Семинар (тәжірибе) сабақтарына дайындалу бойынша әдістемедік ұсыныстар. Тәжірибелік сабақтар барысында студенттердің теориялық білімдерін бекіту мақсатында криминалистиканың маңызды аспектілері, сондай-ақ дәріс сабақтарында қарастырылған тақырыптардың өзекті мәселелері талқыланады. Осы сабақтар негізінде студенттер өз бетінше келешектегі кәсіби мамандығы үшін маңызды құқықтық нормаларға сараптама жүргізу дағдыларын игеріп, таңдаған мамандығы бойынша тәжіриби өмірдің қиындықтарына төзетін теңдестірілген дәстүрлі көзқарас қалыптастырады.
Семинар сабақтарына дайындалуда оқытушымен оқу курсының басында берілген силлабустағы тақырыптар бойынша дайындалу қажет.
Дәріс сабақтары 3-4 тақырып алдында жүретіндіктен, дәрістерде оқытушы семинар сабақтарында қарастырылуға жататын тақырыптың өзекті мәселелерін беріп отырады. Студенттер тек тақырыпты ғана емес, оның өзекті месәлелеріне өз бетінше материал тауып, дайындалуы тиіс.
Семинар сабақтарының нысандары әр түрлі болады: сұрақ-жауап, ауызша сұрау, конференция, пресс-конференция, дөңгелек үстел, кіші жарыстар және т.б. Бұл нысандардың түрін оқытушы алдын ала немесе сабақ үстінде ескертпестен қолдануы мүмкін. Сондықтан студенттер әр дайым дәріс материалдарымен ауызша немесе жаттап дайындалу әдісі қолданбауы тиіс және ол төмен бағалауға алып келеді.
Семинар сабақтарында жоғары баллға ие болу үшін сабақтардан қалмау тиіс (20 балл); үнемі белсенді қатысу қажет, яғни әр семинар сабақтарына тыңғылықты дайындалу, оқытушы тапсырған сұрақтарға уақытылы жауап бере білу немесе шешу білу қажет (20 балл).