Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2



Pdf көрінісі
бет79/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14
ароматты косылыстар, GoovhG1V3TGhv5GOrpQEjNUVlEt7gXGZKn8D8Onn
Коллоидты химияның орны. 
Химияның дамуында коллоидты системаны зерттеу 
үлкен орын алды. Молекулалық және иондық ерітінділер табиғат пен техникадағы 
коллоидты ерітінділерден гөpi әлдеқайда сирек кездесетін құбылыс. Сондықтан да өзімізді 
қоршаған табиғи әлеміндегі кездесетін сан алуан құбылыстардың физикалық-химиялық 
процесін түсіну арқылы табиғаттың барынша жалпылама және нақтылы заңдылығын 
табуда, коллоидты химияның да заңдылықтарының орны ерекше. 
Тамақ өнеркәсібінде кездесетін көптеген технологиялық процестер коллоидты 
процестер. Мысалы, нан өндірісіндегі қамырды илеп, оны даярлау кездегі ісіну процесі 
және нан пісіру кезіндегі ұю мен коагуляция сияқты процестердің бәрі де коллоидты 
системадағы құбылыстар. Сол сияқты маргарин, шырын, майонез сияқтыларды әзірлеу 
ісі—эмульгирлеу процесіне сүйенеді. Сондай-ақ сүт өндірісіндегі айран, сүзбе, құрт, 
ірімшік, май, қаймақ сияқтыларды алудың өзі тікелей коагуляция және ісінуге кері 
құбылыс синерезис сияқтыларға негізделеді. Кондитер саласындағы көпте-ген кремдер 
мен сан алуан конфеттерді, зефирлерді әзірлеу де коллоидты процестер арқылы жүзеге 
асады. Тағам даярлаудағы пісіру, тұздау сияқты құбылыстардың бәрі коагуляция немесе 
белоктың ыдырауы секілді процестер арқылы жүреді. 
Қазір қоршаған ортаны сақтау, оны қорғау аса маңызды мәнге ие болып отыр. Бұған 
ғасырымыздың 80-жылдары Біріккен Ұлттар ұйым жариялаған «Таза судың онжылдығы» 
атты шешімі дәлел. Оны әлемдегі ғалымдар «ғасыр міндеті» деп те жүр. Нақ осы тұрғыдан 


103 
алғанда, бұл міндетті атқару коллоидты химияға көбірек тиесілі. Суды ластайтын заттар 
аса ірі, дисперсті, коллоидты және молекулалы бөлшектер болып төртке бөлінеді. 
Олардың арасындағы біріншісі, яғни аса ірілері тұну процесі кезінде бөлінсе, қалған үшеуі 
де коллоидты химиядағы ұю, коагуляция, диффузия, сүзу сияқты процестер көмегімен 
тазаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет