БАҒдарламасы (силлабус) Пән Өзін-өзі тану Мамандығы : Педагогикалық мамандықтар


Студенттердің өздік жұмысы аясындағы сабақтар



бет2/10
Дата11.01.2017
өлшемі3,52 Mb.
#6933
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

7.Студенттердің өздік жұмысы аясындағы сабақтар

7.1



Тапсырма беру аптасының нөмірі

Сабақ тақырыбы

СӨЖ

тапсырмасы



Ұсынылатын әдебиет

ОБСӨЖ-дегі бақылау түрі

Тапсыру мерзімі аптасының нөмірі

1

2

3

4

5

6

1-2 апта

Менің жан дүнием


Менің жан дүнием


Хрестоматия және дәптер

Ауызша, конспект

1-2 апта

3- апта

Адам тарих ағымында

Адам тарих ағымында

Хрестоматия және дәптер

Ауызша, конспект

3- апта

4 апта

Өзара түсіністік және достық

Өзара түсіністік және достық

Хрестоматия және дәптер

Баяндама

4 апта

5-6 апта

Мен және Сен

Мен және Сен

Хрестоматия және дәптер

Пікірталас

5-6 апта

7 апта

Қазақстан - біздің ортақ мекеніміз

Қазақстан - біздің ортақ мекеніміз

Хрестоматия және дәптер

Ауызша,

7 апта

8 апта

Біз - Жер шарының үрпағымыз

Біз - Жер шарының үрпағымыз

Хрестоматия және дәптер

Ауызша,

8 апта

9 апта

Байлық пен кедейлік туралы диалог

Байлық пен кедейлік туралы диалог

Хрестоматия және дәптер

Ауызша, эссе

9 апта

10 апта

Қазіргі бұкаралық мәдениет және жеке тұлға

Қазіргі бұкаралық мәдениет және жеке тұлға

Хрестоматия және дәптер

Ауызша,

10 апта

11 апта

Замандастарымыз -мақтанышымыз

Замандастарымыз -мақтанышымыз

Хрестоматия және дәптер

Ауызша,

11 апта

12 апта

Табиғат әлемі

Табиғат әлемі

Хрестоматия және дәптер

шығарма

12 апта

13 апта

Өнердің таңғажайып күші

Өнердің таңғажайып күші

Хрестоматия және дәптер

Ауызша, конспект

13 апта

14 апта

Айналаңа көз салсаң

Айналаңа көз салсаң

Хрестоматия және дәптер

Ауызша,

14 апта

15 апта

Шығармашылық куанышы

Шығармашылық куанышы

Хрестоматия және дәптер

Ауызша

15 апта




  1. Баға бойынша ақпарат

Бақылау түрлері (ағымдық,аралық,қорытынды)

Бақылау әдістері (сұрақ, жазба жұмыстары, тесттер)

9. Бағаны қою саясаты

Бағаны қою саясаты 100 балдық (100 %) жүйеге негізделген және бағалардың төмендегідей бөлінуін қарастырады


Бағалау баламасы

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Сандық балама

Балдардың пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,00

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,00

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,00

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,00

50-54

Ғ

0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз

10. Оқу пәні мен академиялық әдеп саясаты

сабақтарға қатысу;

сабақтағы тәртіп ережелері;

көтермелеу және талап ету.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті


«БЕКІТЕМІН»

Кафедра меңгерушісі

______ ____________

(қолы) (а.т.ж.)

Хаттама № _____

«____»______ 20 ___ж.




БАҚЫЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ

______ауызша__________________

/ Бақылау түрі /
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша
Мамандық : Педагогикалық мамандықтар

(шифр)


Курс - __2____, семестр ___3_________

Оқу формасы ______күндізгі_______


Көкшетау 2012 ж.


Өзінді тану.

  1. Тұлға және тұлғаның өзіндік белсенділігі сипаттамасын беріңіз .

  2. Қарым – қатынас шеңбері: Достық, жолдастық.

  3. Өмір ең маңызды құндылық. Адамның өмір сүру уақыты, оның маңыздылығы. Қайғыру, раххаттану.

  4. Адам.Адамгершілік. Адам болудың басы жақсылық жасаудаң басталады.

  5. Абай Құнанбаевтің қара сөздері. 17-қара сөзі.

  6. Жеке адамның өмірлік ұстанымы. Өзін-өзі тәрбелеу процесі.

  7. Өзін-өзі жетілдіру.Жеке адамның өзін-өзі жетілдіру жолдары

  8. Мейірімділік.Мейірімділік-жеке адамның жоғары адамгершілік белгісі.Өмірден мысал келтіру.

  9. Қабілет. Адам іс-әрекетінің манызды формасы ретінде

  10. Жағымды және жағымсыз қылықтар.

  11. Әдет дегеніміз не?

  12. Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар.

  13. Тұлға ретінде болашаққа қосатын үлесі қандай болу керек?

  14. Байлық пен кедейліктің мағынасын түсіндіріңіздер?

  15. Сабырлылық ұғымы.

  16. Өмір мен өмірдің мәні.Өмірдің қарама – қайшылықтары.

  17. Қарым – қатынас өнері. Қарым – қатынас тәсілдері мен қырлары.

  18. Жеке тұлға кім? Толық сипаттама беріңіз.

  19. Мінез. Мінез бітістері.

  20. Өмірдің жарқын болатынына сену. Белсенділік пен өзінділік іс-әрекет өз мақсатын жүзеге асыру негізі.

  21. Темперамент. Темпераменттің әр түрлі типтері жалпы сипаттамалары.

  22. Жеке тұлғаның қоғамдық пәнің қалай түсінуге болады.

  23. Жеке тұлғаның қалыптасуында сенім мен мұрат қандай маныз алады?

  24. Дүниетаным дегеніміз не?

  25. Бейімділік пен қызығу және олрадың бір- бірінең айырмашылығы неде.

  26. Қарым-қатынас мәдениетіне қалай жетуге болады.

  27. Қандай адамды толық мінезді дейміз.

  28. сіз өзіңізді қандай жолдармен, әдіс-тәсілдермен тәрбиелеп жүрсіз.

  29. Әдептілік, әдеп сақтау.

  30. Отансүйгіштік.

Н.4.02-05

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

БЕКІТЕМІН

Кафедра отырысы шешімімен

Кафедра меңгерушісі

___________ _______________

(қолы) (аты-жөні, тегі)

5В012300 -Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану, 5В010100 -Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 5В010200-Бастауыш оқытудың әдістемесі мен педагогикасы, 5В010900 -Математика, 5В011200-Химия, 5В011300- Биология, 5В011400-Тарих, 5В011600-География, 5В012000-Кәсіби оқыту, 5В010700-Бейнелеу өнері мен сызу, 5В011900-Шетел тілі, екі шет тілі

(мамандық шифры, атауы)


Әлеуметтік психология пәні бойынша

(атауы)


Емтихан сұрақтарының

Т І З Б Е С І
1 бөлім

  1. Адамның өзін-өзі тану мәселесін философиялық тұрғыдан пайымдаудың негізгі тарихи кезеңдері

  2. Орта ғасыр адамының коршаған ортаға деген көзқарасының ерекшеліктері

  3. Немістің класссикалық философиясында өзін-өзі тану мәселесі

  4. Орыс философиясында өзін-өзі тану мәселесі.

  5. Қазақтың XIX ғасырдағы Ағартушылық классиктерінің (Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы.Алтынсарин) антропо­центризмі мен гуманизмі туралы

  6. Қазақ философиясындағы өзін-өзі тану мәселесін пайымдаудың негізгі тарихи кезендерін сипаттаңыздар

  7. Кун-Цзы құрған «моральдың алтын ережелерін» (адамгершілік императив) атаңыздар.

  8. Қабілет. Адам іс-әрекетінің манызды формасы ретінде

  9. Жағымды және жағымсыз қылықтар.

  10. Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар.

  11. Тұлға ретінде болашаққа қосатын үлесі қандай болу керек?

  12. Байлық пен кедейліктің мағынасын түсіндіріңіздер?

  13. Өмір мен өмірдің мәні.Өмірдің қарама – қайшылықтары.

  14. Қарым – қатынас өнері. Қарым – қатынас тәсілдері мен қырлары.

  15. Жеке тұлға кім? Толық сипаттама беріңіз.

  16. Тұлғаның өзін-өзі жетілдіру үдерісіндегі өзіндік сана-сезімнің рөлі қандай?

  17. Мінез. Мінез бітістері.

  18. «Тұлға» ұғымын қалай түсінесіз? Тұлғаның өздігінен жүзеге асуы қалай көрінеді?

  19. Өмірдің жарқын болатынына сену. Белсенділік пен өзінділік іс-әрекет өз мақсатын жүзеге асыру негізі.

  20. Темперамент. Темпераменттің әр түрлі типтері жалпы сипаттамалары.

  21. Адамның сана-сезімінің қалыптасуы қалай жүзеге асады?

  22. Жеке тұлғаның қоғамдық пәнің қалай түсінуге болады.

  23. Жеке тұлғаның қалыптасуында сенім мен мұрат қандай маныз алады?

  24. Тұлғалық өсу үдерісінің мәнісі неде және оның өзін-өзі танумен байланысы.

  25. Бейімділік пен қызығу және олардың бір- бірінен айырмашылығы неде.

  26. Тұлғаның гуманистік басты идеясы.

  27. Қарым-қатынас мәдениетіне қалай жетуге болады.

  28. Адамның тұлғалық қалыптасу үдерісіндегі мәдениеттің рөлі.

  29. Қандай адамды толық мінезді дейміз.

  30. «Өзін-өзі тану» курсы ересек тұлғаның үйлесімді дамуына қалай ықпал етеді?

  31. Сіз өзіңізді қандай жолдармен, әдіс-тәсілдермен тәрбиелеп жүрсіз.

  32. Әл-Фарабидің адам тәрбиесі туралы идеялары.

  33. «Адам», «индивид», «тұлға» ұғымдарының бір-бірімен қандай байланыстары бар?

  34. Тұлға және тұлғаның өзіндік белсенділігі сипаттамасын беріңіз .

  35. Қарым – қатынас шеңбері: Достық, жолдастық.

  36. Өмір ең маңызды құндылық. Адамның өмір сүру уақыты, оның маңыздылығы. Қайғыру, рахаттану.

  37. Адам.Адамгершілік. Адам болудың басы жақсылық жасаудаң басталады.

  38. Абай Құнанбаевтің қара сөздері. 17-қара сөзі.

  39. Жеке адамның өмірлік ұстанымы. Өзін-өзі тәрбелеу процесі.

  40. Өзін-өзі жетілдіру. Жеке адамның өзін-өзі жетілдіру жолдары

  41. Мейірімділік.Мейірімділік-жеке адамның жоғары адамгершілік белгісі.Өмірден мысал келтіру.

  42. Адамның өмір сүру уақыты, оның маңыздылығы. Қайғыру, рахаттану.

  43. Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар.

  44. Адамгершілік. Адам болудың басы жақсылық жасаудаң басталады.

  45. Махаббат сезімдері.Махаббат және ғашықтық. Әйел мен ерлерге тән қасиеттер.

  46. Орта ғасырлардағы исламдық педагогикалық ойлар. Ұлы дала ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері (Қорқыт- Ата, Қ.А. Иассауи).

  47. Қазақ жырауларының (Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұхар жырау) жырларының тәрбиелік-қолданбалы және идеялық-эстетикалық мәні.

  48. Ересек өміріндегі мінез- құлық үлгілері. Имидж

  49. Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәні.

  50. Үйлесімділік пен қақтығыс. Қақтығыстың жағымды , жағымсыз жақтары және шешу жолдары. Қақтығыс жағдайындағы әдіс-амалдардың сипаттамасы.

2-бөлім Төмендегі пікірлерге түсініктеме беріңіздер

  1. «Өз жанына көп үңілген жан қателігін тез сезеді, еріксіз салмақты болады, бәрін білем демейді, көкірек кермейді». (К.Гельвеций).

  2. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылық». (Абай)

  3. «Өзін-өзі таныған адам - өзінің жендеті» (Ницше).

  4. Өмір сүру адам мәнінің бастамасы болады» (Ж.­П.Сартр).

  5. «Ешкім де өзіне-өзі баға беруді үйренбей тұрып, басқаларды бағалай алмайды». (И.Гете)

  6. «Ойлау танданудан басталады».(Аристотель)

  7. «Өзіңді-өзің тану - даналықтың бірінші шарты». (К.Маркс)

  8. «Адамның танымы неғүрлым биіктей берген сайын, дүниенің көкжиегі де соғұрлым кеңейе бермек ». (А.Н.Радищев).

  9. «Өмір сүру адам мәнінің бастамасы болады» (Ж.­П.Сартр).

  10. Адам - «аяқталмаған жэне толық емес» тіршілік иесі» (Э.Фромм).

  11. «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нүрлы ақыл, жылы жүрек». (Абай)

  12. «Ойлай алғаным - өмір сүргенім» (Декарт).

  13. «Ой жетпейтін жер болмайды». (Б.Момышұлы)

  14. «Адам бұл, бірінші кезекте — ақыл» (Аристотель).

  15. «Шамадан тыс құштарлық ер адамнан гөрі балаға тән». (Демокрит).

  16. «Адамда нағыз адам болудан басқа мақсат болуы мүмкін емес». (Л.Шефер).

  17. «Жақсы ойдың тууы қандай қиын болса, өлуі де оңай емес.Қиыннан туған ой ғана үзақ жасай алады». (Г.Мүсірепов)

  18. Тұлға болып туылмайды, түлға болып қалыптасады» (А. Леонтьев).

  19. «Еркіндік - танылған қажеттілік» (Спиноза).

  20. «Адам - түпсіз түңғиық, оның сезімі мен жүрек дүрсілінен гөрі шашын санау оңай». (Августин Блаженный).

  21. Қайырымдылык дегеніміз - білім» (Сократ).

  22. «Адам өзінің еркін шешімдерінің кескіні тәрізді» (Ж.­П.Сартр).

  23. «Ойлай алғаным - өмір сүргенім» (Декарт).

  24. «Ең қиын іс - өзіңці өзің тану, ең оңай іс - басқаға ақыл айту». (Фалес)

  25. «Өзіңді-өзің тани біл» (Сократ).

КІРІСПЕ


Қазақстанның элемдегі барынша дамыған және бэсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіру стратегиясының шешуші басымдықтарының бірі - осы заманғы білім мен озық ғылымды дамыту болып табылады. Білім беруді дамыту векторы адам мен адамзаттың толыққанды өмір сүруінің басты шарты ретінде алынған руханилықпен анықталатын өмір сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Білім берудің жаңа парадигмасы болашақ мамандардың кәсіби даярлығын жүзеге асыру технологиясы мен әдістемесін жобалау, жасау және бағалаудың кәсіби біліктілігі мен интеграциясын талап етеді.

"Өзін-өзі тану" пәні жоғары кәсіби білім беру бағдарламасының жалпыға міндетті пэндері қатарына кіріп, адамның рухани мүмкіндіктерін дамыту, байыту; адамгершілік-рухани жағынан бай адамды, мәдениет пен әлеуметтік шығармашылық субъектісін қалыптастыру мақсатын көздейді.

Студенттік жылдары болашақ маманның жеке тұлға ретінде интенсивті дамуы мен кәсіби қалыптасуы жүзеге асады. Жас адамның мінез-қүлық ерекшелігі айқындалып, азаматтық сана-сезімі қалыптасады. Гендерлік сәйкестікке, сонымен бірге жыныстық-рөлдік қатынастардың өзгеруіне негізделген сезімдік-эмоцоналдық қарым-қатынас саласы кеңейеді.

Өзін-өзі тану өмірдің адам үшін маңызды аспектілерін актуалдандырып, әрбір адамның жалпыбілімдік мүмкіндіктерін мейлінше кеңейтуге жағдай туғызады, атап айтқанда: жынысы, жасы, анатомиялық және психологиялық кажеттіліктері, тума қабілеттері мен бейімділігі, қажеттіліктері мен сұраныстары, мотивтері мен әр түрлі мэдени сипаттағы (этникалық, конфессиялық, гендерлік т.б.) қызығу шыл ықтары.

Жалпыға міндетті жаңа пэн арқылы әрбір адам өзінің даралығы мен бейімділігін танып, анықтайды, жалпыадамзаттық, жалпыүлттық қазақстандық идеалдармен сәйкес келетін өзінің жеке қүндылықтарының жүйесін қалыптастыра алады. Өзін-өзі тану өмірлік мәні бар мэселелерді қарастыра отырып, болашақ мамандардың ерекше мэдени кодтар және образдар арқылы жаңа тэжірибелер үшін ашықтық, әлеуметтік жауапкершілік, басқа адамдарды қабылдап, түсіну, шығармашылық белсенділік және өмірді оптимистік қабылдау мен өзін түсініп, танып-білуге непзделген даралық және кәсіби өсуіне жағдай жасап, көмектеседі.

Өзін-өзі тану бойынша сабақтан тыс эрекет күнделікті өмірде алған білімді іс жүзінде қолдану арқылы қоғам үшін белсенді қызмет етуді көздейді.

"Өзін-өзі тану" пэнінің мақсаты: болашақ мамандардың ізгілікті дүниетанымын дамыту, олардың өзін жэне қоршаған ортаны бағалай білу қабілетін дамыту.

Міндеттері:

- студенттердің өзін-өзі тануы мен шығармашылық өзін-өзі іске асыру қажеттілігін дамыту;

- элемнің түтастық картинасын қалыптастыру, жалпыадамзаттык қүндылықтардың мэнін түсінуіне көмектесу;

- оқу, өмірлік жэне кэсіби жағдаяттарда адамгершілік сезімін қалыптастыру.

"Өзін-өзі тану" пэнін оқып үйрену барысында студенттердің меңгеретін біліктері:

- элемнің түтастығын, адам, қоғам жэне табиғаттың өзара тэуелділігін түсіну;

- адам қүндылықтарын, оның өмірі мен қадір-қасиетін, қүқықтары мен еркіндігін түсіну, жалпыаздамзаттық қүндылықтарды сактау;

шын мэніндегі азамат болу, өз Отаны - Қазақстан Республикасын сүю;

- қоғамдағы өз рөлі мен орнын түсініп, білу, өзін-өзі шығармашылық жағынан мейлінше толық көрсетуі;

- тарихты, отандық жэне элемдік мэдени мүраны бағалау;

- элемді жэне өзін-өзі тануда жасампаздық белсенділік таныту; -өмірлік жэне кэсіби жағдайларда адамгершілік критерийлерін

басшылыққа алу;

адамдармен қарым-қатынаста позитивті болып, басқа көзқарастагы жэне наным-сенімдегі адамдарға толерантты болу, төзімділік таныту;

- адам өміріндегі отбасының қүндылығын, мэні мен маңызын түсіну;

- табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау;

- салауатты өмір салтын үстану, өзінің физикалық жэне эмоционалды-рухани жағдайын қалыпта үстау.

"Өзін-өзі тану" пэні гуманитарлық циклдің басқа пэндері -Қазақстан тарихымен, Философиямен, Мэдениеттанумен, Этикамен, Эстетикамен, Дінтану, Психология, Педагогикамен тығыз байланысты.

Жоғарғы мектепте "Өзін-өзі тану" пэні бағдарламасының мазмүнын зияткерлік, этикалық (этикет жэне өмір этикасы), эстетикалық тэрізді адам руханилығының басты аспектілері қүрайды. Осыған орай 4 тақырыптық бөлім анықталды:

1. "Бақыттың кілті өз қолыңда"

2. "Адами құндылықтар"

3. "Өмір әдебі"

4. "Әлем, неткен әсем ең!"

"Бақыттың кілті өз ңолыңда" деп аталатын бірінші бөлімнің мақсаты - студенттерге өзін-өзі тану мен өмір бойы өздігінен білімін жетілдірудің қажеттілігін түсінуге, сезінуге көмектесу; өзінің өсу процесінен қанағаттанғандық сезіну; мэңгілік адами ақиқатты танып-білуге үмтылуы. Өмірдің этикалық аспектілері мен студенттердің кэсіби эрекетін қарастыру барысында өмірлік маңызды, мэнді мэселелер мен адам өмірінің мақсаты мен мүратының рефлексиясы жүзеге асырылады.

"Адами құндылықтар" атты екінші бөлімде студенттер өзара карым-қатынастың қуанышын түсініп, достықты, отбасын қүрметтеп, студенттік немесе кэсіби үжымда өзара түсіністікті, татулық пен келісімді бағалай білуге үйренеді. Бүл орайда басты назар студенттік топта тілектестік қарым-қатынасты орнату біліктілігін дамытуға аударылады.

Үшінші бөлім "Өмір эдебі" деп аталады, адам дүниесінің, элемінің нағыз көріністерімен таныстырады: сезімдері, күйзелісі, ізгілікті қасиеттері мен мінез-қүлық сипаты. Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінігін терендете отырып, студенттер күнделікті өмірде жэне кэсіби эрекетінде өздерінің адамгершілік нормаларын сақтау жауапкершілігінің терендігін сезінеді.

"Элем, неткен әсем ең!" атты бөлім қоршаған орта мен жалпы әлемге жол ашады, адамның әсемдікке, сүлулыққа қажеттілігін тэрбиелеп, өзімен жэне табиғатпен үйлестікте өмірдің шынайы толық мэні мен шығармашылық қуанышын сезініп, түсінуге көмектеседі.

Өзін-өзі тану бойынша оқу-әдістемелік кешенін дайындаушылар °ны жоғарғы мектептегі оқыту процесінің жүзеге асырылуының моделін алдын ала анықтайтын студенттердің рухани-адамгершілік және эмоционалдық дамуының көзі, бастауы ретінде қарастырады. %л білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін "Өзін-өзі тану" пәніне кіріспе", Студент дэптері, Хрестоматия, Педагогке арналған әдістемелік құрал, "Өзін-өзі тану" пәнін жоғарғы мектепте оқытудың әдістемесі" атты құралдар дайындалды.

"Өзін-өзі тану" пәнінің мақсаты мен ерекшелігін айқын аңғару құралды дайындаушыларға оның мазмүнын егжей-тегжейлі қарастырып, мэтіндерді тандау мен оларды жазуда студенттердің талқылауы үшін арнайы мәтіндерді жазуға немесе оларды тандап, сүрыптауға мүмкіндік берді.

"Өзін-өзі тану" пәнінің мазмүнын анықтау студенттердің әр түрлі әрекетін модельдеу негізінде жүзеге асырылды. Курстың дүниетанымдық бағыты мэтіндерді оқығаннан кейінгі берілетін сүрақтар мен тапсырмалар арқылы қамтамасыз етіледі. Оқу материалының мазмүны студенттердің көкейкесті қажеттіліктері мен танымдық қызығушылықтарын, олардың эмоционалдық-қүндылық көрінісінің кең аукымды диапазонын актуалдандырады.

"Өзін-өзі тану" пәнінің технологиясы оқу-әдістемелік кешенде образды, символдық және эсерлі тэсілдер арқылы іске асырылуын көздейді. Студенттердің оқу әрекетін үйымдастырудың дайындау-шылардың үсынған әдістемелік амалдары студенттердіц өзін-өзі тануына, түсінуіне, айналасындағы адамдармен үйлесімді, сәйкес қарым-қатынас орнатуына жағдай жасайды.

Студенттердің "Өзін-өзі тану" пәні бойынша оқу жүктемесі 1 кредитті қүрайды (30 сағаттық аудиториялық сабақ - лекция-эңгімелер, студенттердің оқытушымен өздік жұмысы; 15 сағат -студенттердің өздік жұмысы). Сабактар кредиттік технология талаптарына сәйкес өткізіледі.

Үсынылып отырған оқу-әдістемелік кешенін дайындаушылар кредиттік технологияның талаптарын мейлінше сақтап отыруға тырысты, оның басты мақсаты - қазіргі заманның өзгермелі жағдайларында өзінің кәсіби әрекетін табысты жүргізетін дербес тұлғаны қалыптастыру. Оқытудың кредиттік жүйесі оқытушыдан шығармашылық бастаманы талап етеді, оқытудың интерактивті эдістерін қолдап, қүптайды, оқытудың топтық және жеке түрлерін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін әр түрлі дидактикалық материалдарды қолдануды талап етеді.

Өзін-өзі тану сабақтары аудио- және бейнетехникамен, көрнекі және дидактикалық материалдармен жабдықталған арнайы кабинеттерде өткізіледі. Сабақтардың ерекшелігі - педагогтің студенттермен жеке тілдесуі, оның барысында болашақ мамандар өздері мен өзгелердің адами істеріне баға береді, адамдардың шын мәнінде қандай екенін танып, оларға қайырымдылық, төзімділікті білдіруге үйренеді.

Оқу-әдістемелік кешенді дайындаушылар пэннің ерекшелігін ескеретін интерактивтік эдістерді қолдануды көздейді. Осыған байланысты жағдаяттар үлгілері беріледі, оларда әрекеттердің мәні мен мақсатын аныктау мақсаты қойылады, адамгершілікті шешімдер таңдау және іздеу, өзі мен өзгенің әрекеттеріне баға беру, мінез-қүлықтың әр түрлі модельдерін өздері мен өзгелерде проекциялау.

Өзін-өзі тануды оқыту барысында әдістемелік тэсілдер мен амалдар пэннің ерекшелігін ескере отырып, қолданылады.

"Шаттық шеңбері" - сабақтың басында қолданылатын әдістемелік тэсіл. Педагог студенттермен бір-бірімен еркін тілдесетін шеңбер қүрып түрады. "Шаттық шеңберінде" сабактың тақырыбына сәйкес сэлемдесудің әр түрі қолданылады. Бұл шеңбердің педагогикалық мәні - әрбір студенттің сенімділікті және жалпы элем мен қоршаған айналасына ашықтьщ жағдайын сезінуінде. Өзін-өзі тану сабақтарының осы компоненті студенттік топта позитивті бағыт-багдар мен шығармашылық жағдайын қалыптастырып, әлеуметтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

"Лекция-әңгіме" - лекция жүргізудің интерактивті түрі, белгілі бір тақырып бойынша педагогтің кысқаша хабарламасынан кейін студенттер сүрақтар қою арқылы тақырыптың мазмүнын ашуға белсенді түрде кіріседі. Әрбір студент өз пікірін айтады, тақырыпқа байланысты өз ойын білдіреді, өзін тоғандыратын сүрақтарды қоя алады. Педагог студенттердің ой толғау қабілеттерін дамытуға, қарастырылып отырған мэселелер бойынша өз ойын ашық айтуға жетелейді.

"Берілген таңырып бойынша ой толгау" - сабақтың бұл элементі барысында адамзаттың атақты ойшылдарының даналық сөздері мен афоризмдеріне түсініктеме беру үсынылады. Студенттер өздері үшін маңызды ақиқатқа жету жолында өз ойларын, сезімдерін ортаға салып, талқылауға қатысады.

"Даналық тагылымы" хрестоматияда берілген материалдарды, атакты ойшылдар мен философтардың, белгілі ғалымдардың, акын-жазушылардың айтқан ойларының кең палитрасын қамтиды.

"Өзіңмен бір сәт қалганда" - бұл тэсіл студентке өзінің ішкі элеміне бір сәт көз жіберіп, оны түсініп, тыңдауға мүмкіндік береді. Тэсіл позитивті эмоцияларды, сезімдерді, рефлексияға қабілетті дамытуға көмектеседі. Эмоционалдық эсер ету тақырыпқа сәйкес аудиоқатарды қолдану арқылы күшейтілуі мүмкін (классикалык музыканы т.б. тыңдау).

"Ойын", "Жаттыгу" - тэсілдері арқылы оқу материалдары студенттің жеке тэжірибесінде көрініс табады. Ойындар мен жаттығулар арқылы болашақ мамандар элеуметтік мэні бар, маңызды компетенциялар мен өмірлік дағдыларды қалыптастырады.

"Пікірталас" - топтың эрбір мүшесі қатыса отырып, берілген тақырып бойынша өз пікірін білдіріп, эрбір адамның позициясын, багыт-бағдарын анықтауға мүмкіндік беретін әдістемелік тэсіл.

"Бейнематериалдарды (фильмдерден үзінді т.б.) қарау" -оқыту процесінде көркем образдарды пайдалану, киноискусствоның эмоционалдық эсері арқылы студенттерге адам өмірінің адамгершілік жақтарын жэне кәсіби эрекетін түсінуді күшейтеді.

"Шыгармашылъщ әрекет" - өзін-өзі тану сабақтарының маңызды қүрамдас бөлігі, ол студенттердің шығармашылық элеуетін ашуға мүмкіндік беретін әдістемелік тэсіл. Дэптерде эр түрлі өздік жэне үжымдық эрекетті орындауды көздейді: эссе, шығарма жазып, тестілерді орындау.

"Рефлексия" - студенттердің сабақ барысы мен нэтижелерін талқылауы, бүл оларды таным мен өзін-өзі тануға, ақиқатты іздеуде, табуда одан эрі эрекетке жұмылдырады.

"Педагогтің цорытындылауы" - сабақтың нэтижелерін қорытындылаудың әдістемелік тэсілі, педагог оқытылып отырған материалдың аса маңызды деген түстарына ерекше назар аудартады.

"Журектен жүрекке" шеңбері" - сабақты аяқтайтын әдістемелік тэсіл, бүл кезенде пікір алысу, эрбір студенттің эмоционалдық жағдайын анықтау, олардың тақырыпты түсініп, игеру деңгейі анықталады.

Қүрметті оңытушылар!

Бүл әдістемелік қүрал сіздерге студенттермен қызықты шығармашылық жүмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Қүралда сабақтардың әдістемелік өндеулері берілген, олар сіздердің педагогикалық қызметтеріңізде көмек береді деген сенімдеміз.

Сіздерге шығармашылық табыстар тілейміз жэне ынтымақ-тастыққа шақырамыз! ¥сыныс, тілектеріңізді мына мекенжайға жіберулеріңізді өтінеміз: 050027 Алматы қаласы, Бостандық ауданы, "Дарын-1" шағынауданы, №47 үй. "Бөбек" Ұлттық орталығының Адамның үйлесімді даму институты.

Шартты белгілер



"ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ" ПӘНІ БОЙЫНША КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР (1 КУРС)



БӨЛІМНІҢ

Сабак-

Оку сабақтарыныц тақырыбы

Сабақтардың түрі

АТАУЫ

тың №




Лекции

соөж

сөж




1

Студенттік өмір -қайталанбас сәт

1










2-5

Менің жан дүнием

2

2




1. Бақыт-тың кілті өз

6

Менің жүрек калауым

1







қолыңда

7

Болашақ бүгіннен басталады




1







8-10

Адам тарих ағымында

1




2




11-12

Тілдесу мәдениеті

1

1







13-15

Өзара түсіністік және достық




2

1




16

Ата-ананың кара шаңырағы




1




2. Адами құндылық-тар

17

Махаббат шуағы

1







18

Махаббат-ер жүректің үрдісі




1




19-23

Мен және Сен

1

2

2




24

Рухани келісім

1










25-26

Қазақстан - біздің ортақ мекеніміз

1




1




27-29

Біз - Жер шарының үрпағымыз

1

1

1




30

Әлемді

кайырымдылықпен сактайық



1










31-32

Байлық пен кедейлік туралы диалог

1




1

3. Өмір әдебі

33-35

Қазіргі бұкаралық мәдениет және жеке тұлға




1

2




36

Замандастарымыз -мақтанышымыз







1




37

Еркін болу кұкығы

1










38-39

Табиғат элемі




1

1

4. Әлем,

40-42

Өнердің таңғажайып күші

1

1

1

неткен әсем

43

Айналаңа көз салсаң







1

ең!

44-45

Шығармашылық куанышы




1

1

Барлығы:







15

15

15

Жиынтығы:

45

1 - БӨЛІМ БАҚЫТТЫҢ КІЛТІ ӨЗ ҚОЛЫҢДА

1 -сабақ

Студенттік өмір - қайталанбас сәт Лекция-әңгіме

Болмасаң да үқсап бақ, Бір ғапымды көрсеңіз. Он дай болмақ қайда деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Абай


Ең киын іс - өзіңді-өзің тану, Ең оңай іс - басқаға ақыл айту.

Фалес


Сабақтың мақсаты: адамның өзі мен қоршаған ортаны тану, бағалау қабілетін дамыту. Міндеттер:

- тұлғаның өзін-өзі тануға және өзін толықтай іс жүзінде корсете алуға үмтылыстарын одан әрі дамытуына көмектесу;

- қазіргі элемде адамның рөлі мен оның өзін шығармашылықпен іске асыру мүмкіндіктері туралы түсініктерін терендету;

- рефлексия мен өзін өзі таныстыру дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, "Өзін-өзі тану" пәніне кіріспе" оқу құралы, "Студенттер" өлеңі.

Студенттер

Басталмаған қаланың дастаны элі

Бірінші жыл

Дала деп жас тамады.

Бірінші жыл ауылы естен кетпей,

Бесінші жыл қимайды астананы.

Бес жыл бойы қызартып, имендіріп, Біреуі үшін қуанып, күйген бірі: Бірін-бірі үзатып өз қолынан, Бірін-бірі қолынан үйлендіріп.

О, жастық-ай, алмайтын өлмей тыным, Ойын-тойсыз өмірге көнбейтүғын. Биге барса баратын бір топ болып, Жалғыз жүру дегенді білмейтүғын.

О, жастық-ай, мойымас тау-тасыңа, Омыртқанды үзеді ол, Дау тасыма.

Ортақ оның қайғысы, қуанышы, Ортақ оның малтасы, қалтасы да!

Ғашық болсаң түн пана, терек пана, Сүлу демі - дем емес - шарапхана. Қызға барсаң кигенің - өзгенікі, Өзіндікі - жалғыз-ақ жүрек қана!

Өмір! Өмір! -Деп жастық үрандай ма, Көкіректі кернейді бір эн майда. Бір жігітке он конақ мейрам күні, Он жігітке бір билет трамвайда.

Алматымыз жастықтың бағы іспетті, Қаншама гүл сол бакка қоныс тепті. Бір жігіттің ойында он арманнан, Он жігітке жалғыз-ақ конспекті.

Тауысса да ақыры нарық пүлды, Тартпай қойған серілік, сэндік кімді! Түніменен дуылдап, Келесі күн

Отырғаны сабақта қалғып-мүлгіп.

Керемет қой, Қызық қой сезім деген, Көктемеде кім үйден безінбеген! Он ай бойы масайрап ойнағандар Емтиханда отыз күн көз ілмеген.

Лайланып кетсе де түнық ойы, Қыдыруға болмайды мұны қойып: Баррикада жасап ап Қалың томнан

Бас алмайды енді олар күні бойы.

Шақырады қол бұлғап тау алыста, Шыркап кеткің келеді жалау үстап. Өстіп жүріп бітеді емтихан да, Өстіп жүріп болады демалыс та.

Содан кейін элгіні ащысынбай, Жүтып-жүтып жіберіп түщы судай, Туған жерге үзатып түрғандары Бірін-бірі

Бір елдің басшысындай!

(Қадыр Мырзалиев)

ФБұл кіріспе сабац болгандыцтан, оны оцытушы мен студенттер бір-бірімен жақынырац танысуына мүм-кіндік беретін жаттыгулармен бастауды үсынамыз. Осыган орай, төменде екі жаттыгу беріледі.

1-жаттығу. "Өзара танысу"

Оқытушы студенттердің жүп-жүпқа бөлініп, 5-10 минут ішінде бір-бірімен сұхбаттасуға тапсырма береді. Сүхбаттың басты мақсаты - өзінің әріптесі туралы мейлінше толық және жан-жақты мэлімет алу болып табылады. Әңгімелесу барысында төмендегідей мэселелердің қамтылуы тиіс:

• Сіз өз бойыңызда бәрінен де нені жоғары бағалайсыз?

• Сіз нені мақтан тұтасыз?

• Сіз бәрінен де нені өте жақсы жасай аласыз?

• Сіз үшін студент болудың мәні неде?

• "Өзін-өзі тану" пәнінен сіз не күтесіз?

Сүхбат алушы студент жоғарыдағы сүрақтарға қосымша өзінің 3-5 сүрағын кояды. Таныстыру рэсімі былайша өтеді: жұптың бір мүшесі орындықта отырады, ал әріптесі қолын сұхбат беруші студенттің иығына қойып, оның арт жағына түрады. Түрегеліп түрған студент отырған әріптесінің атын атап, бір минут бойы әріптесінің атынан сөйлеп, оның рөлін ойнайды. Монолог тура бір минутта аяқталады. Егер сөйлеушінің сөзі бір минутқа жетпей аяқталып қалса, минут біткенше үнсіздікті сақтауы тиіс. Осылайша, алпыс секундтан соң, топтың кез келген мүшесі алгашкы сөйлеген студентке сүрақтар қояды, ал түрегеліп тұрған студент отырған сүхбат берушінің атынан сүрақтарға жауап береді. Егер қойылған сүрақтарға нақты жауап беру мүмкін болмаса, әріптесі калай жауап беретінін алдын ала болжап, түсінуі керек. Ал отырған, яғни таныстырылып отырған студент талқылауға ешбір араласпай, үндемей отыруы тиіс.

Ton мүшелері мен ойынды жүргізушінің сөйлеушіге цоятын сүрщтары оган арналып, таныстырылып отырган ойыншының атын атап, әр түрлі тацырыптарга болуы мүмкін, мысалы:

• Адамдардың бойындағы қандай қасиеттерді сіз ерекше бағалайсыз?

• Сіздіңше не нәрсеге жол беруге болмайды? Сіз қандай нәрсеге ешқашан төзбейсіз?

• Сіздің өміріңізге қатты эсер еткен адам болды ма?

• Өзіңіздің ең ардақты арманыңызды атаңыз.

• Сіздің өмірде неге қол жеткізгіңіз келеді ? т.с.с.

Жаттығу ойынға қатысушылардың эсерлері мен ойларын талқылаумен аяқталады. Бул орайда мынаған көңіл аудару керек: таныстыру кезінде уақытты ескере any қабілеті, әріптесінен алынған мэліметті анық, толық және қысқа түрде жеткізу қабілеті, сонымен бірге әріптесінің айтпай қалған ойларын жеткізе алу үшін оның ойын, пікірін "сезіне" алатындай қабілетінің болуы.

Бұл үшін төмендегідей тапсырма, сүрақтарды ұсынуға болады:

• Әріптесіңізді таныстыру рэсімінің қаншалықты табысты өткенін бағалаңыз.

• Әріптесіңіз берілген уақыт ішінде алдына қойылған тапсырманы орындай алмаған жағдайда сіз қандай сезімде болдыңыз?

• Сіздің әріптесіңіз өзіңіз туралы мэліметті дұрыс жеткізді деп санайсыз ба?

• Сіздің атыңыздан берілген жауаптар шындыққа қаншалықты жанасады?

©2-жаттығу. "Меніц затым" Оқытушы студенттермен бірге шеңбер жасап отырады. Ойынға оқытушының студенттермен тең дәрежеде қатысуы маңызды. Ойын үшін мөлдір пакет немесе қорап кажет.

Ойыншылардың барлығы пакетке басқаларға көрсетпей өзінің бір затын салуы тиіс. Бұл зат ойыншының жекелік қасиеттерін көрсететіндей болуы қажет, сондықтан әркімде де болатын кағаз, калам, қарындаш сияқты нәрселерді салмау керек. Заттарды жинап болғанннан кейін оқытушы оларды шеңбердің ортасына шығарып қояды. Студенттер кезекпен бір-бір заттан алады, әрине, олар заттың кімдікі екенін білмейді. Ендігі мақсат - заттың кімдікі екенін аныктау. Бұл үшін ойыншы қолындағы зат туралы сөйлей бастайды: бұл нәрсенің өмірінде болған оқиғалар, демек, оның иесімен болған оқиғалар, заттың иесі қандай адам, басты қасиеттері қандай екендігі туралы өз ойын айтады. Мүнда ескеретін бір нәрсе - эдептілікті сақтау, заттың иесі жөнінде көңілге келетін ауыр сөздер айтпау т.б. Осылайша, зат туралы өз ойын айтып, хабарлап болған соң, ойыншы бұл заттың иесі кім екендігін хабарлайды. Егер заттың иесі тура аталса, зат иесіне қайтарылады, ал иесінің аты дұрыс аталмаған жағдайда, иесінің өзі атын атайды. Заттың иесі өзінің нәрсесі туралы, өзі туралы айтылған ой, пікірге қатысты өз ойын бүкпесіз білдіруі тиіс. Студенттер осындай ойын арқылы бірте-бірте бір-бірімен танысып, басқаларды түсіне алуға, өз ой-пікірін білдіріп, қиялдарын машыктандыруға мүмкіндік алады. Ойын барлық заттар өздерінің иесін тауып, оларға қайтарылғанша жалғастырыла береді.

©Лекция-әңгіме Қазақтың үлы ойшылы Абай жастарға "Өзге халықтардың білгенін білу үшін, солармен тең болу үшін, өз халқыңның қорғаны мен тірегіне айналу үшін оқу керек" деп өсиет еткен. Бүгінгі күннің жастары Қазақстанның элемдегі барынша дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіру жөніндегі аға үрпактың барлық ойлары мен жоспарларын қисынды қорытындысына жеткізетін үрпак болып табылады. Қазақстанның бэсекеге қабілеттілігі материалдық баюга ғана емес, сонымен бірге үлттың рухани баюына жеткізуі тиіс.

Қазақстан Президенті Н.Э.Назарбаев Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде осы оку орнынын студенттеріне арнап оқыған "Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына" атты лекциясында жеке тулғаны функционалдык эзірлеу түжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту түжырымдамасына көшу қажеттілігін айрыкша атап өтті. Бұл түжырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді және "әрбір нақты адамньщ мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі іске асыруы мен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді".

Үздіксіз білім беру, ересектердің білім алуы барған сайын үлкен мэнге ие болып отыр. Жақсы да терең білім қарттыққа дейінгі тыныш та, камсыз өмірдің кепілі болғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Соңғы онжылдықтарға адам қызметінің түрлі салаларындағы технологиялар мен білімнің жаңару жеделдігі тэн. Бүгінде тіпті жоғарғы білімнің өзі де көпке жетпейді.

Дженерал Моторс корпорациясының Президенті бұл туралы былай дейді: "Бізге торт және тіпті алты жылдық емес, қырық жылдық білімі бар мамандар қажет". Бүгінде жаңа білімдерді үздіксіз меңгеру мамандар үшін біліктілікті сақтаудың бірінші дәрежелі шартына айналуда.

Ақпараттық кргамда компьютерлер немесе байланыс сызықтары емес, станоктар да емес, қайта білім мен творчестволық ойлау әлеуеті шешуші мэнге ие болады. Қазір айтып жүргеніндей, креативтілік шешуші мэнге ие болады. Президент Джон Кеннеди айтқанындай: "Бізге ешқашан болмаған нәрсе туралы армандауға кабілетті адамдар керек!" Ал мұндай адамдар тек өмір бойы, үздіксіз окығанда ғана үйреніп, ақылға салғанда және оның ішінен ең кажеттісін таңдап алуға қабілеті жеткенде ғана ие болады. Оеыған орай,, ЮҢЕСКО-ның Халықаралық комиссиясының Төрағасы іЖак,.Д,ёлрр' доШгн, 21 ғасыр адамының өміріндегі өзекті компеЦйц^)іарын^аньнщ^ баяндамасын "Білім - қүпия қазына" деп атауы да тегін емес. Компетенция дегеніміз барлық нәрсе үмыт болғанда сакталатын адамның құзыреттілігі. Бұл тіпті де абстрактілі энциклопедиялык білімдердің қоры емес, "Түсінетін және Сезінетін Адам" болудын интегралды компетенциясы болып табылады, тұлғаның баска адамдардың, қоғам және табиғаттың алдындағы жауапкершілігін сезіну қабілеті.

Білімге байланысты айтылған пікірлерінің ішінде С.И.Гессен былай деген: "Білім өзінің мәні бойынша ешқашан да аяқталған болуы мүмкін емес. Біз өмір бойы білім аламыз, менің өзімнің жеке білім алу мэселем шешілді деп нақты айтатын кезең еш уақытта да болмайды. Тек надан адам ғана өзінің білімін толық алдым деп айтатын шығар". "Білімге қарағанда надандық әрқашан өзіне аса сенімді келеді, сондықтан тек надандар ғана қайсыбір проблеманы шешу ешқашан ғылымның қолынан келмейді деп сеніммен айта алады "/Ч.Дарвин/.

Елбасының айтуынша, білімді, сауатты адамдар - бұл XXI ғасырдағы адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Сондықтан да күні ертең ғалымдар және қазақстандық компаниялардың менеджерлері болатын жастар мүны өте жақсы түсінуі тиіс.

Кім дамымаса, алға қарай жүрмесе, өз орнын баскаға, бэсекеге әлдеқайда қабілетті маманға беруіне тура келеді.

Жетекші халықаралық консалтингтік "МакКинси" компаниясының консультанттары айтатындай: "Алға қарай жүр, немесе жол бер". Қазіргі бэсекелі дүниеде нақ осы қағидат басшылық етеді және бұл қағидат көп ретте жастардыц өмірлік үстанымдарын анықтауы тиіс. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың алдыңғы шебінде жастар болуы тиіс және сол жастардың күш-жігері мен бастамашылдығы, олардың болашаққа үмтылысы - көп ретте реформалардың табыстылығының кепіліне айналады.

Жас үрпақ жаңа идеяларға ашық, олар жаһандық түрғыда пайымдап, болашақтың категорияларымен ойлайды. Қазақстанның жаһандық дүниеде даралануы туралы біз байыпты түрде ойлай бастаған бүгінгі танда жастардың бұл қасиеті қай кездегіге қарағанда да қажет болып отыр.

Жаңа міндеттерді іске асыру осы заманғыша ойлайтындардың, ескірген қасаңдықтар мен жөнсіз қауіптер мен шектеулерден ада адамдардың ғана қолынан келеді. Бүгінгі үрпақтың өзін танытуы үшін мүмкіндіктер көп. Бүгінгі күн - талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар адамдардың уақыты. Мемлекет олар үшін барлық жағдайды жасап отыр. Бернард Шоу айтқандай:"Жастық шақ - бұл тамаша нәрсе; оны рэсуа ету - қылмыс...", сондықтан, тек оқу, күш-қуатты аямастан еңбек ету, өзіңмен жұмыс істеу керек. Ұлы Абайдың төмендегі сөздерін жадымызда сақтап жүруіміз қажет: "Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылық".

Пікірлесу үшін сүрақтар:

Сіздің ойыңызша, "Білім-өмірлік азық" және

"Үздіксіз, өмір бойы білім алу" бағдарларын ерекшелендіретін не? 2."Түсінетін және Сезінетін Адам" үғымының мәні неде деп ойлайсыз?

3.Сіздің ойыңызша, адамның кәсіби біліктілігін не құрайды?

Хрестоматиядан оқу, білімге байланысты гүт материалдармен ("Жастық", "Адам баласының қадір-қасиеті біліммен, ақылмен екендігі туралы", "Білім, ақылдың қасиеттері, пайдасы туралы", Өзінді-өзің тани біл", "Өзін-өзі тәрбиелеу", А.Байтүрсынов. "Әдебиет танытқышы"т.б.) танысыңыздар. Оқылған материалдар бойынша қандай қорытынды жасауға болатынын айтыңыздар.

1-тапсырма. Ұлағатты сөздерге өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.

Оқытушы төмендегі мэтінді музыканың сүйемелдеуімен оқиды (С. Түрысбеков. "Көңіл то.щыны"). ,

- Өзімізді самғап үшқан қүс сияқты сезініп, қуанышына бөленеміз.

- Жүйрік түлпармен шауып келе жатқан шабандоз, арғымаққа міндім деп, артқы топтан адаспайсыз.

- Сіз таудан сарқырап, буырқанып аққан өзен суының ағынынан, тау мен тастың арасынан өзіңізге жол тауып келе жатырсыз.

- Таудан қүлай аққан су, арнасынан асқан өзенге айналып, мидай жазық, кең далада маңғаздана ағып барады.

Сіз сэбиін аялап, аймалап отырған ананың бақытын сезінесіз.

- Буырқанған теңіз төрінде өз кемесін алға қарай бастап бара жатқан капитанның қуанышын елестетіп көріңізші.

- Сіз өзіңіздің күшіңізге ғана емес, адал ісіңізге сенесіз, таяқтан тайсалмай, семсерден сескенбей, жендім деп шаттаныңыз.

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрекпен сіз үшін алынбайтын қамал жоқ.

- Шаттық пен қуаныш, достық пен махаббат, бақыт пен жақсылық элеміне екі аяғыңызды нық басып енесіз.

- Өмір, мені жалғандықтан Шындыққа, қараңғыдан Жарықка жетеле!

- Еңбек етсем, ертеңгі бақытыма сенемін! Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін!

- Достық іспен касты да жеңеріме сенемін!

- Ақыл, сана, білім мен өнеріме сенемін! Арым - таза, ақ көңіл адалдыққа сенемін!

- Абыройлы, ақ ниет адамдыққа сенемін!

Адам мен оны қоршаған орта, табиғат біртүтас. Адам \і ) табиғатпен неғүрлым қабысып, біртүтас болып өмір \ЛУ сүрген сайын табиғаттың тылсым зандылықтарын соғүрлым тереңірек түйсінеді. Бұл үшін "әр адам қабілетіне, ыңғайына қарай әлеумет үшін, өзі үшін іс істеуі керек. Егер адам өз жолымен жүре алмай, бөтен жолға түссе, оның бар таланты жарыққа шыға алмай жерге көміледі. Ондай адам өміріне разы да болмайды. Сондықтан әр адам сүйегіне біткен икемділігіне қарай қандай талант, қандай кабілет, бір сөзбен қандай қасиет барлығын білуі қажет. Дэлдеп айтқанда, әр адам өзін-өзі тануы керек. Өзін-өзі танымаған адам өзгені де тануға шорқақ" (Ж.Аймауытов).

Адамдық борышың, Өмірінді сарп қыл өлгеніңше

Халқыңа еңбек қыл. Жол көрсет,

Ақ жолдан айнымай, Келешек қамы үшін.

Ар сақта, оны біл. Қайтадан қайрылып,

Талаптан да білім мен өнер Қауымға келмейсің,

үйрен, Барынды, нәрінді

Білімсіз, өнерсіз, Тірлікте бергейсің.

Болады ақыл - түл. Ғибрат алар артыңда

Мақтанға салынба із қалдырсаң

Мансаптың тағы үшін. Шын бақыт осыны үқ,

Нэпсіңе билетпе, Мэңгілік өлмейсің.

Басыңның бағы үшін.

(Шәкәрім Қүдайбердиев)

2-сабақ

Менің жан дүнием СОӨЖ-1



Өз жанына көп үңілген жан қателігін тез сезеді, еріксіз салмақты болады, бәрін білем демейді, көкірек кермейді.

К.Гельвеций

Сабақтың мақсаты: адамның рухани дүниесін бағалай білу қабілетін қалыптастыру. Міндеті:

өзіндік таным мен өз-өзін рухани жетілдіру талпынысын дамыту;

әр адамның ішкі жан дүниесінің ғажайып екендігі туралы көзқарасты кеңейту және терендету;

- рефлекстік қабілеті мен өзін-өзі жетілдіру дағдыларын дамыту.

®Әуелде бір суық мүз - ақыл зерек, Жылытқан түла бойды ыстық жүрек. Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық -Бұл қайраттан шығады, білсек керек. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек.

Жеке-жеке біреуі жарытпайды, Жол да жоқ жарыместі "жаксы" демек. Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ, Тулап, қайнап бір жүрек қылады өлең. Біреуінің күні жоқ, біреуінсіз, Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.

(Абай)

ТГЧ "Менің жан дүнием" үгымын қалай түсінеміз? Өздерін ( V ) дұрыс түсіну, жагымды цасиеттерін ашу үшін жас \Л/ адамдарга не көмектеседі? Неліктен өзі-өзіңді түсіну, қабылдау және жақсы көру керек? Күнделікті өмірде біз осындай сүрацтарга мән бермейміз.Ең маңызды және қызьщты нәрсенің өзіміздің бойымызда, ішімізде жагщанын үмытаиыз да, цоршаган дүниені көбірек тануга тырысамыз.



Өзіңді қабылдау

Кемшіліктеріне қарамай өз-өзіңді қабылдау, жақсы

көру оңай емес. Көптеген мәдениеттерде бұл қасиет үлы мейірімділік ретінде бағаланады. Бұл туралы ежелгі қытайдың "Сюнь-цзы" трактатынан алынған оқиғада эңгімеленеді:

Конфуций бірде өз шэкірті Цзы Луға сүрақ қойыпты: қандай адамды мейірімді тұлға деуге болады (жэнь чжэ). Цзы Лудың жауабы: "Мейірімді тұлға - басқаларды жақсы көруге ниеттендіретін адам. Конфуций: "Ондай адамды білімді деуге болады (ши)".

Цзы Гул кіргенде Конфуций сұрағын қайта қойды. "Баскаларды жақсы көретін адам - мейірімді тұлға" (ай жэнь) - деген жауап қайтарылды. Бүған Конфуцийдің қосқаны: "Ондай адамды керемет тәрбиеленген адам деп айтуға болады".

Осы кезде Янь Юань кіріп келді, оған да Конфуций тағы да өз сұрағын қойды. Янь Юаньнің жауабы: "Мейірімді адам - өз-өзін жақсы көретін адам" (цзы ай). Бұған Конфуцийдің айтқаны: "Ондай адамды шынайы білімді адам деуге болады".

Талқылауға арналган сурақтар:

1. Сіздер Конфуцийдің және оның шәкірттерінің пікірімен келісесіздер ме?

2. Өзін жақсы көретін адам неліктен мейірімді саналады?

3. Конфуций не себептен өзін жақсы көретін адамды шынайы білімді дейді?

1 тапсырма. Ішкі жан дүниенің "төлқүжаты".

Талқылауға арналған сүрақтар:

1. Жан дүние "толқүжатын" толтыру қиынға түсті ме?

2. Қай бағанды толтыру қиынырақ болды және неліктен?

3. Толқүжатында не жазылғанын айтқысы келетіндер бар ма?

4. Бірінші бағанда қандай касиеттеріңізді жаздыңыздар? (жағымды не жагымсыз).

5. Ойлап коріңіз, не себепті екінші бағанда сіз корсеткен қасиеттеріңізді адамдар жиі байқайды?

6. Үшінші бағанда корсеткен қасиеттерді оз бойыңызда калыптастыруға тырысасыз ба және нәтижеге жеттіңіз бе?



1-жаттығу "Сыйлық"

Ұсынылған жаттығу қатысушыларға екі маңызды мүмкіндік береді: біріншіден, озін адамның жан дүниесінің білгірі ретінде сынактан откізу. Екіншіден, қоршаған адамдар бізді қаншалықты дұрыс түсініп, бағалайтыны жонінде ақпарат алады.

Тапсырманы орындау үшін топ алты-алтыдан болінеді және әр шағын топ кішкене шеңбер қүрады. Шағын топтарда студенттер саны озгеше болуы мүмкін, бірақ алтыдан аспағаны жон. Әр шағын топ мүшесі бірден алтыға дейін номер алады. Бұл жаттығуды бүкіл топпен ортақ шеңбер қүрып откізуге болады. Бірақ уақытты үнемдеу және үлкен топты жалықтырмау мақсатында алты адаммен жұмыс істеген дұрыс.

Керекті коңіл-күй туғызу үшін баяу ойнаған лирикалық эуен қою қажет. Бұл мэтін мысал ретінде алынған, әр оқытушы оны озінше өзгерте алады:

"Қане, келіңіздер, циялдап көрейік. Бүгін бәрімізде мереке, бәріміздің туган күніміз. Бүндай күн әрцашан маңызды. Бұл белгілі бір шекараны білдіреді, оны өткен адам өз өмірінде және өз бойында бір нәрсені өзгерте алады. Туган күнде туган күн иесіне сыйлық беру рәсімі цалыптасцан. Бүгін бұл сыйлықтар адамды жақсы жаща өзгеруіне көмектесетін, адамга нагыз керекті және өзіне багалы сыйлық. болсын. Жақсы сыйлъщ ұсыну оңай емес. Қайсымыз осындай мереке күні жақынымызга не сыйлық ұсыну туралы басымызды цатырган жоцпыз? Қайсымыз дүкендерді аралап "керемет нәрсені" іздеген жоқпыз? Бүгін дүкеннен ешнәрсе іздеу керек емес. Ол жерден керекті ешнәрсе таба алмаймыз да. Есіцізде болсын: сіз ешнәрседен гиектелмегенсіз. Қалагаңызды сыйга тартыңыз: Ұлы Леонардоның қылқаламынан шыққан суреттен нақты жеке-дара цасиеттерге дейін; Багам аралында Вшладан мыңжылдықты өткерген ежелгі сыйқыршылардың даналыгын сацтаган манускриптерге дейін; кеуіп цалган өткен жылгы гүлден мәңгілік өмірге дейін. Сыйлықты таңдауга асықпаңыз.

Алдымен бірінші номерлер туган күн иесі болады. Бұл адамга анықтап цараңыз. Бұл адамнъщ цандай өмірлік тәжірибесі бар екенін ескеріңіз. Ол өз өмірінде не танып, не білді? Ол әлемде ең басты нені багалайды? Ол кімді жақсы көреді? Ол нені армандайды? Оган ең басты не цажет, түсінуге тырысыңыз? Ол сізден сыйга не алгысы келеді? Қазір сіз сыйцыршысыз. Сіз ол адамга керектісін бере аласыз...

Ал, енді туган күн иелері, көціл аударыңыздар! Туган к\иде сыйлықтар үнаганы, үнамаганына царамастан ешбір сынсыз қабылданады. Бірац бүгін ерекше күн. Үсынылган сыйлықтарга үңіліп караңыз, өзіңізді өзіңіз тыңдап, әр сыйлықтың өзіңізге керектігін багалап, ұсынушы адамга сыйлъщты таңдауда цаншалъщты дәл түскенін шын айтуга тырысыңыз. Өзіңіздің пікіріңізді нақты дәлелдеңіз. Үсынылган сыйлъщты алгыңыз келмесе, үсынган адамды ренжітпей неліктен алмайтыңызды түсіндіріңіз. Жолдас-тарыңыздың әрцайсына жауап цайтарыңыз.

Сыйлық ұсынушылар туган күн иелерімен үзілді-кесілді келіспе-сеңіздер де бәстеспеңіздер. Бүгін әрцайсыңыздың туган күніңіз болады. Әрцайсыңыз бес сыйлық үсынсаңыздар, бес сыйлық ашсыздар.

Бірінші номерлер сыйлъщты багалаганнан кейін, екінші номерлер алады және тагы да сол сияцты. Ал енді, кірісіңіздер! Іске сәт! Туган күндеріңізбен!

Шағын топтың әрбір мүшесі өзінің бес сыйлығын алғаннан кейін, оқытушы олардың жалпы шеңбер құрып тұруын өтінеді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Қай қатысушы туған күн иелерінің бәрі ризашылықпен қабылдаған сыйлық таба білді? Басқаша айтқанда, кім жолдастарының ішкі дүниесін түсіне білді? Олар оған қалай қол жеткізді?

2. Қандай сыйлықтар болды?

3. Сыйлықтардың арасында адамгершілік қасиеттер бар ма? Оларды "Жан дүние төлқүжатында" үшінші бағанда жазылған касиеттеріңізбен салыстырыңыз (өз бойыңызда қалыптастырғыңыз келетін қадір-қасиеттер).

4. Қайсысы ең сәтті болды?

5. Қандай сыйлық ең ерекше?

6. Барлық сыйлықты қабылдаған туған күн иелері бар ма?

7. Егер болса, олардың сыйлыққа келісуінің себебі сыйлық ұсынушыларды ренжітіп алмау емес пе?

8. Барлықтарыңыз шынайы бола алдыңыздар ма?

9. Қандай сыйлықтар қабылданбады және неліктен?

10. Сыйлықтан бас тарту қаншалыкты қиын болды?

11. Бірде-бір сыйлық қабылдамаған туған күн иелері бар ма? Не себепті?

12. Сіздің сыйлығыңызды қабылдамағанда не сезіндіңіз?

2-тапсырма. "Сіздің темпераментіціз" тесті Төртке бөлінген кестені назар аударып оқыңыздар. Өзіңіздің күнделікті тәртібіңізге сай келетін түжырымды белгілеңіз. Жауап берерде көп ойланбаңыз, оқығаннан алған алғашқы эсеріңізге көңіл аударыңыз.

3 тапсырма. Түрлі темпераментті адамдарды көрсететін эзіл суреттерді қараңыздар. Осы эпизодтағы адамдарға қандай темперамент тэн екенін анықтауға тырысыңыздар.

Өткізілген жаттығу бізге өзіміздің жеке касиеттерімізді тануға мүмкіндік берді: бізде не бар және не керек; баска адамдарға не көрсетуге тырысамыз, ал керісінше, басқалар біздің бойымыздан нені байқамайды. Сонымен қатар, маңызды және керекті сыйлық үсына отырып, біз басқа адамдардың ішкі дүниесін ашуға тырыстық. Осыдан шығаратын ең негізгі қорытындымыз - біз бәріміз әр түрліміз және әрқайсымыздың керемет қасиеттеріміз бар. Біз өзімізді жақсы көруіміз және қабылдауымыз керек. Бірақ қол жеткенге тоқтап калмай, үнемі өз-өзімізді жетілдіріп, одан да жақсы болуға тырысуымыз керек.

КХ "Айна"

Музыкалық материал: Оқытушының тандалуы бойынша баяу музыка үсынылады. (Т.Мүхаметжанов. "Балалъщ шац").

Ыңғайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз, денеңізді босатып, тынышталыңыз.

Ішіңізден қайталаңыз: "Мен мүлде тынышпын". Сіздің деміңіз бірқалыпты және алаңсыз. Ойыңызда сананыздың таза экранын елестетіңіз. Бұл экран айнаға айналады.

Сіз өзіңіздің бет-әлпетіңіздің бейнесі мен сезіміне шоғырланыңыз.

Айнаға мүқият қарап түрып сіз өзіңіздің күнделікті бетіңізді

көресіз.

Өзіңізге бөтен адамға карағандай карауға тырысыңыз. Өз-өзіңізге зер салып мүқият карап, мына сүрактарға жауап

беріңіз:

❖ Сіздің бетіңіздің күнделікті бейнесі қандай? Оның артында қандай көңіл-күй түр?

❖ Бұл көзқарас дүниеге не экеледі?

♦> Сіз өзіңізге эбіржіген болып көрінбейсіз бе?

❖ Сіздің жанарыңыз сөніп қалмады ма? ♦♦♦ Соңғы түнде қалай үйықтадыңыз?

❖ Сіз өзіңізді бақытты сезінесіз бе?

Өз-өзіңізге қызықпай да, сынамай да байыпты қараңыз. Жай ғана бақылап, бұрын белгісіз жаңа сызықтарды табамыз.

Біз өзімізге қандай болып көрінеміз және шын мәнінде біз қандаймыз?

Жан дүниеміздің тереңіне үңіліп, оған тік қараймыз. Өзіміздің даралық бастамамызды тани отырып, нақты көретініміз:

> Сіздің ішкі күшіңіз неге бағытталган?

> Сіз өмірде неден қорқасыз?

> Не үшін қатты қуанасыз?

> Не үшін ашуланасыз?

> Қандай жағымсыз касиеттеріңіз бен қылықтарыңыз бар? ^ Неден қүтылғыңыз келеді?

> Қандай адам болгыңыз келеді?

- Қазір сіз айнадан өзіңіздің қандай болғыңыз келеді, солай көрдіңіз.

- Жан дүниеңіздің тереңінен ең жақсы рухани күшіңіз бен қалпыңызды шығарып экеліңіз, сіздің бет-әлпетіңіз өзгеріп және ағарып келеді.

- Жан-дүниеңіздің көтерілгенін сездіңіз, сіздің көздеріңіз басқаша жайнайды: жайдарлы және көңілді.

Сіз өз жан дүниеңізде жақсылыққа бетбүрысты сездіңіз.

Ал енді бет-әлпетіңіздің осы бейнесін есіңізде сақтауға тырысыңыз. Сіздің бет-әлпетіңізге ішкі нүр қүйылды, осыдан сіз өзіңізді игі ниетті және сүлу адам ретінде сезіндіңіз.

Өзіңізше қайталаңыз: "Мен әрдайым осындай болғым келеді".

- Айнадағы бейнеңізге күлімсіреңіз.

Өзіңіз жасаған осы эдемі бейнеңізді есте сақтаңыз. Өмірде ешнәрсе сізді қазіргі калпыңыздан айырмайды. Сіздің бейнеңіз естіп түрған тамаша музыкамен үйлесімді болып түр.

Сіздің ойыңыздағы айна әрдайым жағымды қасиеттеріңізді ашып, жақсы адамға айналдырып отырады.

Сізге қуаныш пен канагат сыйлайтын өмірді сүру керек және сіз де өмір сүре бастадыңыз. Өзіңізді жақсы білген сайын, оған қол жеткізу де оңай болады.

- Күнде кешке үйықтар алдында өзіңіздің ішкі айнаңызда өз бейнеңізді салыңыз және қалаган қасиеттеріңізді тізіңіз.

Сіз міндетті түрде өзіңіз көрген бейнеге айналасыз. Өзіңізді жақсы көріңіз және бағалаңыз, сонда басқалар да сізді жақсы көреді және бағалайды.

(Петрушин В.И.)

3-сабақ

Менің жан дүнием Лекция-әңгіме - 1



Әрбір адам - өз тағдырын жасаушы.

Саллюстий

Сабақтың мақсаты: адамның рухани дүниесін бағалай білуге баулу.

Міндеттері:

- жағымды ой, ішкі үйлесімдік сезімін калыптастыру;

- адамның ішкі мүмкіндіктері туралы үғымды кеңейту және тереңцету;

- өз күшіне сену және өз-өзіне оң баға беруді дамытуына ықпал

ету.


Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия.

Бір қүдірет -Бар екенін білемін Оның және дара екенін білемін. Бәрімізді бір минутте күлдіріп, Бір минутте зар етерін білемін. Бір қүдірет -Бар екенін білемін, Онсыз тірлік тар екенін білемін. Алып шығар алапаттың ішінен Намыс пенен Ар екенін білемін.

Бір қүдірет -

Бар екенін білемін,

Бір қүдайдың жар екенін білемін.

Қылығына тэнті қылып қоятын

Соңнан ерген бала екенін білемін.

Бір қүдірет -

Бар екенін білемін.

Актьщ кейде кара екенін білемін.

Бәрін айтып, бәрін жазып бере алмай,

Жүрегімнің жара екенін білемін.

Бір қүдірет -

Бар екенін білемін.

Білген сайын дүрсілдейді жүрегім.

Күндіз-түні дөңбекшиді кеудемде

Таппаған соң жан дертінің бір емін.

(Серік Түргынбеков)

Сіз өзіңізді сәтті адам деп санайсыз ба? Өміріңізде сізге сәтті жағдайлар жиі кездесе ме? Орындалмаған армандарымыз бен іске аспаған орасан жоспарларымызды ойлағанда біз көбіне тағдырды немесе сәтсіздікті кінәлаймыз. Бұл қаншалықты дұрыс? Сәтті адам туралы көбінс жүлдызы жанды дейді, ал сәтсіздікке үшыраған адам өзінен тағдыры бет бүрғанын айтады. Бірақ жауапкершіліктің бәрін тағдырға артып, біз өз кемшіліктерімізді жасыруға тырысамыз. Танымал жазушы Роберт Энтонидің ойынша, біздің сәттілікке жетуіміз немесе сәтсіздікке үшырауымыз санамыздың табиғатына байланысты. Ойымыз бен іс-әрекетімізді өз өміріміздің шығармашылык мақсатына бағындыра білсек қана, шын мәнінде тағдырымыздың иесі бола аламыз. Егер ойымызды мақсатымызға "байлап" қоя алсак, ешбір күмэнсіз біз тағдырымыздың иесі боламыз. Дегенмен, біз өзіміздің ішкі мүмкіндіктерімізге сенуге дайын емеспіз. Өзіміздің және басқалардың ой-пікіріне, ескі қылықтарымызға жүгінуді жөн көреміз. Жұмысымыз ойдағыдай болмаған соң, тағдырымызды, жүлдыздарды т.б. кінәлауға дайын түрамыз.

Өмір сүру үшін және өмірге қуану үшін адам өз күшіне сенуі кажет, қоршаған шындыкты онды қабылдауы керек, өзгерістен қорықпауы керек және ол тек жакеылык экелетініне сенуі керек.

Хрестоматияда берілген материалды окыңыз.

Талқылауға арналған сүрақтар:

І.Сіз Жеңімпаздар мен Жеңілгендер үғымын қалай түсінесіз? 2.Біздің жеңістеріміз бен жеңілістеріміз кімге, неге байланысты деп ойлайсыз?

З.Өмірде жолы болу үшін адамға қандай қасиеттер керек деп оилаисыз?

4.Адамға өз бастамаларында жеңіске жетіп, табысқа кенелуі үшін не кедергі жасайды?

5.Адамның кейде өзіне деген сенімі жоғалады. Ол неге байланысты деп санайсыз?

б.Адамның өз күшіне сенуі үшін не қажет деп санайсыз?

7.Адамның өзіне деген берік сенімінің болуы мүмкін бе және оның пайдасы бар ма?



1-тапсырма. "Менің мақсатым" Сәттілікке жетіп, жоспарлаганды жүзеге асыру үшін өзіне сенімді болу жеткіліксіз. Сіз неге қол жеткізгіңіз келеді және ол үшін не істеу қажет, соны анық білуіңіз керек. Алдыңызға қойған мақсатыңыз туралы ойланыңыз, ойыңызды жинақтап, төмендегі үлгіні толтырыңыз. Он жыл өткеннен кейінгі мақсатыңызды айқындаңыз. Мақсатқа жету үшін қандай жолды өткеру керек? Ойланыңыз, сіздің мақсатыңыз жүзеге асуы үшін бүгін, бір айдан кейін, бір жылдан кейін, 3,5,7 жылдан кейін неге қол жеткізуіңіз керек? Уақыт шектеуін өз қалауыңызша өзгерте аласыз, үсынылған үлгі тек шамамен алынған.

2 -тапсырма. "Оптимист не пессимист?" тесті

Сіз оптимиссіз бе, элде пессимиссіз бе, осыны анықтап алыңыз. Осы екі категория адамдарының қайсысы өмір жолындағы қиындықтарды бастан оңай кешіреді, кайсысы стреске бейім, қайсысы өз мақсатына жетуде табандылық көрсететінін ойланып көріңізші.



3 тапсырма.

"Өз-өзіңді бағалау" тесті

Дембо-Рубинштейн тәсілі бойынша өзін-өзі бағалауды анықтау.

Ұлы педагогтің өсиетінен

Қасиетті сөздерді сақтап, бағалай біл. Отанға деген махаббат жайлы босқа даурыға берме, қайта Отан игілігі үшін, бақыты мен күш-қуатын нығайта беру үшін адал еңбек ет.

• Отан - сенің үйің, сенің алтын бесігің. Туган үйің де әрдайым жақсы бола бермейді. Біздің өз қайғымыз, өз ренішіміз болады.

Осылар жайында айтқанда, сен өз туған үйіңнің де қайғысы мен реніші туралы айтатынынды есіңце үста.

• Кемшіліктер туралы айғайлауға көп ақылдың керегі жоқ. Көпір-ме сөзділік пен даңғазалыкты жек көр. Қайырымдылық пен әділет-тіліктің салтанат күруын тіле, солардың жолына бар өнерінді сал.

• Отанымыздың қандай алыс түкпірінде жүрсең де, туған жеріңді үмытпа. Заңға, тәртіпке бағына біл. Дүниедегі ең адамгершілік аңцарға бағына білу дегеніміз - азаттықтың жоғарғы көрінісі.

• Сен 6н алты жасыңда-ак өзіңе: "Мен жарық дүниеде не үшін өмір сүремін?" - деген сүрауды қоя білуге тиіссің және бүған азаматқа лайықты жауап бере білуге тиістісің.

• Он алты жасында сен өткен жолыңа қарап түрып, өз еңбегіңнің жемісін көруге, өз өміріңнің алғашқы қорытындысын шыгаруға тиістісің. Сен болашак еңбеккер ғана емессің, сонымен бірге болашақ жауынгерсің де.

• Кішкентай кезіңнен-ақ өзіңді эскери қызметке даярлай біл. Төзімді әрі шыдамды бол, қиыншылықтардан қорықпа.

• Кішкентайыңнан-ак уэдеге, антқа берік болуды үйрен. Уэдеге берік болу - сенің жеке басыңның абыройы.

• Өзіңе-өзің ие бол. Өзіңе-өзің эмір етуді кішкентайыңнан үйрен. Мойның жар бермейтін, бірақ істеуге керек нәрсені атқаруға өзінді-өзің үйрете біл.

• Өз бойыңцағы парықсыздықтың ең кішкентай белгілерін де -қыңырлықты, өшпенділікті, ашуланшақтықты, менменсіген тэкаппарлықты - жоя біл. Бұлардыц бәрінен дарашылдық өрбіп-өнеді.

• Егер өзінді мойын үсындырып, өзіңнен-өзің талап ете білмесең, жүз мұғалімнен оқысаң да, ештеңе шығара алмайсың.

Ақыл-ой мен сезім эдепсіздігі, кемістігі біздің заманымызда моральдық ауру деп есептеледі. Мүғалімді қастерлей біл. Өзінді ағаттықтан сақтап, бүрыстығынды бетке басқан адамға да рахмет айт.

• Адамдарға залымдық ойлама, адамдарды ренжітпе, адамдардың жанын ауыртпа, мазасын алма, тыныштығын кетірме.

• Кінәсын сезіну - тәрбиелі адамның инабатты сезімі. Тек ақымақтар және адамгершілік жағынан дөрекі, көргенсіз адамдар ғана кінәсына қымсынбайды.

• Кінәнды сезіну - өзінді-өзің төмпештеу емес, керісінше, ол -арыңның ұяты, адамгершілік тазалықтың, көргенділіктің белгісі.

• Сенің анаңа, эйелге, қызға деген қарым-қатынасың - түйсікті, сезім мен ақыл-есті тәрбиелеудің аса маңызды мектебі. Әйелге деген қарым-қатынас - ардың, намыстың, көргенділіктің, ізеттіліктің аса нэзік өлшеуіші.

• Сенің ақылсыз, дөрекі әрі немқүрайды айтылған бір ауыз сөзің оны өкпелететінін, жанына бататынын абыржу туғызып, таң қалдырып, эбігерге түсіретінін біліп қой.

• Қарттардың адамдық элсіздіктеріне кешірімді бола біліндер. Жекелеген элсіздіктерін елең қылмауға үйреніндер.

• Адамдық элсіздік пен зүлымдықты шатастыруға болмайды.

• Зүлымдыққа карсы күресу керек. Зүлымдыққа төзуге болмайды.

• Зүлымдықпен келіссең, адамшылықтан жүрдай болғаның.

• Екіжүзділік, жағымпаздық, ымырашылдық - бұл үлкен бәле. Қүбылып түратын бұл бәлелерді тани білуді үйрен, оларға төзбе, олармен келіспе.

• Сенің жан-дүниеңнің алғашқы әрекеті - ең ізгі әрекет.

• Жамандықты көргенде, оған қарсы күрессем бе немесе көзді жүмып өте шықсам ба екен деп ойланып жатпа. Жүрегің мен ар-намысың қалай эмір етсе, солай қимылда. Игі сезімдер - ар-намыстың сенімді қорғаны.

• Адамның адамшылығын қорлау, өзін ғана қүрметтеуге тұрарлық адамға санап, ал басқаны шыбын қүрлы көрмеушілік -жамандықтың зоры осы.

• Біздің кейбір азаматтардың жалқаулығы, салақтығы, ауырдың үстімен жүруге үмтылатыны - жамандықтың ең зоры осы. Бұл бәлемен де келісуші болма!

• Пайдакүнемдік - зор бәле. Пайдакүнем адам шыншыл да бола алмайды, принципті де, қайсар да, өз борышына адал да бола алмайды. Кішкентайыңнан қанағат қылып үйрен.

• Өзіңнің ғана емес, өзгенің де, қоғамның барлық адамдарының, сондай-ақ жеке адамның бақыты мен қуанышына бола жасалған бүкіл қоғамға тэн байлық сен үшін де қымбат болуға тиіс.

• Зор бәленің бірі - қызғаншактық, жолдасыңның қол жеткен табыстарын қызганба, қайта куан. Бірақ қуана отырып, одан озуға тырыс.

• Оқуға бар ынта-жігерінді can - сенің бойыңа сол жарасады! Жатып ішер, арамтамақ болма! Ой жалқаулығын жек көр. Ойсыз, кітап оқусыз, ақыл-ой еңбегінсіз өткен күн - босқа өткен күн. Өзіңе тапсырылғаннан да көбірек істеуге тырыс. Өз алдыңа міндет пен тапсырма қоя біл.

(В.А. Сухомлинский)

Өзіңе, өзіңнің күшіңе деген сеніммен қаруланып алу [^ү) керек, ал бұл сенімге кедергілерді жеңу арқылы, ерікті \JX/ тәрбиелеп, оны "жаттықтыру" арқылы жетеді. Өз бойындағы және өзіңнен тысқары жердегі өткеннің түкке алғысыз мүрасын жеңуге үйрену қажет... Өзін-өзі сэл ғана жеңудің өзі адамды анағүрлым күшті етеді. (М.Горький)

Өмірге сыр

Өз жолым бар, сонан соң өз үнім бар,

Тағдырым бар сыр түнған сезімімде әр.

Ұмтыламын мен саған, үмтыламын,

Қүпияңмен сен менің төзімімді ал.

Болса-дағы мүратым шалғай тарап,

Қоясың сен қандай сын, қандай талап?

Қүлатсаң да қүзыңнан түрғызбастай,

Осы әнімді айтамын сан қайталап.

Не тілейсің ақыннан жиырма жасар? Жастамын мен қамықпай шыңға басар. Ез емеспін тау түгіл, қырда адасар, Мен - қазақпын домбыра, жыр жарасар.

Өз арнамнан, әйтеуір, аспай бақтым, Бір арманға жасымнан тастай қаттым. Күнді бетке ап жол тартып бара жатқан Жыр көшіне ілескен жас тайлақпын.

(Бауыржан Үсенов)

4-сабақ

Менің жан дүнием СОӨЖ-2

Адам дегеніміз - күн,

ал сезімі - оның планеталары.

Чювалис


Мақсаты: адамнын рухани дүниесін бағалай білуге баулу. Міндеті:

- өзіндік таным мен өз-өзін рухани жетілдіруге талпынысын

дамыту; . .

- әр адамның ішкі жан дүниесінің ғажайып екендіп туралы

көзқарасты кеңейту және терендету;

- өзін-өзі жетілдіру қабілеті мен қылықтарын дамыту. Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, баяу орындалатын музыканың аудиожазбасы.



МІНЕЗ

Өзімді-өзім жеңе алмай жүрген бір кезім, Жеңе алмауыма себепші — бірден-бір өзім. Өзімді-өзім кінәлап салыстырамын, Қабілетім кімнен кем еді, кімнен мінезім.

Бойымда барды үқсатып жарата алмаған, Өзім ғой өзім,

дүшпан жоқ оқ атар маған. Дұшпаным жоқ деу әрине аңғалдық болар, Тышқанның мүрнын адалмын қаната алмаған. Адалдығыңнан не пайда? Әрекет егер,

Қаракет жасай алмаса қара көтерер. Ақкөңіл сенің айтқыштық мінезіңці де, Астарлап алып біреулер пәлеге теңер. Еркелігінді біреулер есерлік дей ме, Өзіңе сену өзіңе кесел жүктей ме? Ығына қарай уақыттың иіле берсе, Біреулер соны заманға төселдік дей ме? Заманға сонда жаялық төсеніш болса, Есебін білсе, ешкіммен есеп ашпаса, Өзгерсе заман біз-дағы жалт береміз бе, Бүгін басқаша, едік қой кеше басқаша... Заманға менің өкпем жоқ,

қоғамға тағы, Өкпемнің бәрін өтемін адамға таңып.

Жеңе алмай жүрген өз-өзін мен бе екен жалғыз,

Білмейді-ау көбі,

жоқ шығар содан да кәріп.

Өзімді-өзім жеңе алмай жүрген кезім...

Іздеймін кейде мен сондай күндердің өзін.

Өзіңді-өзің жеңесің!

Өлесің бір күн,

Өлтіре жаздап жүр мені күрғыр мінезім.

( Кеңшілік Мырзабеков)

Торт топқа бөлініңіздер. Әр топ хрестоматияда V\D) берілген МЭТШД> оқып, талқылайды.

1. Әр топ өз араларынан материалдың мазмүнын түсіндіріп, осыған қатысты өз көзқарастарын білдіретін және тындаушылардың сүрақтарына жауап қайтара алатын бір-екі студентті тандайды.

Мына ұлағатты сөздерді түсіндіріңіздер:

• Өз бойындағы адамды зерттемеген, басқа \Jy адамдарды терең тани алмайды. - Н.Г.Чернышевский

• Адамның рухын қарумен емес, махаббат және мейіріммен жеңеді. - Б.Спиноза

• Өзіңді сергіткің келсе, басқа біреуді сергіт. - Марк Твен

• Жүргісі келгенді тағдыр жүргізеді, жүргісі келмегенді сүйрейді.

- Клеанф

• Ең тыныш, алаңсыз, оңаша қалатын жер - ол адамның ішкі дүниесі. Жан дүниеңмен жиі оңаша қалып, жаңа күш жина. - Марк Аврелий

• Өмірге қуаныш - бұл денсаулықтың белгісі ғана емес, сонымен бірге аурудан сауығудың тиімді жолы. - Халық даналығы

• Ақылдыға - жан қымбат, ақылсызға мал қымбат. - Халық даналығы

• Ой ойласаң, кең ойла, алды-артыңды тең ойла. - Халық даналығы

• Өзін ерекше санамай, барлық адамдар сияқты болу - ұлы бақыт. - М.К.Пришвин

• Кішіпейілдіктің жетімсіздігі дегеніміз - ақылдың жетімсіздігі.

- А.Поп


• Қарапайымдылық дегеніміз - өзінің адамдық қадір-қасиетін түсіну. - П.Буаст

• Қарапайымдылық - моральдық сүлулықтың басты шарты. -Л.Н.Толстой

• Өзіңді-өзін билеу - ең жоғарғы билік, қүштарлықтың қүлына айналу - ең қорқынышты қүлдық. - Сенека

• Жер бетінде адал адамнан өткен тамаша ештеңе жоқ. -Р.Роллан

• Ғұмыр бойы бақытты болғың келсе, адал адам бол. - Т.Фуллер

• Адал арың - ақ мамық жастығың. - Г.Ибсен

• Сабырлық - мінездің түп қазығы. - О.Бальзак

• Кісіні танымақ болсаң, ісіне қара. - Ж.Баласағүн

• ¥ят - адамның барлық күштарлықтарының ішіндегі ең тамашасы, махаббатының анасы. - М.Сервантес

1-жаттығу.

"Үн қатпайтын және сөйлейтін айна"

Бұл жаттығудың бірнеше мақсаты бар. Ең бірінші кезекте студенттерге басқа адамдардың жан дүниесін түсінуге және айнада оны дұрыс белгілеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қатысушылар қоршаған адамдар оны калай кабылдайтындығы туралы акпарат алады. Бұл жерде студенттерге ойын кезінде эдеп нормалары мен бір-біріне қүрметпен қарауды үмытпағанын ескерткен жөн.

Бұл жаттығу эдетте, қызықты және көңілді өтеді. Оқытушы айнаға қарайтын бір ерікті студентті ортаға шақырады. Оның міндеті -айнаға қарап, анығырақ айтқанда, екі айнадағы көрініске қарап, арт жағына кім келгенін анықтау. Бұл екі айна - тірі айна. Біреуі үн катпайды, ол тек мимика мен дене қозғалысы арқылы артына кім келіп түрғанын түсіндіреді. Екінші айна - сөйлейтін айна. Бұл айна әрине, адамның атын атамай, кім келіп түрғанын түсіндіреді. Студент топтың арасынан үн қатпайтын және сөйлейтін айна кім болатынын өзі тандайды.

Айналарды таңцап болғаннан кейін оқытушы оларға нүсқау береді. Айналар қабырғаның қасына түрады. Негізгі қатысушы олардың алдына түрады. Қалған студенттер оның артына түрып, үндемей біртіндеп кезекпен келеді. Алдымен "үн қатпайтын айна" жұмыс істейді. Егер негізгі ойынға қатысушы артындағы адамды таба алмаса, "сөйлейтін айна" ойынға кіріп, бір-ақ сөз айтады. Егер студент элі таба алмаса, онда қайтадан үн қатпайтын айна көрініс көрсетеді осылай ойын алма-кезек жалғаса береді. Ойынға қатысушының негізгі міндеті - артында түрған адамды тезірек табу.

Айналар үшін белгілі шарт бар. Үндемейтін "айнаның" корсету тэсілі шектелмеген. "Сөйлейтін" айнаға бірнеше шектеулер бар Біріншіден, адамның атын атауға болмайды, екіншіден, сырткы келбетін суреттеуден қашып, адамның ішкі қасиеттеріне назар аударту керек.

Бірнеше минуттан кейін негізгі ойынға қатысушы мен айналарды алмастыру қажет. Жаттығуды аяқтағаннан кейін оның қорытындысын шыгарып, талқылау керек.

Талқылауға арналған сүрақтар:

1. Қалай ойлайсыздар, жаттығудың максаты қандай?

2. Қай ойыншы аз айна көрінісі аркылы артында түрған адамды тапты?

3. Мүндай тапқыштыктың қүпиясы неде?

4. Топтағы қай студент ең дарынды "айна" болып шықты? Оған не көмектесті?

5. "Айналар" бейнелеген көрініске кім таң қалды?

6. Осы жаттығу барысында өзіңіз немесе басқа студенттер туралы жаңа мэлімет, мағлүмат алдыңыз ба?

7. Сіз өзіңіздің "бейнеңізді" көргенде не сездіңіз?

8. "Айналарға" қоятын сүрақтарыңыз бар ма?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет