Бағдарламасы (syllabus) ( Типтік оқу бағдарламасы ҚРБҒМ «05» 11 2018 ж.) негізінде құрастырылды


ББ МОДУЛЬДІК ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ



бет4/14
Дата11.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#110747
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
психология сил
2 5188613822654448935, психология сил, 9 сынып Н р-С лтан, 2019 рметті м алім! Жиынты ба алау а арн, Туулбек Нурсултан, Daulibaev Bakytzhan, құқық
2.ББ МОДУЛЬДІК ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ


Курс

Семестр

Дәріс

Практика/

семинар

Зертханалық


ОСӨЖ


СӨЖ


Бақылау формасы

1

1

10

10

-

10

30

Тест



3.МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ




Тақырыптар атауы

Сағат саны

Аптаға сәйкес орындалу мерзімі

І

1-модуль. Психологиядағы ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға




Дәріс







1.Психологияға кіріспе. Психологиядағы ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға

1

1 аптада 1сағат дәріс

2.Мен және менің мотивациям

1

2 аптада 1сағат дәріс

3.Эмоция және адамның ерік қасиетімен өзін-өзі реттеу психоогиясы

1

3 аптада 1сағат дәріс

4.Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшелітері

1

4 аптада 1сағат дәріс

5. Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде

1

5 аптада 1сағат дәріс

Практикалық (семинар) сабақтар







1.1. Заманауи психологияның салалары

1

1апта 1сағат прак.сабақ


1.2. Еңбек іс –әрекетінің мотивациясы

1

2апта 1сағат прак.сабақ


1.3.Эмоцияның әр түрлі мәдинеттерде көрінуі мен сезінуі

1

3апта 1сағат прак.сабақ

1.4.Тәуелсіз қоғамдағы тұлғаның «ерік бостандығы» тұжырымдамасы

1

4апта 1сағат прак.сабақ


1.5.Тұлғалық ресурстар ұлттық сананы сақтау мен дамытудың факторы ретінде

1

5апта 1сағат прак.сабақ

















ІІ

2-модульТұлғааралық қарым қатынас қазақстандық үйлесімді тұлғаның даму факторы ретінде



1. Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау және

1

6 Аптада 1сағат дәріс

2.Тұлғаның денсаулық психологиясы

1

7аптада 1сағат дәріс

3. Тұлғаның және топтардың психологиясы

1

8аптада 1сағат дәріс

4.Әлеуметтік –психологиялық конфликт түсінігі және құрылымы

2

9аптада 2сағат дәріс

Практикалық (семинар) сабақтар







1.1.Теріс эмоциялар және денсаулық

1

6апта 1сағат прак.сабақ


1.2.Ұлтаралық қарым қатынас әлеуметтік психологиялық құбылыс ретінде.

1

7апта 1сағат прак. сабақ


1.3.Тұлғааралық қабылдау әсерлері.

1

8апта 1сағат прак.сабақ


1.4.Тұлға және топ (әлеуметтік психологиялық ықпал ету)

1

9апта 1сағат прак.сабақ


1.5.Тиімді коммуникация мен тұлғаның бәсекеге қаблеттілігінің өзара байланысы

1

10апта 1сағат прак.сабақ





2-модуль бойынша барлығы

5/5







2-модуль бойынша бақылау түрі

тест




БАРЛЫҒЫ

20






4.ПӘНДІ ОҚЫТУ МАҚСАТЫ: Қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу контекстінде білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру

5.ПӘН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫН НЕГІЗГІ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕР: Студенттердің кәсіби қызмет саласында психологиялық құбылыстарды талдау біліктіліктерін қалыптастыру.

6. ПӘНДІ ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

(бакалавриат деңгейі бойынша)




Блум таксономиясы деңгейлері

Білу және түсіну

Қолдану

Талдау

Синтез

Бағалау

Оқыту нәтижелері (ОН)

(ОН3)

(ОН10)

Негізгі ұғымдарды;

терминдердізаңдылықтарды, қағидаларды әдістерді білу;

интерпретация, жорамалдау әрекетерін меңгеру қажет;



Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолдану; заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолдану, иллюстрация, жазып көрсету, идеяларға жүгіну.

Талдау мәліметті терең өңдеумен, игерумен ерекшеленеді


Шағын эссе, аналитикалық баяндамалар,

мәнжазбалар жазу,

жоспар құру,

жүйелестіру, болжау, жоспарлау, сөзбен құрастыру, жинақтау, өзгерту, дайындау.



Курс бойынша материалдың маңызыдылығына қарап жіктеу, тексеру, салыстыру, шешу,тиянақтау, дәлелдер келтіру.



7. ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:

интерактивті сабақтар, «жеке-топ/жұп-аудитория», «ойлан, жұптас, пікірлес», «проблеманы айқындау», «проблема шешу», «проблема шешімін қолдану», «кластер», «сұрақ-жауап-пікірталас», «эссе», тренинг және оқу процесін ұйымдастыру мен сүйемелдеудің ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялары немесе бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған техникалық талаптар негізінде ZOOM, YouTube, Classroom, Teams, Gooqe Meat,Univer жүйесі мүмкіндіктерін қолдану.



8. ОСӨЖ, СӨЖ кестесі:




СӨЖ тапсырмасы (тақырыбы)

Тапсырма түрі

Берілген мерзімі

Қабылдау мерзімі (апта күні мен уақыты кестеге сәйкес)

1

«Психология менің өмірімде және кәсібімде»

Эссе

2

2-апта

дүйсенбі 15.40



2

«Ұйым қызметкерлерінің мотивациясын жетілдіру»

Кейс

2

2-апта

дүйсенбі 15.40



3

Эмоционалдық интеллектіні дамыту бағдарламасын құру

Бағдарлама құру

2

3-апта

дүйсенбі 15.40



4

«Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы».

Кейс

2

3-апта

дүйсенбі 15.40



5

Қазіргі студенттің психологиялық портретін құру.

Психологиялық портретін құру

2

4-апта

дүйсенбі 15.40



6

«Өмір жолы» жобасын даярлау.

Жоба даярлау

2

4-апта

дүйсенбі 15.40



7

«Менің мансаптық және кәсіби өсуім»

Эссе

2

5-апта дүйсенбі 15.40


8

«Кәсіби денсаулықты сақтау

Кейс

2

1 аралық бақылау тапсыру

9

Көшбасшылық пен жетекшілікке салыстырмалы талдау жасаңыздар

Талдау жасау

2

6-апта дүйсенбі 15.40


10

«Қарым қатынас процесіндегі қораған ортаны қабылдау»

Эссе

2

6-апта дүйсенбі 15.40


11

«Әлеуметтік желілердің жастардағы тәуелді мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етуін талдау» презентация дайындау

Презентация дайындау

2

7-апта

дүйсенбі 15.40



12

«Қарым қатынастағы психологиялық кедергілер және оларды жеңу» кестесін құру

Кестесін құру

2

7-апта

дүйсенбі 15.40



13

Толерантты мінез-құлықты дамыту бойынша психологиялық ұсыныстар әзірлеу

Ұсыныстар әзірлеу

2

9-апта

дүйсенбі 15.40




14

Конфликтілік жағдайда басым көрінетін мінез-құлық типін анықтау бойынша өзін-өзі диагностикалау

Өзін-өзі диагностикалау

2

9-апта

дүйсенбі 15.40



15

«Тиімді коммуникация» тренинг бағдарламасын даярлау

Тренинг бағдарламасын даярлау

2

2 аралық бақылау тапсыру


9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

9.1 Дәрістер

1. Тақырыбы: Психологиядағы ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға

Сағат саны 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Психология ғылым ретінде.

  2. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері.

  3. Психология ғылым дамуының негізігі кезеңдері.

4. Психологияның әдіснамалық принципі және зерттеу әдістері

Дәріс тезисі: Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері. Заманауи тұлғаның қалыптасуы мен қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы психология мен психологиялық білімдердің мәні. Психологияның әдістері. Психология тиімді өмір сүруге ықпал ететін ғылым және практика ретінде ( бизнес, спорт, денсаулық сақтау, жарнама психологиясы). Психология дегеніміз адамның психикалық әрекеттерінің өсіп даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Ол ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері-ежелгі Греция. Психология, психика деген түсініктер гректің «псюхе»-жан, «логос»-ілім деген сөздерінен тұрады. Қазақша мағынасы «жан туралы ілім». Бұл ғылымның өзіндік таңбасы Ψ(псю деп аталатын грек әріпі). Психологияның мақсат-міндеттері психология адам жан дүниесінің әрқандай қыры мен сырын зерттейтін пән болғандықтан, ол жан құбылыстарын ғылыми тұрғыдан жете түсінуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік ортада азаматтың адамгершілік қасиеттері мен жеке басының қажеттері болып табылатын дүниетанымдық көзқарасын, мінез-құлқын қабілетін, темперамент ерекшеліктерін жетілдіру-психология ғылымының басты міндеті.

Бекіту сұрақтары:

1 .Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны қандай?

2.Психологияның басқа ғылым салаларынан ерекшелігі неде?

3.Психология ғылым дамуының негізгі кезеңдерін атаңыз.

Әдебиет:

1. Аронсон Э. Көпке ұмтылған жалғыз(мәтін) The Social Animal: әлеуметтік психологияға кіріспе: (оқулық) /Э.Аронсон; ауд.Д. Д.Дүйсенбеков (және т.б) -11-бас.-Астана

2. Годфруа Ж. Что такое психология . Том 1.-М:Мир, 2015 г—496 с.

3 . Майерс Д. Әлеуметтік психология [Мәтін] = Social Psychology: [оқулық] / Д. Г. Майерс, Ж. М. Туенж ; ауд. Г. Қ. Айқынбаева [және т.б.]. - 12-бас. - Астана : "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ, 2018. - 559, [1] б.: сур. - (Рухани жаңғыру).

4. Майерс Д. Психология / пер. с англ. И.А. Карпиков, В.А. Старовойтова. – 4-е изд. - Минск: «Попурри», 2010. – 848 с.

5. Психология индивидуальных различий / Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: АСТ: Астрель, 2010 – 720 с.

6. Руденко А.М. Психология в схемах и таблицах: учебное пособие. – М: Феникс, 2016. – 379



2.Тақырыбы: Мен және менің мотивациям
Сағат саны 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Мотивация және өзіндік мотивация.

  2. Мотивтер және қажеттіліктер.

  3. Мотив түрлері.

  4. Жетекші мотив.

Дәріс тезисі* Мотивация және өзіндік мотивация. Мотивтер және қажеттіліктер. Мотив түрлері. Жетекші мотив. Жетістікке жету және сәтсіздіктен қашу мотивациясы. Мотивацияны зерттеу әдістері. Тұлғаның мотивациялық профилі. Тұлғаның мотивациялық сфераның бұзылуымен байланысты еңбек тиімділігінің төмендеуі.. Тiршiлiктiң жалпылама сипатын қамты-ған адам қоғамындағы белсендiлiк өз ерекшелiгiне орай айрықша көрiнiске ие. Бұл белсендiлiк көрiнiсi iс-əрекет деп аталады. Адам iс-əрекетi күрделi құбылыс. Оның қырларын əртүрлi ғылымдар зерттейдi: əлеуметтiк мағынасын қоғамдық ғылымдар; физиологиялық механизмдерiн - физиология пəнi; ал психология - iс-əрекеттiң психикалық болмысын танумен шұғылданады. Iс-əрекет психологиясын зерттеуде, əдетте, назарға жеке дара адамның iс-əрекетi алынады, ал кейiнгi уақыттары психологиялық зерттеулердiң объектiсiне бiрлiктi, ұжымдық iс-əрекет те алынып жүр. Iс-əрекет қоғамдық-тарихи категория. Адамды барша тiршiлiк иесi сияқты белсендi iс-əрекетке келтiретiн күш - бұл қажетсiну яғни индивидтiң өзiнiң тiршiлiк жəне дамуының қажеттi жағдайларына тəуелдiлiгiнiң көрсеткiшi. Іс-әрекеттің түрлері, ойын, оқу, еңбек.

Бекіту сұрақтары:

1.Мотив пен мотвация түсінігінің айырмашылығы неде?

2.Қажеттілік ұғымы мен шабыт ұғымының мәнін ашыңыз.

3.Мотивтің қандай түрлері бар?



Әдебиет:

1. Маслоу А. Мотивация и личность. СПб.: Питер, 2008.-352 с.

2. Годфруа Ж. Что такое психология . Том 1.-М:Мир, 2005 г—496 с.

3 . Майерс Д. Әлеуметтік психология [Мәтін] = Social Psychology: [оқулық] / Д. Г. Майерс, Ж. М. Туенж ; ауд. Г. Қ. Айқынбаева [және т.б.]. - 12-бас. - Астана : "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ, 2018. - 559, [1] б.: сур. - (Рухани жаңғыру).

4. Майерс Д. Психология / пер. с англ. И.А. Карпиков, В.А. Старовойтова. – 4-е изд. - Минск: «Попурри», 2009. – 848 с.

5. Психология индивидуальных различий / Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: АСТ: Астрель, 2008. – 720 с.

6. Руденко А.М. Психология в схемах и таблицах: учебное пособие. – М: Феникс, 2016. – 379 с.

3.Тақырыбы: Эмоция және адамның ерік қасиетімен өзін-өзі реттеу психоогиясы

Сағат саны1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары


  1. Адам өміріндегі эмоцияның рөлі.

  2. Эмоцияны түсіну және эмпатияға қабілеттілік.

3. Эмоцияны реттеудің әдістері мен механизмдері: эмоцияларды қайта қарастыру және эмоцияларды басу.

Дәріс тезисі: Эмоция дегеніміз адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер. Адамның әр түлі эмоциялары оның қажеті мен қызығу ерекшеліктеріне, дүниеге көзқарасы мен сеніміне, мінез-құлқы мен мінез көлеміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады. Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар тудырады. Кісі үнемі қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деген терминмен белгілейді. Эмпатия қайғы-қасiреттi жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшыраған өзгелерге жанашырлық бiлдiрiп, солардың ауыр халi өз басыңа түскендей сезiну. Құмарлық көрiнiсi анық, ұзақ уақытқа созылады. Ол əрқашан белгiлi бiр затқа бағытталады. Құмарлық адамның белсендi iс-əрекетiн оятатын күштi сезiм. Оның ұнамды жəне ұнамсыз жақтары бар. Мысалы, оқуға деген құмарлық адам қабiлетiн тəрбиелейдi, мəдениетiн дамытып, өмiрдегi мақсат - мүддесiне жеткiзедi.

Ерік – адамның өз мінез – құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе – мақсат қою, соған талпыну мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды. Адамның іс - әрекеті екі түрлі, оның бірі – еріксіз әрекеттер. Мәселен, жөтелу, шашалу, түшкіру т.б. Екінші-ерікті әрекеттер,қозғалыстар. Мысалы, жерге түсіп кеткен затты көтеріп алу. Бұл – мақсатты қозғалыс. Адамның мақсатты қозғалыстары әрқилы кедергілер мен қиыншылықтарға ұшырап отырады. Алайда, адам алдына қойған белгілі мақсатын орындау үшін оны ерікті әрекетімен жеңуге ұмтылады. Адамның мақсаты, қалауы, әртүрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда, ниеттерінің жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша айтқанда, бұл – адамның бағдарлы әрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы әрекеті, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты, әлі жете анықталмаған істері де жатады. Ниеттерді орындауда тіршілік үшін маңызды да, мәні аз да істер кездесіп отырады. Ниет өрісі өзгергіш, әрі қозғалғыш, сондай – ақ сыртқы жағдайлардың өзгеріп отыруына орай айнымалы болып келеді. Әрбір жеке адамның ерікті іс - әрекеттерінің өзіндік сипаты бар.



Бекіту сұрақтары:

1. Адам өміріндегі эмоцияның рөлі қандай?

2. Эмоцияны түсіну дегеніміз не?

3. Қайта қарастыру және эмоцияларды басу деген ұғымдарды түсіндіріңіз.



Әдебиет:

  1. Даниел Гоулман . Эмоциональный интеллект. Почему он может значить больше,чем IQ

  2. Джакупов С.М Введение в общую психологию-А.:Қазақ университеті

  3. Ильин Е.П. Психология общения и межличностных отношений.-СПб, 2009-576 с

  4. Майерс Д. Психология/ пер. С англ. И.А. Карпиков, В.А. Старовойтова

  5. Психология индивидуальных различий /Под ред. Ю.Б Гиппенрейтер, В.Я. Романова

  6. Руденко А.М Психология в схемах и таблицах:учебное пособие.-М; Феникс,2016-379 с

  7. Шульц Д. Қазіргі психология тарихы (мәтін) A History of Modern Psychology (монография)/Шульц ,С.Э.Шшульц ;ауд. Б.Ақын(және т .б)

4.Тақырыбы: Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері

Сағат саны 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Темперамент, мінез және қабілет.

  2. Темперамент анықтамасы.

  3. Жүйке жүйесінің қасиеттері темпераменттің негізі ретінде.

Дәріс тезисі: Әрбір кісінің жеке басына тән дара өзгешеліктің бірі – осы темперамент. «Темперамент» сөзінің шығу тегіне тоқталар болсақ, «красис» деген грек сөзін латынша – темпераментум дейді. Мұндай атаудың мәні нәрселердің не заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Бұл өзгешелік – ең алдымен, адамның эмоциялық сезіміндегі және жүріс – тұрысы мен қимыл – қозғалысындағы, сөйлеген сөзіндегі, өзге адамдармен қарым – қатынасындағы ерекшеліктері. Сөйтіп, біз темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тәуелді, жеке адамға тән дара өзгешелік деп білеміз. Адамның мұндай өзгешелігінің сыр – сипатына зерттеуші – ғалымдар ерте замандарда – ақ айырықша мән берген. Адамның осындай өзгешелігінің мәнін ашуға алғаш көңіл аударып, еңбек жазған – ертедегі грек жұртының дәрігер – ғалымы Гиппократ ( б. з. д. 460 – 356жж.) болды. Темпераменттің типтері. Темперамент – адамның жалпы мінездемесі. Анық мінездеме жеке адамның барлық іс - әрекетінен көрініп тұрады. Жүйке жүйесі типтерінің сыр сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамның бойындағы өзгешеліктерін сипаттайды. Жүйке жүйесінің типі шыдамсыз болса – холерик, сергек болса – сангвиник, тыныш болса флегматик, әлсіз болса – меланхолик болады.

Мінез -психологияда грек тілінен аударғанда «таңба», «із» деген- сөзді білдіреді. Адамның мінезінің түрі өзінің құрамындағы бітістердің жалпы сипатына тәуелді келеді. Ал бітістер негізгі немесе жетекші және қосалқы болып бөлінеді. Негізгілері адамның бағыт – бағдарын анықтауға ықпалын тигизеді, яғни адамның тұрақты мінезінің сипатын береді де, ал қосалқылары мінез қырларын толықтыра түседі. Адам мінезінің қалыптасуының қоршаған ортсына және онвң өзінің қатынасына байланысты. Бұл қатынастың мәні адамның араласып, байланысқа келген өмірлік обьектілердің маңыздылығымен анықталады. Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы.

Қабілет туралы түсінік оның сипаттамасы. Қабілет - деп әр адамның белгілі іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз-мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адмның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы. Адамның қандай да болмасын белгілі бір іс-әрекет түріне қабілетті болуы мынадай екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады: 1. Іс-әрекетті тез өзгерту. 2. Іс-әрекетті тез орындау нәтижесінің сапасы. Әрбір адамның іс-әрекетті орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты.

Бекіту сұрақтары:

1. Темперамент, мінез және қабілет ұғымдарының психологиядағы анықтамасы?

2.Мінез дегеніміз не?

3. Әр адамның белгілі іс-әрекет түріне икемділігін тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктерінің қай типіне жатқызуға болады?



Әдебиет:

1. Маклаков А.Г. Общая психология. Учебник для вузов. Москва: Юрайт, 2018. 210с.

2. Наумов В.В. Гридасов М.А. Психология карьерного роста. Изд-во МСШ: 2009-320 с.

3. Солсо Р.Л. Когнитивная психология. - пер. с англ.-М. «Тривола», 2002. 600 с.

4. Майерс Д. Психология/ пер. С англ. И.А. Карпиков, В.А. Старовойтова

5.Психология индивидуальных различий /Под ред. Ю.Б Гиппенрейтер, В.Я. Романова

6.Руденко А.М Психология в схемах и таблицах:учебное пособие.-М; Феникс,2016-379 с

7. Шульц Д. Қазіргі психология тарихы (мәтін) A History of Modern Psychology (монография) /Шульц ,С.Э.Шшульц ;ауд. Б.Ақын(және т .б) 2018ж


5.Тақырыбы: Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде

Сағат саны 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

1. Әлеуметтік әлемдегі Мен. Мен –концепция.

2. Тұлғалық құндылықтар.

3. Психологиядағы құндылық түсінігін зерттеу



Дәріс тезис: Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелге грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. Ал Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданды. Құбылысты, затты жағымды бағалау адам үшін құнды игілікті түсінуге негізделген. «Ізгілік» сөзі салыстырмалы мағынада белгілі бір жағдайдағы адам үшін жақсылық, пайдалы нәрсе деп түсіндіріледі. Рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін ғылым ретінде этиканы белгілеген. Аристотельдің пайымдауында «этиканың мақсаты – таным емес, ізгілікке үйрету. Этикалық зерттеулер рухани-адамгершілік дегеннің не екендігін білу үшін емес, осы рухани-адамгершілікке жетудің жолдарын үйрету үшін қажет, олай болмағанда бұл ғылымның пайдасы болмас еді» – дейді. Философ Т.Қ. Ғабитов «құндылықтар – қасиеттер» дей отырып, бұл қасиеттердің бала кезден, ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығатындығын ерекше бағалайды.Психологтар құндылықтарды тұлға аралық қатынас тұрғысынан қараудың өзіндік мәні бар екенін айтады. Құндылық ұғымында құндылық қатынастың обьектісі болып табылатын заттардың сыртқы қасиеттерінің сипаттамасы, осы қатынастың субьектісі болып табылатын адамның психологиялық сапалары, құндылықтың жалпы мәнділігін көрсететін адамдардың өзара қарым-қатынасы ұштасады.

Бекіту сұрақтары:

1. Тұлғалық құндылықтар ұғымының мәнін ашыңыз.

2. Әлеуметтік әлемдегі Мен дегенді қалай түсінесіз?

3. Құндылықтар туралы алғашқы түсінікті кім қалыптастырды?



Әдебиет:

1. Годфруа Ж. Что такое психология . Том 2:-М,Мир,2005г-276 с.

2. Даниел Гоулман . Эмоциональный интеллект. Почему он может значить больше,чем IQ

3.Джакупов С.М Введение в общую психологию-А.:Қазақ университеті



  1. Ильин Е.П. Психология общения и межличностных отношений.-СПб, 2009-576 с

  2. Майерс Д. Психология/ пер. С англ. И.А. Карпиков, В.А. Старовойтова

  3. Психология индивидуальных различий/Под ред. Ю.Б Гиппенрейтер, В.Я. Романова

  4. Руденко А.М Психология в схемах и таблицах:учебное пособие.-М; Феникс, 2016-379 с

  5. Шульц Д. Қазіргі психология тарихы (мәтін) A History of Modern Psychology (монография)/Шульц ,С.Э.Шшульц ;ауд. Б.Ақын(және т .б) 2018ж

6.Тақырыбы: Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы

Сағат саны 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Өмірдің мәні, өмірлік мақсаттар жән бағдарламалар.

  2. Кәсіби маманның сенімдері мен бағдарлары.

  3. Қазақстанның заманауи даму кезеңіндегі кәсіби тұлғаның құңдылықтары мен бағдарлары : бәсекеге қабілеттілік , прагматизм, сананың ашықтығы, ұлттық бірегейлік.

.Дәріс тезис: Адам өмірінің мәні – бұл жердегі өмір үшін. Бірақ оның бәрі шынымен оны білмейтінін білмейді. өмірдің мағынасы қандай, күші адам дұрыс пен бұрысты, өмір сүру үшін өмірдің барлық сынақтар еңсеруге, мектепке бару қалайды қандай мақсаттары, арман, сондықтан жаңа және жасауға, қателіктерінен сабақ: Әр ойлау адам сәт ол сұраққа тап болған кезде туындайды. Әртүрлі данагөй, әртүрлі уақыт пен жастағы ойшыл ойлар «адам өмірінің мәні қандай?» Деген сұраққа жауап табуға тырысты, бірақ бір анықтамаға ешкім келмеді. Жауап жеке адамға тән, яғни адам өзінің жеке сезімін көретіндіктен, жеке-кейіпкерлік ерекшеліктердің айырмашылығы себебінен басқаға мүлдем қызықтырмауы мүмкін.Адамның өмірінің мағынасы ол өзінің өмірін бағындырған құндылықты білдіреді, ол өмірлік мақсаттарды белгілеп, оларды жүзеге асырады. Бұл өмірдің рухани мағынасының компоненті, ол әлеуметтік құндылықтардан бөлек қалыптасады және адамның жеке құндылық жүйесін құрайды.Өмірдің осы мәнін ашып, құн иерархиясын жасау өзінің жеке тәжірибесіне негізделген әр адамда көрініс табады.Адамның өмірінің мақсаты мен мағынасы толығымен қоғамның қажетті жағдайында: еркіндік, гуманизм, адамгершілік, экономикалық және мәдени жағдайларға байланысты іске асырылады. Әлеуметтік жағдайлар адамның өз мақсаттарын жүзеге асыруы және дамуы және оның жолында кедергі болмауы керек.

Бекіту сұрақтары:

  1. Өмірдің мәні мен өмірлік мақсаттар ұғымын байланыстыра сипаттаңыз.

2. Кәсіби маманның сенімдері мен бағдарлары туралы не білесіз?

3.Өзін-өзі анықтау психологиясы дегеніміз не?



Әдебиет:

1. Годфруа Ж. Что такое психология . Том 2:-М,Мир,2005г-276 с.

2. Даниел Гоулман . Эмоциональный интеллект. Почему он может значить больше,чем IQ

3.Джакупов С.М Введение в общую психологию-А.:Қазақ университеті

4. Ильин Е.П. Психология общения и межличностных отношений.-СПб, 2009-576 с

5. Майерс Д. Психология/ пер. С англ. И.А. Карпиков, В.А. Старовойтова

6.Психология индивидуальных различий/Под ред. Ю.Б Гиппенрейтер, В.Я. Романова

7. Руденко А.М Психология в схемах и таблицах:учебное пособие.-М; Феникс, 2016-379 с

8. Шульц Д. Қазіргі психология тарихы (мәтін) A History of Modern Psychology (монография)/Шульц ,С.Э.Шшульц ;ауд. Б.Ақын(және т .б) 2018ж

7.Тақырыбы Тұлғаның денсаулық психологиясы

Сағат саны 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары


  1. Психика мен дененің өзара байланысы және өзара ықпалы.

  2. Аурулардың пайда болуы мен денсаулықты нығайтудың психологиялық факторлары.

  3. Психикалық белсенді заттарды қолдану мен зиянды әдеттер денсаулықты әлсіретуші фактор ретінде.

  4. Салауатты өмір салты тұлғаның жетістікке жету негізі ретінде .

Дәріс тезисі: Психика туралы жалпы ұғым. Тірі және өлі дүниені бейнелеу формалары. Тірі және өлі табиғаттың заттары, қасиеттері және қатынастары болмысын қоршаған орта деген ұғым арқылы бейнелеуге болады, қоршаған орта бірінші және екінші табиғат деп бөлінеді. Бірінші табиғатты құрайтын адамнан бұрын пайда болған, оған дейін өмір сүрген. Оның санасынан тәуелсіз табиғат заттары, процестері және күйлері. Табиғат кеңістік пен уақытта шексіз, табиғат болмысы өзгермелі, объективті, реалды. Онсыз адам өмірі мүмкін емес, бірақ табиғатқа белгілі бір дәрежеде мән беретін, оны қабылдайтын - адам. Бүкіләлемдік денсаулық қорғау ұйымының пайымдауынша, психика саулығы дегеніміз адам ақыл-ойының, физикалық және эмоционалдық дамуының толыққанды жетілуіне ықпал етуші күй болып табылады. Адам психикасының саулығын білдіретін нормалар мен аномалиялардың көрсеткіштерін анықтау – аса күрделі мәселелердің бірі. Мәдени-әлеуметтік дәстүрлердің норма көрсеткіштері болып есептелетін жағдай тарихи түрде қалыптасып қалған. Бірдей психикалық көрініс барлығына ортақ норма ұғымына қатысты қалыпты да, аномальды да болып саналуы мүмкін. Қазіргі заманғы ғылым психика саулығын медициналық және психологиялық көрсеткіштер қосындысы, сондай-ақ әлеуметтік нормалар мен құндылықтар арқылы анықтайды.

Бекіту сұрақтары:

  1. Аурулардың пайда болуы мен денсаулықты нығайтудың психологиялық факторларын атаңыз.

2.Кез келген ауру түрінің психосоматикасының мәні неде?

3.Аурудан жазылудың психологиялық және медициналық жолдарын қалай түсіндірер едіңіз.



Әдебиет:

1. Аронсон Э. Көпке ұмтылған жалғыз(мәтін) The Social Animal: әлеуметтік психологияға кіріспе: (оқулық) /Э.Аронсон; ауд.Д. Д.Дүйсенбеков (және т.б) -11-бас.-Астана

2. Годфруа Ж. Что такое психология . Том 1.-М:Мир, 2005 г—496 с.

3 . Майерс Д. Әлеуметтік психология [Мәтін] = Social Psychology: [оқулық] / Д. Г. Майерс, Ж. М. Туенж ; ауд. Г. Қ. Айқынбаева [және т.б.]. - 12-бас. - Астана : "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ, 2018. - 559, [1] б.: сур. - (Рухани жаңғыру).

4. Майерс Д. Психология / пер. с англ. И.А. Карпиков, В.А. Старовойтова. – 4-е изд. - Минск: «Попурри», 2009. – 848 с.

5. Психология индивидуальных различий / Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: АСТ: Астрель, 2008. – 720 с.

6. Руденко А.М. Психология в схемах и таблицах: учебное пособие. – М: Феникс, 2016. – 379

8. Тақырыбы: Тұлғаның және топтардың қарым-қатынасы
Сағат саны 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Қарым-қатынас түсінігі .

  2. Қарым-қатынастың түрлері.

  3. Тұлғааралық қарым-қатынас ғылыми білімнің пәні ретінде.

  4. Тұлғааралық қарым-қатынас сипаттамалары.

Дәріс тезисі: Коммуникация деген сөз латын тілінен аударғанда (лат.«communicare»-біреумен кеңесу) байланыс дегенді білдіреді. Ол «ортақ етемін, байланыстырамын, сөйлесіп-пікірлесемін, қарым-қатынас жолы, бір орынның екінші жақпен байланысы; сөйлесу, ақпарат беру» дегенді білдіреді. Адам әлемі – коммуникация әлемі. Л. Витгенштейн айтпақшы, адам өзін-өзі адам ретінде тек қана басқа адамдармен коммуникациялық байланыс жүйесіне енгеннен соң сезінеді екен. Біз өзімізге үйреншікті туған-туыс, дос-жаран арасында отырғанда коммуникацияның көптеген вербалды (сөйлеу мен сөзге негізделген) және бейвербалды (сөзге негізделмеген) компоненттерден тұратын кешенді әрі үзіліссіз үрдіс екендігіне мән бермейміз. Коммуникация дене мен қолдың қимылы, ишаралар (бас изеу, бас шайқау, қол сермеу және т.б.), көзқарас, бет-бейнедегі мимика сынды көптеген құрамдас бөліктерден тұратындығын сонда нақ түсіне бастағандай боламыз. «Коммуникация» термині қарым-қатынас құралы ретінде де кең қолданылады. Коммуникацияны «араласу», «сөйлесу», яғни белгілі бір ақпаратты жеткізу барысында тілді іске қосу деп те қарастыруға болады. Әрине, коммуникация терминіне терең талдау жасайтын болсақ, оның лингвистикалық тілді пайдалану арқылы белгілі бір ақпарды жеткізумен шектейтін мәнімен қоса әлеуметтік-психологиялық мағынасы да барлығын көреміз – адам тұлғаларының эмоционалды, аффективті-құндылықтық реңкі басым қатынасу, іштесу, араласуын да білдіретіндігін көреміз. Осы айтылғанмен жалпылама анықтаманы шектегенді жөн көргендіктен, коммуникация деп біздер адамдар арасында таңбалық-белгілік құрылымдар арқылы ақпар алмасу ісін жүзеге асыратын негізгі қарым-қатынас жолын айтамыз.Тұлғааралық коммуникация,өзара әрекеттесу, тұлғааралық қабылдау түсініктері. Тұлғааралық ,топаралық және ұлтаралық қарым-қатынас ерекшеліктері. Қарым-қатынас стильдері. Көшбасшылық және жетекшілік.

Бекіту сұрақтары:

1. Тұлғаның топтармен қарым-қатынасын түсіндіріңіз.

2.Қарым-қатынастың қандай түрлері бар?

3. Тұлғааралық қарым-қатынас сипаттамаларына тоқталыңыз.



Әдебиет:

1. Годфруа Ж. Что такое психология . Том 2:-М,Мир,2005г-276 с.

2. Даниел Гоулман . Эмоциональный интеллект. Почему он может значить больше,чем IQ

3.Джакупов С.М Введение в общую психологию-А.:Қазақ университеті

4.Ильин Е.П. Психология общения и межличностных отношений.-СПб, 2009-576 с


  1. Майерс Д. Психология/ пер. С англ. И.А. Карпиков, В.А. Старовойтова


9.Тақырыбы: Әлеуметтік –психологиялық конфликт түсінігі және құрылымы

Сағат саны 2

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Әлеуметтік конфликтердің табиғаты және шығу себептері .

  2. Психологиялық конфликтердің түрлері.

  3. Конфликтінің даму сатылары.

Дәріс тезисі: Конфликт (лат. тілінен – қақтығыс) А. А. Урбановтың тұжырымы бойынша: бәсекелестіктің түбіндегі қарама -қайшы ойлардың қақтығысуы (мақсаттың, ұстанымның, көзқарастың) түрлі өткір эмоционалды толқулармен байланысты өзара түсініспеушіліктің болуы. Конфликті жағдайдың жағымды жақтары: - Көптегн мәселелердің шығуына, олардың шешілуіне көмектеседі - Іс- әрекеттіңтиімді жолдарынның пайда болуына; - Кейде ұжымның сыртқы қысымдарға бірігіп қарсылық көрсетуіне себеп болады. Кері жақтары: - Әлеуметтік психологиялық климаттың нашарлауына алып келеді - Адамның жүйке жүйесінеәсер етіп, күйзеліске ұшыратады.- Көптегн адамның тікелей жұмысындағы міндетін орындауда көлінің бөлінуі. Сондықтан, конфликт – бұл кездейсоқ күрделі және қарама – қайшылық тудыратын психологиялық құбылыс. Конфликттің негізгі құрылымдық компаненттері: конфликт объектісі, конфликт мүшесі (оппонент), конфликтті жағдай, инцидент (қақтығыс). Ең кең таралған деп М. Дайчпен ұсынылған конфликттің типологиясын қарастырайық. 1. Шынайы жанжал. Бұл «объективті өмір сүретін және адекватты қабылданатын» жанжал. 2. Кездейсоқ не шартты жанжал. Жанжалдың бұл түрінің өмір сүруі «екі жақты мойындалмайтын немесе игерілмеген жеңіл өзгеретін» жағдайларға тәуелді. 3. Ауыстырылған жанжал. Мұнда, «анық жанжал» айтылады, оның артында қандай да бір басқа, латентті жанжал жатыр. 4. Қате тіркелген жанжал. Бұл «қате түсінген екі жақтың нәтижесі ретінде» яғни қате талданған мәселелер бойынша болады. 5. Жалған жанжал. Бұл «объективті себептердің» болмаған кездегі жанжал жағдайы, соңғысы тек қабылдаулар мен түсіндірулердің қате болғанында ғана орындалады. Конфликттің пайда болу ағымы және шешілу жолдары. Конфликт ағымы туралы айтқанда, конфликт қатысушылыадан басқа мінездемелерден жеке сыртқы жағдайлармен анықталады. Ол сол ортада пайда болып, дамиды. Конфликт процесінің шарттары: - уақытша кеңістігі (кикілжіңнің шешілу мекені, уақыты, жағдайы) .

Бекіту сұрақтары:

1.Конфликт ұғымының шығу тарихы мен анықтамаларын ашып айтыңыз.

2. Психологиялық конфликтердің түрлері қандай?

3. Конфликтінің даму сатылары немен байланысты?



Әдебиет:

1 Анцупов А.Я, Шипилов А.И. -Конфликтология -Москва: Юрайт, 2017.

2. Климов Е.А. Общая психология М.-2015

3. Ильин Е.П. Психология общения и межличностных отношений.-СПб, 2009-576 с

4. Майерс Д. Психология / пер. с англ. И.А. Карпиков, В.А. Старовойтова. – 4-е изд. - Минск: «Попурри», 2009. – 848 с.

5. Психология индивидуальных различий / Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: АСТ: Астрель, 2008. – 720 с.

6. Руденко А.М. Психология в схемах и таблицах: учебное пособие. М: Феникс, 2016. – 379 с




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет