|
ІІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕБайланысты: 1269 3-duniet-nash-kІІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1-сынып оқушылары:
бөлмеде өсіп тұрған өсімдік аттарын;
өсімдіктердің бөліктерін;
өсімдік түрлерін;
жануарлардың түрлерін;
өлі және тірі табиғат нысандарын;
мектеп ұжымы туралы;
мектепте өзін-өзі ұстау ережелерін;
мектеп және оның айналасы туралы біледі;
табиғи нысандарды;
табиғатқа бақылау жасау арқылы жыл, тәулік мезгілдерін, ауа райын;
табиғатта өзін-өзі ұстаудың қарапайым ережелерін;
отбасы мүшелерін;
отбасылық мерекелер мен дәстүрлерді;
тұрғылықты мекен-жайын, қаласын/ауылын;
маусымдық жұмыс түрлерін;
қоғамдық орындарда өзін ұстау және жолда жүру ережелерін;
өз Отанын, мемлекеттік рәміздерді, астанасын, ел басшысын;
адамның дене бөліктерін;
жеке бас гигиенасын;
күн тәртібін;
өз денсаулығын сақтау үшін қарапайым күтіну ережелерін білуі тиіс.
Оқушылар:
жыл мезгілдерінің аттарын және табиғаттағы маусымдық өзгерістерді ажырата алуы;
үй хайуанаттары мен жабайы жануарлардың тіршілік ету жағдайын ажырата алуы;
жоспар бойынша табиғат құбылыстарын, өсімдіктерді, жануарларды бақылай алуы;
өсімдіктің өсуі кезінде байқалатын сыртқы өзгерістерді суреттей;
ағаштарды бұталардан ажырата алуы;
өз бақылаулары нәтижесінде адамдар, жануарлар мен өсімдіктер үшін судың, ауаның және топырақтың маңызы туралы әңгіме құрастыра алуы;
бөлме өсімдіктерін күтіп баптау: суару, қопсыту, өсімдік жапырағын шаң-тозаңнан тазарта алуы;
ұжым мүшелерін ажырата алуы;
мектеп және оның айналасын сипаттай алуы;
табиғи нысандарды ажырата алуы;
табиғатқа бақылау жасау арқылы жыл, тәулік мезгілдерін, ауа райын ажырата алуы;
табиғатта, қоғамдық орындарда өзін ұстау және жолда жүрудің қарапайым ережелерін сақтай алуы;
отбасылық мерекелер мен дәстүрлерді сипаттай алуы;
тұрғылықты мекен-жайын, қаласын/ауылын, маусымдық жұмыс түрлерін ажырата алуы;
күн тәртібін, жеке бас тазалығын, денсаулығын күту ережелерін сақтай алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|