Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2


МОДУЛЬ 1. ФИЗИКАЛЫҚ ХИМИЯ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ



Pdf көрінісі
бет3/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14

МОДУЛЬ 1. ФИЗИКАЛЫҚ ХИМИЯ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ 
Дәріс №1. Термодинамика. Химиялық термодинамика 
 
1.Химиялық термодинамика негіздері 
2.Термодинамикалық атаулар мен ұғымдар 
3.Термодинамикалық процесстер 
4.Химиялық термодинамика 
Термодинамика 
Жылу құбылысы мен оның түрленуін зерттейтін ілімді термодинамика деп 
атайды. 
 
Бұл ілім – жалпы, техникалық және химиялық термодинамика салаларына бөлінеді. 
Жалпы термодинамика 
– термодинамика тәсілдерін тұжырымдап, оны фазалық 
күй өзгерісіне, термоэлектр және магниттік құбылыстарға, сәуле шығару мен дене бетінде 
орын алатын өзгеріс-терді зерттеуге арналады. 
Техникалық термодинамика
– жылу мен жұмыстың түрленуін, жылу 
двигательдері, тоңазытқыш қондырғыларында орын алатын жылу, механикалық және 
химиялық құбылыстардың өзара байланыс заңдылықтарымен айналысады. 
Химиялық термодинамика
құбылыстардың өту механизмі туралы және заттардың 
ішкі құрылысы туралы қорытындылар жасамайды. Химиялық термодинамика жүйенің 
басталуы мен соңғы күйлерінің жағдайын және сыртқы күш әсерлерін (температура, 
қысым т.б.) қарастырады. 
Сонымен, 
Жалпы 
термодинамика 
заңдарын 
химиялық 
реакция, 
физикахимиялық 
құбылыстарға 
қолдануын 
қарастырады 
және 
химиялық 
құбылыстарды зерттеуде жалпы термодинамиканың қағидалары мен заңдарын 
қолданады.
 
Термодинамикалық атаулар мен ұғымдар 
 
Жүйе (система) 
- қоршаған ортадан шартты түрде бөлінген жеке дене немесе 
өзара әрекеттесетін денелер жиыны, яғни зерттеуге тиісті қоршаған ортаның кеңістіктегі 
бөлігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет