Дәріс: Тұлға психодиагностикасы.
Дәріс жоспары
1. Тұлға методикаларын класификациялау.
2. Психодиагностикалық методикаларда қолданылатын тестік тапсырмалар.
3. Жобалау тестері.
1. Тұлға методикаларын класификациялау. Бүгінгі уақытта-психологиялық процесстерді, қасиеттерді және тұлғаның жағдайын қамтитын психодиагностикалық методикалар практикада кеңінен қолданылуда. Писходиагностика методикаларын класификациялау ұғымы операционализм (жедел-анализ) және верификация (тексеру) ұғымдарымен байланысты.Операционализм ұғымына қойылатын талаптар: жаңа ғылыми түсінікке кіріспес бұрын, міндетті түрде нақты процедураны көрсетуі керек, практика барысында қанағаттандыратын әдістер мен методикалар болуы керек.Операционализм сыналушы практика жүзінде орындай алатын әрекет немесе операция.
Верификация ұғымына қойылатын талап: ғылымға енетін түсінік міндетті түрде толық тексеруден өту керек. Тексеру мағынасын білдіреді,практикалық қадам жасамас бұрын қайталап, шолып шығу.Яғни операционализм теорияны, верификация практика мәселесіндегі қадамдар.
Қолданылатын практикалық психодиагностикалық методикалардың көпшілігі құжаттық методикаларға жатады – олар, сыналушыға берілген сұрақтар мен пікірлерге ауызша немесе жазбаша формада жауап беру ұсынылыады.Құжаттық методикаға практикалық қызығу және оның кең түрде қолданылуы, алған нәтижелер бойынша нақты әрі шынайы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Келесі бір кең тараған методиканың бірі-сауалнама,адам психологиясын зерттеу процессі барысында сыналушыға ауызша түрде сұрақтар қатары ұсынылады және экспериментатор жауаптарды өзі тіркеп, талдайды.Бұл методиканың тиімділігі арнайы құжаттар дайындауды қажет етпейді және психодиагност пен сыналушының қатынасын оңтайландырады.Сауалнамалық методиканы стандарттілеу қиын, соның нәтижесінде жоғары әрі сенімді нәтиже алуға болады.
Келесі бір қолданыстағы методика суретті- псаиходиагностикалық методикалар. Сыналушының психологиясы мен міне-құлқын зерделеуде олардың бейнелеген суреттері арқылы талдау жасау.Арнайы тақырыпта немесе кез-келген ойға түскен нәрселерді бейнелеу ұсынылады.Кей жағдайлары интерпретациялау әдісі үшін сыналушыға арнайы,стандартты бейнелер мен схемалар ұсынылады.
3. Жобалау тестері.Психодиагностикалық методикалар арасында жобалау методикалары маңызды орын алады.Олар қолдану ерекшелігіне қарай құжатты,сауалнамалық, суретті болуы да мүмкін.Бұл методиканың практикада қолданылуы жылдан-жылға артуда, өйткені осы методика тобының талдауы сәйкесті және кең көлемдегі ақпаратты.
Келесі бір методика тобы-обьективті-манипуляциялық (айқын-айлалы).Сыналушының міндеті белгілі бір заттардан бір нәрсе құрастыру,жасау тағы басқа...Кәсіптік шеберлікті талап етеді және орындалу уақыты ұзақ.
Психодиагностикалық методикаларда қолданылатын тестік тапсырмалар типі сауалнамалық (сыналушыға қойылатын сұрақтар пайдалынады),бекіту (сыналушы өзінің келісетінін немесе келіспейтінін білдіретін пікірлер мен бекітулер қолданылады),өнімді (сыналушының ойлаған шығармашылық өнімі пайдаланылады:сөздік,бейнелік, материалдық),әрекеттік (сыналушы практикалық әрекеттер комплексі жүйесінде тапсырма алады),физиологиялық (мұндай жағдайдағы психодиагностика адам ағзасының ырықсыз негіздегі физикалық және физиологиялық талдауына байланысты ).
Сыналушыға арналған психодиагностикалық методикалардың тестік тапсырмасы мынандай формаларда ұсынылады: құжаттық (берілетін материал жазбаша немесе басқадай формада болады:сурет,схема және т.б).,техникалық(сыналушыға арналған тестік метериал аудио-видео немесе техникалық құрал-жабдықтар және т.б ).,сенсорлы (физикалық стимулдар түріндегі материалдар ұсынылады).
Психодиагностиканың тестік материалы саналы,сыналушы саналы түрде қатысады, және санасыз, адам реакциясының санасыздыққа бағытталуы.Мысалы, бірінші типке сауалнама жатса, ал екіншісіне жобалау методикалары жатады.
Психодиагностикалық методикалардың қолдану ерекшелігіне қарай обьективті (экспериментатор немесе сыналушының санасына тәуелді болмай шынайы көрсеткіш қолданылады) және субьективті (сыналушы мен экспериментатордың санасы мен тілегіне орай мәліметтер қолданылады).
Ең соңында психодиагностикалық методиканың ішкі құрылымын мономерлі және многомерлі болып бөлінеді.Бірінші жағдайда бір қасиетін немесе жағдайын бағалау және диагностикалау болса, екінші жағдайда адамның түрлі типті немесе біртипті бірнеше қасиеттерін бағалау және диагностикалауға арналады.
Барлық психодиагностикалық методикалар ғылыми және практикалық болып бөлінеді.Көптеген психодиагностикалық методикалар практикалық психодиагностикада және ғылыми-зерттеу эксперименттерінде де қолданылады.Бірақ олардың арасында айырмашылық бар,ғылыми-зерттеу методикалары психологиялық қасиеттерді ғылыми тұрғыдан тереңірек зерделеуге бағытталған болса, ал практикалық оның даму дәрежесін практкалық мақсатта қолданады.
Психологиядағы тест деп-зерделейтін қасиеттің даму дәрежесінің сапалы және сандық көрсеткішін алуға мүмкіндік беретін стандартті психодиагностикалық методикаларды атайды.Стандартты методикалар- үнемі және барлық жерде ситуациялары мен нұсқауларынан бастап,сыналушыдан қандай амал мен нәтиже алғанынан бастап,көрсеткіштерді интерпрететациялауы да бір образда болуы қажет.
Алынған көрсеткіштерге-тест дұрыс қолданылған жағдайда алынған бағалаулар қашан, қалай, қандай жолмен алынғаны бір-бірімен салыстырылады.Психодиагностикалық методикаларға валидтілік, сенімділік, бір ізділік және дәлдік жағдайларға байланысты қатаң талаптар қойылады.
Тестің бірнеше түрлері болады, олар негізгі топтарға бөлінеді: пән бойынша тестілеу,тестегі міндеттерді шешу ерекшелігіне байланысты;материал бойынша, бағалау обьектісі бойынша.Тапсырмалаарды қолдану ерекшелігіне қарай практикалық,бейнелік және сөздік тестер болады.Тестік материалдың ерекшелігіне қарай құжаттық,аппараттық болып бөлінеді. Бағалау обьектісіне қарай- процессуальды, жетістікке жету, қасиет және күй болып бөлінеді.
Зияттылық тестер-адам ойлауының (интеллект) даму деңгейін және олардың жеке когнитивтік процестерін,яғни,қабылдау, зейін, қиял, ес, сөйлеу сияқты процесстерін бағалауға арналады.Тұлғалық тестер-адамның психодиа-гностикалық жеке тұрақты ерекшеліктерін анықтайтын әрекет;мұнда темперамент, мінез, мотивация, эмоция, қабілет тестері жатады.Тестердің арасында жеке тұлғаның белгілі бір қасиетін неменсе күйін жан-жақты,комплексті бағалайтын тестерде кездеседі.Мысалы, комплексті тестке Кеттел,ММРІ –методикалары жатады.
Тұлғааралық тестер-түрлі әлеуметтік топтардың, адамдардың қарым-қатынасын білдіреді,мысалы,социометриялық тест,топты ұжым ретінде әлеуметтік-психологиялық өзіндік аттестациядан өткізу.
Практикалық тест тапсырмаларына-сыналушы шынай материалдармен,заттармен жаттығуды немесе тапсырманы көрнекі-әрекетті түрде орындау қажет.
Бейнелі тапсырмалар-орындалатын жаттығулар картинка, сурет, схема сиқты бейнелермен рорындалады.Олар ойша елестетудің,қиялдың белсенділігін қажет етеді.
Вербальды(сөздік) тестер-тапсырманы сөйлеу операциясы арқылы орындайды.Мысалы,түсінікті анықтау, түрлі сөздердің мазмұны мен көлемін анықтау,ой қорытындысы, түрлі логикалық операциялар түсінігін және т. б.
Құжаттық тестер-сыналушы тапсырманы орындау үшін тестік материалдар түрлі формада ұсынылады:сурет,схема, кесте, сауалнама және т.б.
Аппаратуралық- тестік қорытындыларды талдау түрлі аппараттарды:аудио-видеотехника, электронды-есептегіш материалдарды пайдалану арқылы орындалады.
Процессуальды тестер-кез-келген психологиялық немесе мінез-құлықтық процесскөмегімен анықтау,қорытындысында сапалы,сандық мінез-құлық беріледі.
Нәтижеге жету тесті- адамның белгілі бір іс-әрекетіндегі жетістігін бағалау,мысалы,тану сферасы,естің өнімділігі ойлау шеберлігі,зейін тұрақтылығы,сөздік ойлауының даму деңгейі және т. б.
Күй және қасиет тестері- адамның психологиялық қасиеттерін диагностикалауға қатысты,мысалы, мінез бітістерінің ерекшелігі, темперамент қасиеттері, қабілеттер ж.т.б.
Психодиагностикалық методикалардың ерекше бір тобы- жобалау тестері.Адамның психологиялық қасиетін тура негізде емес жанама түрде зерттеу арқылы бағалайды.Көп мағыналы обьектілерді: анық емес картинкалар, пішінсіз дақтар, аяқталмаған сөйлемдерді сыналушы адам қалай интерпретациялап, қабылдайтына байланысты бағалайды.
Мұндай обьектілерді интерпретациялап,бағалауда Адам «санасыз» түрде өзінің ішкі дүниесін немесе процессін алдыға жайып салады. Осындай топқа жататын тестер: Роршах тесті,Тақырыптық Апперцепциялық Тест және т. б..
2. Психодиагностикалық методикаларда қолданылатын тестік тапсырмалар.Сыналушы психодиагностикалауда психологиялық ерекшелігін сыртқа шығарғысы келмей жасырғысы келген жағдайда жобалау тестері қолданылады.
Психодиагностикалық методикалар сияқты тестерге ерекше талаптар қойылады:
1.Тестің әлеуметтікмәдени-бейімділігі- сыналушы топтың мәдени ерекшелігіне, әлеуметтік ортасына тестік тапсырмалар мен бағалаулар сәйкес болуы керек.
2. Тестік тапсырмалардың формулировкасы қарапайым және бір ізділігі.
3. Тестік тапсырмалардың орындалу уақытында шектеу болуы қажет.Психологиялық тестік тапсырманың орындалу уақты бір жарым,екі сағаттан аспауы тиіс, өйткені ұзақ уақыттан соң адам жұмысқа деген қабілеті төмендейді.
4.Жүргізілетін тестке сай тестік норманың болуы. Сыналушы адамдардың жас ерекшелігі ,білім мен мәдени деңгейі, әлеуметтік ортасы және т.б жағдайларды ескеру керек. Осындай нормаларды сақтағанда ғана нақты нәтижеге жетуге болады.
Тестік нормаларға қойылатын талаптардан басқа,тестілеу қорытындысын өңдеу, интерпретациялау үшін қатаң ержелер болуы қажет. Осының ішіндегі ең маңызды ережелері төмендегідей:
1.Психолог тесті қолданбастан бұрын, нұсқауымен танысып, ең алдымен өзіне немесе жақын бір адамына жүргізіп көруі қажет.Бұл жағдай тестілеу барысында қателікке соқтырмауға мүмкіндік береді және тестілеудің ерекшелігін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
2.Тестік тапсырманы орындамас бұрын, сыналушы тесттің жүргізілу барысын дұрыс ұқты ма соған көз жеткізу керек.
3.Тестілеу барысында сыналушы берілген тапсырманы өз бетімен, бір-біріне тәуелсіз және кеңес бермей орындауын қадағалау керек, бұл ереже сақталмаса тестілеудің қорытындысына кедергі келтіруі мүмкін.
4.Кез-келген тестің қорытындысын интерпретациялап,өңдеу ғылыми негізделген болуы керек.
Практикалық тесті жүргізбес бұрын оған арнайы дайындық қажет.Олар төмендегідей:
Сыналушыға ең алдымен қандай мақсатта тестілеу жүргізетінін,қандай нәтиже алуға болатынын,оны қандай жағдайда өмірде қолдануға болатынын түсіндіру керек.Сыналушыға түсінікті болатындай нұсқаулар беру керек.Осы жағдайлардың барлығы түсінікті болғаньжағдайда ғана психолог тестілеуді жүргізеді,нақты, дәлме-дәл нәтиже алу үшін айтылған ережелердің барлығы қатаң сақталуы қажет.
Дәріс Кәсіби психодиагностика.
Дәріс жоспары:
1.Практикалық психодиагностика.
2. Психодиагностикамен айналысушыға қойылатын талаптар.
3. Кәсіби этикалық принциптер.
1.Практикалық психодиагностика.Практикалық психодиагностика-психологтың кәсіптік шеберлігін талап ететін күрделі де маңызды ғылым.Ол арнайы білімділікті және кәсіптік шеберлікті талап етеді,олар адамдар тадырына ықпал тигізеді.Мысалы: психологтың шешіміне байланысты медициналық және соттық диагноз қою және арнайы тест жұмысы арқылы адамдарды жұмысқа немесе оқуға алу жәнетағы басқа жағдайларда... Осыған орай психодиагностикада психологке қойылатын әлеуметтік-этикалық талаптар қойылады:
Психодиагностиканың құпиясын сақтау.
Психодиагностикалық методикалардың ғылыми дәлелділігі.
Зерттелуші адамға нұқсан келтірмеу.
Қорытынды жасаудың шынайылығы.
Ұсынылған нұсқаулардың айқындылығы.
1.Психодиагностикалық зерттеудің қорытындысын басқа әріптестерінің келісімінсіз жарияламау-бұл психодиагностиканың құпиясын сақтау деп аталады.Бұл принцип көп жағдайда кәмелетке жасы толғандарға қатысты.Егер кәмелетке жасы толмағандар болса,яғни жоғары сынып оқушыларына дейінгі балаларды зерттеу барысындағы зерттеу қорытындысын міндетті түрде ата-анасының келісімімен немесе олардың орнындағы адамдармен яғни бала үшін моральдық және заңгерлік жауапкершілікті мойнына алған аламдармен ақылдасу арқылы жариялайды.Психодиагностиалық методикаларды жетілдіру мақсатында экспериментальды зерттеулер жүргізсе,бұл жағдайда қорытындыны жариялау үшін зерттелушінің аты-жөні аталмайды.
2. Психодиагностикалық методикалардың ғылыми дәлелдігі – зерттелуші ерекшелігіне сәйкес және сенімді қорытындылар бере алуы керек.
3. Зерттелуші адамға нұқсан келтірмеу принципі-зерттелуші адамға психологиялық жағынан нұқсан,кедергі келтірмеу керек. Егер психодиагностикалық методика арқылы адамды конкурсты түрде жұмысқа немесе оқуға қабылдау болса , онда бұл принцип бойынша нәтижелерді ашық түрде талдауын және тестілеудің барысынан толық ақпарат беру қамтылады.
4. Қорытынды жасаудың шынайылық принципі –сәйкестілік және сенімділік методикалары көмегімен жүргізілген методикалардың қорытындысында ғылыми дәлелділіктің болуы.
5. Ұсынылған нұсқаулардың айқындылық принципі,яғни берілген нұсқаулар адамға пайдалы болуы керек. Зерттеу қорытындысы барысында практикалық нұсқауды керек етпейтін адамға ұсынбай-ақ қойған жөн.
2. Психодиагностикамен айналысушыға қойылатын талаптар.Психодиагностикамен айналысушыға қойылатын негізгі талап-білікті маман болу керек.Оның негізгілері-тыңғылықты теориялық дайындық , психодиагностикалық методикаларды және оларды қолдану барысын ерекше білу керек, практикалық жүйеде нәтижелі жұмыс жасау керек.
Психодиагностикамен арнайы психологиялық білімі бар адам болсын немесе өз бетімен айналысып жүрген адам болсын ,оларға қойылатын моральдық-этикалық нормалар болады.Олар:
Адамның өз еркі болмаса,оны психологиялық зерттеуге итермелеуге болмайды.Тек ерекше екі жағдайда:соттық және медициналық практикада қосымша заңға сүйене отырып зерттеу.
Психологиялық тестілеу жүргізу барысында зерттелушіні мынандай жағдайлардан ескерту:зерттеу барысында зерттелуші адам өз еркінен тыс құпия нәрселерін айтып қоюуы мүмкін,мысалы сезімі, ойлары туралы тіпті өзі мойындағысы келмейтін құпияларын...
Кез-келген зертелуші адам тестілеудің қорытындысын білуге құқылы.\егерде заңдылық қайшылықтарға жолықпаса\
Кәмелетке толмағандарды зерттеу барысында оның қорытындысымен ата-анасы немесе оларды ауыстыратын адамдар білуге құқылы.
Тестілеу қорытындысын зерттеу жүргізген психологтың өзі талдап және оны дұрыс формада түсіндіру керек.
Егер тестілеу конкурстық жағдайда жұмысқа немесе оқуға қабылдау болса, онда конкурсқа қатысушы тек тестілеудің мақсатын білмей , сондай-ақ қандай жағдайда және кім қорытынды шығаратынын білуге құқылы.
Психологиялық тестілеуді жүргізгенде негізгі жауапкершілік психологқа және оның көмекшісіне жүргізіледі.
Қорытынды мен нәтижелеерді жариялауда мемлекеттік, заңгерлік шектеулер қойылады.Төмендегідей міндетті нормалар болады:
Сот-сараптама, мамандық таңдаудағы психологиялық тестілер қорытындысы ақпарат құралдарында жарияланбайды, себебі кәсіптік шеберлігі жеткіліксіз адамдар қолданбас үшін.
Психологиялық тестілеуді тек ғана арнайы психологиялық жоғары білімі бар және психология ғылымының кандидаты атағынан төмен емес адамдар жүргізуі тиіс,өз бетімен қызығушы адамдардың лицензиялары болуы керек
3. Кәсіби этикалық принциптер.Кәсіби этиканың пайда болуын анықтау – бұл қоғамдық еңбектін бөлінуі жεне кεсіп пайда болуымен моральдық талаптардың өзара байланысын айқындау. Бұл сауалдарға көп жылдарын бұрын назар аударған Аристотель, кейіннен Конт, Дюркгейм еді. Олар қоғамның моральдық принциптерімен қауым еңбегінің бөлінуінің байланысы туралы көп айтқан. Алғаш рет осы проблемаларды материалистік тұрғыдан негіздеген К.Маркс, Ф.Энгельс.
Алғаш рет кәсіби-этикалық кодекстердің пайда болуы 9-12 ғғ ортағасыр цехтерінің пайда болу жағдайымен кεсіпкерлердің еңбектерінің бөліне бастауымен байланысты.
Бірақ, қоғам мүшесінің бεріне өмірлік маңызы бар кәсіби мамандықтар, көне пайда болған. Соның бірі «Гиппократ анты» кәсіби-этикалық кодексі, жεне сот қызметін атқаратын жрецтердің инабаттық құрған кодекстері.
Кәсіби этиканың пайда болуы, уақытынан бұрын ғылыми этикалық ілімдер, теориялары құрған.Күнделікті тεжірибе, қандайда болмасын мамандық адамдарының өзара қатынастарын реттеп басқару үшін, кәсіби этиканың нақты талаптарының қалыптасуынын қажет етуін ұғынды. Кәсіби этика, күнделікті моральдық сана көрінісі ретінде пайда болып, кейін әр кәсіби топтын өкілдерінің әрекет – қылығының жалпыланған практика негізінде дамыды. Бұл жалпылаулар әрекет – қылықтың жазылған және жазылмаған кодекстерде, және де теориялық қорытынды формасындада болған. Сөйтіп, бұл кәсіби моральдың шеңберінде қарапайым санадан теориялық санаға ауысуы туралы куәлік. Кәсіби этика нормасының игерілуі мен құрылуына үлкен роль атқаратын қоғамдық пікір. Кәсіби мораль нормасы бірден жаппай қабылданбайды, бұл пікірлер таласымен байланысты келеді. Кәсіби этика мен қоғамдық сана байланысы дәстүр түрінде де болады. Әт түрлі кәсіби этиканың өз дәстүрі болады, яғни мындаған жылдар бойы қандай да бір кәсіп өкілдерінің қалыптастырған негізгі этикалық ереже негізінің ізгі жетуі куә.
Кәсіби этика- бұл, адамның өзінің мамандық борышына деген қатынасты анықтайтын моральдық нормалар жиынтығы.Адамдардың еңбек шеңберіндегі адамгершілік қатынасын реттейтін кεсіби этика. Қоғамның ережеде қызмет атқару жεне дамуы тек материалық жεне құндылық өнімнің үздіксіз процессі нεтижесінде ғана болады.
Кәсіби этиканың мазмұны болып адамдар арасындағы нақты түрдегі адамгершілік өзара қатынас жεне берілген кодекстерді негіздеу тәсілін ұсынатын әрекет – қылық кодексіне жатады.
Кәсіби этика зерттейді:
-еңбек коллективінің және жеке әр маманның қатынасын;
-кәсіби борышты өте жақсы орындауды қамтамасыз ететін маман тұлғасының адамгершілік қасиетін;
-кәсіби ұжымдардың ішкі өзара қатынастарын жεне сол мамандық үшін тән ерекше адамгершілік норманы;
-кәсіби тәрбие ерекшелігін.
Біліктілік және еңбекке деген қатынас тұлғаның моральдық бейнесінің негізігі сипатына жатады. Олар дара адамның тұлғалық сипатында өте маңызды, бірақ әр түрлі тарихи даму кезендерде оладын мазмұны жεне бағасы маңызды айырмашылықта болып келеді. Таптық қоғамда олар еңбек түрлерінің әлеуметтік тең келмеуімен , ақыл және күш еңбегі қарама – қайшы келіп, кәсіптін жоғары және төмен деңгейде болып саналуымен анықталды. Еңбек шеңберіндегі таптық мораль туралы жазылған б.з.д. 11 ғ бірінші жартысындағы куәлік «Мудрость Иисуса, сына Сирахова» атты христиандық библия кітабы жатады. Бұндағы тағылымда, құлқа қатысты жөн сілтеу бар: «жем, таяқ, ауыртпалық – есек үшін; нан, жаза және іс – құл үшін. Құлды жұмыспен жүктеп алдандыр сонда тыныш табасын; оның қолын босатсан – ол бостандық іздей бастайды». Ежелгі грецияда қара жұмыс құндылығы және мағыналығымен төмен бағаланған. Феодал қоғамында дің еңбекті, алғаш күнә үшін жаза ретінде қарастырылған, ал жұмақ болса ол мәнгілік еңбексіз өмір болып қарастырылған. Капитализм кезінде, жұмысшылардың өнім құралынан және еңбек нәтижесінен қол үзу өнегеліктің екі типін тудырған: барлық еңбек шеңберіне тараған капиталистік жыртқыштық – тонаушылық және жұмысшылар тапының ұжымдық – азаттық. Бұл туралы Ф.Энгельс жазған «... әр бір таптың және кәсіптін өз моралі бар» деп.
Адамдардың кәсіби міндеттерін орындау барысында болатын жағдайлар кәсіби этиканың қалыптасуына қатты әсер етеді. Еңбек процессі кезінде адамдар арасында нақты моральдық қатынастар орнатылады. Бұларда барлық кәсіби этика түрлеріне тән бір қатар элементтер бар.
Біріншіден, бұл қатынас қоғамдық еңбекке, еңбек процессінің қатысушыларына деген. Екіншіден, кәсіби топтардың бірін бірімен және қоғаммен тікелей жанасу саласында пайда болатын моральдық қатынастар.
Кәсибі этика- нақты жағдайды ж/е кәсіби қызмет ерекшелігін ескере отырып жалпы адамзаттың моральдік құндылық негізінде маманның әрекет – қылығын реттеп отыратын норма ж/е ереже жиынтығы -болғандықтан маманның іс - әрекетің ж/е дайындықтың құрамдас бөлігі бола тұрып этикалық білім мен білім беру жүйесінде маңызды орын алады.
Кәсіби этика, ереже түрінде процессі немесе салдары, басқа адамдардың тағдырына және өміріне немесе адамзатка ерекше әсер ететін кәсіби қызметтін түріне қатысты. Осыған байланысты кәсіби этиканың дәстүрлі түрлерін анықтауға болады, олар, педагогикалық, медициналық, заң, ғалым этикасы, ж/е жаңа «адам факторының» ролінің өсуімен байланысты (инженерлік этика) немесе оның қоғамға ықпалының күшеюімен баланысты (журналистика этикасы). Ерекше орын алатын іскер қарым – қатынас этикасы, яғни ол дербес кәсіби этика ролін атқарады (менеджерлер, кәсіпкер үшін т.б.) ж/е де басқа мамандықтағы этика элементі сапасында (педагогтар, юристер, инженерлер).
Кәсиби этика – дεстүрлісі ж/е жаңалары бір қатар ерекшелітен тұрады (жалпы ж/е жеке (арнайы). Жалпы ерекшеліктерге:
1. Жоғары моральдық құндылықтар , жалпы адамзат маңызын сақтай отырып, εр түрлі кәсіби этикада өзінің нақты белгісін іздеп табады.
2. Нақты мамандық шеңберінде тек нақты қызметке тән, арнайы – кәсіби моральдық норма мен құндылықтар қалыптасады; ақырында олар кен мағынаға ие болады, кейде жалпы адамзаттыққа ауысады.
3. Кәсіби қарым – қатынас шеңберінде, εсіресе «педагог – оқушы» жүйесінде, жақтардың тепе тенсіздігі байқалады
20ғ. аяғы 1936 жылдан бері легальды болмаған педагогтар мен психологтар үшін жаңа құбылыс әкелді. Қазіргі практикалық психологияның із ашары педалогия ЦК ВКП(б) өкімімен жабылып қатардан кетірілді. Маңызы бойынша 50 ж. соң өздерін практикалық психологтармыз деп атайтын ж/е қоғамға арнайы өз қызметтерін ұсынатын- баланың мектепке дайындығын; бизнес – пландардың психологиялық дайындығын; жұмыс ұжымдарының мүшелерінің психологиялық сипаттамаларын ж/е олардың психологиялық үйлесімделіктерін т.б. анықтайтын адамдар пайда болды.
Бұл кімдер? Бұлардың әлеуметтік статусы қоғам қатынасында қандай? Не себептен өздеріне жауапкершілік алып жеке ж/е әлеуметтік өмірге εсер етеді? Деген сұрақтарға жауап беру үшін келесілерді ой жүгіртіп көрсетеміз:
қандай да болмасын мамандықтын пайда болуы оның инструктивті регламентенуін болжамдайды, атап айтсақоның болуының әлеуметтік қолайлы нормаларын құру; әрине, бұл нормалар кәсіби әрекеттеріне әлеуметтік ж/е жеке жауапкершілік мөлшерінің негізін анықтау үшін пайда болады.
адамға әсер ету мен байланысты кәсібтер, имплицитті түрде адам өмірінің жалпыланған моделін көрсетеді, яғни мұнда басқа адаммен қатынаста ерекше ақпаратты қолдануды- адамның жеке тағдыры туралы ақпарат қолдануды болжамжайды.
осы ақпаратты қолдану адамның «Мен» шекарасын осалдатад; бұл құбылыс адамның өз өмірінен қол үзу құбылысы ретінде философиялық ж/е психологиялық εдебиеттерде көп жазылған.
адаммен кәсіби стандарталған әрекеттер арқылы жеке даралық ретінде (кәдімгі адамның, орташа адамның, жалпы адамның) адамдар өмірінің сапасының шынайы арзандау қауіпі төніп келеді.
адамның жеке дара тағдырын өзгертуге жауапкершілік алатын, оған жеке өмірдін сапасы үшін барлық жауапкершілік түрлері берілетін маманның кенет өзгеріс қауіпі бар: «Психолог (немесе басқа) былай айтқан, мен былай ойлағам, бірақ ештене шыққан жоқ, (түбінде бεрі нашар болды)».
Осы түсініктер, психологтардың күндегілік кәсіби қызметінде кездесетін проблемалар нәтижесін талдауда пайда болып отыр.
Психодиагностикамен арнайы психологиялық білімі бар адам болсын немесе өз бетімен айналысып жүрген адам болсын ,оларға қойылатын моральдық-этикалық нормалар болады.Олар:Адамның өз еркі болмаса,оны психологиялық зерттеуге итермелеуге болмайды.Тек ерекше екі жағдайда:соттық және медициналық практикада қосымша заңға сүйене отырып зерттеу.Психологиялық тестілеу жүргізу барысында зерттелушіні мынандай жағдайлардан ескерту:зерттеу барысында зерттелуші адам өз еркінен тыс құпия нәрселерін айтып қоюуы мүмкін,мысалы сезімі, ойлары туралы тіпті өзі мойындағысы келмейтін құпияларын.Кез-келген зертелуші адам тестілеудің қорытындысын білуге құқылы.\\егерде заңдылық қайшылықтарға жолықпаса. Кәмелетке толмағандарды зерттеу барысында оның қорытындысымен ата-анасы немесе оларды ауыстыратын адамдар білуге құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |