49
заттардың қасиеттері кенет өзгереді. Мысалы, химиялық реакция нәтижесінде заттардың
түсі кенет секірмелі түрде өзгереді, ал физикалық процесте түстің өзгеруі бірте-бірте
өтеді. Химиялық процес өткенде заттардың тығыздығы, сыну көрсеткіштері, жылу
сыйымдылықтары,
оптикалық, термиялық, т.б. қасиеттері кенет өзгереді.
Физикалық процесте ерітіндінің көлемі оны түзетін заттардың алғашқы көлемдерінің
қосындысына тең, демек көлем аддитивті болады. Аддитивті қасиет ерітінді құрамына
пропорционал болады.
y=y
A
C
A
+y
B
C
B
(XIII.1)
y – A және В компоненттерінен тұратын ерітіндінің аддитивті қасиеті;
y
A
– А затының таза күйіндегі қасиеті;
C
A
- А затының ерітіндідегі концентрациясы;
y
B
және C
B
- В затының таза күйіндегі қасиеті мен ерітіндідегі концентрациясы.
Кейде ерітінді қасиеттің өзі емес, оның қандай да бір функциясы
жоғарыдағы аддитивтілік
теңдеуге (XIII.1- түзу сызықтың теңдеуі) бағынады.
Мысалы, қасиеттің логарифмдері түзу сызықтың теңдеуіне бағынады:
Lgy=C
A
lgy
A
+C
B
lgy
B
Сөйтіп ерітіндінің түзілуі физикалық процестердің нәтижесінде болса, оның
қасиеттері аддитивті қасиеттерге жатады. Ал ерітінді химиялық процестердің нәтижесінде
түзілсе, оның қасиеті аддитивті заңдылықтан ауытқиды.
Ерітінді түзілгенде міндетті түрде жылу алмасу байқалады. Бұдан ерітіндінің түзілуі
химиялық процеске жақын екендігін көреміз. Бірақ химиялық реакцияда заттар бір-
бірімен белгілі-бір қатынаста (стихехиометриялық коэффициенттер) әрекеттесетін болса,
ерітінді түзгенде олар кез-келген мөлшерде араласады. Бұл жағдай әдетте физикалық
процеске тән. Сонымен қатар ерітіндінің қасиеттері көбінесе аддитивті өзгереді. Бұл
жағдай еретінді қасиеттерін ерітіндідегі бөлшектердің санына тәуелді екендігінң белгісі.
Сөйтіп ерітінділердің түзілуін физикалық тұрғыдан да қарастыруға болады.
Көп жағдайларда ерітінділер түзілгенде жылу бөлініп не жылу сіңірілуі,
олардың
қасиеттерінің аддитивтіліктен ауытқуы ерітіндіге химиялық тұрғыдан қарауды қажет
етеді. Осыған байланысты Менделеев ерітінділердің химиялық теориясын ұсынды, яғни
заттар араласып ерітінді түзгенде олар өзара химиялық әрекеттесуге түседі. Және
Менделеев қөзқарасы бойынша ерітіндіде өтетін процестер болып, олар массалар
әрекетесу заңына бағынады. Ерітінді ең кемінде екі компоненттен тұрады, олардың біреуі
еріткіш ретінде алынады. Еріткіш болып мөлшері артық компонент саналады. Ал егер
ерітіндіде қатты, газ немесе
сұйық затт ерітілген болса, еріткіш ретінде агрегаттық күйі
түзілген ерітінді күйімен бірдей компонент алынады. Бірақ термодинамикалық тұрғыдан
қарағанда ерітіндідегі компоненттердің бәрі тең бағалы, сондықтан еріген зат немесе
еріткіш дейтін ұғымдар тек шартты түрде қолданылады. Ерітіндіде компоненттердің
мөлшері әртүрлі өлшемдермен беріледі, соған байланысты
ерітіндінің құрамы мольдік
үлестермен не молярлық концентрациялармен т.б. берілуі мүмкін. Төмендегі кестеде
ерітінді концентрациясының әртүрлі өлшем бірліктерінің арасындағы байланыстар
берілген.
50
m
c
x
M
m
m=m
m=
1000
M
c
c
x
x
m
1
1000
M
M
m
100
1000
c
1000
1000
m
m
c
c=c
x
mx
x
c
e
1
1000
M
c
10
x
e
m
m
x
1000
e
c
c
c
x
1000
x=x
e
M
M
M
x
100
m
1000
100
m
m
M
10
c
M
e
x
x
x
M
1
100
M=M
Концентрация:
m – молялдық (1000г еріткіштегі ерітілген заттың моль саны);
с – молярлық (1г ерітіндіде ерітілген заттың моль саны);
х – ерітілген заттың мольдік үлесі;
М – массалық үлес, % (100г ерітіндідегі еріген заттың граммен алынған массасы)
µ
– еріген заттың молекулалық массасы; µ
е
– еріткіштің молекулалық массасы;
-
ерітіндінің тығыздығы.
Ерітінділер теориясын дамытуға Қазақстан ғалымы академик М.С.
Усанович көп
үлес қосты. Ол ерітінділердің идеал ерітінді болуы концентрацияға тәуелді емес және де
өте сұйытылған ерітінділер де идеалдықтан ауытқуы мүмкін деп тапты. Идеалдықтан
ауытқу ерітінділерде өтетеін процестерге байланысты. Оларға ассоциация, диссоциация,
химиялық қосылыс түзілу, коиплексті қосылыс түзілу, т.б. процестер жатады. Егер
ерітінді түзетін компоненттердің арасында мұндай процестер өтпесе концентірлі
ерітінділер де идеал ерітінділердің заңдарына бағынады деді.
Достарыңызбен бөлісу: