Туған қала (облыс/аудан) (8 сағат) Қала (облыс/аудан) республика әкімшілігінң құрамдас бөлігі. Шаруашылық туралы алғашқы ұғым. Қаланың (облыс/ауданның) негізгі шаруашылық салалары. Тарихи назар аударарлық орындар және мәдени мұралар. Халықтың демалыс орындары. Көшеде және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері.
Туған ел (7 сағат) Біздің Отанымыз Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Мемелекеттік рәміздердің авторлары. Отанымыздың ірі мемлекет қайраткерлері.
Еліміздің шаруашылық салалары туралы жалпы түсініктер: ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік қатынастары, құрылыс, эенергетика.
Қазақстанның мәдениеті, ғылымы мен білімі туралы жалпы түсініктер. М.Әуезов – ұлы жазушы. Қ.Сәтбаев – көрнекті ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы.
Қазақстан республикасының бүкіл халықтық мерекелері: Наурыз – Жаңа жыл. Республиканың тәуелсіздік күні.
Көрнекіліктер. «Астана – менің сүйікті қалам» атты диафильм.
Практикалық жұмыстар. Мектеп кітапханасының ережелеріне сәйкес ұймдастырылған рөлдік ойындар.