Жер – аспан денесі (6 сағат)
Ғарыш туралы ұғым. Адамның ғарышты игеруі. Ғарыштық ұшақтар. Алғашқы ғарышкерлер: Ю.Гагарин, Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев ғарыштан Жердің бейнесі. Жер - шар тәрізді дене. Глобус – жердің моделі. Күн – жылу мен жарық көзі. Жердің айналуы. Жарты шарлар.
Көрнекі құралдар: Глобус. Физикалық карта. Теллурий. Ғарыш тақырыбына арналған әртүрлі суреттер.
Көрсетілімдер. Теллурий құралы арқылы Жердің өз осінен айналатындығын көрсету.
Қоғам (24 сағат)
Отбасы (4 сағат)
Отбасы - қоғамның бір бөлшегі. Адамдардың өзара қарым-қатынастары. Туыстық байланыстар. Баланың ата-ана алдындағы борышы.
Мектеп (4 сағат)
Мектеп ұжымы. Мектептегі мінез-құлық ережесі. Мектеп және оның айналасы. Табиғат нысандары және адам қолымен жасалған заттар.
Туған қала облыс (облыс/аудан) (6 сағат)
Қазақстан қалалары және туған өлкенің тарихи жерлері. Туған қала/облыс орталығының таңбасы.
Достарыңызбен бөлісу: |