Бағдарламасы сыныптар Аcтана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет26/27
Дата07.02.2022
өлшемі158,5 Kb.
#86034
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
1269 3-duniet-nash-k

4-сынып оқушылары:

  • адам ағзасының мүшелер жүйесін (тірек-қимыл, жүйке, тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, зәр шығаруды);

  • адамның тері және ішек ауруларының алдын-алудың қарапайым шараларын;

  • теріні жырып, кесіп, күйдіріп немесе үсіріп алған жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету іс-әрекеттерін;

  • құрттардың, жәндіктердің, балықтардың, қосмекенділердің, бауырмен жорғалаушылардың, құстардың, сүтқоректілердің ерекше белгілерін;

  • балдырлардың, мүктердің, қыналардың, қылқан жапырақтылардың және гүлді өсімдіктердің ерекше белгілерін;

  • Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі Қызыл кітабының маңызын;

  • Қазақстанның жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау шараларын;

  • жер бедерінің формаларын;

  • пайдалы қазбалардың (тас көмір, мұнай, табиғи газ, ас тұзы, фосфорит, бор, әктас, мәрмәр, гранит, темір кені, күміс, алтын) қасиеттері, пайдалану ерекшеліктері мен кен өндіру орындары туралы жалпы мәліметтерді;

  • космос және космос денелері жөнінде;

  • Жердің өз өсінен және Күнді айналуына байланысты күн мен түннің және жыл мезгілдерінің ауысатындығын;

  • Қазақстанның даму тарихынан алғашқы мәліметтерді;

  • «Алтын адам» тәуелсіз еліміздің нышанды бейнесі екендігін;

  • Ұлы жібек бойындағы қалалар туралы;

  • Ұлы тұлғалардың Қазақстан тарихына қосқан үлестері туралы;

  • Отан тарихындағы жеке (оқыған) тарихи жағдайларды;

  • Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентін білуі тиіс.

Оқушылар:

  • адам ағзасының мүшелер жүйесін (тірек-қимыл, жүйке, тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, зәр шығару) сипаттай алуы;

  • адамның тері және ішек ауруларының алдын алудың қарапайым шараларын сақтай алуы;

  • теріні жырып, кесіп, күйдіріп немесе үсіріп алған жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету іс-әрекеттерін рөлдік ойын режимінде орындай алуы;

  • құрттардың, жәндіктердің, балықтардың, қосмекенділердің, бауырмен жорғалаушылардың, құстардың, сүтқоректілердің ерекше белгілерін ажырата алуы;

  • балдырлардың, мүктердің, қыналардың, қылқан жапырақтылардың және гүлді өсімдіктердің ерекше белгілерін ажырата алуы;

  • Қазақстанның табиғат аудандарындағы өсімдіктер мен жануарлар қауымдастығының өзара байланысын сипаттай алуы;

  • Жер бедері формаларын (жазықтық, тау, қырат, ойпат, сай, тоған, су қоймалары) ажырата алуы;

  • жүргізілген бақылаулар мен тәжірибелер негізінде Қазақстанның пайдалы қазбаларының қасиеттерін сипаттай алуы;

  • жүргізілген бақылаулар мен сарамандық жұмыс нәтижелерін қорытынды ретінде өзбетінше дайындай алуы;

  • Қазақстанның физикалық картасынан пайдалы қазбалардың 1-2 кен орындарын анықтап, контур картаға түсіре алуы;

  • аспан денелерін Жер – планета, Ай – Жердің серігі, Күн – Жерге жақын орналасқан жұлдыз деп ажырата алуы;

  • өлі және тірі табиғат нысандарының (бақылау негізінде) өзара байланыстары мен өзара қарым-қатынастарын анықтай алуы;

  • Қазақстанның физикалық картасынан газ, мұнай, көмір кен орындарын анықтай алуы.

  • Отан тарихындағы жеке (оқыған) тарихи жағдайларды суреттей алуы;

  • Қазақтан тарихындағы негізгі оқиғаларды ажырата алуы;

  • Ұлы тұлғалардың Қазақстан тарихына қосқан үлестері туралы әңгімелей алуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет