Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2



Pdf көрінісі
бет46/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14
ароматты косылыстар, GoovhG1V3TGhv5GOrpQEjNUVlEt7gXGZKn8D8Onn
Бақылау сұрақтары 
1.
Арениустың электролит диссоциация теориясы 
2.
Қышқылдар дегеніміз
3.
Электролит ерітінділерінің электр өткізгіштігі 
Дәріс №12. Химиялық кинетика және катализ 
 
1. Химиялық кинетика пәні және әдісі. Химиялық процестердің классификациясы.
2. Әрекеттесуші массалар заңы, жылдамдық константасы. Реакциялардың 
молекулалығы және реттілігі.
3. 1-ші, 2-ші ретті реакциялар. Реакциялардың жылдамдығының константасын 
жәнереттілігін анықтау.Бірінші ретті күрделі реакциялар: қайтымды, параллель, 
тізбекті, қосарланған. 
1. Химиялық кинетика пәні және әдісі. Химиялық процестердің классификациясы.
Химиялық кинетика деп химиялық реакциялардың механизмдері жайлы ілімді 
айтады. Бұл салада әрбір реакция жылдамдығы және оған әсер етуші концентрация
қысым, температура, катализатор, реакция жүретін орта (еріткіш) мен реакцияға түсетін 
заттардың табиғаты қарастырылады. 
Химиялық реакциялар жылдамдығы түрліше болуы мүмкін. Мысалы, қопарылыс 
секундтың мыңнан бір бөлігіндей мерзімде жүрсе, ал кейбір реакциялар бірнеше сағат, 
тәулік, жыл, ғасырлар бойына жүреді. Айталық, кәдімгі темір құрғақ ауада ұзақ уақыт 
таттанбайды. Ал енді осы темірдің бір бөлігін ылғалды ауада ұстаса бір тәулікте, суға 
салса бірер сағатта-ақ тотықтанады. Сол сияқты тау жыныстары мен топырақ 
құрамындағы реакциялар ондаған жылдар бойында жүрсе антрацит, мұнай, газ, көмір 
сияқты заттар бірнеше ондаған, жүздеген ғасырлар бойында жүретін күрделі химиялық 
реакциялар нәтижесінде пайда болады. 
Әр түрлі технологиялық процестердің өнімділігі мен ондағы қолданылатын 
қондырғылардың түрі, өлшемі, кейбір биологиялық не биотехнологиялық процестердің, 
тыңайтқыштар мен дәрі-дәрмектердің тірі организмге әсері, тағы да көптеген құбылыс-тар 
хймиялық реакция жылдамдығына байланысты. 
Химиялық реакцияларды бір-бірінен ерекше сипатымен ғана өзгешеленетіндей 
бірнеше топшаларға бөлуге болады. Мысалы, ортаның агрегаттық құрамына орай газды 
фазадағы реакциялар; ерітінді (сұйық) күйінде жүретін реакциялар; қатты ортада жүретін 
реакциялар болып топтасады. Ал, реакцияға түсетін, одан алынатын өнім мен реакция 
жүретін орта күйіне сәйкес: гомогенді (біркелкі, бір күйдегі) химиялық реакциялар; 
гетерогенді (әр күйдегі) химиялық реакциялар болып бөлінеді. Сол сияқты реакциялар 
кейбір ерекшеліктері мен жекеленген сипатына, әрекетіне орай келесі топтардың біріне 
жатуы мүмкін: каталиттік емес реакциялар; каталиттік реакциялар, оның өзі гомогенді 
каталиттік реакция; гетерогенді каталиттік реакция болып жіктеледі; фото-химиялық 
(сәуле химиясы) реакциялар; тізбекті реакциялар; электрохимиялық реакциялар. Ал, 
реакциялар кинетикалық қайтымдылығы бойынша екіге бөлінеді: бір жақты (бір бағытта 
ғана) жүретін, яғни қайтымсыз реакциялар; екі жақка бірдей немесе тепе-теңдік күйі 
орнағанша жүретін қайтымды реакциялар. 


62 
Бұл тарау келесі тәртіп бойынша мазмұндалады. Әуелі химиялық реакция 
жылдамдығының концентрацияға тәуелділігі, сонан соң термиялық активтілік, яғни 
реакция жылдамдығыньщ температураға тәуелділігі қарастырылады; одан кейін химиялық 
реакциялардың теориялық негізі баяндалады. Мұнан әрі тізбекті реакциялардың 
ерекшеліктері мен ешбір жылу әсерінсіз-ақ активтелетін сипаттағы реакциялар және 
гетерогенді реакциялар мен каталиттік реакциялардың кейбір ерекшеліктері талданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет