Байланысты:
1269 3-duniet-nash-k 3-сынып оқушылары :
салауатты өмір салтының құрылымын (дұрыс тамақтану, дене белсенділігінің, дұрыс ұйқы мен тынығудың, күн тәртібін сақтауды, шынығуды , жаман әдеттің алдын-алу);
дәрумендердің адам өмірі үшін тигізетін маңызын;
дұрыс тамақтанудың маңызын;
су жануарлары мен өсімдіктерінің ерекшеліктерін және олардың өзара байланысын ;
орман жануарлары мен өсімдіктерінің ерекшеліктерін және олардың өзара байланысын;
шалғындық жануарлары мен өсімдіктерінің ерекшеліктерін және олардың өзара байланысын;
тұщы суды және топырақты қорғаудың маңызын;
жануарлардан жұғатын аурулардың алдын-алу шараларын және улы жануарлармен кездескенде өмір қауіпсіздік ережелерін;
сынып бөлмесінің, жергілікті жердің суретте, сұлбада кескінін ;
қарым-қатынас жасауда топтың басқа мүшелерінің көзқарастарымен санасудың қажеттілігін;
туыстық қатынастар мен ата-баба шежіресін;
Қазақстанның қалаларын, туған өлкесінің ауыл/қаласының тарихи жерлерін бейнеленуін білуі тиіс.
Оқушылар:
дене және ақыл-ой еңбегінің ерекшеліктерін сипаттай алуы ;
дене белсенділігінің аздығы, дұрыс тамақтанбау, ұйқы мен күн тәртібін сақтамау салдарынан адам денсаулығының нашарлау себебін түсіндіре алуы;
суда және күннің көзінде болған кезде өзін-өзі ұстаудың қауіпсіздік ережелерін сақтай алуы ;
табиғат қауымдастығындағы жануарлар мен өсімдіктердің өзара байланысы мен өзара тәуелділігін түсіндіре алуы ;
улы жануарлардың 3-4 өкілін ажырата алуы ;
біржылдық, көпжылдық, жабайы, мәдени, дәнді-дақылды, дәрілік және улы өсімдіктердің 3-4 түрін ажырата алуы ;
табиғат белгілері бойынша жергілікті жерде бағдарлау үшін тірі және өлі табиғат құбылыстарын бақылай алуы ;
табиғаттағы су айналымының жүру барысын сипаттай алуы;
топырақ пен су көздерін шаруашылық іс-әрекетке пайдалану жолдары бойынша мысалдар келтіре алуы ;
өлшегіш құралдарды (компас, флюгерді) пайдалана алуы;
флюгердің көмегімен желдің бағытын анықтай алуы ;
компастың көмегімен көкжиектің негізгі тұстарын айқындай алуы ;
жергілікті жердегі бір нысанның келесі нысанға қатысты орналасқан жерін анықтай алуы ;
сынып бөлмесінің сұлбасын суреттен ажырата алуы;
сынып бөлмесінің сұлбасын құрастыра алуы ;
сыныптағы өзін-өзі басқару шеңберінде өз ұсынысын және іс-әрекетін дәлелдей алуы;
табиғат белгілері бойынша жергілікті жерде бағдарлау үшін тірі және өлі табиғат құбылыстарын бақылай алуы.
адамдар арасындағы өзара байланыс түрлерін: отбасылық , туыстық қатынастарды ажырата алуы ;
Қазақстанның қалаларын, туған өлкесінің ауыл/қаласының тарихи жерлерін сипаттай алуы тиіс;
Достарыңызбен бөлісу: