2-сынып оқушылары:
ауаның, судың негізгі ластану көздерін: көлік түрлерін, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын, олардың қоршаған ортаға тигізетін әсері жөнінде;
адамның сезім мүшелерін;
жеке бас тазалығын, денсаулық сақтаудың, қауіпсіздік тәртібінің ережелерін;
өз өлкесінде кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін;
аңдарды, құстарды, балықтарды, жәндіктерді;
жануарлардың тіршілігіне және өсімдіктердің өсуіне қажетті жағдайларды;
өсімдіктердің тұқымдары мен жемістерін;
өсімдік тұқымының әртүрлі жолдармен: жел арқылы, сумен, жануарлармен, адамдармен таралуын;
өз өлкесіндегі ауа-райы белгілерін;
термометр құрылысын;
ауыз суын, электр көзін үнемді пайдалану ережелерін;
суды, ауа мен топырақты қорғау шараларын;
адамның отбасындағы құқықтары мен міндеттерін;
көлік түрлерін, жаяу жолаушыға арналған жол белгілері мен таңбаларын;
мамандық түрлерін;
тұрмыстық құралдарды;
мемлекеттік мерекелерді: Конституция күні, Республика күні, Тәуелсіздік күні, олардың маңызын;
Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың мерекелері мен дәстүрлері: Наурыз, Ораза айт, Кұрбан айт, Рождество, Масленица, Пасха, Сабан той жөнінде;
адамның өмір сүруіне қажетті жағдайларды (үй, киім, техника, өсімдік өсіру, жануарлар асырауды);
пәтердегі, үйдегі, ауладағы аса қауіпті жерлерді;
ғимаратта өрт шыққанда, су құбырлары жарылғанда, газдың иісі шыққанда өмір қауіпсіздігі ережелерін білуі тиіс.
Оқушылар:
жеке бас тазалығын, денсаулық сақтаудың, қауіпсіздік тәртіп ережелерін сақтай алуы;
өз өлкесінде кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін ажырата алуы;
өсімдікті тұқым арқылы өсіруге тәжірибе жасай алады;
аңдарды, құстарды, балықтарды, жәндіктерді сыртқы белгілеріне қарай ажырата алуы;
жануарлардың тіршілігіне және өсімдіктердің өсуіне қажетті жағдайларды сипаттай алуы;
өсімдіктер мен жануарлардан алынатын өнімдер мен заттарды ажырата алуы;
өз өлкесіндегі ауа-райы белгілерін, тұрғылықты жердегі тірі және өлі табиғат пен маусымдық өзгерістер арасындағы өзара байланысты сипаттай алуы;
термометрдің көмегімен ауа температурасын анықтай алуы;
ауа-райы өзгерістерін бақылау нәтижесіне сәйкес графикалық суреттермен белгілей алуы;
ауаның, судың, топырақтың физикалық қасиеттерін (мөлдірлік, ағымдылық, қаттылық, жылу өткізгіштік, түс, иіс) оқып білуде қарапайым тәжірибе жасай алуы;
табиғатта негізгі тәртіп ережелерін орындай алуды және қоршаған ортаны қорғау шараларын сақтай алуы.
адамның отбасындағы құқықтары мен міндеттерін сақтай алуы;
көлік түрлерін, жаяу жолаушыға арналған жол белгілері мен таңбаларын ажырата алуы;
мамандық түрлерін, тұрмыстық құралдарды пайдалануына қарай ажырата білуі;
мемлекеттік мерекелерді: Конституция күні, Республика күні, Тәуелсіздік күні, олардың маңызын сипаттай алуы;
Қазақстан Республикасында тұратын халықтар мен өз халқының мерекелері мен салт-дәстүрлерінің басты белгілерін (атрибутикасын) ажырата алуы;
адамның өмір сүруіне қажетті жағдайларды (үй, киім, техника, өсімдік өсіру, жануарлар асырау) сипаттай алуы;
ғимаратта өрт шыққанда, су құбырлары жарылғанда, газдың иісі шыққанда өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтай алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |