Бағдарламасы сыныптар Аcтана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет20/27
Дата07.02.2022
өлшемі158,5 Kb.
#86034
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Байланысты:
1269 3-duniet-nash-k

Ауа және ауа райы (4 сағат)
Ауа – жердің қалқаны. Ауа райы. Ауа райының өзгеріп тұруы және оның маңызы. Климат туралы алғашқы түсініктер. Қазақстанның климатына жалпы сипаттама. Адамның іс-әрекетінің ауаға әсері. Ауаның тазалығын сақтау.
Көрнекі құралдар. «Ауаның құрамы» кесте.
Практикалық жұмыстар. Флюгердің көмегімен желдің бағытын анықтауды үйрету.
Жергілікті жердің жануарлар мен өсімдіктері (7 сағат)
Жануарлардың көптүрлілігі: құрттар, жәндіктер, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер. Өсімдіктердің алуан түрлілігі: балдырлар, мүктер, қыналар, қылқан жапырақтылар, гүлді өсімдіктер. Жануарлар мен өсімдіктердің әртүрлі тіршілік ету ортасына бейімделуі. Қорықтар, қорықшалар және ұлттық парктер. Қазақстанның Қызыл Кітабы.
Практикалық жұмыстар: Берілген өсімдіктер кеппешөбінің жинағынан (мүктер, қыналар, қылқан жапырақты, гүлді) әртүрлі өсімдіктерді таңдап алу. Жануарлар мен өсімдіктердің әртүрлі тіршілік ету ортасына бейімделу белгілерін айқындау. Жануралар мен өсімдіктер әлемінің алуан түрлілігі туралы қосымша ақпарат іздестіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет