалынсызбен күресу боп қалады!

Ісім аздау болса да элі мандытқан,

Жел өтіне егілген ерен талдай,

Гүлді ызғардан қалқалап келем талмай,

Қаншама рет жалын жасты қорғап қалдым зорлықтан.

Сенің ойсыз үлдарыңның кей кезде;

Маған тісін қайрайтыны сондықтан.

Көк майсалы өнер тауын шаңғытқан,

Күрес аштым жалынсызға қулықпенен жанды үтқан.

Білем, содан кедергім көп алдымда,

Жиі жолым болмайтыны сондықтан.

Жылтырағын гауһар деуге тым шебер,

Сүйікті Отан, аз ба әлемде дүмшелер,

Оттан қашып піспей қалған күлшелер!

Сүйікті Отан аз ба бізде дүмшелер...

Әр кез сені жалғандықтан қорғауға

Бақыттымын, күшім жетіп түрса егер!

(Мүхтар Шаханов)

26-сабақ

Қазақстан - ортақ мекеніміз СӨЖ

Сабақтың мақсаты: Қазақстан мәдениетінің алуан түрлілігін бағалау.

Міндеттері:

Қазақстанды мекендейтін этностардың мэдени мүрасына қызығушылығын дамыту;

әрбір адамның қайталанбас даралығын, ерекшелігін түсінуге үмтылысын қалыптастыру;

өз халқының дэстүрлерін жалғастыруға үмтылысын, талабын қалыптастыру.

Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, эндердің аудиожазбасы.

Тапсырма

Біздің еліміздің көпүлтты мәдениеті әрбір жеке тұлғаның өзіне тэн мэдени өмірімен танысуға мүмкіндік береді. Өзіңіздің студенттік тобыңызда қандай үлттардың өкілдері бар екеніне көңіл аударыңызшы? Сіздің өзіңіз қай этностың өкілісіз?

Өз этникалық мәдениетіңізді жан-жақты кең көлемде таныстыратындай дәрежеде шығармашылық жұмыс дайындаңыз. Шығармашылық жобаңызды өнердің кез келген саласы бойынша тандауыңызға болады, мысалы, эдебиеттен, бейнелеу өнері, қолданбалы қолөнері т.б.

Бұл тапсырманың орындалуының қорытындысы ретінде барлық шығармашылық жұмыстардың көрмесі-таныстыру рэсімі үйымдастырылады.

27-сабақ

Біз - Жер шарының үрпағымыз Лекция-әңгіме

Табиғатта не керемет күштер бар ғой десек те, Соның бәрі адамзаттан күшті емес деп есепте.

Софокл


Сабақтың мақсаты: адамзаттың ортақ үйі ретіндегі Жер планетасын қүрметтеу, бағалау сезімдерін дамыту. Міндеттер:

біздің планетамызда болып жатқан барлық өзгерістерге, әрекеттерге адамның өзінің қатысы бар екенін үғындыру;

- элемнің түтастығы және адамның, қоғам мен табиғаттың өзара тэуелділігі туралы түсінігін кеңейту және дамыту, тереңдету;

- диалог пен мәдениетаралык коммуникация дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, "Өзін-өзі тану" пәніне кіріспе" оқу құралы.

ЙХ Жерім менің

/ Сөзі Н.Назарбаевтікі

Әні Б. Тілеухановтікі

Байлығы қазағымның кең дал асы, Ырыстың үясындай сай саласы. Туған жер қасиетіңнен айналайын, Таусылмас үрпағымның қазынасы.

Қайырмасы: О-о-о, Жерім менің, Бабадан калған кең дала. Анам сенсің, мен балаң. Арым сенсің аялар, Беу, кең далам, Аманатым, кррғаным.

Жетісу жер жаннаты ғажабың-ай, Думаның, Сарыарқам бар базарындай. Арасы өр Алтай мен Атыраудың, Жаратқан бүйырыпты қазағым-ай.

Қайырмасы.

Өзелім . .

Әні Н.Тілендиевтікі

Сөзі Қ.Мырзалиевтікі

Келгенде көктемі, Көңілін гүл басқан. Шырағы көктегі, Жұлдызбен сырласқан. Өз елім менің-Өзегім менің, Жырыма қосып жүремш. Төрім деп менің, Жерім деп менің, Соғады мэңгі жүрегім.

Қайырмасы:

Түлегі сендер,

Тілегі сендер.

Тірегі сендер сол елдің.

Назары сендер,

Базары сендер,

Ажары сендер сол елдің.

Ақ күмбез астығы, Аскар боп өрлеген. Жалынды жастығы, Жүлдені бермеген. Өз елім менің, Жырыма қосып жүремін. Төрім деп менің, Жерім деп менің, Соғады мәңгі жүрегім.

Қайырмасы.

Бұзылмас қамалы, Батыры уақыттың. Тербеген самалы, Бесігін бақыттың. Өз елім менің -Өзегім менің. Жырыма қосып жүремін.

Төрім деп менің, Жырым деп менің, Соғады мэңгі жүрегім.

Қайырмасы.

®Адамның өзін-өзі тануы оның бүкіл адамзатқа, біздің ортақ үйіміз Жер планетасына қатыстылығын сезіну болып табылады. Әрбір адам Жерде болып жатқанның бәрі үшін өзінің жауапкершілігін түсінуі қажет.

Қазіргі уақытта күн тәртібінде шешілуі тиіс адамзат тағдыры, Жер үстінде өмірді, тіршілікті сақтап қалу тәрізді жаһандық мэселелер түр. Атап айтқанда: бейбітшілікті сақтау, соғыстарды болғызбау, этникалық және діни қақтығыстарға жол бермеу, экология мэселелері, энергияның жаңа көздерін табу, демография, кедейшілікпен күрес, халықаралық терроризм, әлеуметтік сипаттағы аурулардың кеңінен етек алуы (есірткіге тэуелділік, СПИД, туберкулез т.б.) сияқты мэселелер. Бұл мэселелерді, бэлкім, бүкілэлемдік қауымдастықтың бірлесіп күш жүмсауының арқасында ғана жеңуге болатын шығар.

Халықаралық үкіметтік емес үйым - Рим клубының негізін қалаушы, қазіргі заманның жаһандык мэселелерін зерттеумен және болжаумен айналысушы А.Печчеи антропогендік фактордың адамзат дамуының болашағына эсерін былайша сипаттайды: "Біздің бүкіл проблемаларымыз адамның бойында, онда біздің барлық үмтылыс-тарымыз бен мүдделеріміз, барлық бастаулар мен аяқталулар, барлық үмітіміз де адамның өзінде: ішінде және сыртында".

Қазіргі әлемнің басты ерекшеліктерінің бірі - адамзаттың біртүтас ақпарат және коммуникация кеңістігіндегі жан-жақты бірігуін білдіретін жаһандану үдерісі болып табылады. Жаһандану кезеңінде халықаралық аренада аса шапшандықпен қатал бэсекелестік өседі. Жаһандану әрбір адамға, қоғамға, мемлекеттерге "шақыру" тастайды, элемнің өзара байланысын нығайтады, сонымен бірге оны нәзік те, элсіз, осал жасайды.

Талқылауға арналған сүрақтар:

1. Адамзаттың қандай жаһандық мэселелері бізде, Қазақстанда көрініс тауып отыр?

2. Қазіргі уақыттың жаһандық мэселелерін шешудің қандай жолдарын білесіз?

3. Қазіргі жаһандану үдерісінің "плюстері" мен "минустарын" көрсетіңіз, олардың Қазақстанда қалай көрініс табатынын айтыңыз.

4. Жаһанданудан, адамзаттың жаһандық мэселелерінен тыс қалу мүмкін бе?

Тапсырма. Төмендегі айтылымдарға түсінік ( ~д ) беріңіз.

©Жаттығу "Terra incognita" Ойынның мақсаты - өзара түсіністікті қалыптастыру. Ойынның басында оқытушы студенттерге "аңыз" айтады: "Біз сіздермен қазір алые та беймэлім елдерге саяхатқа шыгу үйреншікті нәрсе болған кезенде өмір сүріп отырмыз. Сіз барған елде ешкім қазақша да, орысша да, ағылшынша да сөйлей алмайды деп елестетіңіз. Жергілікті түрғындардың тілі - сіз үшін жүмбақ. Бірақ, дегенмен де, сіздің жергілікті түрғындармен байланыс жасап, олармен тіл тауып, достасып кетуіңіз керек".

Студенттер екі топқа бөлінеді. Топтардың мүмкіндігінше бір-бірінен алыс отырғаны абзал (ең жақсысы - екінші топтың көрші бөлмеге шығып кеткені). Топтар өз орындарына кетпестен бүрын оқытушы оларға тапсырманы хабарлайды: "Сіздер екі топқа бөліндіңіздер. Енді әрбір топ - жеке мемлекет. Сіздерге мына сүрақтарды анықтап алу қажет: мемлекет қалай аталады, халқы кім, үраны мен девизі, рэміздері мен тілі, басты қызметі, әрекеті. Әрине, сіздер мүның бәрін ойлап табуларыңыз керек, нақты тілдердің сөздерін пайдаланбай, сол халыққа тэн қажетті сөздерді, қимыл, ишараттар, позаларды ойлап табу керек. Өздеріңіз таңдаған мемлекеттің аса күрделі емес заңдарын белгілеңіздер. Енді осы ақпараттың бәрін жинактап, көрермендер сіздердің халықтарыңыз туралы неғүрлым көп мағлүмат алатындай сахналық шағын көрініс дайындаңыздар. Бұл тапсырманы орындап болғаннан соң, сіздер басқа елге жіберу үшін екі елші дайындаңыздар. Олардың міндеті - сол мемлекеттің халқының мәдениетімен танысып, түсініп, ол мемлекеттің "азаматтарымен" достасу. Олар осы ел туралы мейлінше мол ақпарат жинаулары тиіс.

Әрбір елдің елшілері екінші елге кезекпен аттанады: алдымен бірінші топтың елшілері барып сол елдің халқымен өзара қарым-катынасқа түседі, ал топтың қалған мүшелері бақылаушы ретінде қатысады. Бүдан кейін елшілер өздері барған мемлекет туралы білген, алған мәліметін хабарлайды. Елшілер үшін шетелде сапармен болған кездерінде орындауға тиіс қарапайым тапсырмалар даярлауға болады: мысалы, көмектесуді өтіну немесе бір объектінің қай жерде екенін анықтау т.с.с.

©Талқылауға арналған сүрақтар: 1. Елшілердің бейтаныс елден алған алғашқы эсері қандай болды?

2. Екінші мемлекеттің "азаматтары" елдеріне қонактар келгенде өздерін қалай сезінді?

3. Өзара түсінісіп, тіл табысуда қандай киындықтар кездесті?

4. Ортақ тіл табысу жеңіл болды ма, элде қиын болды ма?

5. Елдердің бірін-бірі түсінуіне не көмектесті?

6. Сіздің шетелде болған кезіңізде өзіңіз білетін тілдер көмектесе алмаған жағдай болды ма? Өзіңіздің алған эсерлеріңізді суреттеп беріңіз.

7. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған адамдардың бір-бірін түсінісуіне жәрдемдесетін не және керісінше, олардың өзара түсінісуіне қандай жағдай кедергі жасайды?

Хрестоматияда берілген материалмен танысыңыздар.

®

§Әрбір адам жай ғана индивид, отбасының, ру мен тайпаның, үлттың өкілі және мемлекеттің азаматы ғана емес, бүкіл адамзаттың кішкентай бөлшегі, Жердің түрғыны болып табылады. Адамзат өркениетінің бүгіні мен ертеңі біздің бәрімізге және әрқайсымызға, біздің әрекетімізге немесе әрекетсіздігімізге байланысты, соған қатысты екенін есте сақтауымыз керек.



ЛмК Жер - біздің ортақ үйіміз

^<-У Жер басып жүрміз бәріміз,

Ол біздің ортақ үйіміз. Мэңгілік келген сәніміз, Табигат берген сыйымыз.

Бүзбасын ешкім сәнімді, Жүректе нала қалмасын. Ауыртып менің жанымды, Үйімде соғыс болмасын!

Жер басып жүрміз бәріміз, Ол біздің ортақ үйіміз. Әуелеп шықсын әніміз, Күмбірлеп шықсын күйіміз.

Көбейсін тойлар елімде, Даламыз нүрмен көгерсін. Кіршіксіз ашық көгімде Шарықтап үшсын көгершін.

Күн төккен ғажап шуаққа, Жайсыншы сэби алақан. Болсыншы нүрға бала таң, Атсыншы күліп жаңа таң.

Көк белдің кешіп шалғынын, Көктемнің көріп жаңбырын. Сіміріп өстім таң нүрын, Ризамын саған, тағдырым!

Шаттыққа шексіз бөленіп, Адамға сенсін бүгін ел. Жақсылықпенен көгеріп, Дөңгелей берсін жүмыр жер.

(Ацылбек Шаяхмет)

28-сабақ

Біз - Жер шарының үрпағымыз СӨЖ

Сабақтың мақсаты: адамзаттың ортақ үйі ретіндегі Жер планетасын бағалау, сақтау сезімін дамыту. Міндеттер:

қазіргі уақыттағы жаһандық мэселелерді шешуге өз үлесін қосуға үмтылысын дамыту;

қазіргі элем және адамзат қауымының өзара тэуелділігі туралы түсінігін тереңдету;

- жаһандық мэселелерді түсініп, оларды шешу қабілетін дамыту, жобалау әрекетінің дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың жабдықталуы: студент дәптері, хрестоматия, аудиоматериалдар.

Тапсырма


Адамзат әрекетінің әр түрлі саласындағы қандай мэселелер бүкіл элемде аландаушылық туғызып отырғанын аңғарасыздар ма? Осы мэселелердің қайсысы сіздерге жақын? Өзіңізді толғандыратын бір мэселені тандап алып, оны шешудің қандай жолын үсынатыныңызды айтыңыз. Мэселені шешудің жобасын жасаңыздар, ол өте қымбатқа түсетін болуы мүмкін, бірақ сіз қалай болғанда да өз жобаңызды толық сипаттап жазыңыз. Мүмкіндігінше өз жобаңызды таныстыруда сіздің ойыңызды, идеяңызды тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін көрнекі материалдарды пайдалануға тырысыңыз.

29-сабақ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет